12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент)



жүктеу 2,65 Mb.
Pdf просмотр
бет28/32
Дата24.11.2018
өлшемі2,65 Mb.
#24536
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

65

6. Өзінің түпмәні  жағынан,  11-12  сыныптардағы  бейіндік  оқытудан  кейін

түлектер  ЖОО-ға  емтихансыз  түседі.  Бейіндік  оқытуға  (11-12  сыныптар)

түсудің осындай  мақсаты  5-10  сыныптарда  оқудың уәжділігін  жайлы  жағынан

жоғарылата алады.

Оқушылар  10  сыныптан  соң ТжКБ-ге  түсу  емтиханысыз  түсе  алады  және

алғашқы  екі  курсты  тегін  (бюджет  есебінен)  оқи  алады  (бұл – олардың

конституциялық  құқығы),  не  болмаса,  кем  дегенде,  базалық орта  білім  тегін

берілуі тиіс.

1. Жалпы  орта  білім  (бейіндік  оқыту)  11-12  сыныптарда  білім  беруді

ұйымдастырудың мынадай түрлері арқылы жүзеге асырылады:

- бейіндік сыныптары бар жалпы білім беретін мектептерде;

- үш бағыттағы 11-12 сыныптар (ЖМБ, ҚГБ, технологиялық);

- бір бағытта оқытуды  іске асыратын «Бейіндік мектептерде» (лицейлер –

ЖМБ, не гимназиялар - ҚГБ) (бірбейінді мектептер);

- ірі  ауылдық мекендерде  ашылған  тірек  мектептерде  («Ресурстық

орталықтар»).

Жалпыбілім  беретін ұйым  (бейіндік  мектеп) қалалық және  ауылдық

жерлерде  жұмыс  жасап  жатқан  жалпы  орта  білім  беретін  мектептер  негізінде

құрылады  және  оқыту  3  бағыт  бойынша  жүргізіледі  (жаратылыстану-

математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, технологиялық).



Бірбейінді  мектеп  дегенде, бір  бағыттағы  жалпы  білім  беретін ұйым

түсінілетіні  белгілі.  Бірбейінді  мектептің бағытын  анықтауда    мектептің

материалдық-техникалық және  мамандар

әлеуеті    назарда

ұсталынады.

Мысалы,  жұмыс  жасап  жатқан  лицейлерде – жаратылыстану-математикалық

бағыттағы  бейіндік  мектепті  ашудың алғышарттары  бар,  жұмыс  жасап  жатқан

гимназияларда – қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы  бейіндік  мектептер  ашуға

керекті  алғышарттар бар.    Аймақтың экономикалық сұраныстарын  ескергенде,

облыс  орталықтары  мен  ірі қалаларда

қосымша  жаңа  бейіндік  мектептер

салынуы мүмкін.



Тірек  мектебі  (ресурстық орталық) - білім  беру ұйымы,  оның базасында

жақын  жатқан  ШЖМ-ң білім  беру  ресурстары  жинақталады, Әрбір  ресурстың

артында  бірнеше  ШЖМ  тіркеледі.  ШЖМ  оқушысы  он  күннен үш  рет  тірек

мектебінде 

оқып, 

онда 


аралық 

қорытынды 

аттестация 

тапсырады.

Сессияаралық кезеңде  ШЖМ-да  оқыту    тірек  мектебінің мұғалімдерінің

қатысуымен  және қашықтан  оқыту  технологияларын қолданумен өткізіледі.

Осылай,  ШЖМ  мәселесі  тірек  мектептер,  интернаттар  мен  тасып  жеткізу

есебінен шешіледі (БДМБ қағидалары бойынша).

2. БДМБ-на    орай,  бастауыш,  негізгі  бейіндік  мектептерді  аяқтаған  соң,

ұлттық тестілеу жүйесі жүргізіледі:

- бастауыш  мектепте

таңдалып  жүргізіледі,  оқушылардың



оқу

жетістіктерін мониторингілеу мақсатымен;

- негізгі  мектепте – оқытудың одан әрі қарайғы  траекториясын    анықтау

мақсатымен;




66

- жалпы  білім  беретін  (бейіндік)  мектепте-

ұлттық бірыңғай  тестілеу

түріндеалынған білім, білік, дағдылардың деңгейін анықтау мақсатымен;

- бұдан  басқа,  БДМБ-ге  сәйкес,  жоғары  білім  алуға үміткерлер  тәуелсіз

ұлттық тестілеу түрінде қосымша бейіндік емтихандар тапсыратын болады.

3. 11-12 сыныптарда үшінші - технологиялық бағытты енгізудің негіздемесі.

Қазақстан  экономикасының  өсуі  жұмысшы  мамандығы  негізгі  болып

саналатын  орта  іскерліктің дамуымен  тікелей    байланысты  болып  келеді.  Ерте

еректенудің  қажеттілігі  мен  білім  алып  жатқан  жастардың

жұмысшы

мамандығына бағдар алуы технологиялық бағытты енгізуді талап етеді.



Осымен  де байланысты, ҚР  «Білім  туралы»  заңының 16  бап. 3 т. бұрынғы

ережесін қайта қалыпқа келтіруді жөн деп санаймыз. Жалпы білім беретін оқу

бағдарламалары саралау,икіріктіру және кәсіби дайындыққа бағдар ұстануымен

ерекшеленіп әзірленеді.  Бейіндік  оқытуды  енгізу әлеуметтік-гуманитарлық,

жаратылыстану, 

технологиялық

және 

оқушыларды 



кәсібиге 

дейінгі


дайындыққа бағдарлайтын басқа бағыттарды жүзеге асыруды көздейді. Жалпы

орта білім берудің жалпыбілімдік оқу  бағдарламасын игеру мерзімі - екі жыл.

(бұл  тармақша "Білім  туралы" Қазақстан  Республикасының Заңына өзгерістер

мен  толықтырулар  енгізу  туралы Қазақстан  Республикасының  2011 жылғы

24 қазандағы  №  487-ІV  Заңымен  алынып,  онда  технологиялық бағдар  алынып

тасталынды).

Үшінші технологиялық бағыттың енгізілуі қажеттілігі туралы негіздеме.

Бұған Білім  туралы" Қазақстан  Республикасының Заңына өзгерістер  мен

толықтырулар  енгізу  туралыҚазақстан  Республикасының  2011

жылғы


24 қазандағы № 487-ІV Заңының 1 бабының 18 т. негіздеме бола алады.

Осы ұсынысқа орай, БДМБ-ның сәйкес ережесіне өзгеріс енгізу керек, онда:

«2014  жылға қарай  «Бейіндік  мектеп»  атты    бейіндік  оқыту  бағдарламасы

әзірленіп,  сынақтан өткізіледі.  Онда    мынадай  бағыт  көрсетілген: қоғамдық-

гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттар болады.

Тәуелсіз 

бағасапасы 

 

(ТБС)



-

оқушылардың

еңбек

қызметіне



шығарылуының ерекшелігі болып табылады.


67

Қорытынды

Бейіндік оқытуды ұйымдастыруда оқушылар мен ата-аналардан  алдын ала

сұрақтар  бойынша  пікірлерін  білу  және  нақты  аймақ,  қала,  ауданның еңбек

нарығының

сұранысы  тірек  ретінде  алынады.  Мектептің  (мамандар,

материалдық-техникалық  қоры)  мүмкіндігі  де  маңыздылығы  жағынан  жоғары

көрсеткіш болып саналады.

Әрине,  бейіндік  оқытуды  енгізу  экспериментін  іске  асыру  барысында

көптеген  мәселелер  туындайтны  белгілі.  Мысалы,  мұғалімдерді қайта  оқыту,

мектептің

материалдық-техникалық

базасын  нығайту,  емтихандар  алу,

оқушыларды іріктеу.

Бірақ ештеңеге қарамастан,  болашақ – бейіндік  мектептікі.  Ол  болашақты

сауаттылықпен басқаратын азаматтар даярлайтын бейіндік мектептікі.

Әрине тұспалдауымызша, оқушыларға  белгілі бір тартыншақтық тән болып

келеді,  ол  тартыншақтық

ата-аналардың,

мұғалімдерің

консервативтілігі

арқасында күшейе де түсуі мүмкін. Шынтуайтына келгенде, сөзсіз, балалардың

көпшілігі өздері іштей  таңдаған  мамандығына қарай ұмтылып  тұратыны

белгілі.

Ресми  статистиканың мәліметінше: жоғары  сынып  оқушыларының тең

жартысы  мектеп  бағдарламасын  игермейді.  Бірақ сәтсіздіктің себептері –

оқытуға    дұрыс  тұрғыдан  келмеуі,  мұғалімдердің  өз әріптестерінің озық

тәжірибесін, үлгілі әдістемелері  мен  технологияларын қолданғысы  келмеуі,

жеке  тұрғыдан  келу ұстанымдары,  оқытудың  ұжымдық тәсілдері  т.б.  болуы

мүмкін.  Сонымен қатар, әрине,  көптен  бері  айтылып  келе  жатқандай,  бейіндік

оқытуды  тәжірибеде  жүзеге  асыруға құлқы  болмауы  да  басты  себептердің

бірінен саналады. Көп жағдайда, негізсіз айтылып келе жатқаны белгілі.

Барлығы  демесек  те,  көптеген  ата-аналар, өз  перзенттерінің белгілі  бір

бейіндік  бағыттағы  мектепте  оқуына  тілектестігін  білдіреді.  Еліміздің барлық

мектептерінде бейіндік оқытуды енгізу – қоғамдағы көптеген құбылыстар үшін

қиғаш  және  төңкеріс  сипатында  болатын  мәселе.  Бұл  ретте  осындай

жаңалықтарды  енгізуге  аса  сақтықпен қарайтын  адамдармен  жасалатын

жұмыстардың түрлі баламаларын қарастырып қойған дұрыс болады.

Түптеп  келгенде,  егер  бұл  мәселе  жеке  тұлғаның

көздегендеріне

байланысты  болса,  нақты  бір  мектепте  бейіндік  оқытуды ұйымдастыру    ата-

аналар мен балалардың тілегін ескере отырып шешілуі керек. Бұл тұста нақты

мектептің мүмкіншіліктері де алдыңғы орында болады.

Мектептің жоғары сыныптарында бейіндік оқытуды ұйымдастыру оныншы

сынып  оқушысы үшін әрі қарай  білім  алуды  бейіндендіруді    маңызды  және

өзекті  мәселеге  айналдырады.  Егер,  негізгі  мектеп  түлегінің көпшілігі  жоғары

сыныпта оқуға бет алатын болса, бейінді таңдау бұқаралық сипатқа ие болады.

9-сыныпта таңдау курстарының, факультативтің жүйесін енгізу керек, олар

модульдік негізде құралған болуы тиіс, соған қарап әр оқушы өзінің белгілі бір

білім  саласы  бойынша  танымдық  қызығушылығын,  мүмкіндіктерін  бағалай

алатын  болуы керек.



жүктеу 2,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау