6. Дәрістер кешені
1 Тақырып. Қаржылық менеджментінің мақсаты және міндеттері
Дәріс сұрақтары:
1. Қаржы менеджментінің рөлі мақсаты, міндеттері. Қаржы менеджментінің казіргі теориясының даму кезендері.
2. Экономикалык ғылымдар жүйесіндегі қаржы менеджментінің орны.
Қаржы менеджменті― дегеніміз кәсіпкерлік қызметті қаржыландыдыруды ұтымды немесе тиімді басқару жүйесі. Қаржы менеджменті компаниялардың қаржы ресурстарын басқару немесе компаниялардың қаржы ресурстарын қалыптастыру, пайдалану, тарату және айналымдағы ақша қаражаттарын ұйымдастыруды басқару үшін қолданылатын әдістермен басқару шешімдерін іске асыру принцип терінің жүйесі. Қаржы менеджментінің негізгі мақсаты салықты оптимизациялау болып табылады. Компаниялардың қаржысын басқару үшін екі қосалды жүйеден құрылады:
1. Басқару объектісі. 2. Басқару субъектісі
Басқару объектісіне жататындар: қаржылық есеп, талдау, жоспарлау, болжау, бақылау, реттеу, салық салу, несиелеу, сақтандыру, лизинг, жалдау, факторинг, хеджерлеу және есептесу әдістері.
Басқару объектінің элементтері: -Қаржы қатынастары, -Қаржы ресурстары, -Ақша айналылымы және қаржыландыру көзддері.
Барқару субъектісі әр шаруашылық жүргізін субъектісінің қаржы қызметі және оның бөлімшелері. Басқару субъектісі шаруашылық жүргізу субъектісінің көлеміне байланысты әр түрлі бөлімдердерден тұрады: -Қаржы бөлімі, -Жоспарлау бөлімі, -Маркетингтік бөлімдер, -Есеп бөлімі, -Бухгалтерия. -Салықтық есеп бөлімі.
Қаржы менеджменттің түпкі мақсаты ШЖС-нің нарықтық құнын барынша көбейтуді қамтамасыз ету. Қаржы ресурстарын қалыптастыру және тиімді пайдалану табысты көбейту тетігін қолдана отырып, ШЖС-нің бәсекелестік деңгейін көтеру. Қаржы менеджментінің орындау процесінде үш бағыт анықталған: -Табысты максимизациялау, -Шығындардарды минимизациялау, -Салықтарды оптимизациялау.
Қаржы менеджменті өзінің басты мақсатын орындау процесінде төмендегі міндеттерді атқаруы тиіс:
Алдағы кезеңде компанияның даму саясатына сай келетін қажетті қаржы ресурстарының көлемін қалыптастыруды қамтамасыз ету;
Компанияның ақша айналымын тиімді басқаруды қамтамасыз ету;
Компаниялардың айналым активтердің қажетті өтімділік деңгейін қамтамасыз ету;
Компаниялардың барлық даму кезеңдерінде қаржы тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету;
Банкрот болудан қашу және ірі қаржы сәтсіздігін болдырмау;
Бәсекелестік күрес жағдайында кәсіпорынның немесе компаниялардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
Компаниялардың нарықтық құнын барынша молайту;
Компаниялардың экономикалық потенциалын даму қарқының қамтамасыз ету;
Компаниялардың қызметіне байланысты қажетті рентабелділік деңгейін қамтамасыз ету.
Әр экономикалық категориялардың мәні оның функциялары арқылы анықталады. Қаржы категориялардың экономикалық мәнін зерттеу барысында екі көзқарас қалыптасқан: -Бақылау, -Бөлу. Екінші көзқарас бойынша:-Қалыптастыру, -Шығындалу (бөлу, тарату), -Бақылау.
Осы екі категориялардың функцияларын талдау нәтижесінде қаржы менеджментінің негізгі функциялары анықталған:
Қаржыны жоспарлау функциясы.
Қаржыны бақылау..
Өз-өзін бақылау сұрақтары:
Ұзақ мерзімді сипаттағы қаржылық шешімдер (стратегия).
Қысқа мерзімді сипаттағы қаржылық шешімдер (тактика).
Ұсынылатын әдебиет: 1, 4, 6.
2 Тақырып. Қаржылық менеджменттің тұжырымдамалары және базалық категориялары
Дәріс сұрақтары:
1. Категорияларды анықтау: активтер, міндеттемелер, капитал, табыстар, шығыстар, қаржы кұралдары және тәуекелдер, бағалау әдістері, капитал тұжырымдамасы.
Қаржы менеджментінде қолданылатын экономикалық категориялар бухгалтерлік есеп берудің халықралық стандарттарына сәйкес қаржылық есеп элементтері болып табылады. Қаржылық есеп элементтері екіге бөлінеді: -Баланстық есептің элементтері, -Қаржылық шаруашылық есептің нәтижесі туралы есептің элементтері.
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру заңына сәйкес бес қаржылық есеп нысаны қарастырылады: -Бухгалтерлік баланс, -Кірістер мен шығыстар туралы есеп, -Ақша қозғалысы туралы есеп, -Меншікті капиталдың өзгерістері туралы есеп, -Есеп саясаты немесе түсініктеме хат.
Баланстық есептің элементтері: Кірістер, Міндеттемелер, Капитал.
Қаржы шаруашылық нәтижесі туралы есептің элементтері: Табыстар, кірістер, Шығындар, Пайда, Зиян шегу немесе залал, Қаржылық есеп элементтерін бағалау.
Қаржылық есепте үш бағалау әдісі қолданылады:
Тарихи құн әдісі. Бұл әдіс бойынша активтер оларды сатып алу кезіндегі эквивалентте немесе ақша қаражатында көрсетіледі, оларды сатып алу кезіндегі ұсынылған әділеттілік құн негізінде бағаланады. Ал міндеттемелер ұзақ мерзімді міндеттемелерді қабылдау , айырбастау кезінде алынған түсім негізінде бағаланады. Кейбір кездерде міндеттемелер ақша қаражаты немесе эквиваленті негізінде болашақтағы міндеттемелерді есепті кезеңнің нәтижесі жөнінде бағаланады.
Қалпына келтіру құны. Бұл әдіс бойынша активтер егер де эквивалент актив есепті кезеңде алынатын болса, олар қаржылық есепте есепті кезеңдегі ақша қаражаты және эквиваленті негізінде бағаланады. Қайта қалпына келтіру бойынша активтерді бағалау кезінде қаржылық есеп пен салықтық есеп арасында нәтижелік көрсеткіш бойынша айырмашылық пайда болады. Қайта қалпына келтіру әдісі бойынша міндеттемелер есепті кезеңде қабылданған және орындалған міндеттемелер бойынша ақша қаражаттары немесе олардың эквиваленттері қарастырылады.
Дисконтталған құн әдісі. Бұл әдіс бойынша активтер болашақтағы таза ақша ағымдары негізінде дисконтталған құн бойынша бағаланады. Ал міндеттемелер нақты кезеңдегі міндеттемелерді жабу эквивалентінде қарастырылады.
Қаржылық нәтижелік көрсеткіштер:
EBIT―бұл көрсеткіш проценттер және корпоративтік табыс салығын алып тастағанға дейінгі пайда. EBIT = Жалпы табыс ―шығындар ―амортизация
EBT―корпоративтік табыс салығына дейінгі табыс.
EBT= Жалпы табыс ―шығындар ―амортизация―проценттер
Таза пайда нормасы ТПН = EBIT–КТС / түсім (өткізу)
ROA―активтердің рентабельділігі ROA = EBIT–КТС / жалпы активтердің орташа құны
ROE ―меншікті капиталдың рентабельділігі
ROE = жай акция бойынша пайда / меншікті капиталдың орташа құны
ROI ―инвестициялардың баланстық рентабельділігі
ROI=салықтан кейінгі операциялық пайда / активтердің таза баланстық құны (– Амор. аудар)
MVA― нарықтық қосылған құн
Нарықтық қосылған құн өнімнің құнынан материалдардың,энергияның құнын алып тастағандағы құны. EVA―экономикалық қосылған құн.
EVA =(Жалақы қоры– капитал шығындары) *инвестициялар
PV―дисконттау коэффициентінен күтілетін табысты көбейту арқылы анықталады.
PV=DF* C1 NPV―таза келтірілген құн NPV = PV ―қажетті инвестициялар
Өз-өзін бақылау сұрақтары:
1. Ақшаның уақытша құны, тәуекелдік активтердің кұны.
2. Қаржы менеджментінің теориясы мен практикасында колданылатын негізгі көрсеткіштері Ұсынылатын әдебиет: 1, 4, 6.
3 Тақырып. Тәуекел және табыстылық. Корпорациялық тәуекелдіктерді басқару
Дәріс сұрақтары:
1. Тәуекелдікті аныктау және өлшеу.
2. Ықтималдықтарды бөлу және күтілген табыстылық.
Қаржы менеджментінде пайда немесе табыс табу тәуекелділікке тәуелді болады. Тәуекелділік және табыстылық бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірімен шарттасылған немесе келісілген қаржылық категориялар болып табылады.
Тәуекелділік ― дегеніміз табиғат құбылысы және адамзаттың әр түрлі қызметінің өзіндік ерекшеліктерімен пайда болатын ысыраптың қауіп-қатерлі мүмкіндігі. Қаржы менеджері үшін тәуекелділік қолайсыз нәтиже немесе қорытынды ықтималдылығы. Әр түрлі инвестициялық жобалар бойынша тәуекелділік деңгейі әр түрлі болады. Ең жоғары табысты капитал салымы немесе инвестиция жоғары деңгейдегі тәуекелділікте болуы мүмкін Сондықтан да тәуекелділіктің деңгейі әр қашанда анықталып, бағалануы қажет. Тәуекелділік экономикалық категория ретінде тәуекелділік оқиғаны іске асыру мүмкіндігінде пайда болатын немесе анықталатын үш экономикалық нәтижені көрсетеді:
Теріс нәтиже (зиян, залал)
Нөлдік нәтиже
Оң нәтиже (ұтыс, пайда).
Әр түрлі қызмет жүргізу процесінде тәуекелділік деңгейін анықтау, бағалау немесе басқару қаржы менеджментінде өзінің мақсатына жету үшін қарастырылатын негізгі әдіс болып табылады.
Тәуекелділікті басқару ― дегеніміз тәуекелділігі жоғары оқиғаның пайда болуын болжамдау және тәуекелділіктің дәрежесін төмендетуге бағытталған әр түрлі шаралар жиынтығы. Тәуекелділікті басқаруды ұйымдастырудың тиімділігі тәуекелділіктің классификациясына байланысты. Тәуекелділіктің жіктелуі― дегеніміз қойылған мақсатқа жету үшін тәуекелділікті әр түрлі белгілеріне байланысты топтарға бөлу. Тәуекелділіктің ғылыми дәлелденген жіктелуі әрбір тәуекелдің нысанын жалпы тәуекелділік жүйесіндегі орнын нақты анықтауға мүмкіндік береді және тәуекелділікті басқарудың әдістері мен нысандарынан тиімді қолдану мүмкіндігінен анықталады. Тәуекелділіктің әр түріне басқарудың өз әдісі қолданылуы қажет.
Тәуекелділіктің жіктелу жүйесінде негізгі екі белгі қолданылады:
1. Нәтиже алу мүмкіндігіне байланысты тәуекелділік екі топқа бөлінеді: -Таза тәуекелділік,
-Алып сатарлық (спекулятивные риски) тәуеклділік.
Таза тәуекелділік ― дегеніміз теріс немесе нөлдік нәтиже алу мүмкіндігі. Таза тәуекелділіктің түрлері табиғи тәуекелділіктер, экологиялық, саяси, транспорттық және коммерциялық тәуекелділіктің мүліктік, өндірістік, саудалық түрлері.
Алып сатарлық тәуеғкелділік ― дегеніміз теріс немесе оң нәтиже алу ықтималдылығы. Алып сатарлық тәуекелділікке коммерциялық тәуекелділіктің негізгі бөлігі қаржылық тәуекелділік жатады.
2. Пайда болу себебіне байланысты тәуекелділік бірнеше категориябарңға бөлінеді: -Табиғи тәуекелділік,Экологиялық тәуекелділік,Саяси тәуекелділік, Транспорттық тәуекелділік, Коммерциялық тәуекелділік.
Табиғи тәуекелділікке табиғи апатқа байланысты ықтималдылықтар жатады. Мысалы, эпидемия, өрт, су тасқыны және тағы басқа.
Экологиялық тәуекелділікке қоршаған ортаны ластаумен байланысты тәуекелділіктер жатады.
Өз-өзін бақылау сұрақтары:
1. Автономдық (жалпы) тәуекелді нарықтык тәуекелмен салыстыру, автономдық тәуекелді талдау, оқшаулау қаралатын активтер.
2. Нарықтық тәуекелді талдау: портфельге қатысты активтер.
Ұсынылатын әдебиет: 3, 5, 8
4 Тақырып. Активтерді бағалау әдістері және модельдері
Дәріс сұрақтары:
Қаржы активтер портфелін басқарудың міндеттері мен мақсаты.
Инвестициялық портфелге салынатын қаржылық активтердің ерекшеліктерінің сипаты.
Қаржылық активтерді басқарудың басты мақсаты – қаржылық рыноктағы кәсіпорын немесе корпорацияның инвестициялық стратегиясын орындалуы үшін ең ұтымды жолдарды қамтамасыз ету. Сонымен бірге эмитенттер және инвесторлардың рыноктағы мақсаттары бірдей емес.
Кәсіпорынның (корпорацияның) – эмитенттің инвестициялық стратегиясы – қосымша капитал тарту мақсатымен потенциалды инвесторлар арасында корпоративтік инвестор ролін атқарушы кәсіпорындар (корпорациялар) инвестициялық стратегиясының мақсаты әртүрлі және көп жоспарлы. Айталық, тікелей стратегиялық инвестор қаржылық салымдардың көмегімен өзіне инвестициялайтын объектілерді тікелей басқаруды қамтамасыз етуге тырысады.
Портфелдік инвестор қаржылық салымдар көмегімен бағалы қағаздардың курстық құнын арттыру нәтижесінде (дивиденд немесе %)табыс табу мақсатымен қор портфелін қалыптастыруды іске асырады.
Бағалы қағаздар рыногында акционерлік кәсіпорындардың инвестициялық жұмысының көлемін анықтаушы факторлар, келесілер: Кәсіпорын (корпорацияның) өмірлік кезеңінің сатысы. Қор рыногының сиымдылығы. Сол рыноктағы қаржылық саясат. Портфелдік немесе тура инвестициялауға инвестициялық ресурстардың жеткіліктілігі. Қазір, қолма-қол табыс әкелмейтін, жоғары табыстылықты болашақта алуға есептелген, барынша инвестициялық шығындарды салуға дайындық.. Потенциалды инвесторлар үшін, бағалы қағаздар рыногындағы тәуекелдік деңгейі.
Портфелдік инвесторлар өз алдына келесі міндеттер мен мақсаттарды қоя алады:
Салымдардың сақталуы, мысалы, жоғарғы инфляция салдарынан. Қауіпсіздік түсінігі – бұл қор рыногында портфелдік инвестицияның кезеңдік ауытқуынан қорғаным және тұрақты табыс алудың тұрақтылығы.
Қарқынды операцияның тәуекелдігін азайту және қаржы тұрақтылығын азайту және қаржы тұрақтылығын арттыру, инвестордың табыстылық базасын әртараптандыру және кеңейту.
Капиталдың жоғарғы қарқынмен өсуін қамтамасыз ету, ұзақ мерзімді болашақта тиімді инвестициялық жұмыстарды қалыптастыра алады.
Табыстылықтың қарқынды өсуіне жету, портфелге жоғары табыстылықты қаржылық активтерді тартуды (қосуды) талап етеді. Ағымдағы табыстың бір бөлігі оңтайлы қор портфелінің құрылымын қолдау үшін капитализациаланады.
Инвестициялық тәуекелді минимизациялауды қамтамасыз ету. Жекелген жоғары табыстылықты қаржы активтерді ең жоғарғы тәуекелдікке ие. Бірақта инвестициялық шеңберде бұл тәуекелдік минималданады. Ең жоғарғы тәуекелдік корпоративтік бағалы қағаздар және олардың жекелеген түрлеріне тән. Мысалы, “ Көк фишкаларға” әлбетте Ресейдің мұнайгаз кешені компанияларының акцияларын жатқызады.
Портфельге салуға өтімділікті қалдық бағалы қағаздарды алу,. Бұл мақсатқа жету үшін портфелде белгілі жоғарғы табысты бағалы қағаздар бөлігі болуы керек, 10% кем болмауы керек, оларды керек кезде тез ақша қаражатына айналдыруға болады.
Соныменен, кәсіпорынның қор портфелін қалыптастырудың міндеті инвестицияланған ақша қаражаттарын қаржы активтердің арасында тарату арқылы портфелдің өмір сүру мерзімінде барынша табыстылықты қамтамасыз ету.
Өз-өзін бақылау сұрақтары:
1. Бағалы қағаздар портфелін басқарудағы эмитенттер және инвесторлар өз алдына қойған мақсаттарының мағынасын ашыңыз.
2. Инвестициялық портфелді басқарудан міндеттерін дәлелдеңіз.
3. Қаржылық активтер портфелін оперативті басқару және қалыптастыруда инвесторлар әрекетінің бағдарламасы неден тұрады?
Ұсынылатын әдебиет: 5, 3, 4
5 Тақырып. Капиталдың құны
Дәріс сұрақтары:
Капиталдың құны және капиталдың құрамдас бөлігі, олардың құны;
«Қарыз капиталының» көздерінің бағасы.
1. Капитал табиғат және еңбек ресурстарымен қатар өндіріс факторларының бірі болып саналады. Капитал – пайда табу мақсатымен өндіріске авансталынған құн.
«Капитал» тежегіш экономикалық әдебиеттерде әртүрлі ұғымды білдіреді. Бір жағынан капитал – акционерлік капиталдың сомасын, эмиссиялық табысты таратылмаған пайданы көрсетеді. Капиталдың мөлшері – фирмалардың активтерінің құнынанан – олардың кредиторлық қарызын алып тастағандағы айырмасы арқылы есептеледі.
Капиталды барлық ұзақ мерзімді қаражат көздері деп түсіндіреді. «Капитал» терминін көп жағдайларда кәсіпорын активтерін сипаттауға қолданылады. Сонымен қатар капиталды материалдың және материалдық түрдегі активтерді қалыптастыруға инвестицияланатын барлық ақша қаражаттарының құнын анықтайды.
Батыстағы елдердің әдебиеттерінде капиталды – активтерді және операцияларды, оған қоса қысқа және ұзақ мерзімді қарыздар, (пассив балансындағы) артықшылықты және жай (қарапайым) акцияларды қаржыландыруға қолданатын барлық қаражат көздері деп түсіндіріледі.
Қаржы құнының тұжырымдамасы қаржы менеджменті теориясының базаларының (негізгілерінің) бірі болып есептелінеді. Капиталдың құны инвестицияланған капиталдың рентабельдігінің деңгейін сипаттайды. Кәсіпорынның рыноктік құнын барынша ұлғайту – қолданатын көздерінің құндарын азайту есебіне байланысты. Капитал құнының көрсеткіштері инвестициялық жобалардың тиімділігін және кәсіпорынның инвестициялық портфельді бағалау процесінде қолданылады.
Қаржылық менеджментте көптеген шешімдерді қабылдау фирмаларды капиталының бағасын талдауға негізделеді.
Кәсіпорынның капиталының бағасына көптеген факторлар әсерін тигізеді, олардың негізгілері:
қаржылық ортаның жалпы жағдайы, оның ішінде қаржы рыноктары;
тауарлар рыногіның конъюнктуралары;
қаржылық рыноктағы қалыптасқан ссудалық пайыздың орташа ставкасы (мөлшерлемесі);
нақтылы кәсіпорынды қаржыландырудың әртүрлі көздеріне қол жететіндігі;
кәсіпорын жұмысының операциялық рентабельдігі;
операциялық левериджінің деңгейі;
меншікті капиталдың шоғырлану деңгейі;
операциялық және инвестициялық көлемнің өзара қатынасы;
жасалатын операциялардың тәуекелдік деңгейі;
кәсіпорын жұмысының салалық ерекшеліктері және т.б.
Кәсіпорындардың капиталының құнын анықтау бірнеше кезеңдер арқылы жасалынады:
фирмалардың капиталын қалыптастыру көздері болып келетін негізгі компаненттерін сәйкестендірілу жүргізіледі.
әрбір көздің жекелеген бағасы есептелінеді.
инвестицияланған капиталдың жалпы сомасындағы жекелеген компаненттердің үлесті салмағы негізінде орташа қалыптасқан капиталдың бағасы анықталады.
4. Капиталдың құрамдас бөлігі.
Өз-өзін бақылау сұрақтары:
1.«Артықшылықты операциялардың» көздерінің құны;
2. Көздерінің құнын бағалау әдісиері жәнепайданы қайда тарату;
Ұсынылатын әдебиет: 3, 9, 15
6 Тақырып. Инвестициялық жобаларды талдау әдістері. Жоба тәуекелін талдау
Дәріс сұрақтары:
1. Күрделі қаржы бюджетін қалыптастыру.
2. Күрделі жұмсалым бюджетін қалыптастыру кезінде шешімдер қабылдау критерийлері
Нарық экономикасында капиталдың құнын анықтау негізгі үш факторға байланысты жүргізіледі:
1. Капиталды құрастыруға кеткен шығындардың төмен болуы.
2.Инвесициялық шешімдерді бағалау және қабылдау процесінде капиталдың максимилизациялануы анықталады.
3. Капитал өсімділігін анықтау үшін әр түрлі контрагенттермен қарым-қатынас негізінде шығындарды төмендету.
Капитал салымдық шешім қабылдау әр түрлі жобаларды инвестициялау кезінде капиталды жоғарлату мақсатында ұзақ мерзімді шешім қабылдау. Салымдық шешім қабылдау, инвестиция бойынша сметаны құрастыру процесімен оларды бағалау мен қайтарымдық немесе өтемділік мерзімімен тығыз байланысты. Инвестициялық шешім қабылдау процесі төмендегі бағыттарда жүргізіледі:
Компанияның қандай инвестициялық жобаны таңдау мүмкіншілігі;
Капитал салымдық процестің жалпы сомасын анықтау және капитал салымдық соманы өткізу кезіндегі қосымша шығындарды анықтау.
Инвестициялық процесс немесе капитал салымдық жоба портфелі қандай ресурстар арқылы қаржыландырылатының анықтау.
Инвестициялық шешім қабылдау капитал салымдық жобаны әр түрлі экономикалық жағдайлардағы бағасына, оның табыстылығына және бәсекелестіктің дамуына байланысты тәуекелдерін анықтауға болады.
Инвестицияның бағасын анықтау процесі:
1. Компанияның стратегиясына байланысты инвестициялық процестің әр түрлі бағыттарын анықтау.
2.Таңдап алынған эскиздік жобалық ерекшеліктерін қарастыру негізінде құжаттарды дайындау, осы жобаны талдау, осы саланың ерекшеліктерін талдау.
3. Бастапқы негізде әр түрлі өткізілетін жобалар бойынша нақты варианттарды анықтау.
4. Барлық таңдап алынған варианттардың бағасын салыстыру.
5. Инвестициялық жобаны қабылдау немесе қабылдамау туралы шешім анықтау.
Инвестициялық салымдарды бағалау екі әдіспен жүргізіледі:
1. Дисконтталмаған әдістері
2. Дисконталған әдістері
Дисконтталмаған әдістердің іс жүзінде екі түрі қарастырылады:
өтімділік, қайтарымдылық әдісі
өтімділіктің немесе қайтарымдылықтың есепті коэффициенті арқылы бағалау.
Өтімділік кезең = алғашқы салым / жыл сайынғы таза ақша ағымы
Дисконтталған әдітері:
Капитал мен инвестициялардың болашақтағы құнын анықтау төмендеі коэфициент арқылы жүзеге асырылады.
FVn = V0``(1+ К)т , мұндағы
FVn ― инвестициялық қорлардың долашатағы құны
V0 ―инвестициялық салымның алғашқы құны
К ― салынған капиталдың табыстылықтың нормасы
n― қанша жылдағы құнын анықтау
Өз-өзін бақылау сұрақтары:
1. Критерийлерді салыстыру.
2. Болашақ шығындардың келтірілген құны.
Ұсынылатын әдебиет: 5, 8, 13
7 Тақырып. Инвестициялық жобаның ақша ағындарын болжамдау. Күрделі қаржы бюджетін оңтайландыру
Дәріс сұрақтары
1.Ақша ағымдарын бағалау
2.Ақша ағымдарын сипаттаушы негізгі түсініктер
Ақша ағымдарын кәсіпорын жұмысындағы рөлін,орнын және экономикалық табиғатын зерттеу Қазақстан қаржылық менеджментінде жаңа бағыт болып саналады. Шетелдердің корпорацияларында ақша қаражаттарының бағытын басқару- қаржы директорларының (бас қаржы менеджерлерінің маңызды жұмыстарының бағыты болып есептелінеді).
Нарықтық экономикада Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында ақша қаражатының қозғалымына жүйелі есептеу,талдау және басқаруды жүргізу олардың ағымдағы және болашақтағы қаржылық тұрақтығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз етуге көмектеседі.
Ақша ағымдарын басқарудың негізгі мақсаты – кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.
а)- тауарларды сатудан (қызмет көрсетуден) түсім
б)- пайда
в)- ақша қаражаттарының ағымы
Аталған көрсеткіштердің абсолюттік мөлшері және олардың жыл басында серпінді өзгеруі кәсіпорынның белгілі бір уақыттағы (жыл,квартал,ай) жұмысының нәтижелілігін сипаттайды.Бірақта созылмалы төленбеген төлем жағдайында,кәсіпорнға әзтүрлі жұмыстың бірінен түсетін,ақша қаражаттарының ағымының маңызы бар.
Ақша қаражатының түсімінің,кәсіпорынның төлемінен артуы,кәсіпорынның ағымдағы және болашақтағы дамуына қажеттілігі толығымен қамтамасыз етіледі.Бұл артықшылықтың ерекшелігі сонда,кәсіпорын бас ақша қаражаттарын қосымша табыс алу мақсатымен,бизнестің табысты саласына салуға мүмкіндік тудырады.Сонымен қатар тұрақты ақша қаражатының болуы,ағымдағы төлем қабілеттілігін белгілі деңгейде ұстап тұруға көмектеседі.
Кәсіпорынның қардылық-шаруашылық жұмысын сипаттаушы,ең маңызды түсініктерге жататындар келесілер:
1.Тауарларды сатудан түсім
2.Сатудан пайда
3.Ақша қаражаттарының түсімі (тауарларды сатудан түсім,аванс алу,кредиттер және заимдар алу,қаржылық салымдардан пайыздар және дивиденттер алу)
4.Ақша қаражаттарының шығысталуы және инвестициялануы
5.Таза ақша қаражатының түсуі (барлық ақша қаражаттарының түсуі мен төлемнің айырмашылығы).
Кәсіпорында ақша қаражаттарын басқару саясаты жасалынады,мұндай саясаттың нәтижесі келесідей:
банктегі шотта және кассада қажетті мөлшерде ақша қаражаттарының қалдығы болуы қажет
кәсіпорында сондай активтер және пассивтер балансының құрылымын қалыптастыру керек.Нәтижесінде оларкәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын,төлем қабілеттілігін жыл бойы қамтамасыз етеді.
Сонымен ақша ағымы – бұл есепті және жоспарлы кезеңдегі кәсіпорынға түсетін және төленетін ақша қаражаттарының көлемі.
Ақша қаражаты қаржылық экономикада ең дифициттік ресурс болып есептелінеді,кәсіпорынның табыстылығы көп жағдайларда оның басшыларының қабілеттілігіне, ақша қаражаттарын тиімді пайдалануына байланысты.
Өз-өзін бақылау сұрақтары:
1.Кәсіпорынның ақша ағымдарын жіктеу
2.Ақша ағындарын өлшеу әдістері
Ұсынылатын әдебиет: 33, 49, 55
8 Тақырып. Ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау
Дәріс сұрақтары:
1. Стратегиялық және жедел жоспарлар.
2. Қаржы жоспары
Жоспарлау сатылары:
- өнім өткізуге кеткен шығындар анықталады; өнім өткізуден түскен түсім көлемі есептеледі; ақша жинағы есептеледі;
Қаржылық жоспарлаумен шешілетін негізгі мәселелер
-кәсіпорынның негізгі шаруашылық іскерлігін қаржылық ресурстар мен және қаржылық құралдармен қамтамасыз ету;
- пайда және оны өсіруге мүмкін болатын факторларды анықтау;
- бюджет пен банктің өзара қаржылық байланысын анықтау;
Жоспар тоқсан, айлық бөлу бойынша жасалады.
Қаржылық жоспардың 3 түрі ажыратылады: жоспарлы кіріс және шығыс балансы; алдын-ала (күтілетін кезеңге); атқарушы (қорытындылаушы)
Бұдан басқа шахматты баланс көрсететін шығыс және кірісті тексеру балансы бар.
Қаржылық жоспардың бөлімдері:
Табыс және түсім
Шығыс және аударым
Бюджетпен, бюджеттік емес қорлармен және банктермен өзара байланыс.
Кәсіпорында таза айналым капиталының болуы оның бухгалтерлік балансының өтімділік деңгейін және айналым активтерінтиімді пайдаланғандығын анықтайды. Сондықтан оның құрам эллементтерінің кез-келген өзгеруі – таза айналым капиталының мөлшеріне әсер етеді. Оның өсімі кәсіпорын жұмысының жағымды тенденцияны реттеуі қаралады.
Айналым актив элементтерінің бірі – материалдық қор. Оларды сақтау шығындары қойма шығындарымен, бұзылу тәуекелдерімен, бұйымдардың ескертуімен т.б байланысты.
Басқада айналым активтерінің маңызды элементтерінің бірі – дебиторлық қарыз. Дебиторлық қарызды басқаруда қаржы менеджері сатып алушылардың төлем қабілетінің тәуекелін анықтау.
Ағымдағы міндеттемелерге – қысқа мерзімді несиені, займдар және кредиторлық қарыздарды жатқызады. Әлбетте, банктер құптайтын құжаттарды (мүліктер) қажет етеді, ал кредиторлармен есептескенде мұндай құжаттар қажет емес. Сондықтан, бір кәсіпорын қысқа мерзімді қаржыландырудың проблемасын залог арқылы шешсе, басқалары сату, жалға беру және т.б арқылы шешті Қысқа мерзімді міндеттемелер
Егер таза айналым капиталының мөлшері нөль мағынасында өтімділіктің жоғалуы өзінің максималды мағынасына жетеді, ал бұл мағынаның өсуі тәуекел көрсеткішін ақырындап төмендейді. Егер қысқа мерзімді қарыз нөлге тең болса, онда таза айналым капиталы өзінің максималды деңгейі өседі және айналым активтерінің мөлшеріне тең болады.
Өз-өзін бақылау сұрақтары:
1. Қаржыны үйлесімді әдісі негізінде, сатылған көлем көрсеткіштеріне баланысты каржылық жоспарлау.
2. Сырттан қаржыландыру кажеттігі деңгейін анықтаушы, факторлар.
3. Қолайлы өсу қарқыны.
Ұсынылатын әдебиет: 43, 56, 67
9 тақырып.Компанияның құны және құндылыққа-бағдарланған менеджмент
Дәріс сұрақтары:
1. Компанияның құны тұралы жалпы түсінік
2. Капиталдың құны WACC есептеу әдістері
Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде компанияның нарықтық құнын активтердің құнымен бағаланады. Бұл ретте қазіргі қолданылып жүрген нормативтік актілерге байланысты компанияларды сату кезінде активтердің нарықтық құны салықтық есептегі активтердің құнынан біршама жоғары. Сондықтан да компанияларды сату кезінде өсім пайда болады. Ол өсімге корпоративтік табыс салығы салынады. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде компанияның құны мына формуламен анықталады:
V = D + S, мұндағы
D ― қарыз қаражаттың нарықтық бағасы;
S ― акционерлік капиталдың нарықтық бағасы.
Акционерлік капиталдың нарықтық бағасы:
S = салықтан кейінгі ТТ (% дейін) / Ks = (EBIT─ КдD) (1─ КТС ставкасы) / Ks
Ks― акцияларды талап етілген табыстылығы
P0 = DPS / Ks = EPS / Ks , мұндағы
P0 ― акциялардың құны
DPS― бір акция үшін дивиденд
EPS― бір акцияның пайдасы.
Компанияның құны – корпорацияны және оның қаржылық іскерлігін реттеу болжауды бағалауға мүмкіндік беретін қаржы менеджментінің маңызды түсініктерінің бірі және корпорацияның іскерлігінің барлық түрлерін қаржыландыру үшін басқарманың капитал тарту шарттарын (жағдайларын) көрсетеді. Капиталдың ағымдағы, шекті, мақсатты құны ажыратылады.
Ағымдағы құн акционерлердің, пайшылардың капитал тарту және жасалған несиелік келісім шарттар мен коммерциялық несиелеу шарттары бойынша анықталған шығындарды есепке алғандықтан, ол басқарманың өткен кезеңдердегі іскерлігін бағалау жоспарындағы мүддені көрсетеді. Инвестициялық жобаны жүзеге асыру мысалы, инвестицияның болашақ табыстары қаншалықты оларды қаржыландырумен байланысты шығындарды өтейтіндігіне тәуелді. Бұл сұрақ тұрақты дивиденттер мен өз акцияларының құнының өсуіне мүдделі акционерлерді де, кредиторларды да толғандырады. Сәйкесінше, мұнда капитал құны корпорация болашақта пайдалануға тырысатын қаржыландыру формасының шекті ставкасы ретінде көрініс табады. Капиталдың мақсатты құны – қарыз қаражаттары мен меншікті қаражаттар арасындағы күтілетін қатынасын сипаттайды. Корпорация қаржылық рычаг әсерін пайдаланып қосымша қарыздық қаржыландыруға ұмтылуы мүмкін. Мұндай жағдайда мүддені капиталдың жаңа құрылымы және оған сай келетін барлық қаржыландырудың жалпы құны көрсетеді.
Корпорациялық капиталдың жеке элементтеріне белгілі бір қатынас түрінде нақты мәселеге тәуелділігін ескере отырып,капитал әрбір элементтің құны және оның аталған қатынастағы үлесі негізінде бағалануы тиіс. Жалпы капиталдың құнын WACC-ң орташа салмақталған әдісімен есептейді:
WACC=qi Ki
Мұндағы, qi – қаржыландырудың жалпы соммасындағы I-ші көздің үлесі.
Достарыңызбен бөлісу: |