23
- әрбір бейіндік оқытудағы бейіндік (тереңдетілген) курстардың белгілі
бір мамандық бойынша ЖОО-ға түсу үшін тапсырылатын ұлттық тестілеу
жиынтығымен сәйкестендірілуі;
- жоғары сатыда ТОЖ-дың копкөмпонентті құрылымына, білім беруді
саралауға қарай өту: білім беру үдерісінде түрліше қызмет атқаратын үш
типтегі курстарды анықтау (базалық, бейіндік, элекивтік), анқытай айтқанда,
осылай мектептің оқу жоспары құрылымының ЖОО оқу жоспарына
жақындату көзделінеді.
Типтік оқу жоспарларын екі тұрғыдан қарай отырып нақтылауға және
толыққанды аяқтауға болады:
- жоғары сатыда білім беру мазмұнының құрамын және инвариантты
білігін әрі қарай қысқартумүмкіндіктерін талдау;
- 10-11 сыныптарда бейіндік оқытудың үлгі тізімін кеңейту, бейін
жиынтығы мен мен ЖОО-ғы маман даярлау бейіндері бойынша білім
мазмұнының сәйкестілігін қамтамасыз ету.
ТОЖ жобасын одан
әрі жетілдіру бойынша талқылауларда осы
көзқарастар ұстанылады.
ТОЖ-ды жетілдіру туралы ұсынылып отырған бірінші бағыттың іске
асырылуы екі сұрақты шегіне жеткізе талдауды қажет етеді.
Біріншіден, мектептің жоғары басқышында білім беру мазмұнының
инварианттық бөлігіндегі оқу пәндерінің минималды мүмкін құрамы.
Екіншіден, оларды меңгеруге кететін оқу уақыты.
Мектептің жоғары басқышында білім беру мазмұнының инварианттық
бөлігіндегі оқу пәндерінің минималды мүмкін құрамын білім салалары
бойынша қарастырайық. Бұл ретте соңғы бес жылда ұсынылған ТОЖ
жобасының
салғастырмалы талдауына және мектеп білімінің
даму
бағыттарына жасалған талдауларға сүйенеміз.
Десек те, бұл мәселелерді қарастыруға кіріспес бұрын, талқылау
барысына ықпал ететін екі жағдайды атап өту керек.
Ең алдымен, сүйенетін тұғырымыз – жалпы білімнің инварианттық
ядросын құрайтыноқу курстарының жиынтығы функционалдылығы жағынан
толыққанды (жалпы білім беру міндеттерін шешу тұрғысынан алғанда)бірақ
минималды болуы тиіс [22].
Екіншіден, типтік жоспардың мазмұны, алдында атап өтілгеніндей,
мектептерге білім стандартын енгізуге бағыт алумен тығыз байланыста
әзірленді. Бұл ретте айқын ұстаным басшылыққа алынды: ТОЖ-дың
инварианттық бөлігінде тек стандартта көрсетілген білім мазмұнының
минимумы
ғана берілген, білім бағдарламаларында берілген білім
мазмұнының барлығы қамтылған жоқ. Бұл ұстаным қағидат ретінде мынаны
анықтайды, атап айтқанда, ТОЖ-дағы инварианттық бөлігіндегі оқу
пәндеріне бөлінген оқу уақытының көлемі алдыңғы жылдардағы оқу
жоспарларында көрсетілген уақыт көлемінен аз беріледі. Бұл мәселені әлі де
болса, көпшілік айқын түснәіпі-танып болған жоқ, сондықтан да ұсынылып
24
отырған ТОЖ жобасындағы оқу пәндерін меңгеруге берілген оқу уақытының
көлемін бағалау барысында ескеріле бермейді. Тағы да атап өтеміз,
стандартта анықталған білім мазмұнының минимумына енгізілмеген оқу
материалын оқып-меңгеруге жіюерілетін оқу уақыты, қаже болған жағдайда,
бейіндік және элективтік курстарға берілген сағаттар есебінен толықтырыла
алады.
Келесі кезекте мектептің
жоғары басқышындағы типтік оқу
жоспарындағы мазмұнын өзгертумен байланысты талқылауға көшейік:
1. Жобада «мектеп түлектерінің шет тілді функционалдық деңгейде
меңгеріп шығуына қамтамасыз ету» деген міндет қойылған. Мектепте шет
тілін оқытуды күшейту бұл пәнге берілетін уақытты екіден үш сағатқа дейін
көбейтуді қажет еттті.
2. Біріншіден, негізгі басқышта информатиканы оқытуға берілетн оқу
уақытын көбейту қарастырылған. Екіншіден, информатиканың ғылым және
адам қызметінің саласы ретіндегі өзіндік ерекшелігі – адамның танымдық
және практикалық өміріндегі маңызды орнымен, әдіс-тәсіл, құралдарының
технологясынығ
барлық дерлік саланы
қамти алуымен байланысты
анықталады. Бұл жағдайда мектептің жоғары басқышында информатиканы
базалық курс ретінде (барлық бейін үшін инварианттық болып табылатын)
оқытудың қажеттілігі жоқ. Әрбір нақты бейіннің сұранысына бағдарланған
бейіндік оқытудың орны бар сияқты.
3. ТОЖ үшін өзекті тұсы –«жаратылыстану» және «қоғамтану» білімдік
салаларын оқып-меңгеруге керекті оқытуды ұйымдасмтыру түрлері мен
уақыты туралы сұрақты қарастыру. Бұл тұста балама айқын: жекелеген оқу
пәндері немесе кіріктірілген курстар.
Гуманитарлық мамандандыру бейіндеріне «жаратылыстану» кіріктірілген
курсын енгізу ұсынылады. Бұл жағдай осындай сұрақты шешуде тиімді
болып табылатын бірнеше тиімді қырлармен анықталады:
- оқу уақытын
қомақты түрде үнемдеу (6-дан 3-4-ке дейін сағат),
босаған уақыт қорын гуманитарлық бағыттағы бейіндерге сай келетін (тіл,
әдебиет, тарих т.с.с.) оқу пәндерін кең және терең арналы етіп оқытуға
пайдаланылады;
- оқушылардың санасында біртұтас әлем болмысын қалыптастыруға
анағұрлым кең мүмкіндіктер болуы;
- пәнаралық байланыс негізінде қалыптастырылатын жалпыбілімдік,
жалпы интеллектуалдық біліктер мен дағдыларды бетке ұстау;
- жаратылыстану бойынша бір сағаттық пәндердің әдістемелік тұрғыдан
тиімсіз болуы, оның есесіне олардың (физика, химия, биология) жиынтығын
оқыуға оқу жоспарында 4 сағаттық уақыт бөлуге болатындығы.
Ұсынылып отырған нұсқаны бағалай отырып, мыныдай маңызды үш
жағдайды назарда ұстау керек екендігін атап өтеміз.
Біріншіден,
ұсынылып отырған ТОЖ тек жалпы білім беретін
мектептерге ғана емес, басқа да білім беру мекемелеріне арналған. Бұл жерде