Патогендік факторлары. Салмонеллалар энтеротропты, нейротропты және пирогенді әсер беретін эндотоксин түзеді. Сыртқы мембрананың ақуызы адгезивтік қасиетті, микрокапсуламен байланысты фагоцитозға тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Патогендік факторлары. Салмонеллалар энтеротропты, нейротропты және пирогенді әсер беретін эндотоксин түзеді. Сыртқы мембрананың ақуызы адгезивтік қасиетті, микрокапсуламен байланысты фагоцитозға тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Резистенттілігі. Салмонеллалар төменгі температураға тұрақты, таза суық суда бір жарым жылға дейін сақталады; бөлме шанында – 80 тәуліктен 550 тәулікке дейін. Ортаның рН диапазоны 4-9 аралығына дейін шыдайды. Салмонеллалар шұжықта – 3 ай, тоңазытылған етте және жұмыртқада – бір жылға дейін, жеміс-жидектерде – 5-10 тәулік сақталады. Олар тағамдық заттарда (етте, сүтте және т.б.) тек сақталып қоймай, сонымен қатар көбейеді. Ал дезинфекциялық заттарға, жоғары температураға, УК- сәулелерге өте сезімтал. Қолайсыз жағдайда салмонеллалар дақылданбайтын түрге ауысуы мүмкін. Эпидемиологиясы. Инфекция көзі, жұғу жолдары, патогенез ерекшеліктері және инфекциялық үрдістің көріністеріне байланысты салмонеллалар тудыратын аурулардың бірнеше түрлерін ажыратады: іш сүзегі мен парасүзектер, салмонеллездер тағамдық астан уланулар, госпиталды (ауруханаішілік, нозокомиалды) салмонеллез. Эпидемиологиясы. Инфекция көзі, жұғу жолдары, патогенез ерекшеліктері және инфекциялық үрдістің көріністеріне байланысты салмонеллалар тудыратын аурулардың бірнеше түрлерін ажыратады: іш сүзегі мен парасүзектер, салмонеллездер тағамдық астан уланулар, госпиталды (ауруханаішілік, нозокомиалды) салмонеллез. Іш сүзегі мен парасүзектердің көзі - ауру адамдар мен оларды тасымалдаушылар болып табылады, антропонозды ауру. Инфекцияның жұғу механизмі фекальді-оральді. Су арқылы жұғу жолы басым, тағамдық және тұрмыстық-қатынас жолдарымен сиректеу беріледі. Патогенезі. Қоздырғыштар ауыз арқылы ағзаға түсіп, ащы ішекке жетеді, оның лимфа түйіндерінде көбейіп, қанға түседі. Қан ағыны арқылы ағзаның барлық мүшелеріне таралып, паренхиматозды мүшелерге енеді (көкбауыр, бауыр, бүйрек, сүйек кемігі). Бактериялар бұзылғанда интоксикация тудыратын эндотоксин бөлінеді. Салмонеллалар ұзақ сақталатын, тіпті өмір бойы болатын өт қапшығынан, олар ащы ішектің сол лимфа түйіндеріне қайта түседі. Салмонелланың қайта түсуінің нәтижесінде қабыну түрінде, содан кейін лимфа түйіндерінің некрозымен бейнеленетін аллергиялық реакция пайда болуы мүмкін. Салмонеллалар ағзадан несеп және нәжіс арқылы шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |