4.3. ҚР несие нарығының даму ерекшеліктері
Несие – бір заңды тұлғаның екінші бір заңды тұлғаға немесе жеке адамның заңды тұлғаға әдетте келісілген мөлшерде пайыз немесе өсім алу үшін белгілі бір уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге байланысты пайда болатын экономикалық қарым-қатына жүйесі болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында несие коммерциялық және банктік болып екіге бөлінеді. Коммерциялық несие – 1 субъектің 2-ші субъектіге сатқан тауарының құнынан алынатын төлемінің кейінгі қалдырылуына байланысты туындайды. Банк несиесі – субъектіге ақша қаражаты түрінде өндірісін ұлғайтуға, ағымдағы қызметтеріне байланысты қарыздарын төлеу үшін беріледі.
Банктік несие сферасы коммерциялық несие тек тауар айналысында қызмет етеді, ал банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет етеді. Банктік несие әмбебап болып келеді, өйткені банк арқылы қайта бөлінген қарыз капиталы экономикалық барлық салаларында қолданыс табады. Кредитордың максаты – пайыз түрінде табыс алу. Қарыз алушыға қайтарымдылық, мерзімділік және пайыз төлеу жағдайларында қарыз капиталын ұсынушы банктік мекеме кредитор ретінде көрінеді. Кредитор ретінде банктердің несиелеу үшін белгілі бір шарттармен тартылатын ресурстарға мұқтаж болады. Банк арқылы меншікті және тартылған ақша қаражаттары банк несиесі келісім шартына сәйкес клиент шоттарында орналасады және қайта бөлінеді. Сонымен қатар тартылған ресурстармен бөлу несие ретінде болса, онда банк қарыз алушы ролінде болады. Сол сияқты дипозиттер мен клиент шоттарындағы қаражаттар болса, онда банк ақшаны сақтаушы және оларды қайтаратын кепіл ролінде болады. Қарыз алушыдан төленетін несие үшін төлем, банк үшін пайданың қалыптасу көзі болып табылады. Сондықтан банк пайыз ставкаларын максимумдеуге бағытталады. Пайыз ставкаларын шектеуші болып несиеге орташа нарықтық пайыз ставкалары табылады.
Шаруашылық субъектісі банк мекемесінен несие сұрамастан бұрын несие алудың қажеттілігін, оны уақытында қайтарудың мүмкіншілігін, әрбір коммерциялық банктердің несие беру, өтеу, өсім проценті ставкалармен және басқадай талаптармен танысып адын ала шешім алуы қажет. Банктер әдетте несие сұраушы субъектінің өтем қаблеттілігімен өтемпаздығын мұқият тексереді. Несиенің объективті қажеттілігі – бұл, субъектінің өндірістік және сауда айналымы капиталының жетіспеушілігінен туындайды. Банктік несиенің принциптері несиелеу жүйесінің негізгі элементін құрайды. Олар өндірістік қатынастар түрі ретінде несие мазмұнын көрсетеді. Сондықтан қағидалар объективті болады. Қағидалардың объективтілігі банк түріндегі қоғамның несиенің мәнін біліп, несиелеудің тиімділігі жөніндеойлап, несие саясатына зиянын келтірмей кез-келген қағиданы жоя алмайды. Несиелеудің қағидалары қарызға берілетін қаражаттардың заңды қозғалысын қамтамасыз етуге шақырады. Кредитор мен қарыз алушының арасындығы қарым-қатынасты несиелеудің қағидаларын ескермеу қарызға берілген құнның қайтарылатын негізін кетіреді. Несие мекемесінің белсенділігі несиелік қатынастар мазмұнын терең танып білу негізінде ол несиенің мәнін ашатын жаңа қағиданы тұжырымдайды. Банктік несиелеудің қағидалары тұрақты болады. Олар тек несиенің әлеуметтік-экономикалық мәнінің өзгеруі мен бірге өзгереді. Несиелеудің қағидалары несие мазмұны мен байланысы (осыдан олардың объективтілігі ) тағы да бір ерекшелікті туындатады. Несие мазмұнын жалпы және сонымен оның ерекше белгілері де ашады. Егер несиенің жалпы белгілері оның басқа экономикалық категорияларымен байланысын көрсетсе, онда ерекше белгілері несиені экономикалық қатынастар жиындығынан ерекшелейді. Осыдан қағидаларды екі топқа бөлуге болады, жалпы экономикалық және несие мәнін ашатын деп. Жалпы экономикалық қағидалаға мақсаттылық және саралау жатады.
Несие мәнін ашатын қағидаларға несиені қайтару мерзімі, несиелеудің материалдық қамтамасыз етілуі, несиені төлеу жатады.
Мақсаттылық қағидасы. Несиені беру мақсатын барлық несиелеу процесте анықтайды. Кәсіпорынды несиелеудің әлеуметтік-экономикалық себебі экономикалық заңдармен анықталады. Несие мақсаты несиелеу мақсатына қарағанда жалпығырақ категория болып табылады. Ол шаруашылық ұйымдарды несиелегендегі мақсаттарды анықтайды. Жеке категория ретінде несиелеудің мақсаты нақты түрде көрініс табады. Несиелеген кезде банк қарыз алуға өзінің нақты талабын білдіретін нақты борышқормен іс жүргізеді.
Несиелеудің мақсаты – борышқордың қайтарылатын қосымша ақша қаражаттарында қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады. Бырақ, егер несиелеудің мақсатытек кәсіпорынның, ұйымның, халықтың несиеге деген қажеттілігін қанағаттандыру болса, онда ол автоматты түрде борышқордың кез-келген қажеттілігін қанағаттандыратын міндеті актке айналып кетеді, ал ол несиеге қажеттілік туғызатын қаржылық қиындықтардан, сонымен қатар шығындардың көпшілігінен, ресурстарды тиімді қолданбаудан, жеке қаржылық базасының әлсіз болуынан болуы мүмкін.
Бұл несиемен жабылатын қажеттіліктегі байланыс екі талапқа сай болуы керек. Біріншіден, мұндай қажеттіліктер объективті мазмұнда болуы керек, яғни несиеге қажеттілік өндірістік қорлар айналымымен шеңбер айналымының дұрыс процесіне н пайда болуы керек.
Күнделікті несие тәжірибесінде мақсаты борышқордың түрлі шаруашылық опрерациялары жүзеге асыруымен байланысты. Олар: өнеркәсібте, саудада, көлікте тауарлары – материалдық құндылықтарды жинақтау, ауыл шаркашылығындағы өндірістің шығындары, машиналар мен жабдықтарды сатып алу, негізгі құралдарды қөбейту мен модернизациялау. Банк мекемелері несиені нақты шаруашылық мәмілелерін жүзеге асыруға, сонымен қатар ақша қаражаттарының жалпы жетіспеушілігін жабуға да береді. Олардың негізгі мақсаты тек борышқордың қажеттілігін қанағаттандыру ғана емес, с.қ. несиенің тиімді қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Саралау қағидасы. Бұл қағида банктердің қарыз алушының несиені өтеу қабілетіне байланысты кәсіпорындарды несиелеуге деген түрлі тәсілдері.
Несиенің мерзімділік қағидасы. Құнды жоспарлы қайтарылатын қозғалысы ретінде несиенің мазмұны қарызды қолдану мерзімін анықтау қажеттілігін шарттайды. Несиелеу мерзімінің экономикалық табиғаты екі түрлі. Біріншіден, ол несие қаражаттардың қайтарылатын қозғалысына негізделген қатынастарды көсететінімен байланысты. Бұл қайтарымның шарты болып тек қана ұсынылған қаражаттарды қайтарудың жалп талабы ғана емес, сонымен қатар қайтарымның нақты мерзімін анықтау болуы мүмкін. Карл маркс айтқан: “Несие тек құнның табысталуы біржақты және мерзімді болғанда ғана жүзеге асырылады”.
Екіншіден, несиелеу мерзімі несие есебінен қанағаттандырылатын қажеттіліктерден туындайды. Несие мерзімі бір жағынан уақытша пайдалануға берілген қаражаттарды босату мерзімінен шартталған. Кредитордың ресурстарының қысқа мерзімділігі борышқор пайдалынатын қарыздың мерзімін шектейді. Несие мерзімі қарызды алған уақыттан бастап, оның қайтарылуына дейінгі уақытта дейін есептеледі. Қарызды жабу шаруашылық айналымының қаражаттарының босатылуымен, капитал шеңбер айналымының аяқталуымен қамтамасыз етіледі. Несие мерзімі – бұл банктың тауарлы-материалдық құндылықтар мен шығындарды несиелеу қозғалысымен байланысты бекіткен қарызды қолдану мерзімі.
Несиелеудің материалдық қамтамасыз етілуі қағидалары. Бұл қағида материалдық процестің – кәсіпорынның өндірістік қорларының айналымы мен шеңбер айналымының несиелеудің тығыз тәуелділігін ашады. Бұл жағдайда несиелеу материалдық құндылықтар мен шығындардың қозғалысы мен қаржыланған процесс ретінде көрінеді.
Несиелеудің төлеу қағидасы. Бұл әрбір борышқордың банкке қарыз үшін белгілі бір төлемді төлеуі тиіс екендігін білдіреді.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Несиелік нарық деген нені білдіреді?
Несиелік нарықтың құралы не болып табылады?
Сіз қандай несие түрлерін білесіз?
несие беру схемасы қандай?
Синдицирленген несиенің рөлі және ерекшелігі қандай?
Қ.Р. несие нарығының инстиционалды құрылымы қандай?
Қазақстан нарығында қандай несие түрлері орын алады?
Қ.Р. несие нарығының ерекшелігі қандай?
Қазақстанда ипотекалық несиені беру шарты қандай?
Ұсынылатын әдибиет: №№ 5-7, 27-29
5- тақырып. Бағалы қағаздар нарығы, оның қызметі және құрылымы
Дәріс тапсырмасы:
Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және функциялары
ҚР бағалы қағаздар нарығының құрылымы.
Бағалы қағаздар нарығының құралы
Бағалы қағаздарды шығару және орналастыру ерекшеліктері
5.1. Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және функциялары
Бағалы қағаздар нарығы- бағалы қағаздарды сатушы мен сатып алушы арасында туындайтын экономикалық қатынастар жиынтығы. Аталған нарықтың жіктелінуі бағалы қағаздардың жіктелінуіне сәйкес келеді. Бағалы қағаздар нарығының жіктелуі мына ретпен жүргізіледі.
1) Халықаралық және ұлттық бағалы қағаздар нарығы
2) Ұлттық және аумақтық нарықтар
3) Бағалы қағаздардың нақты түріне қатысты нарықтар (акция, облигация, т.с.с.)
4) Мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздар нарығы
5) Негізгі және туынды бағалы қағаздар нарығы
Бағалы қағаздар нарығының басты қызметтеріне қайта бөлу және бағамен қаржы тәуекелдерін сақтандыру функциясын жатқызуға болады. Нарықта бағалы қағаздарды сатып өткізу тәсіліне байланысты.
бастапқы және қайталама
ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған
биржалық және биржадан тыс
дәстүрлі және компьютерленген
кассалық және мерзімді нарықтарға топтастыруға болады.
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары.
Сауда алаңдарын (биржалық, биржадан тыс)
Сауда агенттері (брокер, диллер, т.с.с.)
Қор нарығының инфрақұрылымының қатысушылары
Депозитарии
Тіркеушілер
Клиринг ұйымы
Кастодиандар
Бағалы қағаз портфелін басқарушылар.
ҚР бағалы қағаздар нарығының құрылымы
ҚР азаматтық кодекс бойынша бағалы қағаздар деп – мүлікті құқықты бекітілген нысанында және мідетті деректемелерді сақтай отырып куәландыратын құжат.
Бағалы қағаздардың экономикалық мәнін ашуда құжаттың бағалы қағаз мәртебесіне ие болуы үшін қосымша сапаларын анықтау қажет:
1-ден, бағалы қағаздар өз кезегінде меншік титулы насанында мүліктік құқықты (корпорация акциялары, вексельдер, коносаминттер және т.б.) немесе құжат иесімен оны шығарушы тұлға арасындағы қарыздық қатынасты куәландыратын ақша құжаты.
2-ден, бағалы қағаздар бағалы қағаз қорларының инвестициялары туралы куәландыратын құжат ретінде қызмететеді. Бұл жерде олар инвестицияны жоғары нысаны ретінде басты рөлді ойнайды.
3-ден, бағалы қағаздар – бұл нақты активтерге (акциларға, чектерге, коносаминттерге, тұрғын үй сертификаттарына және т.б.) талап етуі көрсетілетін құжат.
4-ден, бағалы қағаздардың экономикалық мәнін түсіну үшін маңызды сәті олардың табыс әкелуі болады. Алайды, мұндай капиталының нақты капиталынан айырмашылығы бар, ол өндірістік процесс қызмет етпейді немесе қатыспайды.
Бағалы қағаздар ерекше тауар ретінде, яғни өзіне тиесілі ұйымдары және онда жұмыс істеу ережелері бар нарығы боу керек.
Алайды, бағалы қағаздар нарығында сатылатын тауарлар ерекше тауар болып табылады. Себебі, бағалы қағаздар – бұл тек меншік титулы табыс алуға құқық беретін, бірақ нақты капитал алуға құқығы жоқ құжат.
БҚН-дағы басқа нарықтар сияқты күрделі ұйымдық және техникалық циклдардың толықтығымен аяқталғандықтан жоғары деңгеймен ұсынады. Онда бағалы қағаз баға кешенін қолдаун арқылы сатып алу, сату зат ретінде пайдаланылады. Бұл жай тауардан ерекшеленеді.
Бағалы қағаздардың айналымға түсуі уақыт пен әдісіне байланысты, олардың нарығы алғашқы рет екінші болып бөлінеді.
Алғашқы нарықта жаңадан шығарылған бағалы қағаздарды, олардың иемденушіге сатады.
Екінші нарықта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иеденушілердің ауысуй.
Бағалы қағаздардың атаулы, эмиссиялық және нарықтық бағасы болады.
Атаулы баға – дивиденттерді, пайыздарды есептеу базасы ретінде нақты есептік мәні бар және одан кейінгі есеп айырысуда қолданылады.
Эмиссиялық баға – бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру кезіндегі сатылу бағасы. Ол табыстық және несиелік пайыздық деңгеймен анықталады.
Нарықтық баға – бағалы қағаздарды екінші нарықта айналу бағасы. Оның көлеміне сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы әсер етеді.
5.3. Бағалы қағаздар нарығының құралы
Бағалы қағаздардың түрі түсінігінде бағалы қағаздарға тиісті жалпы және бірдей белгілердің жиынтығын, бағалы қағаздардың жіктелуін және бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуін айыра білу керек.
Бағалы қағаздардың жіктелуімен бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуін бөліп қарастыруға болады.
Бағалы қағаздардың жіктелуі – бұл бағалы қағаздардың өздеріне тиісті белгілері бойынша бөлінуі.
Бағалы қағаздардың түрлерінің жіктелуі – бұл бір түрдегі бағалы қағаздарды топтастыру және бағалы қағаздарды басқа да топтарға бөлу.
Бағалы қағаздар жоғарыда айтылғандай белгілі бір сипаттың жиынына ие.
Уақыт сипаттамасы бойынша; қызмет ету мерзімі айналысқа қай уақытта шығындарды, қай уақыт кезеңінде немесе мерзімсіз пайда болуы басы өзінің бірінші негізінен келе ме немесе басқа бағалы қағаздардан.
Кеңістік сипаттмасы бойынша; қызмет ету нысаны қағаздарды немесе заңды түрде айтқанда құжатты нысан немесе құжатсыз нысан Ұлттық белгісі отандық немесе мемлекеттік, яғни шетелдік аймақтық белгісі, елдердің қай аумағында шығарылған.
Нарықтық сипаттамасы бойынша;
Бағалы қағаздар негізінде жатқан актив түрі немесе оның шығу негізі (тауар, ақша, фирамының жиынтық активі және т.б.)
Иемдену тәртібі ұсынушыға атаулы ордерлер. Атаулы бағалы қағаздар, онда көрсетілген тұлғалардың құқығын бағалы қағаздары құқық. Оны ұсынушы адамдарғ жататын ордерлі бағалы қағаздар құқық, онда аталған адамдарға тиесілі.
Шығару эмиссионды, яғни ішінде барлық бағалы қағаздар өздерінің сипаттамалары бойынша бірдей болып келетін бөлек сериялары бойынша шығарылады немесе эмиссиялық емес.
Меншік нысаны және бағалы қағаздарды нарыққа шығару үшін эмитент түрі мемлекеттік корпорациялар, жеке тұлғалар.
Айналыс сипаты нарықта еркін немесе шектеулі айналады.
Тәуекел деңгейі жоғары, төмен және т.б.
Табыс көзі бағалы қағаздар бойынша табыстың қандай да болса бөлігін төлей ме, жоқ әлде төлемей ме.
Қаражат салымының нысаны ақша қарызға немесе меншік құқығын иемденуге қаржылана ма.
Бағалы қағаздар, сонымен қатар мерзімді және мерзімсіз болып бөлінеді.
Мерзімді – олрады шығару кезінде мерзімі белгіленетін бағалы қағаздар мерзімді бағалы қағаздар екі түрге бөлінеді: қысқа мерзімді – айналымда бір жылға дейін жүреді.
Мерзімсіз – айналым мерзімі шектелмеген бағалы қағаздар, яғни олар шекіз қызмет етеді және бағалы қағаздарды шығару кезінде өтеу мерзімі көрсетілмейді.
Бағалы қағаздарды пайда болуының классификациялық насына қағаз, яғни бағалы қағаз құжат түрінде қолданылады.
БҚН-ның дамуы бағалы қағаздардың көп түрінің ең алдымен эмиссиялық нысанын құжатсыз нысанға ауысуын талап етеді.
Инвестициялық (капиталдық) –капитал салушының объекті болып табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, фьючерлік келісімдер және т.б.).
Инвестициялық емес - тауар немесе басқа нарықта ақшалай есеп айырысуларға қызмет көрсететін бағалы қағаздар (вексельдер, чектер, коносаминттер).
Эмитентің құқықтық мәртебесін инвестициялық және несиелік тәуекел деңгейін инвесторлардың қызығушылығы және басқа факторларды ескергенде қордың бағалы қағазы үш топқа бөлінеді:
мемлекеттік бағалы қағаздар – мемлекеттің ішкі қарыздар нысаны эмитенті мемлекет болып табылатын қарыздық бағалы қағаздар.
муниципалдық бағалы қағаздар – бағалы қағаздарға жергілікті үкімет органдарының қарыздық міндеттер жатады.
мемлекетті емес бағалы қағаздар – корпорациялық және жеке қаржы институттарыман ұсынылады. Оларға жеке тұлға шығаратын вексельдер, чектер жатады.
Нарықтық айналым ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздарды гарықтық және нарықтық емес деп бөледі.
Нарықтық емес бағалы қағаздар – екінші нарықтағы биржалық және биржадан айналыс шегінде еркін сатып алынуы және сатылуы тиіс.
Нарықтық емес бағалы қағаздар – бір қолдан екінші айналыс болмайды.
Қазіргі әлемдік тәжірибеде қолданылатын бағалы қағаздар екі үлкен сыныпқа бөлінеді:
негізігі – бағалы қағаздар қандай да болса да бір актив негізінен мүлік құқығы жататын бағалы қағаздар (тауар, ақша, капитал, мүлік, әт түрлі ресурстар және т.б.) негізгі бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар жатады.
туынды – бұл әр түрлі базистік пен активтелген мүліктік жағдайғанегізделген ерекше әмбебап тауар. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстер, своптар, споттар, опциондар, фоварттар, варранттар, депозитарий, куәліктер және т.б.
ҚР-дағы бағалы қағаздар нарығы туралы заңда туынды бағалы қағаздар арқылы өзінің құнын айырады деп аталады.
5.4. Бағалы қағаздарды шығару және орналастыру ерекшеліктері
Акция – үлесті немесе меншік куәландыратын бағалы қағаз.
Ол иеденушісіне компанияның, капиталының, мүлкінің кіріс бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқығын береді.
Акцияны шығару мына жағдайда болады:
Меншікті акциландырғанда, яғни акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда.
Бар компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда.
Жарғылық капиталды қосымша молайтқанда.
Атап айтқанда, жарғылық капитал дегеніміз – шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны. Ол өз кезеңінде айналымдағы капиталда (жай және артықшылықты бар акциялар) және компания портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді.
Акция бірнеше түрге жіктеледі:
Бір жағанан, бір акционердан басқа біреуге беру тәсілі бойынша, атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе,
Екінші жағынан, корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша жай және артықшылықты акция деп бөлінеді.
Атаулы акция иесі міндетті түрде корпорацияның регистіріндетіркелуі тиіс акция.
Ұсынушыға арналған акция иесінің аты-жөні корпорация кітабында тіркелген акция.
Жай акцияларды иеленушілердің корпорациясының тапқан пайдасның мөлшеріне байланысты дивиденттер алу құқы жиналысында дауыс беру арқылыкорпорацияны басқаруға қатысу құқы және корпорация жабылып қалған жағдайданесие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқығы бар.
Жай акцияның меншіктенушінің өкілеттіліктері мыналар:
директорлар кеңесін сайлауға дауыс беруге және сол кеңеске өзі сайлануға құқыты.Директорлар кеңесі корпорация атынан бұқараралық ақпарат құралдарына хабарлама береді. Ол жыл сайын өтетін жиналысқа мына хабарларды: корпорация жылдық есебін, жылдық балансты және таза пайданы бөлуді дайындайды. Директорларының басты мақсаты менеджмент өз міндетін орындауын қадағалау.
дивидент алу құқығы. Дивидент мөлшері корпорацияның жылдық айналымына байланысты анықталады. Дивиденттің бірнеше түрі бар: 1. қолма-қол төленетін дивиденттер. Бұл табысты бөлудің кең тараған түрі және ол бір жай акцияға есптеп төленеді. 2. мүліктік дивиденттер – табысты бөлудің мүліктік формасы акцонерлердің қолындағы акция санына пропорционалды анықталады. 3. акция формасындағы дивиденттер – дивидент төлеудің түрі компанияның өзін -өзі қорғап қалуын қамтамасыз етеді.
жай акция бойынша меншік құқығын басқаға беру. Өзінің үлестік құқығын акционер акциясын я сатып, я сыйға беріп немесе өсиетке қалдырып жүзеге асырады.
корпорациядағы акционерлердің мүліктік мүддесін қорғауға дауыс беру құқығы. Мысалы, жаңа бағалы қағаздар шығару, корпорацияның активтерінің бір бөлігін сату мәселелері жатады.
корпорацияның қаржылық есебін тексеру құқығы. Мысалы, акционерлердің регистрін тексеру.
шектеулі міндет құқығы. Басқаша айтқанда, корпорация банкротқа ұшырағанда акция сатып алуға шағарылған акционерлердің ақшасын қайтаруға ешкім кепілдік бермейді.
корпорация жабылғанда, оның активтерінің алу құқығы, яғни жабылу дивидентін алу құқығы.
Артықшылықты акциялар (немесе преференционалды) меншік туралы ерекше сертификат.
Олар корпорацияның пайдасының деңгейіне қарамастан белгіленген мөлшерде неғұрлым нақты дивидент төленуін қамтамасыз етеді.
Преференционалды акция дауыс құқын бермейді және ол даусыз бағалы қағаз.
Артықшылықты акция иеденушіні қорғау үшін акцияның осы түрі бойынша дивиденттер әрқашан жай акциялар бойынша дивиденттер беруден бұрын төленеді.
Сондықтан, бұл акциядан көрі жай акцияны иемдену қауіпті.
Жай акция бойынша төленетін дивиденттер сияқты артықшылықты акция бойынша да дивиденттер таза пайдадан төленеді.
Артықшылықты акция әдетте, атаулы бағалы қағаз.
Артықшылықты акцияның өзі бірнеше түрге бөлінеді:
қатысушылар және қатыспаушылар
кумулятивті және кумулятивтік емес
конвертабельді және конвертабельді емес
Акциялардың былай бөлінуі себебі, акция иемденушінің артықшылықтарды пайдалануына байланысты. Олар: үстеме пайданы бөлуге қатысу, хабарланып, бірақ төленбеген дивидент алу мүмкіндіктеріне келешекте қатысу, акцияны басқа түрге айырбастау мүмкіндігі.
Қатысушылар артықшылығы өз иемденушісіне үстеме пайданы бөлуге қатысуға мүмкіндік береді. Олрадың арасындағы ара қатынасын компания өзі белгілейді.
Қатыспаушылар акциясы иесі ешуақытта белгіленбейтін деңгейден артық дивидент акциялар кумулятивтік болса, онда бұрын хабарланған, бірақ кейбір себептермен төленбеген дивиденттер міндетті түрде келсі жылы төленеді. Ол жай акиялар бойынша дивидент төлу хабарламастан бұрын жүзеге асырылады.
Кумулятивтік емес акциялар бойынша төленбеген дивиденттерді келесі жылдық дивиденттерін қосуға болмайды.
Конвертабельді артықшылықты акциялар өз иеденушіне кейбір жағдайда (егер олар корпорацияның жарғысында крсетілсе), өзі корпорацияның жай акцияның белгілі бір мөлшеріне айырбастауына мүмкіндік береді.
Артықшылықты акциялардың көбі конвертабельді болып табылады.
Ал, конвертабельді емес акциялар өз статусын өзгертуге мүмкіндігі жоқ.
Артықшылықты акциялардың өте сирек кездесетін түр тармағының бірі дивидент төлеі кейін қалған акциялар.
Олар корпорация құрылтайшыларына арнап шығарылады.
Егер компанияның жарғысында оның директорлары корпорация капиталын құруға жеке қатысу кере делінсе, онда директорлык квота акциялары деп аталатын артықшылықты акцияның арнаулы түрі шығарылады.
Нарықты экономикада дамығанелдерде артықшылықты акциялар әр бетте барлық акциялардың 10 % -нан аспйды.
ҚР-ның азаматтық кодексіне сәйкес облигация – бұл облигацияның немесе басқа да мүліктік баламаның, онда көрсетілген атаулы құнын, оны шығарушы тұлғада, оның ұстаушының иемденуге құқығын растайтын бағалы қағаз.
Облигация - оны ұстаушыға, оның атаулы құнынан тұрақты пайызды немесе мүлік, құқық алуға құқығын береді.
Облигация іргелі қасиеттерге иемденеді:
бұл эмитентмүмкіндіктеріне меншік титулы емес қарыз куәлігі
акцияға қарағанда облигацияда ақырғы төлеу мерзімі болады (өтелетін бағалы қағаз).
пайызды төлеу кезінде акция (дивидент төлеумен салыстырғанда) және басқа да міндеттерді қанағаттандыру (қоғамды жою кезінде) алдында жоғары.
эмитентті басқаруға құқық бермейді.
Облигацияларды шығару тәртібі:
эмитент қосымша қорларды тарту үшін жарғылық капитал көлемінен аспайтын облигация шығаруға құқығы бар, бірақ жарғылық капитал толығымен төленіп, осы уақыт аралығында жылдық баланстан кем емес қызмет істеуі кезінде ғана жүзеге асады.
Құқықты бекіту әдісі бойынша облигациялар атаулы болу керек.
Эмитенттің активі облигацияны шығаруды қамтамасыз ететін құрал болып табылады. Яғни оларға жылжымайтын мүлітер, эмитентке тиісті бағалы қағаз, ақша қаражаттары, басқа да қлзғалмайтын мүліктер жатады. Материалдық емес активтер қамтамасыз теу қызмет атқармайды.
Облигацияны шығару шарты эмитентін өзінің акцияларын айырбастау жолымен өтелуі мүкін.
Акцияның атаулы құнының көлемі шектелмейді.
Облигациялар бойынша пайыздар эмитенттің қаржының жағдайына қарамастан белгіленген уақытта төленуі тиіс.
Облигацияларға негізгі бөліктен басқа пайызды төлеуге купондық парақ беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |