9.Топырақтың минерологиялық құрамының қалыптасуы Майда ұнтақталған тау жыныстары мен олардың топырақтағы минералды бөліктері өзінің пайда болу жағынан екі топқа бөлінеді: алғашқы және екінші. Алғашқы - магматикалық және метафорфикалық аса қатты үгілмеген минералдар. Екіншісі – жердің үгілу немесе топырақ қабаттарында алғашқы минералдардың көпжылдық үзіліссіз үгілуінің нәтижесінде, үгілудің соңғы аса майда ұнтақталған өнімдері түзілген минералдар. Көбінесе екі минералдар топтарының арақатынастары әр топырақтардың әр түрлі аймақтарда орналасуына және минералдардың үгілгіштігіне немесе үгілуіне берілмейтін қасиеттеріне қарай әр түрлі болуымен байланысты.Әдетте, неғұрлым ірірек, жеңілірек болса, соғұрлым оның құрамында тасы, құмы мол болады да, ал топырақ құрамы сазды, балшықты болған сайын алғашқы минералдар азайып, екінші минералдар көбейеді. Тіпті балшықты топырақтар түгелдей екінші минералдардан тұрады деуге болады.Ол жағдайға тағы әсер ететін жай – жыныстар мен топырақтарда созылған үгілудің ұзақтығы және үгу агенттерінің белсенділігі. Жылы, әрі ылғалды аймақтарда үгілу құбылыстары белсенді өтетіндіктен, ол өңірлерде негізінен екінші минералдар мол болады.Топырақтың минералды бөлігі шығу тегі жағынан екіге бөлінеді: алғашқыжәне екінші реттік минералдар. Алғашқы минералдарға – кварц, дала шпаттары, слюдалар, мүйізді алдамыштар (роговая обманка), пирок-синдер жатады. Олардың топырақтағы құм бөлшектеріндегі көлемі 0,05-1 мм, шаңда – 0,001-0,05 мм, аздаған бөлігі лай, өлі балшықта 0,001 мм-ден төмен және топырақ коллоидында 25 миллимикроннан төмен кездеседі.
Топырақ фракцияларының бөлшектерінің химиялық құрамы фракция мөлшеріне қарай әр түрлі болып ауытқып отырады.
Алғашқы минералдардың химиялық процестері мен бұзылуы (гидратация, гидролиз, тотықтану) және тірі организмдер тіршілк әрекетінің әсерінен топырақтағы тотықтар (кремнезем, гидраттар, тұздар, екінші реттік минералдар) кейде сазды минералдар деп те аталады. Олар каолинит, монтмориллонит, гидрослюдалар түзеді. Ол топырақта көбіне өлі балшық және коллоидты бөлшектер, кейде шаң тәрізді бөлшектер күйінде кездеседі. Химиялық құрамы жағынан минералды кремний, оттекті қосылыстар немесе силикаттар және алюминий болып бөлінеді. Кремнийдің оттекті қосылыс-тарына кварц SiO2 мөлшері 60%-тен асса, құмдақ топырақтарда 90% жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |