Патогенезі. Қоздырғыштар ауыз арқылы ағзаға түсіп, ащы ішекке жетеді, оның лимфа түйіндерінде көбейіп, қанға түседі. Қан ағыны арқылы ағзаның барлық мүшелеріне таралып, паренхиматозды мүшелерге енеді (көкбауыр, бауыр, бүйрек, сүйек кемігі). Бактериялар бұзылғанда интоксикация тудыратын эндотоксин бөлінеді. Салмонеллалар ұзақ сақталатын, тіпті өмір бойы болатын өт қапшығынан, олар ащы ішектің сол лимфа түйіндеріне қайта түседі. Салмонелланың қайта түсуінің нәтижесінде қабыну түрінде, содан кейін лимфа түйіндерінің некрозымен бейнеленетін аллергиялық реакция пайда болуы мүмкін. Салмонеллалар ағзадан несеп және нәжіс арқылы шығарылады. Клиникалық белгілері. Іш сүзегі мен парасүзектердің клиникасы бірдей. Жасырын кезеңі 12-14 күнге дейін созылады. Ауру негізінен дене температурасының жоғарылауымен, әлсіздіктің пайда болуымен, ұйқының бұзылуымен, қалжыраумен, тәбетінің төмендеуімен белгіленеді. Іш сүзек үшін ақыл естің ауысуы (грекше typhus – түтін, тұман), сандырақтау, бөртпенің пайда болуы тән. Аурудың ауыр асқынулары перитонит, ащы ішектің лимфа түйіндерінің некрозы нәтижесіндегі ішектік қан кету болып табылады. Клиникалық белгілері. Іш сүзегі мен парасүзектердің клиникасы бірдей. Жасырын кезеңі 12-14 күнге дейін созылады. Ауру негізінен дене температурасының жоғарылауымен, әлсіздіктің пайда болуымен, ұйқының бұзылуымен, қалжыраумен, тәбетінің төмендеуімен белгіленеді. Іш сүзек үшін ақыл естің ауысуы (грекше typhus – түтін, тұман), сандырақтау, бөртпенің пайда болуы тән. Аурудың ауыр асқынулары перитонит, ащы ішектің лимфа түйіндерінің некрозы нәтижесіндегі ішектік қан кету болып табылады. Иммунитеті. Аурудан кейін тұрақты және ұзақ мерзімді иммунитет пайда болады. Иммунитеті. Аурудан кейін тұрақты және ұзақ мерзімді иммунитет пайда болады. Микробиологиялық диагностикасы (кесте). Зерттелетін материал ретінде қан, құсық, асқазанның шайынды суы, зәр, нәжіс алынады. Диагноз қоюдың негізгі түрі - қоздырғыштың бөлінген таза дақылының түрішілік идентификациясымен аяқталатын, фаговарын анықтайтын бактериологиялық әдіс болып табылады. Бөлінген дақылдарды идентификациялау үшін диагностикалық О- және Н-сарысулардың толық жиынтығы қажет. Сонымен қатар, қосымша маңыздылығы бар серологиялық әдіс те қолданылады – Видаль агглютинациялық реакциясы, ЖГАР.
Достарыңызбен бөлісу: |