Шыны призмалы әмбебап монохроматор
УМ-
2 призмалары мен
линзалары шыныдан жасалған спектр құралдарының қатарына жатады.
Монохроматор құрамы күрделi жарықты кеңістiкте әр түрлi толқын
ұзындықтарына жiктеу үшiн қолданылады. Спектрлiк аппараттың принциптi
сұлбасы
29.1-суретте
көрсетiлген.
Қондырғы негiзiнен үш бөлiктен тұрады.
Параллель жарық сәулелерiн алу үшiн
арналған коллиматордан 2-4
монохромат
емес
жарықты
спектрге
жiктейтiн
дисперсиялайтын жүйе-шыны призмалар
5 және тiркеуге
арналған қондырғының
көру трубасы 6-8
.
Берiлген сұлбадағы сәуленiң жолы
келесідей: жарық көзiнен 1 конденсорлы
линза 2 арқылы өтiп фокал жазықтығында
орналасқан саңылау 3-тi жарықтандырады
да коллиматордың обьективiне түседi.
Обьективтен параллель түзiлген сәуле шоғы дисперсия жасайтын жүйе 5-ке
бағытталады. Егер жарық көзi монохромат емес жарық шығарса,
онда әр
түрлi толқындар сыну көрсеткiшiнiң дисперсиясының болуы себептi
призмада әр түрлi сынады да, призмалар жүйесiнен әр түрлi толқындарға
сәйкес параллель сәуле шоғырлары шығады.
Параллель сәуле шоғырлары
көру трубасының объективінің линзасының фокал жазықтығында 7 саңылау
3-тің спектралды кескiнi ретiнде жиналады.
Егер жарық көзi ретiнде атомдық қалыптағы инерттi газы бар төменгi
қысымдағы шам қолданса, онда саңылау 3-тiң кескiнi шам iшiндегi газдың
атомды сызықты спектрiне сәйкес түрлi - түстi жолақ ретiнде болады. Бұл
спектрдi окуляр 8 арқылы көзбен көруге болады. Бұл жағдайда спектр
сызықтары көру түтікшесінің сәуле түсетiн 7
жазықтығында орналасқан
саңылаудың маңайында болады. Кейбiр құралдарда спектр арнаулы тiркегiш
қондырғының көмегiмен тiркеледi немесе суретке түсіріледі (спектроскоп,
спектрограф).
Спектрлiк аппараттың, яғни монохроматордың негiзгi сипаттамалары -
бұрыштық немесе сызықтық дисперсия болып табылады. Бұрыштық
дисперсия құралдың дисперсиялаушы элементiне ғана тәуелді болады.
Сызықтық
дисперсия
кейде
спектрдi
фокустаудың
геометриялық
шарттарымен анықталады.
Бұрыштық дисперсия бiр – бiрiне жақын орналасқан екi монохромат
сәуле шоғырларының ауытқу бұрыштарының айырымдары осы екi
толқынның айырымы қатынасымен анықталады, яғни, бұрыштық дисперсия:
=
0
. (29.1)
Егер
бұрыштық қашықтық -
- ге құралда көру түтікшесі 7-
обьективiнiң фокал жазықтығында 7 кескiнiнiң сызықтық қашықтығы
S
сәйкес келсе, онда сызықтық дисперсия:
S
l
=
. (29.2)
Бұрыштық дисперсия шамасын бiле отырып,
сызықтық дисперсия
мәнiн алу қиын емес. Шынында егер толқындар
ұзындығының айырмасы
болатын екi спектр сызықтарының 7
жазықтығындағы бұрыштық айырмасы
болса, онда
,
S
аз болған жағдайда
S=f
’
,
f
’
–
көру трубасының
обьективiнiң фокус аралығы. Осыдан:
=
f
l
немесе
l=f
.
(29.3)
Спектр аппараттарының дисперсиясының мәнi спектрдің әр түрлi
учаскелерiнде әр түрлi болады. Сондықтан бiр – бiрiнен бiрдей спектрдiң әр
жерiндегi спектрдiң спектр сызықтарының бұрыштық және сызықтық
арақашықтықтары әр түрлi болады.
Бұл жұмыста спектр аппараты – монохроматор
УМ
-2
көзбен
қабылдауға болатын спектрдiң толық диапазонында сызықтық дисперсия
анықталынады және дисперсияның толқын ұзындығына тәуелдiлiгiнiң өзгеру
заңының графигi тұрғызылады.
Достарыңызбен бөлісу: