Патогенезі. Салмонеллалар ауыз арқылы ащы ішекке түседі де, сонда патологиялық процесс дамиды. Адгезивті факторы арқылы ішектің шырышты қабығына бекиді де терең қабатына еніп, макрофагтармен жұтылады. Салмонеллалар көбейеді және бұзылған кезде эндотоксин бөлінеді, ол диарея және жалпы интоксикация тудырады, су-тұз алмасуын бұзады. Ішектің қалыпты микрофлорасы салмонеллалардың жиналуына айтарлықтай кедергі жасайды. Кейбір жағдайда иммунитет төмен және қоздырғыштың жоғары вируленттігі кезінде бактериемия және сүйек, буын, ми қабығының т.б. мүшелердің зақымдалуын дамытады. Патогенезі. Салмонеллалар ауыз арқылы ащы ішекке түседі де, сонда патологиялық процесс дамиды. Адгезивті факторы арқылы ішектің шырышты қабығына бекиді де терең қабатына еніп, макрофагтармен жұтылады. Салмонеллалар көбейеді және бұзылған кезде эндотоксин бөлінеді, ол диарея және жалпы интоксикация тудырады, су-тұз алмасуын бұзады. Ішектің қалыпты микрофлорасы салмонеллалардың жиналуына айтарлықтай кедергі жасайды. Кейбір жағдайда иммунитет төмен және қоздырғыштың жоғары вируленттігі кезінде бактериемия және сүйек, буын, ми қабығының т.б. мүшелердің зақымдалуын дамытады. Клиникалық белгілері. Жасырын кезеңі орташа 12-14 сағат. Ауру дене қызуының жоғарылауымен, іш өтумен, іш ауыруымен, жүрек айнумен, құсумен сипатталады. Аурудың ұзақтығы көбінесе 7 күн. Кейбір жағдайларда науқастың өліміне алып келетін кенеттен пайда болатын токсикалық түрі байқалады. Клиникалық белгілері. Жасырын кезеңі орташа 12-14 сағат. Ауру дене қызуының жоғарылауымен, іш өтумен, іш ауыруымен, жүрек айнумен, құсумен сипатталады. Аурудың ұзақтығы көбінесе 7 күн. Кейбір жағдайларда науқастың өліміне алып келетін кенеттен пайда болатын токсикалық түрі байқалады. Иммунитеті. Аурудан кейін бір жылға дейін сақталады. Микробиологиялық диагностикасы. Зерттеу материалдары: құсық, нәжіс, асқазан шайындысы. Бактериологиялық және серологиялық (АР, ГАБР) әдістер қолданылады. Емдеуі. Салмонеллездерді емдеу асқазанды жуу, диета, су-тұз алмасуын реттеу үшін ертінділер қолданумен қорытындыланады. Жеңіл немесе орташа ауырлықты дәрежесінде антибиотиктер қолданбайды, себебі оларды пайдалану дисбактериозға және аурудың созылмалы түріне әкелуі мүмкін; сонымен қатар антибиотикке тұрақты салмонеллалардың саны орасан көп.
Достарыңызбен бөлісу: |