1. Топырақтану-ғылым ретінде,оның мақсаты мен міндеттері, топырақ туралы түсінік


Топырақтың морфологиялық қасиеттері



жүктеу 1,1 Mb.
бет76/88
Дата25.08.2020
өлшемі1,1 Mb.
#31349
түріҚұрамы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   88
Топырақтану ответ

64.Топырақтың морфологиялық қасиеттері

Топырақтың пайда болу процесіндегі өзіне тән құрылымының бірі — пішін түзуі, яғни топырақтың морфологиясының қалыптасуы. Осы арқылы топырақтар бір — бірімен және өзі түзілген тау жыныстарынан ажыратылады. Морфологиялық құрылым — топырақтың сыртқы пішіні. Топырақ — әртүрлі морфологиялық көріністерден құрылған табиғи дене. Сондықтан да бұл көріністерді сыртқы пішіндері мен айырмашылығы бар генетикалық қабаттардан  іздестіреді.

Топырақтың негізгі морфологиялық сипаттамаларына топырақтың түсі, құрылымы, нығыздығы, механикалық құрамы, әртүрлі қосылыстардың бары немесе жоғы, HCI- мен әрекеті т.б жатады.

Топырақтың морфологиялық белгілерін зерттеу кезінде оның құрамын, топырақтың қабаттары мен олардың қалыңдығын, түсін, түрін, кесектерінің мөлшерін, нығыздығын, әрқилы бөгде заттар мен түзілімдерін, сонымен бірге топырақтың механикалық құрамын және топырақ түзуші негіздердің тектерін, ылғалдылығын, органикалық заттар мен өсімдік тамырларының  мөлшерін, әртүрлі тереңдіктегі топырақ қабаттарының тұз қышқылымен әсерін т.т баяндап жазады.

Топырақтың түсі – морфологиялық көріністерінің ішінде ең негізгі белгі. Топырақ аттарының өзі де осы түстеріне қарай қойылған. Топырақтың тектік генетикалық қабаттарының түсі топырақтардың түзілу ерекшеліктеріне, химиялық құрамына, гумустың мөлшеріне, темір, марганец, алюминий, кальций карбонаты т.б. қосылыстарға байланысты. Гумус топыраққа қара немесе қара қоңыр түс, темір мен марганец тотықтары сары, қызыл, сия түстер ал, кремний қосылыстары, әк, каолинит, алюминий гидроксиді және суға тез ерігіш тұздар (хлоридтер және сульфаттар) –ақ түс береді.

Әр түрлі топырақтардың тектік қабаттарының түсі әрқилы болады, мысалы: шірікті-қорлы қабат А сұрғылт (шымдауыт-сортаң топырақ), қоңырқай реңді сұрғылт (сұрғылт тоғай топырағы), қара (қара топырақ сарғылт-сұрғылт/сарғылт топырақ) түске ие болуы ықтимал.

Сонымен қатар топырақтардың түсі оның ылғалдылығына, жарықпен қанығуына және құрылымдық жағдайына да байланысты. Мысалы, кез-келген топырақ кіршең құрғақ кезінде кіршең сұрғылт болса, су кезінде сұрғылт болып көрінеді. Таңертең немесе кешкі уақыттарда, күндізгі мезетпен салыстырғанда, топырақ әрқашан күңгірт түсті болып келеді. Топырақ түсінің практикалық маңызы үлкен. Топырақ қабатының қалың қара түсті болуы гумустың молдығын көрсетеді.

Топырақтың құрылымы деп оның әртүрлі пішінді үлкенді-кішілі түйіртпекті агрегаттарға бөліну қасиетін айтады. Топырақ құрылымы ірі кесекті, кесек дәнді, үлкен-кіші жаңғақты, призмалы, қыш (плита) тәріздес тағы басқа түрлерге бөлінеді.Олар бір-бірімен жабысқан механикалық элементтермен: құм, шаң, балшықпен қосарласа жүреді. Әрбір құрылымдық агрегат біріккен органикалық және минералды бөліктерден тұрады. Жалпы топырақ құрылымының пайда болуы — күрделі биохимиялық және физика-химиялық процесс. Топырақтың құрамында 0,5мм-лік микроагрегаттардан бастап одан әлденеше есе үлкен  макроагрегаттар бар. Құнарлы, бағалы топырақ  агрегаттарының көлемі 1мм-ден10мм-ге дейін кездеседі. Құрылымды топырақтарда су, ауа және жылу алмасу осыларға байланысты өсімдіктердің азықтық заттармен қоректенуіне қажетті биологиялық құбылыстармен жағымды бағытта жүреді.




жүктеу 1,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   88




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау