72
- негізгі орта білім бағдарламасын меңгеріп, жалпы орта білім алуды
жалғастыратын оныншы сынып түлектерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға;
-
түлектер берген
өтініштер бойынша және білім беру
үдерісін
ұйымдастырудың санитарлық нормаларының ескерілуі бойынша мәселелердің
білім беру басқармаларымен келісілген болуы.
2.7. Бейіндік сыныптарға тіркеу үшін төменде көрсетілген құжаттар
ұсынылуы керек:
- негізгі орта мектеп түлегінің өтініші;
-білім алушының
белгіленген үлгі бойынша толтырылған медициналық
картасы;
- таңдаған бейіні бойынша оқуға жарамдылығы туралы медициналық
анықтаманың типтік формасы;
- негізгі орта білім туралы куәлік;
- бейіналды дайындық қорытындылары бойынша алған сертикаттары (егер
болса);
- «жекелеген пәндерді меңгерудегі ерекше жетістіктері үшін» (бейіндік
пәндер бойынша) мақтау грамоталары (егер болса);
- таңдалған бағыттың бейіндік пәндері бойынша қалалық, аудандық және
республикалық, халықаралық олимпиада жеңімпаздары дипломы (егер болса);
- қалалық, аудандық, республикалық конференцияларға қатысқаны туралы
сертификаттары және жарияланған жұмыстары (құрастырылған модельдері,
сызбалары т.б.).
2.8
Өтініштерді қабылдау 16 маусымнан бастап 31 тамызға дейінгі
аралықта жүргізіледі.
2.9. Ұсынылған құжаттар жалпы орта мектептердің немесе бейіндік
мектептердің хатшылық арқылы 11 сыныпқа қабылдау журналдарында
тіркеледі.
2.10. Бейіндік сыныптарды құрамдау қоғам үшін шынайы, әділ және айқын
негізде іске асрылуы тиіс, ол үдеріске үміткер-оқушылардың, олардың ата-
аналарының (олардың орнындағы тұлғалардың), сол жалпы орта білім
ұйымдарының
педагогтерінің,
жергілікті
атқару
органның,
өндірістік
мекемелердің өкілдерінің, психологиялық қызмет мамандары қатыстырылуы
керек.
2.11. Жалпы орта мектептердің бейіндік сыныптары мен «Бейіндік мектеп»
бейіндік мектебіне тіркеу осы Ереженің 2.8. т. көрсетілген тізімге сәйкес
құжаттардыңұсынылуы
негізінде,
үміткер-оқушылардың,
олардың
ата-
аналарының (олардың орнындағы тұлғалардың), сол жалпы орта білім
ұйымдарының
педагогтерінің,
жергілікті
атқару
органның,
өндірістік
мекемелердің өкілдерінің, психологиялық қызмет мамандары қатысқан жалпы
орта білім ұйымдарының кеңейтілген Педагогикалық кеңесінің қорытындысы
негізінде өткізіледі.
2.12. Бейіндік сыныптарға тіркеу мектептің кеңейтілген педагогикалық
кеңесінің
Шешіміне сүйене отырып жасалған мектеп директорының
бұйрығымен рәсімделеді.
73
2.13. Жалпы орта мектептің бейіндік сыныптарына түскенде оқушылар мен
олардың ата-аналары (олардың орнындағы тұлғалар) барлық құжаттармен,
мектеп Жарғысымен, бейіндік оқыту сыныптары туралы Ережемен, басқа да
керекті нормативтік-құқықтық актілермен таныс болуы тиіс.
2.14 Бейіндік оқыту сыныптарындағы оқушылардың саны жиырма бестен
(25) аспауы тиіс.
2.15 Оқушыларды қосымша қабылдау оқу жылы басталмай тұрып, жалпы
білім ұйымдарының Педагогикалық кеңесінің шешімі негізінде оқушылардың
жеке оқу жетістіктерінің портфелін және білім рейтингін ескере отырып бос
орындар болған кезде (егер сыныптағы оқушылар саны 25-тен аспаса)
жүргізіледі және мектеп директорының қосымша бұйрығымен рәсімделеді.
2.16 Оқушының бейіндік сыныпқа тіркелгені туралы бұйрықпен танысу
Актісі оның ата-анасының (олардың орнындағы тұлғалардың) қолымен
сендіріліп бекітіледі.
3 Білім беру үдерісінің мазмұны мен ұйымдастырылуы
3.1. Бейіндік оқыту сыныптарындағы оқу мерзімі - 2 жыл (11-12 сыныптар),
оқу түрі – күндізгі.
3.2. Бейіндік оқыту сыныптарыміндетті базалық компонент, бейіндік
пәндер, элективтік курстар, оқу тәжірибесі, сонымен бірге сыныптан тыс іс-
әрекеттер жүйесі, жалпымектеп іс-шаралары, қосымша білім алу енгізілген
бағдарламалар бойынша жұмыс жасайды. Бағдарламаларды педагогикалық
ұжымы әзірлейді, мектептің әдістемелік кеңесі бекітеді.
3.3 Бейіндік оқытуды
қамтамасыз ететін жалпы орта білім жүйесін
қаржыландыру шарттары Қазақстан Республикасының барлық жалпы білім
беру ұйымдары
үшін міндетті болып табылады. Жалпы орта білім беру
ұйымдарын қаржылық қамтамасыз ету – кепілденген тегін жалпы орта білім
беру үшін, жалпы орта ұйымдарында қажетті материалдық-техникалық база
құру үшін, бейіндік оқыту барысында оқушылардың өмір қауіпсіздігі мен
денсаулығын сақтауға жағдай жасауға, әсіресе, оқу тәжірибесін жүрізу
барысында керекті жағдай жасауға жеткілікті болуы міндетті.
4 Материалдық база
Жалпы
орта білім
ұйымдары санитарлық-гигиеналық
талаптар мен
нормаларға жауап бере алатын материалдық-техникалық базамен қамтамасыз
етіледі.
Жалпы орта білім ұйымдарының материалдық-техникалық базасының
құрамында мыналар болады: бейіндік оқытуды, демалысты, тамақтануды,
дәрігерлік қызмет көрсетуді, спортпен айналысуды, мәндеи-көпшілік іс-
шаралар өткізуді және оқушылардың шығармашылығын дамытуды, сонымен
қатар, санитарлық-эпидемологиялық талаптарға сай келетіндей қауіпсіз және
жайлы жағдайда ұйымдастыру ережеріне сәйкес инфрақұрылымы бар ғимарат;
заман талабына сай (байланыс және коммуникация құралдары, желілік
қатынас, кеңжолақты интернет, мультимедиалық кабинеттер, интерактив тақта,
есту- және көру техникалары, цехтар, шеберханалар) оқыту құралдарымен