№12 жалпы білім беру орта мектебі» кмм 5«Д» сыныбының тәрбие жұмысының жылдық есебі 2017-2018 оқу жылы


«Алаш Ордасына 110 жылдығы» атты тәрбие сағатының ақпарламасы



жүктеу 1,87 Mb.
бет7/25
Дата12.05.2020
өлшемі1,87 Mb.
#30356
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
«Алаш Ордасына 110 жылдығы» атты тәрбие сағатының ақпарламасы.

«Алаш ордасының 110 жылдығы» атты 8«Г»сыныбында тәрбие сағаты өтілді. Сыныпта жалпы саны 25оқушы. Тәрбие сағатқа оқушы саны 23оқушы болды.

2-оқушы қатыспады. Қатыспаған себебі ауырып қалды. Тәрбие сағаттың басты мақсаты Алаш ордасының тұрмысы мен шаруашылығы тақырыбына байланыс- ты алған мәліметтерін сұрау арқылы есіне түсіру,білімдерін тиянақтау.Түрлі тапсырмалар арқылы оқущылардың білімін жинақтау.Сабақты басқа пәндер- мен байланыстыру.

Тәрбие сағатта балалар өз ойларын ортаға салды, баяндама оқылып талқылан- ды. Алаш Ордасы жайлы баяндамалар оқып, Орда жайлы ғибратты,нақыл сөздер мақал-мәтелдер айтылды.

Тақырыпқа байланысты «Дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. Мұнда әр оқушы өздерінің ойын,пікірін ортаға салып эссе жазып талқылады. Сұрақтар қойылып сұрақтарға жауап берілді. Тәрбие сағаты өз деңгейінде өткізілді.





Денсаулық зор байлық .
Денсаулық дегеніміз не? Денсаулық кең ұғым. Кейбіреулер денсаулықты жастықпен, сұлулықпен, басқалары күш – қуат, бет - әлпеті сенімділігімен байланыстырады. байланыстырады. 
Денсаулық жағдайы организмді сыртқы қоршаған орта талабында сақтауды қамтамасыз етеді. Бұл, даму және өмір сүрудегі денсаулықтың негізгі ролі. Денсаулық өмірмен байланысты, бұл заңдылық. Сонымен денсаулықтың анықтамасы қандай? Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жарлығында көрсетілгендей, денсаулық – аурудың немесе физикалық ақаулардың болмауы ғана емес, ол толық әлеуметтік физикалық, рухани аман – есендік. Біздің денеміз қалай құрылған және қалай жұмыс жасайды, ешқандай дене аурулары жоқ, ол жаттыққан немесе шыныққан. 
Жеке денсаулық: бұл адам өзін - өзі адам ретінде сезінуі, өзін көрсетуі, жетістігі, негізгі құндылықтары. Біреулер жұмысынан біреулері - өнерден, үшіншілері – отбасынан, төртіншілері – жеке басынан жетістік іздейді. Өзін - өзі танылу неғұрлым қоғамға қарсы келмесе, соғұрлым ол адамның өзіне пайдалы, осыдан барып нақты адамның жеке денсаулығы сипатталады. Әрқашанда өзіңізді саумын деп сендіріңіз. 
Іс жүзінде көз алдыңызға деніңіздің сау екендігін ойлаңыз. өзіңізден ауру іздеуге асықпаңыз. Ертедегі гректер былай деген екен: «Әдемі болғың келсе жүгір, ақылды болғың келсе жүгір». 
Валеология – жеке тұлғаның денсаулығы және оны сақтау мен нығайтудың жолдары туралы ғылым екені белгілі. «Адамның жеке тұлғаның денсаулығы – адам ағзасының патологиялық өзгерістерден таза барлық функциялары үйлесімді жағдайда, қоршаған ортамен тепе – теңдік қалпын білдіреді». 
Жеке тұлғаның денсаулық – ағзының барлық жүйесінің оптималды өміршеңдігінің ағзадағы барлық зат алмасу процестерінің гармониялық бірлігі арқылы жүзеге асуы. 
Біздің денеміз қозғалыс үшін жаралған. Жүйелі түрде дене шынықтырумен айналысқан денсаулық деңгейін едәуір жақсартады. Өйткені: 
1. Ағзаның функционалды мүмкіндіктерін, оның басты жүйелерінің жұмысын ұлғайтады.
 2. Адам ағзасының тұтастай алғандағы тыныс тіршілігінің үнемділігін, тиімділігін арттырады. 
Дене сау болу өркеннің өз ісі деп саналады да, айналадаға адамдар ауыра қалса өзімізді сырт ұстаймыз. Ал, өзіміз ауырсақ , ең алдымен жанымыздағы жақын адамдар мазасызданып біз үшін уайымдамайды, сондықтан бастауыш сыныптан бастап балаларға өз өмірінен денсаулығын қымбат сыйлық ретінде қабылдауды үйретуіміз керек. 
Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі. Денсаулық адамның басты байлығы. Күнделікті өмірде мұны көбіңіз сезіне білеміз. Дені сау адам өмірде көп жетістікке қол жеткізеді.Адамның табиғаттан алатын ең үлкен сыйы ол – денсаулық. Халық арасында дені сау адамның қолынан келмейтін ісі жоқ деп босқа айтылмаған. Аталған қарапайым ойды тек қана ағзамыз сырқат танытқанда ғана немесе дәрігерлерге жүгініп, олардың қолынан келмейтінді талап еткенде ғана еске түсірмей, үнемі есте сақтап жүрген абзал. Өз заманында әйгілі қолбасшы Александр Суворов «салқын су денеге де, ақыл-ойға да пайдалы»-деп, білген. Өйткені салқын сумен емделу – өзіндік туа біткен әлжуаздықтан арылу –генералиссимустың шайқастарда жеңуіне септігін тигізді. Қазіргі заманғы зерттеулер бойынша, суық суға сүңгушілік жынысы мен тектілікке қарамастан адамның шартты биологиялық жасын төмендетеді. Яғни жасарту әсері бар және ұзақ өмір сүруге көмегін тигізеді. Көп адамдар «Егер мен су ойығына секірсем, мен өлемін, ауырып қаламын, бір жерім үсіп кетуі мүмкін және т.б.» - деп, ойлайды. Қорқыныш үрей тудырады деген рас екен, дегенмен су ойығына бірден секіруді шыныққан адамдардың өзіне де кеңес етпейміз. Ал өзіндік психологиялық тосқауылды – алғашқы рет суға түскендегі салқын су алдындағы қорқынышты – әрбір әлі еті үйренбеген адам өзінше жеңуі тиіс. Көбінесе үрей тудыратын қорқыныштың көзі, жете білмейтін «тілектестердің» кеңестері қыздыра түсетін, өзіндік ағзаның шынайы мүмкіндіктері мен қорларын білмеу болып табылады. Сөзсіз, егер алдын ала өзіңізді ауыруға икемдесеңіз, онда әрине ауруханадан табыласыз, өзін-өзі сендірудің мүмкіндігі шексіз екендігін жақсы білерсіз. Шынығу – сауықтырудағы керемет әдіс. Оның көмегімен көптеген аурулардың алдын алуға болады, сонымен қоса еңбекке қабілеттілікті, өмірге деген махаббатты сақтап қалуға көмектеседі. Әсіресе салқын тиген кезде шынығудың көмегі зор!

Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы. Денінің сау болуын қандай адам қаламайды?Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Қоғамадағы не бір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана атқара алады. Адам бұл өмірде мәңгілік емес. Сол берілген аз ғұмырды дұрыс пайдалана білмесең, ғұмырың текке өтті дей бер. «Денсаулық – зор байлық» деп атамыз қазақ бекер айтпаған болар. Әр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек. Сондықтан денсаулығымызға көңіл бөліп, дұрыс сақтанғанымыз жөн. Деніміз сау болмаса, ауру меңдеп, қалжыратса, шалқыған байлықтан, ақшадан не пайда?! Осыдан біз ненің бірінші байлық екенін аңғарамыз.Шопенгауердің «Дені сау кедей – ауру корольден бақытты»,- деген қанатты сөзі өте орынды айтылған.Дені саудың – жаны сау. Әрине денің сау болмаса, рухани сауыға алмасың тағы бесенеден белгілі.Бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертенгі жалғасы.Халқымыздың тіршілігі мен бірлігі, жарқын келешегі көп ретте денсаулық мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты. Денсаулық – ел дамуының басты арқауы. Денсаулық сақтау біздің өміріміздегі келелі мәселелердің, үшінші мыңжылдыққа атаған еліміз үшін өзекті міндеттердің бірі.Жеке адамның да, мемлекеттің, қоғамның да басты байлығы – денсаулық. Осынау байлығымызға балаған денсаулығымыздың қамын ерте бастан ойлауымыз қажет екенін естен шығарып алатынымыз өкінішті-ақ. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде адам денсаулығын нығайту жолында үкіметіміз ерекше көңіл бөліп отыр. Республикамызда салауатты өмір салтын сақтау барысында Елбасы Н.Назарбаевтың бастауымен «2002 жыл – Денсаулық жылы» жарияланғаны баршамызға аян.Табиғаттың ең қымбат жемісі – адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлгені - өзін-өзі сыйлағаны.Осыдан-ақ табиғаттың берген сыйы тұла бойына таза қарап, өмірдің соңына шейін денсаулығы зор болып, адам атына кір келтірмей өту абзал.Адамның денсаулығы - өмір тіршілігінің ең бірінші  шарты болып табылады. Сондықтан үкіметіміз денсаулық сақтау ісіне, адамдарымыздың дені сау, ағзасының күшті болуына үнемі қамқорлық жасап отыр.Дені сау болса, адамның өзі де, жан-жағындағы адамдар да бақытты.




«Денсаулық зор байлық» атты тәрбие сағатының ақпарламасы.

«Денсаулық зор байлық» атты 8«Г»сыныбында тәрбие сағаты өтілді. Сыныпта жалпы саны 25 оқушы. Тәрбие сағатқа оқушы саны 24 оқушы болды.

1-оқушы қатыспады. Қатыспаған себебі ауырып қалды. Тәрбие сағаттың басты мақсаты Оқушыларды денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жина- қы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу. Дене, жеке бас гигиенасын сақтау және жаман қылықтардан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатта балалар өз ойларын ортаға салды, баяндама оқылып талқылан- ды. Кітап жайлы баяндамалар оқып, денсаулық жайлы ғибратты,нақыл сөздер мақал-мәтелдер айтылды.

Тақырыпқа байланысты «Дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. Мұнда әр оқушы өздерінің ойын,пікірін ортаға салып талқылады. Сұрақтар қойылып сұрақтарға жауап берілді. Тәрбие сағаты өз деңгейінде өткізілді


жүктеу 1,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау