1 требования к структуре умк дисциплины



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет19/63
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2077
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   63

 
 
65 
 
Ғылыми  басқарудың  пайда  болуын,  әдетте  ХХғ.  Басындағы  Ф.Тейлордың,  Г. 
Эмерсонның,  Г.  Фордтың,  А.Файольдің  жұмыстарының  жарыққа  шығуымен 
байланыстырылады,  яғни  басқарудың  классикалық  мектебтің  пайда  болуымен 
байланысты.  Осы  мектебтің  негізін  қалаушылардың  жігерлері  жеке  тұлғаны 
бақылаулардан  негізделген  және  ӛндірісті  оңтайландыруға  бағытталған  басқарудың 
әмбебап қағидаларын құруға бағытталды. Классикалық мектептің ӛкілдері негізгі кӛнілін, 
тӛрт  басты  элементтерге  аударды:  еңбек  бӛлініске,  басқарудың  сатылығы  мен  кӛп 
буындығының  ӛзгерісіне,  кәсіпорындар  мен  ұйымдарды  басқару  құрылымдарын 
жетілдіруге  және  басқарудың  мүмкін  болатын  шектеулерін  анықтауға.  Осы  кезде  ӛндіріс 
үрдісіндегі  әлеуметтік  қатынастардың  назар  аудармай,  адам  факторына  тиісті  кӛнілін 
аудармады. 
 
30-шы  жылдарда  құрылған  басқарудың  неоклассикалық  мектебі  керісінше  адам 
факторына  және  Ф.Тейлор  мен  басқа  классикалық  мектептің  ӛкілдерімен  онша  есепке 
алынбаған факторларына да кӛңілін аударды. 
Гарвартық  универмситеттің  аса  ірі  неоклассикалық  мектептің  профессоры  Э.Мэйо  «адам 
қатынастары»  теориясын  құрастыра  отырып,  ӛндіріс  үрдісіндегі  әлуметтік  пен 
психологиялық жағдайға қарағанда , жұмысшы үшін жұмыстың ӛзі аз мағананы білдіреді 
деген  тұжырмға  келген.  Э.Мэйо  ғылыми  басқарудың  қағидаларын  қарастырғанда,  адам 
қызметі  артықшылықты  түрде  қалыптасқан  топтық  мінез-  құлық  нормаларын 
уәждмеленіп,  тейлорлық  ғылыми  басқарудың  қағидаларына  сәйкес  іске  асырылатын 
ұйымның қатаң иерархиясы, адам табиғаты мен оның еркнідігіне сәйкес келмейді. 
 
Басқарудың  неокласскалық  мектебінің  тұжырымдама  жақтаушылары  ең  алдымен 
басқару үрдісіндегі жеке тұлға аралық қатынастарды зерттеп, адам қатынастары, жүйесінің 
маңызды  элементтері  ретінде,  ӛзара  байланыспен  ақпарат  жүйесін  және  сұқпат 
тәубалардың  жүйесін  бӛлді,  сонымен  қатар  бейресми  топтар  мен  оларды  басқарудың 
қалыптастыру проблемаларына үлкен кӛңілін бӛлді. 
 
Менеджменттің  қазіргі  тұжырымдамалары  басқаруында  мінезқұлық  мектебі  мен 
сандық  әдістемесі  анағұрлым  толық  сипаттайды.  Мінез  құлық  мектебі  басты  түрде 
менеджменттің  бихвиоральдік  аспектілерін  зерттейді:  билік  пен  жетекшілік  табиғатын, 
басқару стилін, мінез құлық уәждемесін және т.с.с осы мектебтің мақсаты болып, кадрлық 
потенциалдыдұрыстау  пайдалану  есебінен  кәсіпорынның  жұмыс  тиімділігін  арттыруы 
табылады.  Сандық  әдістеме  мирко  мен  макродеңгейде  ббасқарушылық  үрдісінің 
нысандандыруын, 
олардың 
математикалық 
құралдармен 
бейнеленуін 
және 
оңтайландыруын жорамалдайды.                                                 
 
2  Басқару  ғылымының  дамуына  маңызды  ҥлес  қосқан  негізгі  тәсілдер.Ғылыми 
мектебітің қҧрылуы мен дамуы. 
 
М.Х.Мэскон,  М.Альберт,  Ф.Хедоури  ―Менеджмент  негiздерi:  басқарудағы  ой-пiкiрдiң 
дамуы‖ кiтабында мектептiң 4 түрiн белгiледi: 
-ғылыми  басқару  мектебi;  -  әкiмшiлiк  мектебi;  -  психология  және  адамдар  қарым-
қатынасының мектебi; - басқару ғылымының мектебi (немесе сандық мектеп). 
Мектептiң тӛртке бӛлiнуiне байланысты басқару  мәселелеріде  
тӛртке бӛлiнедi, немесе мұнда басқару 4 түрлi кӛзқарасты қарастырады. 
Ғылыми басқару. 
Ғылыми    менеджменттiң  пайда  болуы  Ф.  У.  Тейлордың  (1856-1915)  есiмiмен 
байланысты.  Оның  басты  еңбектерi  ―Фабриканы  басқару‖,  ―Ғылыми  менеджмент 
принциптерi‖, т.б. Оның зиратының басына ―Ғылыми менеджмент атасы‖ деп жазылғаны, 
оның басқаруды ғылыми тұрғыға кӛтергендігінің куәсі іспеттес.. 


 
 
66 
Тейлордың  ғылыми  менеджментi  ұдайы  бақылау,  эксперименттеу  және  логикалық 
топшылау  арқылы  анықталған  нормативтiң  кӛмегiмен  бизнестi  жандандыратын 
менеджмент  түрi  болып  саналады.‖Мидвейлде‖,  кейiннен  ―Бетхелем  Стилде‖  жұмыс 
iстеген  кезде  Ф.  Тейлор  ғылыми  менеджменттi  4  салада  дамытты:  нормалау;  уақыт  пен 
мiндеттi зерттеу;  ұдайы сұраныс және баулу;  ақшалай ынталандыру. 
Тейлор концепциясының негiзi болып келесі қағидалар табылады: 
1.Практикада  қалыптасқан  ескi,  дәстүрлi  жұмыс  тәсiлдерiнiң  орнына  ғылыми  тұрғыдан 
зерттеулер  жүргізу.  Оның  ойынша  басқаруда  да,  кӛпiр  салу    сияқты  сенiмдi  асқан  дәлдiк 
керек. 
Жұмысшыларды ғылыми критерий бойынша таңдау, оларды  
тиісті дәрежеде жаттықтыру және баулу. 
Еңбектi   ұйымдастырудың   ғылыми   ойластырылған    жүйесiн 
практикаға енгiзу iсiнде әкiмшiлiк пен жұмысшылар арасындағы ынтымақтастық. 
Еңбектi бiркелкi  бӛлiсу   және   әкiмшiлiк   пен   жұмысшылар  
арасындағы ынтамақтастық, жауапкершiлiк. 
Тейлор  жұмысындағы  басты  жүйе  -  жекелеген  жұмысшылардың  еңбегiн  ұтымды  ету, 
ӛндiрiс  процестерiн  жәнеде  осыған  сәйкес  басқару  процесстерiн  ұйымдастыруды  қайта 
құру болды. Тейлор iлiмiнiң дәл осы жағы ӛнеркәсiп орындарында жаппай қолданылды. 
20-шы  жылдары  Тейлор  iлiмiнiң  кӛрнектi  зерттеушiлерi  мен  белсендi  насихатшылары 
Генри  Гантт,  Френк  Б.  Гилбрет,  Лиллиан  Гилбрет,  Хорес  Хетуэй,  Сенфорт,  Харисон,Г. 
Эммерсон, Г.Форд болды. 
«Ғылыми  басқару»  қозғалысы  АҚШ-тан  тыс  жерлерге  қанат  жайып,  Германияда, 
Францияда,  Ұлыбританияда,  Швецияда  және  басқа  да  европалық  елдерде  кеңiнен  мәлiм 
болды,  мұның  ӛзi  оларда  «басқару»,  «ғылыми  басқару»,  «рационализация»,  «еңбектi 
ғылыми ұйымдастыру» т.б. аттармен жарияланды.  
 Егер әуелгі кезде басқару теориясының авторлары тек ӛндiрiс табыстарына, бизнеске қана 
кӛңiл бӛлген  болса, кейiннен адамдар қызметiнiң барлық  саласында бiрдей қолданылатын 
басқаруды ұйымдастырудың «ғылыми принциптерi» концепциясы қалыптасты. 
 Басқарудың классикалық немесе әкiмшiлiк мектебi. 
Әкiмшiлiк  басқару  мектебiн  француз  зерттеушiсi  Анри  Файольдiң  (1841-1925)  есiмiмен 
тiкелей  байланыстырамыз.  Файоль  ӛзiнiң  негiзгi  «Жалпы  және  ӛнеркәсiптiк  әкiмшiлiк» 
атты еңбегiнде капиталистiң әкiмшiлiк қызметке жалпы кӛзқарасын, мiндеттi принциптерiн 
тұжырымдайды.  Басқару  деп  есептейдi  ол,  кәсiпорынды  мақсатқа  сай  жолға  қою,  сӛйтiп 
қолда  бар  ресурстарды  пайдалана  отырып  барлық  мүмкiндiктi  пайдалану.  Файольдiң 
пiкiрiнше, әкiмшiлiк ету жан-жақты қызмет ауқымын қамтитын басқарудың бiр бӛлiгi және 
де 
техникалық 
(технологиялық), 
коммерциялық, 
қорғаныстық, 
бухгалтерлiк, 
жұмыскерлерге ықпал ету салаларын қамтиды. 
Әкiмшiлiк функцияны талдай отырып, Файоль оның 5 элементiн бӛлiп кӛрсеттi: жоспарлау; 
ұйымдастыру; басшылық ету; үйлестiру; бақылау. А.Файоль әкiмшiлiк басқарудың бiрқатар 
принциптерiн  ойластырды,  мұның  ӛзi  оның  пiкiрiнше  кез  келген  ұйымға  қолдануға 
жарайды.  Менеджменттiң  осындай  әмбебап  принциптерi  менеджерлердiң  ӛз  қызмет 
мiндеттерiн қалай орындауы тиiс екендiгiн кӛрсетедi. 
Ендi  менеджерлерге  арналған  14  принципiнде  Файоль    басқарушылардың  қызмет 
мiндеттерiн қалай орындау керектiгi туралы айтады. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   63




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау