12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент)



жүктеу 2,65 Mb.
Pdf просмотр
бет24/32
Дата24.11.2018
өлшемі2,65 Mb.
#24536
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32

56

Қазіргі  бейінді  мектептер  мәселесін  кадр  шешеді.  Олар  жетекші  пәндердің

бағдарламаларын іске асырып артық материалдармен балаға салмақ салмайды.

Қорытындысында әрбір мектеп бейінді оқыту бойынша оқушының моделін

жасайды. Модель мынадай болады:

* бейінді сыныптардағы білім мазмұнын қзгерту;

* білім беру технологияларын өзгерту;

* бейінді оқытуды нормативтік қамтамасыз ету;

* оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;

* оқушылардың бейіндік дайындығын бағалаудың өлшемі.

Бейінді  мектептің мұғалімі өз  мамандығын ғана  жетік  білмей,  бейінді

бағдарламаларды  озық технологиялар  арқылы  іске  асырыатын  жан  болуы

керек.

Бейінді мектепте жұмыс істеуге дайын мұғалімге 4 құрылымдық компонент



тән:

Арнайы-әдістемелік;

Мәдениеттанымдық;

Гуманистік;

Психофизиологиялық.

Арнайы-әдістемелік  компонент мұғалімнің педагогикалық  қызметінде –

пән  мұғалімінің мамандығы  бойынша  білім,  білігі  болып  балаларды ғылым

негіздеріне үйретуі тиіс.

Мәдениеттанымдық

компонент

мұғалімнің

жалпы  және  кәсіби

мәдениетінің деңгейіне  байланысты, ғылымда  кәсіби  мәдениетті  бағалаудың  3

өлшемі қалыптасқан:

Аксиологиялық (құндылық);

Тұлғалық;

Кәсіптік.



Гуманистік компонентті мұғалімнің педагогикалық қызметіндегі тұлғалық

қасиетінен  бөле-жара қарауға  болмайды.  Гуманитарлық білімнің мазмұны

адамның рухани  тілегін,  оның ішкі әлемін  ашуға,  адамгершілік ұрығын  себуге

бағытталған.

Аталмыш қасиеттер мынадай жұмыстар нәтижесінде іске асады:

-оқушымен демократиялық стильде қарым-қатынас жасап,

қызығушылықтарын  ескеріп,  оқу-танымдағы  бейімділік  ерекшеліктеріне

сәйкес оқытуды ұйымдастырғанда;

-оқу  материалдарын  таңдағанда  оның

балаға  тұлға  ретінде  адами

қасиеттерге тәрбиелеуі керек;

-мектеп  курсының мазмұны оқушыны өмір  тәжірибесін және  денсаулығын

сақтауға тәрбиелеуі керек.

Психофизиологиялық компонент мұғалімнің  өзіне  тән  (темперамент,

ойлау, қабылдау)  ерекшеліктері  бейінді  сыныптардағы  оқушылармен  табысты

жұмыс  істеуіне  кепілдік  береді.  Бейінді  оқыту  сыныптарына  беретін

мұғалімдердің тұлғаллық  қасиеттеріне  және  осы  сыныптарда  жұмыс  істеуге

деген ынтасына қарау керек.



57

Бүгінгі  таңда  пән-мұғалімі  емес,  мұғалім-зерттеуші,  мұғалім-технолог

қажет,  ол өз  пәнінен ғылыми-әдістемелік,  жұмысына  жаңалық енгізетін

істермен белсенді  айналысатын  жан  болуы  керек.  Ең бастысы  мұғалімнің

тұлғалық  қасиеті, өз  пәнін  жаңаша  жобалайтын  бағдары  болуы  ауадай қажет.

Бұл  арада  мұғалімге  кәсіби  бейіндік  мәселелері  бойынша  ашық сабақтар  мен

сынып  сағаттары  пайдасын  тигізеді.  Мысалы,  9-сыныпта  «Мен  және  менің

мамандығым»  деген  сынып  сағатының оқушылардың мамандық таңдауына

көмегі тиеді. Осы сияқты басқа да жаттығулар ұсынуға болады.

№  1  жаттығу. Жүргізуші қатысып  отырғандарға қандай  мамандық

қызықтыратыны  туралы  сауал қояды  да,  тақтаға  10-15 мамандықтың атауын

жазады. Жаттығу кезінде олар ұнағанын өздері айтады. Бірнеше секунд ішінде

қатысушылар құрбыларына қандай  мамандықтың оған  лайық екендігін  айтып

береді.  Жүргізушінің белгісінен  кейін өздері ұнатқан  мамандықты  көрсетеді.

Содан  кейін  дауыс  беру

қорытындыланады.(Құрбыларының

болжамы


мұғалімнің және ата-аналарының болжамынан да дәлдірек болады).

№  2  жаттығу. Топтың ішінен  бір  адам  дәлізге  шыға  тұрады. Қалғандары

бір  адамды  ың-шыңсыз  таңдайды. Әрбір қатысушы  бір  мамандықты  айтуы

керек. Кімнің айтылған мамандыққа лайықтылығы айтылады.

Бейінді  сыныптың мұғалімі-оқушының жетекшісі,  ақыл-кеңес  берушісі

және оқу ісін ұйымдастырушы. Осының бәрі бейінді оқытуды ұйымдастыруды

кадрмен қамтамасыз етуді талавп етеді. Бейінді мектептің мұғалімдері алдында

жаңа  міндеттер  тұр.  Бейіналды  және  бейіндік  оқытуды  ендірудің  өзіндік

қиынждықтары бар. Ол қиындықтар:

-бейіндік  оқыту  мазмұнының толық  әдістемелік  және  дидактикалық

қамтамасыз етілмеуі;

-оқушының  өзіндік  белсенділігі, өзін-өзі  іске  асыруына  психологиялық

білімі  және  оны  сауатты ұйымдастыруға,  мамандық таңдауда  «Мен-бейнесі»

жетіспейтіндігі.

-білім беру үрдісінде алдыңғы қатарлы пед. Технологияларды өз деңгейінде

білмеуі жатады.

Мұғалімнің біліктілігін  жетілдіруге  іштей  және  сырттай  оқу  курстарының,

теориялық семинарлардың, стажировкадан өтудің маңызы зор. Осы мәселелерді

шешуде  барлық  әдіс  жақсы:  тәжірибе  алмасу  семинарлары,  көшпелі  және

қашықтықтан біліктілік көтеру курстары.

Әріптестерінің сабағына қатысу және нормативтік құжаттарды оқу  арқылы

мұғалім бейінді мектептің құзырлы маманына айналады.

Мұғалім білуі:

-оқушыларды өзіндік  шығармашылық жұмыстарға  баулуда  бағыт  беруді

жобалай білуі тиіс;

-оқушылармен  жұмыс  істегенде қызметтің  әр  түрлісін  (топтық, жұптық)

қолдана білуі керек;

-алуан  түрлі  ақпарат көздері  және  дерек  базаларымен өз  бетінше  жұмыс

істей білуі керек;



58

-оқу үрдісінде  ашық білім  беретін  ақпараттық технологияларды  пайдалана

білуі керек.

-оқушылардың кәсіптік таңдауына ықпал ете білуі тиіс.

Жоғарыда айтылғандардың бәрі бейіналды және бейінді оқытумен белсенді

түрде айналысып жүргендер үшін пайдалы болмақ.



Бейінді  оқыту  ауыл  мектебіндегі  білім  сапасын  жоғарылату құралы

ретінде

Ауыл мектебін жаңарту педагогикалық ғылымның назарында ерекше орын

алуы қажет.  Ауыл  мектебі,  оқушылардың жалпы  мәдениетін  дайындаумен

қатар, ауылда әлеуметтік тұрақтылықты сақтауда және ауыл халқының мәдени

деңгейін көтеруде үлкен рөл атқарады. Сол себепті ауыл мектебінде неге және

қалай оқыту  сұрағы  ойдан  шығарылмаған,  ол  білімнің тұлғалық,  өмірлік  және

кәсіби қажеттілігінің маңыздылығынан туындаған шындық.

Бейінді  оқыту  проблемалары  бойынша қазіргі  кездегі  зерттеулердің, ауыл

мектебі


қызметінің

нәтижелерінің,

еңбек 

нарығындағы



әлеуметтік

жағдайлардың талдауы мынадай әлеуметтік қарама-қайшылықтарды анықтауға

мүмкіндік  тудырады:  экономиканың  әр  түрлі  салалары үшін қоғамның білікті

мамандарға  сұранысы  мен  жалпы  білім  беретін  мектепте  білім,  біліктілік  пен

дағды түріндегі білім нәтижелерін жоспарлануының арасындағы; бейінді білім

берудің көптүрлілігі  мен  ауыл  мектебінің оны  жүзеге  асыру  мүмкіншілігінің

шектеулігі; бейінді оқытудың көрсетілген мақсаттары мен ауыл мектебінің оған

жетудегі  нақты  мүмкіншіліктері.    Ауыл  мектептерінде  бейінді  оқытуды  енгізу

ауылды  дамытудың

жаңа


әлеуметтік-экономикалық

жағдайында  жүзеге

асырылуда,  олар үшін  келесі  сипаттар  тән:  экономиканың көпқұрылымды

түрлерінің дамуы,  ауыл  шаруашылық саласы  мамандарына  сұраныстың

жоқтығы, өндірістік  және әлеуметтік  салаларда  жаңа  мамандықтардың пайда

болуы,  халықтың жұмыспен қамтылу құрылымындағы өзгерістер, ата-аналар

мен балалардың білім алуға сұранысы, ауыл оқушыларының қолайлы да сапалы

білім  алуына  жағдай  жасауға  бағытталған,  жалпы  білім  беретін ұйымдар

жүйесін қайта құрылымдау.

Бейінді  оқыту  жағдайында  болашақ мұғалімнің мектеп  жұмысына

теориялық және тәжірибелік дайындығын қалыптастыру: педагогикалық

жоғары  оқу  орындарындағы  студенттерді  даярлаудың

тьюторлық

үлгісінің кейбір аспектілері

Болашақ оқытушыны  даярлаудың дәстүрлі  жүйесінің негізгі  функциясы

регламенттелген  білім  көлемін  трансляциялау  болып  табылған,  бүгінгі  таңда

бұл  жүйе әлеуметтік  мәдениеттегідей, ұйымдастырушылық-педагогикалық

және ғылыми-мазмұндық жоспарда  да қоғам  мен  мектеп қажеттіліктерін

қанағаттандырмайтын күйде. Білім беру жүйесін жаңалаудың басым бағыттары

бейінді  оқытуға  ауысу  болып  табылады.  Бейінді  оқыту  тұжырымдамасы

оқытуды  даралауға  және  оқушыларды әлеуметтендіруге,  бейіналды  және

бейінді  деңгейлерде  іске  асырылатын  бейіндердің икемді  жүйесін  жасап



жүктеу 2,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау