13-дәріс. Қазақстан – заманауи әлем мойындаған ел


 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық ынтымақтастығы



бет2/4
Дата06.01.2022
өлшемі57 Kb.
#36741
1   2   3   4
Документ (3)

2Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық ынтымақтастығы. Қазақстанның сыртқыэкономикалық қатынастары мынадай бағыттарда жүргізіледі деп жарияланды: 1) ТМД елдерімен, бұл жерде Ресеймен қатынастарға басымдық беріледі. Қазақстан Республикасы (Ссылки на внешний сайт.)өзімен шекаралас елдердің бәрімен сенімге негізделген тату көршілік қатынас орнатуға тырысады. 2) АТР (Азия-Тынық мұхит аймағы елдерімен), бұл жерде Пекин-Сеул-Токио белдігімен қарым-қатынастарға басымдық беріледі; 3) «Азиялық» бағыт, бұл жерде Түркиямен қатынастарға басымдық беріледі; 4) «Еуропалық» бағыт, басымдық Германияға беріледі; 5) «Америкалық» бағыт, әлемнің басты экономикалық державасы ретінде АҚШ-пен байланысқа басымдық беріледі.

Ресей Федерациясы, ірі және тарихи шектескен мемлекет ретінде, іс жүзінде Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында басты басымдық болып табылады. Елбасының пікірінше, көршілес екі елдің арасында ортақ келісім мен өзара мүддемізді есепке ала отырып шешілмейтін мәселе жоқ. Ресеймен Қазақстанның арасындағы ынтымақтастықтың тереңдеп дамуына 1998 жылы 6 шілдеде Мәскеуде қол қойылған «Мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы» Декларацияның тарихи маңызы зор. Оның негізінде екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліктер және Байқоңыр ғарыш айлағын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді.

            2000 жылы Ресей мен Қазақстан қатынасы жаңа деңгейге көтерілді. Дәл осы кезеңде Ресейдегі Қазақстан жылы және Қазақстандағы Ресей жылы сәтті өтті. 2005 жылы қаңтарда Ресей мен Қазақстан арасындағы 7591 шақырымды құрайтын мемлекеттік шекара белгіленген тарихи маңызды құжатқа қол қойылды. 2007 жылы стратегиялық жұмыс жоспарына сай ғарышты бірлесіп игеру, әскери-техникалық ынтымақтастық, отын-энергетикалық кешені саласында бірлескен жұмыстар жалғасын тапты. 2009 жылдан бастап Қазақстан, Белоруссия және Ресей арасындағы Бірыңғай экономикалық кеңістіктің қалыптасуының заңнамалық мәселелері жетілдіре бастады. Үш мемлекеттің Кеден одағы Еуразиялық экономикалық қауымдастықтан бастау алды. Жалпы, Қазақстан мен Ресей кең ауқымды әріптестік пен одақтастықты қарқынды дамыту жолымен келе жатыр. Екі мемлекет тандемі еуразиялық кеңістіктегі тұрақтылық пен дамудың факторына айналды.

            Қазақстанның Орталық Азия елдерімен қарым-қатынас байланысы да көп қырлы сипатқа ие. Орталық Азия бес мемлекетін біріктіретін фактор олардың ортақ тарихы мен мәдениеті болып табылады. 1994 жылы Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды. 1998 жылы Тәжікстан Респуликасы қосылып, сол жылы шілдеде «төрттік» Орталық Азия экономикалық қауымдастықты құруға келісті. Орталық Азия мемлекеттері интеграцияланудың кең әлеуетіне және біріктіруші табиғи байлықтар мен адам ресурстарына, үлкен тұтыну нарығына ие. Бұл факторлар экономикалық және саяси өзара қатынастың тереңдеуі мен жандануына мүмкіндік туғызады.

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-қатынас жемісті дамып келеді. Қазақстан – Қытай қатынастары нәтижесінде қол жеткізілген келісімдер жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестіктің ұзақ мерзімді әрі тұрақты дамуын 2002 жылы 23 желтоқсанда қабылданған «Тату көршілік, достық пен ынтымақтастық туралы шарты», 2002 жылғы «Қауіптің алдын алу туралы келісімі», 2003 жылғы 2003-2008 жылдарға арналған «Ынтымақтастық бағдарламасы», 2005 жылғы «Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы» келісімі жан-жақты қамтамасыз етуде. Қазақстан мен Қытай Шанхай ынтымақтастығы ұйымы (ШЫҰ) шеңберінде байланысын күшейтті. 2011 жылы Қазақстан мен Қытай ынтымақтастықтың жаңа сапалы кезеңі – жан-жақты стратегиялық әріптестікке өтті.

            Қазақстанның сыртқы саясатында Еуропалық Одақтың алатын орны ерекше. Елімізбен Еуроодақ ынтымақтастығының негізі 1995 жылы қол қойылған «Әріптестік және ынтымақтастық туралы» Келісіммен анықталады. Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастың құқықтың негізі 1999 жылғы Әріптестік пен ынтымақтастық келісімі болып табылады. Осы кезеңнен бастап елімізде, Еуропалық Одақта маңызды саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістерді өткерді, тараптар осы өзгерістерді көрсететін жаңа базалық келісімге келісті. Қазақстан Еуропалық Одақтың сенімді әрі жауапты энергетикалық әріптесі болып қала бермек.

            2011 жылы Қазақстан мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы сыртқы сауда айналымы 50 млрд. АҚШ долларын құрады. 1993 – 2011 жылдар аралығында Еуропа Одағы елдерінен Қазақстан экономикасына салынған инвестицияның мөлшері 65,7 млрд. АҚШ долларына жетті. Негізгі инвесторлар: Нидерланды, Ұлыбритания, Италия және Франция болды.

            Егемен Қазақстанның көп векторлы (бағытты( сыртқы саясатының тағы бір үлгісі Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы қарым-қатынас. 1991 жылы 25 желтоқсанда АҚШ еліміздің тәуелсіздігін мойындады. 1992 жылы қыркүйекте АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі ашылды. Екіжақты қарым-қатынастың әрі қарай кеңеюіне Президент Н. Назарбаевтың АҚШ-қа 1994 жылы ақпандағы ресми сапары ықпал етті. Екі мемлекет арасында «Демократиялық әріптестік туралы хартияға» қол қойылды. Хартия әлемнің жетекші державасымен әріптестік қатынастың орнағандығын бекітті. Елдің табиғи байлықтарын игеру үдерісіне американдық компаниялар тартылды.  Америкалық «Шеврон» мұнай компаниясы Қазақстан нарығына бірінші болып енді. 2000 жылы екіжақты қатынастарда аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықаралық лаңкестікке, заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес іс-қимылы бойынша екіжақты келіссөздер жүргізілді. АҚШ Қазақстанның ірі сауда әріптестерінің бірі болып табылады. 2011 жылы Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда айналымы 2,743 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 26%-ға жоғары (2,181млрд. АҚШ доллары).

             Тәуелсіз Қазақстанның өзара қатынас жүйесінде Түркиямен екіжақты қарым-қатынас ерекше орын алады. 1994 жылы Қазақстан мен Түркия арасында Достық және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Екіжақты Қазақстан Түрік қатынастарының маңызы зор.

            2009 жылы Президент Н.Ә. Назарбаевтың аймақтық құрылым бола алатын түркі тілдес елдердің ынтымақтастық кеңесін құру бастамасы үлкен еуразиялық мәнге ие болды. Сондай-ақ, Қазақстан Азия және еуропалық сондай-ақ америкалық бағыттағы мемлекеттер мен екі жақты саяси, экономикалық, мәдени ынтымақтастық туралы келісімге қол қойып, оның нәтижесі Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияның салынуы үшін алғышарттар туды.

Еуразиялық экономикалық қоғамдастық 2000 жылғы 10 қазанда Астана қаласында халықаралық экономикалық ұйым ретінде Кедендік Одаққа қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық құру туралы шартқа сәйкес құрылды. Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық негізі 1994 жылы Қырғызстандағы Чолпан ата қаласында Орталық Азия Одағы шеңберінде өткен Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекет басшыларының кездесуінде Біртұтас Экономикалық кеңістікті құру туралы қабылданған шешіммен байланысты құрылды.

            Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қалыптасуы Достастық елдерінің ықпалдастықтың жаңа деңгейіне ұмтылатындығын көрсетті. Сондай-ақ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ішкі мәселелері де ықпалдастықтың жаңа деңгейін қажет етті.

            Бұл ұйымға Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Армения, Молдова республикалары мүше, ал Украина бақылаушы мемлекет ретінде танылған. Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық  құру негізіне «Кедендік Одақты және Біртұтас Экономикалық кеңістікті тиімді қалыптастыру» мақсатында қалыптастырылған сауда-экономикалық ынтымақтастық тұжырымы алынды. Мемлекетаралық Кеңес, Интеграциялық Комитет, Парламентаралық Ассамблея және Қоғамдастықтың Соты Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықтың басқару органдары болып белгіленді. 2003 жылы мамыр айында Біріккен Ұлттар Ұйымы Евразиялық Экономикалық Қауымдастықты халықаралық ұйым ретінде мойындады.

            2003 жылы 27 сәуірде Душанбе қаласында өткен Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінде Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтағы іс ахуалы және интеграциялық ынтымақтастықты жеделдету жөніндегі ұсыныстар туралы» баяндамасы тыңдалды.

            Тәуелсіз Қазақстан кеңестік жүйеден кейінгі кеңістікте орналасқан елдермен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық ұйымдары шеңберінде экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды қалыптастырды. Бүгінгі күні бұл ұйымдар шеңберіндегі қарым-қатынастың басым бағыттарының бірі көші-қон мәселесін шешу болып отыр. Ал аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыруда Ұжымдық Қаіпсіздік туралы Шарт Ұйымының (ОДКБ) маңызы зор.

            2003 жылы қыркүйекте Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина президенттерінің Бірыңғай экономикалық кеңістік (ЕЭП) құру туралы келісімге қол қойды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрамына кіретін төрт мемлекет ықпалдастықтың жаңа деңгейіне көшу туралы шешім қабылдады. Бірыңғай экономикалық кеңістік қызметіне экономикалық сипат тән. 2004 жылы 20 мамырда Бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы заң күшіне енді. 2004 жылы 24 мамырда Ялтада Бірыңғай экономикалық кеңістік дамуының басым бағыттарын анықтаған мүше мемлекет басшыларының кездесуі өтті.

            Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық шеңберінде тәуелсіз Қазақстан экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланысын күшейтті. 2009 жылы маусымда Қазақстан, Ресей және Беларусь үкіметінің басшылары Дүниежүзілік Сауда Ұйымына бірыңғай кеден кеңістігі ретінде, яғни Кеден комиссиясы атынан кіру келіссөздер жүргізу туралы шешім қабылдады.

            2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы Кеден Одағы өз қызметін бастады. 2011 жылдың 1 шілдесінен Ресей, Қазақстан және Беларусьтің ішкі шекараларынан кедендік бақылау алынып, кедендік бақылау мен тіркеудің барлық түрі кедендік белдеудің сыртына шығарылды. Осылайша, Кеден одағы әлемдік өлшемдерге сай: ортақ кедендік территория, ортақ кедендік тариф және Кеден кодексімен іске кірісіп, онда посткеңестік аумақтағы тұңғыш ұлттықтан жоғары орган - Кеден одағы комиссиясы жұмысын бастады. 2009-2014 жылдары Қазақстанның Кедендік одақ елдерімен сауда айналымы 24 млрд. долларды құрады.

            2012 жылдың 1 қаңтарынан Біртұтас экономикалық кеңістік жұмыс істей бастады. Біртұтас экономикалық кеңістікті құру - бұл ең алдымен, еркін бәсекелестіктің дамуына мүмкіндік және ортақ кеңістікте инновациялық белсенділіктің күшеюіне жағдай тудыру. Мұндай бәсекелестік тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасын жақсартудың маңызды ынталандырушысы болып табылады.  

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) – Қазақстан (Ссылки на внешний сайт.), Ресей (Ссылки на внешний сайт.), Белоруссия арасында 2014 ж.  29 мамырда (Ссылки на внешний сайт.) Астанада қол қойылған келісім негізінде құрылған аймақтық экономикалық халықаралық ұйым. Одақ 2015 ж. 1 қаңтарына бастап күшіне енді. Ұйым құрылғаннан кейін сол 2015 ж. оған Армения мен Қырғызстан мүше болды. Еуропалық Одақ (Ссылки на внешний сайт.) интеграциясына сүйенген идея Ресейдің сол кездегі премьер-министрі В.Путин тарапынан 2011 жылдың қазан айында көпшіліктің назарына ұсынылған, бірақ тұжырымдама ретінде Қазақстан президенті Н.Назарбаев (Ссылки на внешний сайт.) тарапынан 1994 ж. Мәскеу Мемлекеттік Университетінде (Ссылки на внешний сайт.) тұңғыш таныстырылған болатын. Кедендік Одақ, Бірыңғай экономикалық кеңістік, Еуразиялық экономикалық қауымдастық – ЕАЭО-тың алғы шарттары болды.

Еуразиялық экономикалық одақ саяси блок емес, тек экономикалық одақ ретінде құрылады деп жоспарланған. ЕАЭО-та тауарлардың, қызмет көрсетудің, капитал, жұмыс күшінің еркін қозғалуы қамтамасыз етіледі, экономика саласында келісілген немесе бірыңғай саясат жүргізіледі. ЕАЭО ұлттық экономикалардың жан-жақты жаңғыруы, бірігуі және бәсекеге қабілеттілігін арттыру және одаққа мүше-елдер тұрғындарының өмір сүру деңгейлерін арттыру мақсатында құрылған.

Еуразиялық Одақ мүшелері үшін макроэкономикалық әсерлері: 1) Қажетті шикізатты тасымалдауға кететін қаржының азаюы тауарлар құнының төмендеуі алып келеді. 2) Бәсекелестіктің артуы тауарлар мен қызметтердің сапасын арттырады. 3) Үлкен халқы бар нарықтың кұрылуы.

Қазақстан 2016 ж. ұйымға төрағалық етті. 2017 ж. – Қырғызстан, 2018 ж. – Ресей төрағалық етті.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау