59
шығаруға бағытталған, мамандандырылған даярлау жүйесін құруды негізге
алып отыр.
Құрамдас бөлігі оқушылардың жеке білім алу қажеттіліктерін, олардың
әлеументтенуін және өзін-өзі танытуларын қанағаттандыру болып табылатын
бейінді оқытудың қалыптасып келе жатқан жүйесі белсенді даму үстіндегі
инновациялық үдерістер жағдайында қызмет етуге қабілетті маман даярлауды
қамтамасыз ету талабын алға тартады.
Оқу үдерісіне жаңалық енгізуге деген педагогтың дайындығы көп жағдайда
оның жоғары оқу орнында оқыған кезеңде қаланған негізімен анықталады.
Болашақ ұстазды даярлауға арналған жүйелі-қызметтік тәсілге сәйкес, оның
жоғары оқу орнында білім алуы маман қалыптастырудың мақсатты бағытталған
үдерісін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке басы мен педагог қызметі
моделіне бағдарлануы тиіс.
Психолого-педагогикалық әдебиетте жаңа типтегі педагогқа деген мектеп
пен қоғамның өзекті сұранысы ретінде, әлемдік білім кеңістігін дамыту
тенденциясына бағдарланған модельдер ұсынылған. Заманауи педагогикалық
білім беру стратегиясы өзекті білім беру міндеттерін шешу жағдайында
жауапты
және
кәсіби
әрекет
еуге
қабілетті
оқытушы
тұлғасын
қалыптастырудан тұрады. Бұл стратегия тұтастай гуманистік дүниетанымға,
терең кәсіби білімге ие, кәсіптік қызметінде өзінің шығармашылық әлеуетін
кешенді іске асыра алатын оқытушының рухани дамыған, мәдениетті тұлғасын
қалыптастыруға бағытталған оқу үдерісінің мазмұны, түрі және әдісін игеруді
жүзеге асырады.
Теориялық зерттеулердің түрлі бағыттарына қарамастан бейінді оқыту
жағдайындағы болашақ ұстаздарды оқыту үдерісі толық зерттелмеген. Осыған
орай тәжірибе барысында оқытушылардың маңызды бөлігі, еңбек өтілдеріне
және біліктілік деңгейлеріне қарамастан, заманауи мектепте бейінді оқытуды
жүзеге асыруда айтарлықтай қиындықтарға тап болуда. Бұл жаңа білім беру
жүйесі жағдайында жас мамандардың бейімделуі мен кәсіби өсу үдерісін
қиындатады. Оқытушылардың өздері мұндай қиындықты өздерінің жоғары оқу
орнында оқыған кезеңдегі теориялық және тәжірибелік дайындықтарының
шалалығымен байланыстырады.
Бейінді оқытуды іске асыру аясында оқытушының инновациялық қызмет
субъектісі ретінде қалыптасуы оны жоғары педагогикалық білім жүйесінде
даярлау үдерісіне, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістердің сипаты мен
бағытталуына қарай жоғары оқу орнында оқытудың бастапқы бағдарына
сапалы
өзгерістер
енгізуді
талап
етеді.
Жаңа білім беру моделінің қалыптасуы жағдайында, бейінді оқыту кезіндегі
мектептегі жұмысқа педагогты даярлауды белсендіретін, инновациялық қызмет
түрлерін меңгерумен байланысты оқытушының педагогикалық функциясын
дамыту жүзеге асады.
Педагогтардың кәсіби бейімделуі жағдайларын және белсенді даму
үстіндегі инновациялық үдерістер жағдайында бейінді оқыту мен кәсіби-
педагогикалық қызметті іске асыруға қабілетті педагогқа қоғам мен мектептің
60
әлеуметтік-мәдени қажеттіліктеріне бағытталуы мен сипатын есепке ала
отырып, болашақ оқытушыларды даярлауды жүзеге асыруды алдыңғы қатарға
қою қажет. Оқытушыны даярау ісі бейінді оқытудың мазмұндық және
процессуалдық аспектілерін қамтитын, оқытушының инновациялық қызметке
теориялық
және тәжірибелік дайындығы моделіне бағдарлануы тиіс.
Болжамалы модельді пайдалану мектеп пен қоғамның мұғалімге қоятын
заманауи талаптарына жауап беретін, бұрын белгіленген параметрлермен
маманның қалыптасуының мақсатты үдерісін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бейінді оқыту жағдайында болашақ ұстаздың
мектептегі
жұмысқа
теориялық
және тәжірибелік даярлығын
қалыптастыру
үдерісін келесі
әлеуметтік-педагогикалық шарттар негізінде атауға болады:
- педагогтың кәсіби қызметіне қойылатын талаптардың жаңа мазмұнын
оқытуға бағдарлау;
- бейінді оқыту жағдайында оқытушыға инновациялық ізденісті жүзеге
асыруға мүмкіндік беретін, мақсатты тұжырымдау деңгейінде теориялық білім
мен сәйкес дағдылар жиынтығын (талдау-болжамалы, жобалық
және
рефлексивтік) есепке ала отырып, бейінді оқыту жағдайында мектеп жұмысына
студенттерді даярлау моделін құру;
- бейінді оқыту жағдайында студенттерді педагогикалық білім беру
жүйесінде және олардың мектептегі кәсіптік қызметке оқыту үдерісінің
сабақтас байланыстарын іске асыру.
Болашақ ұстаздарды даярлау моделінің мазмұндық аспектісі бейінді оқыту
жағдайында оқытушыға инновациялық ізденісті жүзеге асыруға мүмкіндік
беретін жаңа сапалы деңгейде теориялық білім мен дағдылар жиынтығына
(талдау-болжамалы, жобалық
және рефлексивтік) негізделген, мақсатты
болжамдық деңгейдегі қызметке педагогтың дайындығын қосуы тиіс. Модель
аспектісінің процессуалдық (технологиялық) аспектісі тапсырмалар мазмұнын,
түрін және оқыту құралын таңдау негізінде дидактикалық тапсырмалардың
шешімі
мен
берілуінің
бірізділігін
қамтамасыз
ететін,
көпдеңгейлі
педагогикалық білім кезеңдерінің ерекшеліктерін есепке алатын, студенттерді
оқыту үдерісін кезеңдік ұйымдастыруды көздейді.
Бейінді оқыту жағдайында мектеп жұмысына оқытушының теориялық және
тәжірибелік дайындығы, біздің түсінігімізше, ұстаздың талдау-болжамалы,
жобалық және рефлексивтік қабілеттерін теориялық білім негізінде меңгеруді
болжайтын, оларды жаңа білім беру жағдайында тәжірибеде өз білімдерін іске
асыратын, мақсатты тұжырымдау деңгейінде оқытушының қызметке
қабілеттілігі болып саналады. Бейінді оқыту жағдайындағы мектеп жұмысына
оқытушының теориялық және тәжірибелік дайындығы моделі жаңа сапалы
деңгейдегі теориялық білім мен тәжірибелік дағды жиынтығы (талдау-
болжамалы, жобалық және рефлексивтік) ретінде қарастырылады.
Ұстаз даярлау үдерісінде теория мен тәжірибені ықпалдастыруға, алған
білімді
өзектілендіруге, студенттердің
негізгі кәсіптік дағдылары мен
қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін, психолого-педагогикалық
практикум басты роль атқарады. Тәжірибелік білім алу барысында