Дисбактериоз қалыптасуына әсер тетін факторлар - антибактериялық емдік препараттарды, әсіресе антибиотиктерді ретсіз қолдану.
- су, топырақ, ауа құрамындағы улы заттар.
- тағамдық ереженің бұзылуы
- иммунды тапшылық туғызатын ішкі ағзалар аурулары (қатерлі ісіктер, эндокриндік бұзылыстар, ауыр операциялар т.б)
- радиациялық сәуленің әсеріне шалдығу т.б
Дисбактериоз кезінде байқалатын клиникалық өзгерістер Инфекциялар дамуы, диарея (іш өту), іш жүрмей қалу, гастрит, колит, ойық жара ауруы, қатерлі ісіктер, аллергия, несеп-жыныс жолдарының аурулары, кариес, артрит, бауырдың зақымдануы, гипо- және гиперхолестеринемия, гипо- және гипертензия және т.б. Дисбактериоз түрлері (классификациясы): - этиологиясы яғни себепкер микробы бойынша (стафилококкты, кандидалы, ассоцияланған т.б)
- компенсациялану дәрежесіне қарай (компенсацияланған, субкомпенсацияланған, декомпенсацияланған).
- клиникалық көрінісі бойынша (латентті, жергілікті, кең жайылған –бактеремиямен асқынатын)
- шартты-патогенді микробтар (ШПМ-УПМ) санына қарай дисбактериоздың 4 дәрежесін анықтайды.
Дисбактериоз диагнозын қою әдістері: - зерттелетін заттардағы микробиоценоз өкілдерінің түрлік құрамын және санын бактериологиялық әдіспен анықтау. Ол үшін зерттеу затын сериялық сұйылтып тиісті аэробтарға сеуіп, таза дақылын бөліп алып, түрлерін, патогенділігін және 1 мл/г заттағы санын анықтап ақырғы диагноз қойылады. Бұл- негізгі әдіс.
- қосымша әдіс ретінде зертелетін заттар құрамындағы микробтық метаболиттерді –дисбиоз маркерлерін (майлы қышқылдар және олардың гироокисі, майлы қышқылды альдегидтер, фременттер т.б) анықтау.
Емдеу үшін қолданылады:
Эубиотиктер
|
Пробиотиктер
|
Пребиотиктер
|
Қалыпты микрофлора құрамына кіретін антогонист микробтардың биологиялық белсенді штамдарынан дайындалатын препараттар (коли бактерин, бифидумбактерин, лактобактерин, бификол т.б
|
Ішек микробтарының балансын жақсарту арқылы микроорганизмге қолйлы жағдай туғызу үшін кез –келген пайдалы тірі микроорганизмдерден дайындалған тағамдық қоспалар (биологиялық активті қоспалар –БАҚ-БАД). Мысалы ашытқы саңырауқұлақтар, эшерихиялар, бациллалар т.б.
|
Қалыпты микрофлораның өсіп өнуін және белсенділігін арттыру арқылы иесінің организміне қолайлы әсер ететін, қорытылмайтын (сіңірілмейтін) тағамдық препарат. Мысалы: инулин,олигофруктоза т.б
|
Достарыңызбен бөлісу: |