1 требования к структуре умк дисциплины



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет23/63
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2077
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   63

 
 
73 
болады,  олар:    қоғамдық  даму  факторлары  (шаруашылық  процестердi  мемлекеттiк  реттеу 
деңгейi,  ӛндiрiстiк  күштердi  дамыту  деңгейi,  халықаралық  еңбек  бӛлiнiсiне  қатысу, 
әлеуметтiк-экономикалық  және  саяси  тұрақтылық,  табиғи  ресурстардың  монополизация 
деңгейi  және  т.б.);  климаттық  жағдайлар  және  шикiзаттық  ресурстардың  қорлары; 
демографиялық  факторлар;  мемлекеттiң  инвестициялық  саясаты  (салық  және  несие  саясаты, 
дотациялар мен субсидиялар, қаржылық реттеу). 
        Мемлекет  әрдайым  экономикалық  ӛсудiң  нақты  проблемаларын  айқындап,  оның 
шешiлуiне араласып отыру керек. 
        Мемлекеттiң  басты  мiндетi  балансталған  экономикалық  ӛсудi  қамтамасыз  ету  болып 
табылады. Бұл күрделi проблеманы шешу менеджменттiң жаңа әдiстерiн табуды талап етедi. 
Бұл  жерде  Қазақстанда  қолданатын  стратегиялық  жоспарлау  принципалды  бағыт  болып 
табылады.  Стратегиялық  жоспарлау    «Қазақстан-2030»  стратегиясынан  бастау  алады. 
Стратегиялық жоспарлау үшiн ең алдымен республиканың экономикалық ӛсу стратегиясының 
принциптерiн  анықтау  керек.  Оған  жататындар:  макроэкономикалық  тұрақтылық,  ӛндiрiс 
диверсификациясы,  мемлекеттiң      экономикаға  тiкелей  араласуын  шектеу,  ашық  экономика 
және  еркiн  сауда,  бағаның  кейiнгi  либерализациясы,  жеке  меншiк  институттардың  нығаюы, 
шетелдiк  инвестицияны  тиiмдi  қорғауды  қамтамасыз  ету,  энергетикалық  және  басқа  да 
энергетикалық ресурстарды ӛңдеу, индустралды технологиялық стратегияны қалыптастыру. 
        Аталған  принциптердiң  әрқайсысы  әрбiр  бағыттың  мазмұнын  ашатын  басымдылықтар  
тобын қамтиды. Олардың iшiнде ерекшелерi: 
-  ақша-несие саясатын күшейту; қаржы нарықтарын дамыту; 
-  ақша-несие және салық-бюджеттiк саясаттарды реттеу (координациялау); 
-  тӛлем балансын нығайту; 
-  экономикалық демонополизациясын және жекешелендiрудi аяқтау; 
-   экспорттық, транспорттық құрылымды және коммуникацияны жедел дамыту мемлекеттiк 
саясатты қалыптастыру; 
-  Қазақстанның жоғарғы инвестициялық рейтингiн қалыптастыру.  
 
Бұл негiзгi бағыттардан басқа, бұл топқа жататындар; 
-  Қазақстандық ӛнiмдi ӛткiзу нарығын кеңейту; 
-  шағын кәсiпкерлiк және ғылыми-техникалық саясат диверсификациясы; 
-  мұнай - газ ӛңдеушi, мұнай химиялық және химиялық салалардың жедел дамуы. 
        Республикалық менеджменттiң тиiмдiлiгiн және iскерлiк белсендiлiктi анықтайтын басты 
элементтердiң  бiрi  нарықтық  қатынастарға    тiкелей  басқарудың  ұйымдық  формаларының 
қалыптасуы болып табылады.  
        Реттелмелi  нарықтық  экономикаға  ӛту  бағдарламасын  тиiмдi  етiп  орындау‚  ӛндiрiстiң 
ұйымдық құрылымын радикалды қайта құруды қарастырады. 
        Қазақстан  экономикасының  дамуы  бүгiнгi  күнде  ӛндiрiстiк  салаларға  инвестициялардың 
салынуына  байланысты.  Қазiргi  кезде  шетелдiк  займдар  мен  несиелер  тартылуда,  бiрлескен 
кәсiпорындар  құрылып  жатыр,  акциялардың  iрi  пакеттерi  сенiмдi  басқаруға  шетелдiк 
компанияларға берiлуде. 
        Болып  жатқан  ӛзгерiстер  басқарудың  ұйымдық  формаларының  және  сәйкес  басқару 
жүйесiнiң қалыптасуын талап етедi. Атап айтқанда‚ акционерлiк қоғамдар, шағын  және орта 
кәсiпорындар. 
        Қор  нарығы  инвестор  және  қызмет  етушi  шаруашылық  субъектiлерi  арасындағы 
байланысты ұйымдастырушы ретiнде қызмет етедi. Ол капиталдың бӛлiстiрiлуi, шоғырлануы  
және мобилизациясы үшiн құрылды. Қор нарығы еркiн ақша қаражаттары және  акционерлiк 
қоғамдар үшiн  жинақтарды шоғырландырады. 


 
 
74 
         Қазiргi  кезде  қор  нарығының  негiзгi  компонентiнiң,  яғни  мемлекеттiк  емес  құнды 
қағаздардың тапшылығы айқын байқалуда. Тапшылық нәтижесiнде нарықтық инфрақұрылым 
потенциалын ұтымды (рационалды) қолдану проблемасы туындады. 
        Мемлекеттiк құнды қағаздардың тапшылығының негiзгi себептерi келесiлер: 
-  мемлекеттiк  пакеттiң  бiр  бӛлiгi  шетел  инвесторларына  ӛткен  акционерлiк  қоғамдардың 
құнды қағаздары нарығына қатысты мемлекеттiң пассивтiлiгi; 
-  корпоративтi  қаржылар  облысындағы  акционерлiк  қоғам  басшыларының  жеткiлiксiз 
квалификациялық  денгейi; 
-  тӛлем  қабiлеттi  заемшылардың  шектеулi  саны  және  банктерде  несие  ресурстарының 
жеткiлiксiздiгi  кезiнде  тиiмдi  жұмыс  iстейтiн  акционерлiк  қоғамдар  үшiн    банктiк  несиеледi 
алу қарыздық құнды қағаздар эмиссиясына қарағанда неғұрлым ыңғайлы және тез болады; 
-  акционерлiк  қоғамдарды  құнды  қағаздар  нарығына  шығуы  жағдайында  акционерлiк 
қоғамдар басшыларының және негiзгi акционерлердiң бақылауды жоғалтудан  қорқуы; 
-  инвестициялы-жекешелендiру  қорларының  инвестициялық  қорларға  трансформациялану 
процессiнiң созылып кетуi; 
-  жекешелендiру  процестерiн  қатаң  мемлекеттiк  регламентациясы  стратегиялық  басқару 
тұрғысынан акционерлiк капитал құрылымының компонентiне акционерлiк сапалық құрамына 
әсер етуi; 
-  мемлекеттiк  кәсiпорыннан  акционерлiк  капиталға  айналған  объектiлер  бойынша    аяғына 
дейiн экономикалық негiзделген ұйымдық құрылым дайындалмауы; 
-  банктердiң  акционерлiк  капиталға  қатысуының  шектеулiгi  керi  нәтижелерiн  кӛрсетуде, 
соның iшiнде ұзақ мерзiмдi  несиелерге қол жетпеушiлiк, акцияны ӛткiзу нарығының аздығы 
және сәйкесiнше қаржы ресурстарын жұмылдырудың қиындығы; 
-  кӛптеген акционерлiк қоғамның құнды қағаздар эмиссиясын уақытылы орындамауы; 
-  элементтердiң  әрекетсiздiгiнен  немесе  ниетсiз  әрекеттерiнен  портфельдi  және  шағын 
инвесторлардың  мүдделерi  мен  құқықтарын  қорғайтын  нақты  механизмнiң  жоқтығы  құнды 
қағаздар нарығының басты проблемасы болып табылады; 
-  барлық  қызығушы  (мүдделi)  тұлғалар  үшiн  қор  нарығы  туралы  ақпараттың  қол 
жетерлiксiздiгi. 
        Қаржы-несие 
сферасын 
жетiлдiру, 
ӛнеркәсiпте, 
банктiк 
iсте 
және 
халық 
шаруашылығының  басқа  да  салаларында  акционерлiк  қоғамның  маңызын  арттыру  құнды 
қағаз нарығының базасын және оның экономикадағы ролiнiң ӛзгеруiне әкеп соғады. 
        Қазақстанның  аграрлық  секторының  менеджментi  ауыл  шаруашылығының  басты 
ерекшiлiктерiне  байланысты  бiрнеше  арнаулы  қасиеттерге  ие.  Қазiргi  кезде  ауыл 
шаруашылығы  жедел  және  тиiмдi  мемлекеттiк  қолдануды  қажет  етедi.  Мемлекеттiң  аграрлы 
саясаты  жер  реформасын  жүргiзуге,  сондай-ақ  жерге  бiрте-бiрте  жеке  меншiктi  енгiзу, 
реттелмелi    мемлекеттiк  жер  нарығының  құрылуына,  жердi  мақсатсыз  пайдалануға  жол 
бермеуге негiзделуi тиiс. Сонымен қатар жердiң иелерi ӛздерiнiң жер және мүлiктiк пайларын 
еркiн иленiп,пайдаға асыруы керек. 
        Басқару  -   меншiк функциясы болып табылады. Нарықтық  инфрақұрылым, қаржы-несие 
жүйесi,  баға  қалыптастыру  саясаты,  маркетинг  жүйесi  және  шаруашылық  етудiң 
экономикалық механизмiнiң басқа да элементтерi «меншiк жүйесiнiң» негiзi болуы тиiс. 
        Эквиваленттi салааралық алмасу және тауарлы ауыл шаруашылық ӛндiрiстi ынталандыру 
тек агроӛнеркәсiптiк кешеннiң шаруашылық субъектiлерi бойынша меншiктi дұрыс бӛлiстiру 
кезiнде ғана мүмкiн болады. Осы орайда жекешелендiрудi  және меншiк реформалауды ауыл 
шаруашылық ӛндiрiсiн ынталандырудың негiзгi факторы және дайын ӛнiм мен табысты әдiл 
бӛлiстiру құралы ретiнде қарастыру керек. 
        Агроӛнеркәсiп  кешенiн  басқарудың  экономикалық  механизмi  оның  барлық  салаларын 
қамтуы  керек:  ауыл  шаруашылығы,  ӛңдеу,  ӛндiрiстiк-техникалық  қызмет  ету,  ӛткiзу, 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   63




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау