62Биогенді әлементтер дегенімізтірі тірі оргнизмдердің құрамында үнемі болатын химиялық элементтер. Олар витаминдердің,белоктардың гормондардың құрамында белгілі бір тәртіппен,тек сол затқа ғана тән заңдылықпен орналасады.Мысалы азотты (N)алатын болсақ белоктың структурасын құрайтын ең маңызды биогенді элемент . Осындай мысалға көміртекті С де айтуға болады,ол тірі ағзадағы майлар мен көмірсулардың құрамын құрайтын ең басты элемент. Олардың маңызы өте зор. Мысалы, қалқанша бездің гормондарының құрамына кіретін йод (J- бұл да өте маңызды биогенді элеметтердің бірі) жетіспесе адам организмінде не болатынын осы сайттан кейбір сұрақтардың жауабынан оқуыңа болады.Сол сияқты кальций,фосфор (Ca,P) жетіспегенде де адамда суйектің аурулары пайда болады. Медицинаға қатысты биохимияның бөлек БИОЭЛЕМЕНТОЛОГИЯ деген үлкен саласы бар.Биоэлементология химиялық элементтердің тірі организмдердің тіршілігіне әсер етуін зерттейтін биохимияның улкен бір бөлігі десе де болады .Сұрақ өте ауқымды,көп мысал кетіруге болады.Биогенді элементтерге мысалы көптеген металлдар да кіреді. Олар натрий ,темір,калий,магний ,цинк ...Бұлардың көпшілігі организмде иондар түрінде болады.тіпті кейбір белоктардың да құрамына кіруі мүмкін Мысалы, темір гемоглобин белогының құрамына кіреді.
63 Мелиорация(лат. melioratio – жақсарту)— жерді жақсартуға бағытталған техникалық және шаруашылық-ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы. Топырақты сумен, ауамен, қоректік заттармен қамтамасыз ету тәртібін жақсартуға, оны жел, су эрозиясы сияқты қатерлі құбылыстардан қорғауға мүмкіндік береді. Мұның негізінде ауыл шаруашылық дақылдары мен мал азығы ретінде өсірілетін шөптерден ұдайы мол өнім алуға болады. Топырақ режімін жақсартудың арнайы тәсіліне — қар тоқтату, шаймалау, кәріздеу бітелілеу (кольматаж), ағындыны реттеу және т.б. жатады. Химиялық және физикалық М. (химиялық және физикалық қасиеттері қолайсыз жерлерді мелиорациялау) — тұзданғантопырақтарды шаймалау, қышқыл топырақтарды өктендіру, сорларды гипстеу, сілтілі топырақтарды қышқылдандыру және т.б. Топырақтың физикалық жағдайын жақсарту үшін, оларды тастардан тазартады, сазды топырақты құм араластыра өңдейді, тозаңды және шымтезекгі топырақты саздандырады және т.б
Достарыңызбен бөлісу: |