«ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЗАҢЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМА ЖОБАСЫ
1. Заң жобасының атауы – «Педагог мәртебесі» туралы Қазақстан
Республикасының Заңы
2. Заңның жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі
Заң жобасының тұжырымдамасы 2018 жылғы 5 қазандағы Елбасының
Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен
тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы шеңберінде әзірленді, онда келесі
жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп
санаймын»
.
Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер
қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз
тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс».
Педагогтардың жағдайының жыл сайынғы жақсаруына қарамастан,
білікті кадрлардың жұмыстан кетуіне және оларды жұмыста ұстап қалуға әлі
де ықпал ете алмай отырғандықтан, аталған себептерге байланысты
педагогтардың жағдайын түбегейлі түзету үшін жеке Заң жобасы қажет.
Республика тәуелсіздігінің отыз жылдығы қарсаңында да педагог
мамандығы үздік мектеп түлектерінің арасында әлі де аса қажеттілікке ие
болмай отыр. Осылайша 2018 жылы 140 мүмкін баллдан педагогикалық
мамандықтарға грантқа оқуға түсу үшін орташа балл - 78-84 баллды құрады
(мамандықтар арасында аса төмен балл). Бұдан басқа, білім алушылардың
көбі (70-80%) педагогикалық мамандыққа аса төмен 50 баллмен ақылы
негізде оқуға түседі.
Жоғары білімді жас маманның жалақысы: мектепке дейінгі білім
ұйымдарында - 54 мың теңге, орта білім ұйымдарында – 60 мың теңгені
құрайды.
Орын алып отырған жағдай жыл сайын мамандық таңдаған кезде
педагог мамандығын дұрыс таңдамауға, кадрлардың ЖОО оқыған кезде
(шамамен 35%), және оны аяқтаған кезде сол саладан кетуіне әкеп соғады.
Кадрлардың ағымы нәтижесінде мемлекеттік білім беру тапсырысын
айтарлықтай ұлғайтуға қарамастан, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту,
ағылшын тілі мен арнайы мамандықтар (арнайы педагогтар, музыка және
т.б.) тапшылығы орын алған.
Педагогикалық мамандықтың феминизациялану дәрежесі жоғары.
Мысалы, Қазақстанның орта білім беру саласында әйелдердің үлесі орта
халықаралық мәннен 10% жоғары, (69% қарсы 80,3%).
Кәсіпке қанағаттану және оларды ұстап қалу сақталған оларға тән емес
функциялардың айтарлықтай көлеміне, тосын тексерулер, педагог
автономиясының жеткіліксіз болуы, педагогтың құқықтық қорғалуының
арнайы тәртібінің болмауы, ай сайынғы тиісті төлемақы деңгейіне қол
жеткізу үшін жоғары педагогикалық жүктеме алуға мәжбүр және шектен тыс
2
психоэмоционалдық жүктеме, көптеген кепілдіктер мен жеңілдіктердің
декларативтік сипаты теріс әсер етеді.
Ұсынылып отырған Заң жобасы педагог мәртбесін жоғарлатуға
бағытталған, оған құқық пен кепілдіктерді, академиялық бостандықтарты,
педагогикалық және ғылыми шығармашылықты іске асыру, сондай-ақ
мемлекеттік, қоғамды қолдауды жүзеге асыру және білім беру ұйымының
меншік нысанына, типтері мен түрлеріне қарамастан оларды тану кіреді.
Аталған міндеттерді шешу педагогты құқықтық қорғаудың жеке
санатына бөлуді болжайтын жүйелі тәсілді талап етеді.
Қазірг таңда педагог мәртебесі:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен
ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың
қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен;
«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың
лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы
13 шілдедегі № 338 бұйрығымен;
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және
жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық
және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру
бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға
теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да
азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен;
«Білім
және
ғылым
саласындағы
азаматтық
қызметшілер
лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 бұйрығымен;
«Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім
беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу қағидаларын бекіту
туралы» Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 40
бұйрығымен;
«Педагог» кәсіби стандартын бекіту туралы» «Атамекен» Қазақстан
Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының
төрағасының 2017 жылғы 8 маусымдағы № 133 бұйрығымен
және басқа
құқықтық актілермен реттеледі.
Қолда бар нормативтік құқықтық базаның болуына қарамастан педагог
мәртебесі заңнама дегейінде жеткіліксіз реттелген, қоғамның сұранысына
және заманауи талаптарға жауап бере алмағандықтан, білім беру ұйымының
меншік нысанына қарамастан педагогтың кәсіби және әлеуметтік мәртебесін
толық және нақты айқындауды талап етіледі.
3
Педагогикалық қызметтің мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
қазіргі уақытта олардың мазмұндық жинақталуын нақтыламай айқындалады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелеріне сүйейене отырып,
«Білім туралы» Заңдағы нормалар құқықтық жағдай жасауға бейімделген,
білім беру саласында мемлекеттік саясат қағидаттарын барынша нақты
сақтауды, мақсаттарға қол жеткізу мен міндетррді толық көлемде шешуді
жүзеге асыратын міндетті көзделген кепілдіктерді болжайтын салалық
түсіндіру қағидаларын толық ұстамайды.
Әр мақсатқа сәйкес міндеттер де көзделген. Ұсынылып отырған
құрылымдалған мақсаттар мен міндеттер олардың түсінігі мен
педагогикалық қызмет саласында, атап айтқанда, тұтастай педагогтың
қарым-қатынас субъектілерінің қолдануын айқындайды.
Құқықтық қорғау педагог мүддесін бұзған жағдайда әкімшілік
жауапкершіліктің болуымен айқындалады. Атап айтқанда:
- педагогтың оның кәсіби қызметіне жатпайтын функцияларды орындауы;
- педагогтың кәсіби міндетіне жатпайтын түрлі есеп берулер мен
мәліметтерді ұсынуды заңсыз талап ету;
- педагогтың кәсіби қызметіне негізсіз араласу және/немесе оның кәсіби
қызметін іске асыруға кедергі жасау;
- педагогтың ары мен қадыр-қасиетін кемсітпеу;
- педагогтардың еңбекақысынан заңсыз ақша жинау, оның ішінде оқу
процесін қамтамасыз ету үшін товарлы-материалдық құндылықтарды сатып
алу үшін педагогты мәжбүрлеу.
Қолданыстағы заңнамада педагогтардың құқықтарын, бостандықтарын
және мүдделерін қорғау көзделген, ол жалпы сипаттау тиімділігі жеткіліксіз
болып табылады. Қазіргі формализм мен декларативтілікті жою үшін
жобада «Білім туралы» Заңның тиісті ережелерін жеке баптар ретінде жазу
ұсынылды:
– кәсіби қызметтегі педагогтардың құқығы;
– кәсіби қызметтегі педагогтардың міндеттері;
– білім беру процесінің барлық қатысушыларының заңды
жауапкешілігі.
Заң жобасы:
- педагог қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен қолайлы еңбекпен
қамтамасыз ету құқығына кепілдік беруді;
- жергілікті артқарушы органдармен педагогтардың балаларына
тұрғылықты мекен-жайы бойынша кезектен тыс балабақшадан орын
беруді;
- Қазақстан Республикасы білім және ғылым саласындағы зор еңбегі
үшін құрметті атақ, марапаттарға педагогтың құқығын;
- оқытушылық қызметте үздіксіз 30 жыл өтілі бар (еңбек сіңірген
жылдар), лайықты зейнетақыман қамтамасыз ету үшін бекітілген зейнет
жасына жетпей зейнетке шығу құқығын беруді;
4
- жергілікті атқарушы органдармен белгіленген (мерекелік күндерге,
біржолғы сыйақы, жергілікті марапат белгілері және құрмет атақтары)
педагогтардың еңбектерін қосмыша материалдық көтермелеу шараларын;
- ғылыми дәрежесі бар педагогтарға сараланған қосымша үстемеақы
төлеуді;
- педагог қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз етудің қолайлы
тетіктерін іске асыру нормаларын (қызметтік тұрғын үймен, жатақханамен,
тұрғын үй лизингі);
- тұрғын үй және коммуналдық қызмет төлемі бойынша әлеуметтік
қолдау шараларын, жергілікті атқарушы органдармен бектіліген көлемде
жер телімдерін беруді қамтиды.
Қос педагогикалық мамандықтары бар бейінді мамандарды қайта
даярлауды енгізу (мамандыққа «жанама тарту») педагогтардың сапалық
құрамын жақсарту және мамандарға қажеттілік мәселелерін шешуге ықпал
етеді.
Қолданыстағы заңнамада педагогтің міндеттерін, тыйымдарын,
шектеулерін және жауакершілігін талдау жалпы сілтемелі болып табылады
және ведомстволық актілер ережелерінде негізделеді. Нормативтік
материалдарды осылай орналастыру құқықтық қатынастарды бейберекет,
жүйесіз реттеуге жағдай туығызады.
Аморфтылықты алып тастау және тиісті ұйғарымдарды одан әрі
жинақтау үшін бірыңғай актіде, жобада мыналар:
– педагогтің кәсіби қызметтегі міндеттері туралы;
– педагогикалық қызмет саласындағы шектеулер мен тыйымдар туралы;
– педагогтің заңды жауапкершілігі туралы нормаларды дербес
регламенттеу ұсынылады.
Бұл ретте тыйымдарды мүлтіксіз сақтау жалпы қоғамдық қатынастарда,
оның ішінде білім беру саласындағы қатынастарда тұрақтылықты сақтауға
бағдарланған.
3. Заң жобасын қабылдаудың мақсаты
Заң жобасы білім беру ұйымдарының барлық деңгейінде, оның ішінде
қосымша және арнайы білім беру ұйымдарының саласында туындайтын
құқықтық қатынастарды реттеуді, сондай-ақ ұлттық және халықаралық
тәжірибені ескере отырып, білім заңнамаларындағы құқықтық ағаттықтарды
жою арқылы педагог қызметінің өзекті әлеуметтік және кәсіби мәселелерін
тиімді шешуді қамтамасыз ететін құқықтық тетікті жетілдіру мақсатында
әзірленеді.
4. Заң жобасын реттеудің мәні
Заң жобасын реттеудің мәні педагогтың кәсіби қызметіне байланысты
құқықтық қатынастар болып табылады және педагогтардың құқықтық
5
жағдайларын сапалы жақсартуды қамтамасыз етуге жағдай жасайтын
олардың әлеуметтік қорғалу кепілдігін іске асыруға бағытталған.
5. Заң жобасының құрылымы және мазмұны
Заң жобасының құрылымы мен баптарының мазмұны білім саласындағы
ұлттық заңнамаларға, ЮНЕСКО педагогінің ережесі туралы ұсынымдарды
және педагог еңбегінің жағдайын жақсартуды заңнамалық ресімдеу бойынша
халықаралық тәжірибені ескере отырып, Мұғалім мәртебесі туралы ТМД
Моделдік заңына (ТМД қатысушы мемлекеттерінің Парламентаралық
Ассамблеясының 2004 жылғы 4 желтоқсандағы № 24-13 қаулысы)
негізделген:
Кіріспе
I тарау. Жалпы ереже
1-бап. Осы заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Мұғалім мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының
Заңнамасы
II тарау. Педагог мәртебесі және оның педагогтік қызметі
3-бап. Педагог мәртебесінің мазмұны
4-бап. Педагог мәртебесіне ие адамдар
5-бап. Педагогтың этикасы
6-бап. Педагогтің абыройы мен қадір-қасиетін қорғау
7-бап. Педагогтің кәсіби қызметін қамтамасыз ету жағдайлары
8-бап. Педагогтерді кәсіби міндеттерімен байланысты емес жұмыс
түрлеріне тартуға тыйым салу
9-бап. Педагогикалық қызметпен айналысуға рұқсат беруге арналған
сертификат
10-бап. Педагогтің кәсіби қызметпен айналысуға қол жеткізуін шектеу
III тарау. Педагог құқықтары
11-бап. Педагогтің кәсіби қызметтегі құқығы
12-бап. Материалдық қамтамасыз етілу құқығы
13-бап. Педагогтерді аттестаттау
14-бап. Әлеуметтік кепілдіктер
15-бап. Көтермелену құқығы
IV тарау. Педагогтің міндеттері мен жауапкершілігі
16-бап. Педагогтің міндеттері
17-бап. Педагогтің жауапкершілігі
V тарау. Педагогті даярау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру
18-бап. Педагогтерді даярлау
19-бап. Педагогтерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру
VI тарау. Қорытынды ережелер
20-бап.
Педагог
мәртебесі
туралы
Қазақстан
Республикасы
заңнамасының бұзылуына жауапкершілік
21-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілуі
6
6. Тиісті салада заңнамалық актілерге жүргізілген құқықтық
мониоринг нәтижелері.
Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген,
сыбайлас жемқорлықты тудыратын және тиімсіз іске асырылатын құқық
нормаларының мониторингі заң жобасын әзірлеу процесінде жүзеге
асырылатын болады.
7. Заң жобасы қабылданған жағдайда болуы мүмкін құқықтық және
әлеуметтік-экономикалық салдарлар.
Бүгінгі таңда педагогикалық қызметтің оң жиегі басқарудың
жетіспеушілігімен айқындалып отыр.
Заң жобасы қабылданған жағдайда болуы мүмкін құқықтық салдарға
педагог мәртебесін арттырудағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру үшін
құқықтық негіздемелерді қамтамасыз етуге бағытталған заңнаманы
жетілдірілуін жатқызу қажет.
Заң жобасы қабылданған жағдайда болуы мүмкін әлеуметтік-
экономикалық салдарға педагогтың әлеуметтік қорғалуын белсендендіру,
мұғалім кәсібінің беделін, педагог еңбегінің тиімділігін арттыруды, білім
беру сапасын көтеруді жатқызуға болады.
Заң жобасының қабылдануы құқықтық және әлеуметтік-экономикалық
тұрғыда ешқандай теріс әсерін бермейді, тек отандық білім беру жүйесін
жетілдірудің тиімді жолдарын ұсынады.
Заң
жобасы қабылданған жағдайда ұзақ қалыптасу мен даму жолынан
өткен педагог институты жаңа мәнге ие болады.
8. Ӛңдеудегі заң жобасына бір мезгілде (кейіннен) ӛзге де заңнама
актілерін сәйкес келтіру қажеттілігі
Педагог мәртебесі туралы Заңның қабылдануы төмендегі нормативтік
құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қажет етеді, ол
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек
Кодексі және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы
27 шілдедегі № 319-III Заңы, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы»
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Кодексі,
«Педагог мәртебесі, мұғалім мен оқушыға жүктемені төмендету бойынша
кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Заңын жасау.
7
9. Заң жобасын ӛзге де нормативтік-құқықтық актілермен реттеу
Аталған заң жобасы аясында қарастырылатын қоғамдық қатынастар
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, Қазақстан Республикасының
Бюджеттік кодексімен, Қазақстан Республикасының «Білім туралы»,
«Мемлекеттік мүлік туралы», «Жұмыспен қамту туралы», «Рұқсаттар мен
хабарламалар туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңдарымен, Қазақстан
Республикасы Президентінің «Білім беруді дамытудың 2016-2019 жж.
арналған Мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» қаулысымен және тағы
басқа құқықтық актілермен реттеледі.
10. Қарастырылып отырған мәселеге байланысты шетелдік
тәжірибенің болуы
Жақсы мұғалімдерді тарту және оларды ұстап қалу үшін саясатты
ұйымдастырушылар олардың білімін жақсартуы, лайықты жалақы және
мансаптық өсудің тартымды мүмкіндіктері түрінде жұмысқа ынталандыруды
қамтамасыз ету керек. (ЮНЕСКО).
ЭЫжДҰ елдерінің сарапшыларының ұсынымдарына сәйкес Қазақстанға
ЭЫжДҰ елдеріне тән, жұмыс жүктемесіне негізделген, мұғалімдер аптасына
белгіленген сағат ішінде жұмыс істейтін (мысалы, 40 сағат), оның ішінде
сабақ беретін, жұмыс жүктемесіне негізделген жүйеге өту қажет.
Мұғалімдер жұмысының мұндай тұжырымдамасы мұғалімдердің
сабақтарға тиісті деңгейде дайындалуына, басқа да бірқатар міндеттерді
орындаулары үшін уақыт қажет екенін түсінеді.
Бұл
мұғалімдердің
кәсібилігін
жақсартуға,
кәсіпке
деген
қызығушылықты арттыруға және жоғары педагогикалық жүктемесі бар
мұғалімдер санын қысқартуға ықпал етуі мүмкін.
Білікті мамандарды тарту және олардың саладан кетуін қысқарту
мақсатында бірқатар шараларды қарастыру керек: еңбек нарығының
талаптарын және мектептің мүмкіндіктерін ескере отырып, біліктілік
талаптарын және кәсіби білімдерін қарастыру қажет; ЖОО-да/колледжде
білім алған кезде мектептегі кәсіби практиканың сағаттарын көбейту,
педагогтардың басқа мектептерде елдің ішінде, сондай-ақ, ЭЫжДҰ елдеріне
ұқсас шетелдерде тағылымдамадан өту мүмкіндіктерін қарастыру.
Әлемнің жетекші елдерінде кәсіби ортаны жақсарту бойынша жұмыстар
жүргізіледі (мансаптық өсу, біліктілікті үнемі арттыру)
8
Педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесі көлемі, кезеңділігі, қамту,
орталықтандыру деңгейі бойынша ерекшеленеді.
ЭЫжДҰ елдерінде біліктілікті арттыру курстарының ұзақтығы 8
сағаттан 160 сағатты құрайды.
Сингапур мен Нидерландыда мұғалімдер біліктілігін арттыруға жылына
100 және 166 сағат бөлулері керек (жұмыс уақытында мұғалімдерді
ауыстырумен). Финляндия мен Сингапурда мұғалімдерді қайта даярлау жыл
сайын жүргізіледі.
Оңтүстік Кореяда жұмыстан босатпай жылына 92% мұғалім
біліктіліктен өтеді (көп жағдайда қашықтықтан оқыту үлгісінде немесе
мектепішілік семинарлар мен курстар нысанында)
Егер Жапония мен Сингапурда мұғалімдерді қайта даярлау мемлекеттің
бақылауында, ал Финляндияда педагог кадрлардың кәсіби дамуына жұмыс
берушілер жауапты болса, Швецияда мемлекеттің қатысуынсыз, нарықтық
қатынастар негізінде жүргізіледі.
Қазақстанда бес жылда бір рет мерзімдік - біліктілік арттыру жүйесі
жүргізіледі, халықаралық тәжірибемен салыстырғанда мерзімі ең төмен
болып есептеледі.
Педагогтың еңбек ақысын сақтай отырып, жұмыстан қол үзіп, оны
ауыстыратын мұғалімге жалақы төлеп отырып, жұмыс уақытында, оның
ішінде IT-технологияны (оның ішінде қашықтықтан оқыту) қолдана отырып,
жұмыс беруші есебінен 3 жылдан кем емес мерзімде педагогтардың
біліктілігін арттыру мерзімін өзгерту қажет. Осындай қашықтықтан оқыту
курстары ЭЫжДҰ елдерінің 36-сының 21-інде бар. Кейбір елдерде
жұмыстан қол үзбей тікелей мектептің базасында біліктілікті арттыру іске
асырылады.
Кәсіби
даму
тұжырымдамасы
курстарға,
семинарлар
мен
конференцияларға қатысудан кең болуы тиіс. Тиімді кәсіби даму құрамына
оқыту, тәжірибе мен пікірлерді қамту, жеткілікті уақыт пен кейінгі қолдау
кіретін үнемі болуы қажет. Табысты бағдарламалар өз оқушыларымен
пайдаланатын оқу іс-шараларын қарастырады. Бұл тұрғыда мектептер
өткізетін кәсіби даму жөніндегі іс-шаралар өте маңызды.
Мұғалімдер
мен
мектеп
басшыларының
стандарттары
сапа
өлшемдерінен немесе оқытудың кәсіби тәжірибесінің индикаторларын
қамтуы және мектеп басшылығымен педагогикалық білім беру
бағдарламасын жасау кезінде, жұмыстың жекелеген нәтижелігін бағалау,
лауазым құрылымдарын анықтауда және кәсіби даму бағдарламаларын жасау
кезінде қолданылуы тиіс (ЭЫжДҰ, 2005).
9
ЭЫжДҰ 23 елінде және оның серіктестерінде білім берудің әрбір
деңгейінде біліктілікті арттырудан өту міндетті болып табылады.ЭЫжДҰ 34
елінің 17-інде біліктілікті арттыру қызметте өсу үшін және 36 елдің 8-інде
жалақының көтерілуі үшін қажет. ЭЫжДҰ-ның 14 елінде біліктілікті
арттыруға жұмсалатын шығындарды толығымен мемлекет өтейді, ал 8 елде
ол жартылай өтелінеді. Біліктілікті арттыру курсы жоғары оқу орындарында
(36 елде), педагогикалық жоғары оқу орындарында немесе колледждерде (30
елді), мектептерде (31 елде) және жекеменшік компанияларында (30 елде)
өткізу ұсынылады. Сондай-ақ, педагогикалық кадрлар (22 елде), мұғалімдер
бірлестіктері (20 елде), жергілікті атқарушы органдар (18 елде) педагог
кадрлардың біліктілігін арттыру үшін курстарды өткізудің негізгі
ұйымдастырушылары мемлекеттік мекемелер болып табылады. Мұндай
қызметтерді инспекциялар 6 елде ұсынады.
Посткеңестік елдерінде педагог қызметкерлердің ерекше әлеуметтік
мәртебесі заңнамада бекітілген арнайы (тек соларға арналған) заңнамаларда
бекітілген әлеуметтік бағдарлы шаралармен көрсетіледі. Педагог кадрлардың
тұрғын үймен қамтылуға, қызметтік тұрғын жай алуға, жер телімдерінің
берілуіне, жеке тұрғын үй құрылысына пайызсыз несие алуға, жеңілдікпен
несие алуларына, еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлікке шығуға,
ұзақ уақытты еңбек демалысын алуға, тегін медициналық қызмет алуға,
ауылды жерлерде жеңілдікпен коммуналдық қызметтерін төлеуге, контракті
негізінде ұзақтығы үш айға созылатын мерзімде оқулықтар, әдістемелік
жұмыстар әзірлеу үшін жалақысы сақталатын демалыстар алуға, мемлекеттік
тапсырыс бойынша монографиялар шығаруға, оқу-әдістемелік және ғылыми
әдебиеттермен жеңілдікпен қамтылуға, санаторлық-курортық ем алуға,
жеңілдікпен пансионаттарда және туристік базаларда демалуға құқықтары
бар.
11. Заң жобасын іске асырумен байланысты болжанатын шығындар
Аталған заң жобасын қабылдау республикалық бюджетен қаражат талап
етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |