15.Топырақ ылғалы
Топырақтың ылғал қоры — қарастырылған уақыттағы белгілі бір топырақ қабатындағы ылғалдың абсолют мөлшері; топырақтың су теңдестігінің құрамдас бөлігі. Миллиметр су қабатымен немесе гектарына текшеметрмен өлшенеді. Атмосфералық жауын-шашын және грунт суларының (жер бетіне жақын орналасқан жағдайда) есебінен қалыптасады. Көктемде, қар еріген кезде, ылғал қоры ең жоғары деңгейде болады да, булану мен транспирация артқан сайын төмендей береді. Автоморфты топырақтарда топырақ тығыздығы өскен сайын ылғал қоры мен ондағы органикалық заттар мөлшері арта түседі; жартылай гидроморфты топырақтарда — ылғалдану дәрежесінің өсуіне қарай. Ылғал қорын қар тоқтату, еріген қар суын бөгеу, топырақ асты ылғалдандыру, жаңбырлату, грунт суларының деңгейін реттеу жолдарымен және басқа да мелиорациялық әдіс-тәсілдермен көбейтуге болады
Достарыңызбен бөлісу: |