1 требования к структуре умк дисциплины



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет25/63
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2077
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63

 
 
77 
пайданың  мӛлшерiн  анықтау  маңызды  қаржылық  мақсат  болып  саналады.  Сол  қаржының 
есебiнен келешек капиталды салым қызмет етiлуi мүмкiн.  
Жеке және заемдық капитал арасындағы дұрыс ара қатынасты анықтау мақсаты маңызды. 
Заемдық капиталдың үлес салмағының тым кӛп болуы дербестiкке (тәуелсiздiкке) және тiптi 
кәсiпорын  қызметiне  қауiп  тӛндiредi,  ал  шектен  тыс  кӛп  жеке  капиталдың  болуы 
рентабельсiздiкке  алып  келедi.  Ӛйткенi  жеке  капитал  жарғылық  капитал  ретiнде 
қарастырылуы  керек,  капиталдың  2  түрiнiң  арасындағы  дұрыс  ара  -  қатынас  ӛте  маңызды 
және жұмылдырылған қаржы есебiнен келешекте қаржыландыруды жүзеге асыру үшiн үлкен 
роль атқарады. 
Сонымен бiрге келесiге назар аударған жӛн: қаржы ресурстарының берiлген мерзiмiне сай 
пайдаланылуы.  Ұзақ  мерзiмде  қолданылатын  мүлiк  (ғимарат  жабдық,  салынатын  қаржы 
ресурстары)  сәйкесiнше‚  ұзақ  мерзiмде  ұсынылатын  капитал  (жеке        капитал,  ұзақ  мерзiмдi 
мiндеттемелер) есебiнен қаржыландыру тиiс. 
Құндық  кӛрсеткiштерде  сипатталатын  экономикалық  мақсаттардан  басқа  соларға  алғы 
шарт болатын және оларды  толықтырып отыратын мақсаттарда бар. 
Осылайша,  мысалы,  кәсiпорынның  ӛткiзу  нарығындағы  бәсекелестерге  қатысты 
позициясы  ӛте  маңызды.  Кәсiпорынның  сататын  бұйымдарының  үлесi  нарықта  ұсынылатын 
басқа  да  ӛнiмдерге  қатынасы  неғұрлым  кӛп  болса,  соғұрлым  оның  нарықтық  күшi  жоғары, 
бәсекелестерге баға қалыптастыру және ӛткiзу саясатының басқа да құралдармен әсер етуi де 
басым болады. Кәсiпорынның нарықтық үлесi оның айналымының және нарық кӛлемiне, яғни 
нарықта  белсендi  қызмет  ететiн  кәсiпорындардың  барлық  айналымына  қатынасы  негiзiнде 
анықталады. 
Нарықтағы  престиж  ӛнiм  сапасы,  ӛнiмдi  жеткiзудiң  сенiмдiлiгi  және  менеджмент  сапасы 
сияқты  критерийлермен  анықталады.  Осылардың  барлығы  кәсiпорынның  имиджiн  ұстап 
тұрады. Кәсiпорынның оң (позитивтi) имиджi клиент үшiн, бiрлесiп қызмет ететiн партнерлер 
немесе жұмыс күшi үшiн күресте аса маңызды фактор болып табылады. Тәуелсiздiк, қоғамдық 
статус,  саяси  ықпал  мүмкiндiгi  кәсiпорынның  ақшалай  табыс  алумен  байланысты  емес 
мақсаттар болып саналады. 
Әлеуметтiк  мақсаттар.Әлеуметтiк  мақсаттар  кәсiпорын  ӛмiрiнiң  iшкi  жағына 
бағытталады:  еңбек  мӛлшерiне  сәйкес  еңбек  ақы  белгiлеу;  қолайлы  еңбек  жағдайын  немесе 
тиiмдi микроклимат құру; карьера және кәсіби ӛсу мүмкiндiгi; 
-  кәсiпорындағы  жалданбалы  жұмысшылар  мүддесiн  қорғайтын  ұйымдар  (кәсiпорын  кеңесi, 
кәсiподақтар).  Кәсiпорынды  басқаруға  қызметкерлердiң  қатысу  құқығымен  байланысты 
мақсатқа жетудi қамтамасыз етедi Кәсiпорын ӛмiрiнiң сыртқы жағына бағытталған мақсаттар 
кәсiпорынның  әлеуметтiк  жауапкершiлiгiнiң  болуымен  анықталады.  Олар  түрлi  формада 
болады, мысалы, спорт клубтарын және мәдени шараларды қолдау. 
Экологиялық  мақсаттар.Экологиялық  проблематика  жеке  кәсiпорын  алдында  нақты 
мiндеттер қояды. Бiр жағынан, мемлекеттiң талаптары кәсiпкерлердi қандай да бiр шараларды 
қабылдауға  немесе  табиғатты  қорғауды  мақсат  етуден  жалтаруға  мәжбүр  етедi.  Бiрақ 
мемлекеттiң  талаптарын  орындау  кәсiпорынның  мақсаты  емес.  Кәсiпорынның  экологиялық 
мақсаттары  туралы  кәсiпорын  ӛзiнiң  экологиялық  жауапкершiлiгiн  сезiнiп,  ӛз 
инициативасымен  табиғатты  қорғауды  бастаған  кезде  ғана  айта  бастайды.Жалпы 
экономикалық  процестiң  шегiнде  атқаратын  қызмет  түрлерi  және  нақты  мақсаттарына 
байланысты  кәсiпорындар  әр  түрлi  болады.  Кәсiпорынның  барлық  түрлерi  сатып  алу,  ӛткiзу 
және  капиталдар  нарықтары  арқылы  ӛзiнiң    экономикалық  ортасымен  байланысты. 
Кәсiпорынның 
түрлерi 
арасындағы 
айырмашылық 
олардың 
ӛндiрiстiк 
функцияларында.Ӛндiрiс  түсiнiгiне  сәйкес  бiз  үлкен  2  топты  қарастырамыз:  материалдық 
игiлiктердi  ӛндiретiн  кәсiпорындар,  қызмет  кӛрсететiн  кәсiпорындар.  1-шi  топтағы 


 
 
78 
кәсiпорындар  ӛз  бұйымдарын  шикiзаттың  табиғи  ресурстарды  алу  жолымен  ӛндiредi,  ӛңдеу 
арқылы  шикiзатты  тұтынушылық  тауарға  айналдырады  немесе  түрлi  материалдардан  жаңа 
бұйымдар дайындайды. Қызмет кӛрсететiн кәсiпорындар кӛп жағдайда саудада, транспортта, 
қаржы секторында, сақтандыру компаниялары түрiнде, консалтингтiк фирмалар мен туристiк 
бюролар ретiнде қызмет етедi. 
Жалпы  кәсiпкерлiк  мақсат-қоғамды  материалдық  игiлiктермен  қамтамасыз  ету.  Қоғам 
неғұрлым экономикалық дамыған болған болса, соғұрлым қоғамды материалдық игiлiктермен 
қамтамасыз  ету  процесiнде  еңбектiң  бӛлiстiрiлу  дәрежесi  жоғары  болады.  Мұндай  еңбектiң 
бӛлiстiрiлуiн  материалдық  ӛндiрiс  процесi  ретiнде  қарастыру  керек.  Соңғы  жылдары  қызмет 
кӛрсетушi  сектор  ауыл  шаруашылығы  және  материалдық  игiлiктердi  ӛндiру  секторларымен 
салыстырғанда рольi артуда. 
 Әлемнің дамыған елдерінде менеджментке қазіргі кӛзқарас 
 
Ӛндіріс  пен  капиталдың  шоғырлануының  күшейуі‚  монополистік  топтар  арасындағы 
бәсеке күресінің күрт шиеленісуі‚ ғылыми-техникалық прогрестің жоғары қарқыны басқаруды 
жетілдіру жұмысында ұйымдық проблемаларды бірінші орынға қойды. Техникалық тұрғыдан 
күрделі ӛнімдерді шығаратын американдық және жапондық ірі компанияларды салыстырмалы 
талдағанда‚ тек негізгі ӛндірісті автоматтандыру инвестициялаудан гӛрі‚ мамандықты арттыру 
мен  ұйымдық-басқару  құрылымдарын  жетілдіруді  инвестициялау  анағұрлым  тиімді 
болатындығын кӛрсетті. 
Сол  себепті  АҚШ-та  ӛндірістік  қызметтің  ұйымдық  формаларын  мемлекеттік-монополистік 
капитализмнің  жаңа  жағдайына    бейімдеу‚  ӛндірісті  одан  ары  қарқынды  ӛркендету  және 
неғұрлым кӛп пайда табу үшін ұйымдық ірі резервтерді пайдалану міндеттері қойылып отыр. 
Дракер ‖федералдық принцип‖ деген ұғымды енгізді‚ мұндай орталықтандыру 
ӛнеркәсіптегі ірі ұйымды жӛнге салудың жаңа принципі болып саналады‚ әрі орталықта‚ 
ұйымның бір бӛлігі де ‖жоғары басшының функциясын орындай алады. 
 
Дракердің ойынша ‖федералдық принципті‖ бірте-бірте қолдану мынаған негізделген;  
-  жоғарғы басшы кәсіпорынның ең басты мақсатын айқындайды‚ адам ресурстарын 
ұйымдастырады‚ болашақ әкімдерді таңдайды‚ дайрлайды және сынайды; 
-  қызмет тиімділігін ӛлшеудің эталондарын белгілейді; 
-  әрбір бӛлімшенің белгілі бір автономиясы болады‚ оның меңгерушісі автономдық істің 
басшысы‚ ол ӛндіріс пен техникалық прогреске‚ ӛткізу мен сатып алуға‚ есеп беру мен 
қызметкерлерге жауапты. Ол ӛінің бӛлімшесін біртұтас жүйе ретінде қарастырады. 
 
Кӛптеген американдық компаниялар басқаруды ұйымдастырудың федералдық принципіне 
кӛшті.  Осы  мақсатқа  ірі  компаниялардың  аясында‚  пайда  мен  зиянға  толық  жауап  беретін 
жартылай  автономды  немесе  автономды  бӛлімшелер  құрды  немесе  құрып  жатыр.  Осы 
бӛлімшелерге  ӛндірістік  ӛткізу  қызметтерін  ұйымдастыру  жӛніндегі  барлық  жауапкершілік 
жүктеледі. 
 
Корпорациялық  басқарудың  біршама  шағын  органдарына  ірі  инвестицияға  байланысты 
дамытудың  стратегиялық  мәселелерін  шешу  шоғырландырылады.  Әр  бӛлімше  ӛз  қызметін 
толық  қаржыландырады‚  комерсиялық  негізде  кез  келген  ұйыммен  серіктестік  қатынас 
орнатады.  Алайда‚  ұйымдық  құрылым  мәселелерінің  күрделі  іс  екендігі  соншалық‚  ұйымды 
құрудың әмбебап сызбасын жасау тіптен мүмкін емес. Сондықтанда‚ эмпирикалық мектептің 
кейбір  ӛкілдерінің  пікірінше‚  ӛндірістің  сипатына‚  сол  ӛндірістегі  қызметтің  ерекшелігіне‚ 
тиісті әкімшілік қызметшілердің аз кӛптігіне қарай кез келген ұйымдық шешімдерді ӛзіндегі 
жағдайға қарай бейімдеу қажет. 
 
Американдық  кӛптеген  мамандардың  пікірінше‚  ең  қиын  және  кӛмескі  проблемалардың 
бірі  компанияларға  ұзақ  мерзімді  саясат  белгілеу‚  яғни  ғылыми  зерттеулер  мен  ізденістерді 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау