Ата - аналар жиналысы
Хаттама № 2
№12 орта мектеп 28.10.2017ж
Барлығы: 25
Қатысқаны: 18
Қатыспағаны: 6
Күн тәртібіндегі мәселелер:
I тоқсанның қорытындысы
Сабаққа деген үлгерімі жайлы
Оқушылардың мектеп формасын сақтауыныңміндетті екеннін ескерту, мектепте фото-бейне бақылау камерасы бар смартфон ұстауға , хош иісті су қолдануға және әшкей-бұйымдарды тағуға тыйым салынатындығы туралы ескерту.
Атамекен ауылына асфальт жолының төселуіне байланысты жолда жүру ережелеріне сай түсінік жұмыстарын жүргізу.
Ағымдағы мәселелер
Тыңдалды:
ші мәселе бойынша сыныптың жетекшісі сөйледі. I- тоқсан қорытындысымен таныстырып, табельге ата- аналардың қолдарын қойғыздым, өзара үлгерім жайлы пікір алмастым.
ші мәселе бойынша сынып жетекшісі оқушылардың сабаққа деген үлгерімі жақсы және нашар жақтары мен пікірлері айтылды.
ші мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Білім мен ғылым министірінің 2016ж 14 қаңтарындағы №26 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарынан» үзінді оқылды. Оқушыларға мектепте фото-бейне камерасы бар смартфон ұстауға, хош иісті су қолдануға және әшекей бұйымдарды тағуға тиым салынатындығын және осы талаптарды орындау міндетті екендігін мәлімдеді. Мектепте оқушының жоғалтып алған заттары үшін мектеп жауап бермейтіндігі туралы ата-аналарға ескертілді.
ші мәселе бойынша ата-ана сөйледі. Бұл жолды кесіп өтушілер үшін қауіпті екендігін, жолда бағдаршамның немесе жаяу жүргіншілерге арналған жолақтың жоқтығын айта кетті. Ата-аналар бір ауызда осы мәселені тез арада қолға алу керектігін ұсынды.
5-ші мәселе ағымдағы мәселелер сыныптың ішкі тәртібі, формасы, сабаққа қатысы туралы айтылды. Сабаққа қатыс оқушылардың себепсіз қалуы, кешігуі жағдайлар көп болуы ата-аналардың жауапсыз қарауы себеп болып отыр.
Шешім:
1. 1-тоқсандық бағаларды басшылыққа ала отырып, ата-аналарды және сынып жетекші тарапынан оқушылардың үлгерімін жақсарту бойынша жұмыстар атқарылсын;
2. Оқушылардың үлгерімін, тәртібін сабаққа қатысуын қадағалау сынып жетекші мен ата-аналарға міндеттелсін.
3. Оқушылардың мектеп формасын сақтау міндеттелсін және мектепте фото-бейне бақылау камерасы бар смартфон ұстауға , хош иісті су қолдануға және әшкей-бұйымдарды тағуға тыйым салынсын;
4. Сынып жетекші тарапынан оқушыларға жол жүру ережелері туралы түсінік жұмыстары жүргізілсін
5. Оқушының өмір қауіпсіздігін сақтау үшін мектепке апарып, әкелу ата-аналарға міндеттелсін.
Сынып жетекші: Кабдулова Манат Райсқызы
Достарыңызбен бөлісу: |