Акционерлік қоғам – акция шығару арқылы орталықталынған капиталға негізделген фирма: ашық және жабық түрде болады.
Бағалы қағаздарды сату арқылы капитал тартудың шексіз мүмкіншілігі,
Фирманың іс-әрекет шаруашылық жүргізудегі тұрақтылығы (бір акционердің кетуінен фирма жабыла қоймайды.)
|
Басқарудың және ұйымдастырудың тым күрделілігі,
Акционерлердің басқаруға қатысуы мен бақылау деңгейінің жоғары еместігі,
кәсіби кұпияның ашылу мүмкіндігі.
|
Осы көрсетілген кәсіпорындың негізгі формаларарымен қатар кооперативтік, мемлекеттік кәсіпорындарда болады.
Нарықтық экономика жағдайында фирмалар бизнес-жоспар жасайды. Өндірістің мақсаттарын анықтау және оларды орындау шараларын белгілеу үшін бизнес жоспарды жасау – жалпы қолданатын құрал. Бизнес-жоспар инвестицияның қажеттілігін дәлелдеу үшін қолданатын фирманың негізгі құжаты болып табылады және ол 3-5 жылға жасалады.
Бизнес –жоспардың негізгі бөлімдері:
1. Мазмұны.
2. Тауар.
3. Нарық.
4. Бәсеке.
5. Маркетинг стратегиясы.
6. Өндіріс жоспары.
7. Ұйымдастыру жоспары.
8. Нарықты бағалау және сақтандыру.
9. Қаржылық жоспар.
Нарықтық экономика еркін кәсіпкерлікті қолдайды.
Кәсіпкерлік іс әрекеттің ерекшеліктері:
тәуекел
белсенділік
тәуелсіздік
тапқырлық
жауапкершілік
белсенді түрде іздену
Кәсіпкерлік әр түрлі белгілер бойынша бірнеше түрлерге бөлінеді:
1. Іс-әрекеттің мәніне байланысты кәсіпкерліктің түрлері:
Өндірістік – тауар, қызмет өндіру процесін жүзеге асырумен байланысты;
Коммерциялық - өндіріспен байланыста емес тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алу операциялары арқылы жүзеге асады;
Қаржылық – бұл коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, бірақ айналым объектісіне ақша ,валюта, бағалы қағаздар жатады;
Делдалдық – сатушылар мен сатып алушыларды табыстыратын, кездестіретін, келістіретін байланыс түрінде жүзеге асады;
Сақтандыру – кәсіпкерліктің ерекше формасы, оның мағынасы: кәсіпкер сақтандыру жарнасын алып, оны кауіпсіздендірілген жағдайда ғана қайтарады;
Меншік формасына байланысты кәсіпкерлік: жеке меншік және мемлекеттік болып бөлінеді. Фирма көлеміне байланысты: шағын, орта және ірі бизнес болып бөлінеді.
Шағын және орта кәсіпкерліктің артықшылықтары:
1. Жағдайлардың өзгеруіне жеңіл бейімделеді.
2. Тұтыну сұранысының өзгеруіне тез жауап береді.
3. Капитал салымына деген қажеттілігі төмен болады.
4. Бәсекелік дамудың негізін құрайды.
5. Техникамен қайта жабдықтану жылдам түрде жүзеге асады.
Қазақстан республикасындағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму негізін қалау 1992 жылдан бастап бірқатар заңдар мен актілерге енгізілген: «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» (1992 ж.), «Шағын кәсіпкерліктің даму белсенділігін және мемлекеттің қолдауын күшейту шаралары туралы» (1997 ж.) «Жеке кәсіпкерлік туралы» (1997 ж.),«2001-2002 ж.ж. бағытталған мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасы».
НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР МЕН ТЕРМИНДЕР
Акционерлік қоғам
Акция
Бизнес жоспар
Кооператив
Кәсіпкерлік
Жекешелендіру
Меншікті мемлекет иелігінен алу
Меншік
Серіктестік
Фирма
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Меншік - экономикалық категорияда
2. Меншіктің «Құқық түрлері».
3. Қазақстан республикасындағы меншіктің формалары
4. Кәсіпорынның мағынасы мен ұйымдық-құқықтық формалары
5. Қазақстан республикасындағы жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу.
6. Кәсіпкерлік мәні мен формалары.
7. Бизнес-жоспар.
3 тақырып. Экономиканы ұйымдастырудың негізгі формалары
Нарық: мағынасы, түрлері мен қызметтері.
Нарық механизмінің негізгі элементтері.
Бәсеке және нарық үлгілері (модельдері).
Бәсеке және монополия.
Адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндіріс екі түрлі формаға бөлінеді: натуралды шаруашылық және тауарлы шаруашылық. Натуралды және тауарлы шаруашылық төмендегі келтірілген ерекшеліктермен сипатталады:
Натуралды шаруашылық
|
Тауарлы шаруашылық
|
1. Экономикалық қатынастар тұйық жүйелі түрде болады.
|
1.Экономикалық қатынастар ашық жүйелі түрде болады.
|
2. Еңбек бөлінісі дамыған. Негізінде қолмен жасалатын еңбектің түрі.
|
2. Еңбек бөлінісі мен тауар айырбасы мамандарылған еңбек.
|
3. Өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей экономикалық байланыста болады. Өндірілген өнім айырбасқа қатыспай-ақ тікелей тұтынылады.
|
3. Өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыс. Өндірілген өнім нарықта айырбасқа сатуға түсіп, кейін тұтынылады.
|
Натуралдық шаруашылық - томаға тұйық және жеке шаруа төңірегінде шоғырланады да, өнім өз қажеттеріне ғана жұмсалады. Тауарлы шаруашылық - өндірілген өнім айырбасқа (сатуға) түседі.
Тауар – сатуға немесе айырбасқа түсетін өнім. Тауардың екі қасиеті бар: тұтыну құны және айырбас құны (өз құны).
Тұтыну құны – тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті.
Айырбас құны (тауардың өз құны) – тауардың басқа тауарларға айырбасталу қабілеттілігі.Тауардың мұндай қасиеттері оны өндіруге жұмсалған еңбектің екі жақты сипатына байланысты:
Бірінші жағынан, еңбектің нақты түрі белгілі бір тұтыну құнын өндірумен сипатталады. Яғни, нақты еңбек арнайы еңбек құралдарын пайдаланумен, жұмыскердің мамандығымен, одан қалды нақты нәтижесімен көрінеді. Сондықтан, тұтыну құнын жасайтын еңбекті нақты еңбек деп атайды. Тауардың өз құнын жасайтын еңбекті абстрактылы еңбек деп атайды. Яғни, құн мөлшері оны өндіруге жұмсалған қажетті жұмыс уақытымен өлшенеді.
Құн заңы - өндірушілер арасындағы байланыстарды, сондай-ақ қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттеп отыратын экономикалық заң. Бұл заңның мағынасы: тауар өндіру мен айырбастау оның қоғамдық қажетті шығындарымен (ҚҚЕШ) өлшенеді.
Құн заңы нарықта баға заңы ретінде көрінеді, немесе баға – құн заңының көрінісі. Бағаның өзгеруі құн заңының өндіріс салалары арасында өндірістік ресурстарды қайта бөлу қызметін атқаратынын көрсетеді.
Қандай бір қоғамда болсын, ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар айналымынан туындайды. Көптеген тауарлар массасынан белгілі бір немесе бірнеше тауарлар айырбас кезінде делдалдық қызмет атқару мақсатымен бөлініп шығады. Мұндай тауарлар ұлу қабыршығы, аң терісі, мал мен алтын, тағы басқа да көптеген басқа тауарлар болуы мүмкін. Бірақ уақыт өте келе бұл құнның жалпыға ортақ формасының пайда болуына әкелді. Кез келген басқа тауарларға тікелей айырбастауға қабілеті бар тауар жалпылама эквивалент деген ат алды. Сонымен, бұл қызметті барлық жерде дерлік үнемі күміс пен алтын атқаратын болды. Ақша айналыс құрамында шақа формасы ретінде көрініс алады. «Шақа» деген сөздің шығу тегі Ертедегі Римнің ақша белгісін соғуда бастау алған Юноны – Монета жеріне байланысты. Ақша дамуының өзі айырбаста асыл металдардан жасалған шақаның болуымен тоқталған жоқ. Бұл дамудың келесі қадамы – қағаз ақшаның, содан кейін несиелік ақшаның пайда болуы. Қағаз ақша ХІІ ғасырда тұңғыш рет Қытайда басылып шықты. Қағаз ақшаның кең көлемде таралуы ХҮІІІ ғасырдан басталады. 1761 жылдан бастап Швециядағы ірі банк өзінің «банкнот» деп аталатын қағаз ақшаларын шығара бастады.
Нарықтың пайда болу жағдайлары:
1. Қоғамдық еңбек бөлінісі.
2. Өндірушінің дербестігі, тәуелсіздігі, таңдау еркіндігі.
3. Жекеменшікке негізделіп өндірушінің экономикалық бөлініп шығуы.
Нарық – бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру мен оларды ақша көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы.
Нарықтың субъектілеріне жататындар: сатушылар мен сатып алушылар (үй шаруашылығы, фирмалар, мекемелер, мемлекет). Нарық объектілеріне жататындар: тауарлар мен ақшалар. Тауарларға жататындар: өндірілген өнім мен қатар өндіріс факторлары (еңбек, жер, капитал) және көрсетілетін қызметтер.
Нарық қызметтері:
1. Ақпараттық қызмет - нарық экономика жағдайы туралы мәліметтер таратады.
2. Делдалдық қызмет – нарық жағдайында тұтынушы өзіне қолайлы тауар сатушы тауып, өндіруші (сатушы) өзіне пайдалы тауарды алушыны таңдауға мүмкіндік алады.
3. Баға белгілеу қызметі – нарықтың өзі тек қоғамға қажетті шығындарды қабылдайды және соларды ғана төлейді.
4. Реттеушілік қызметі - капиталдың пайдасыз салалардан пайдалы салаға көшуі арқылы болашағы мол салалардың дамуына жағдай жасайды.
5. Санациялық қызмет – бәсеке қоғамдық өндірісті әлсіз, икемсіз және қабілетсіз кәсіпкерлерден тазартып белсенділер мен тапқырларға жол береді.
Нарық құрылымының классификациясы
1. Нарық объектілерінің экономикалық бағыттары бойынша:
1.1. Тауарлар мен қызметтер нарығы
1.2. Өндіріс факторлары нарығы.
1.3. Қаржы нарығы.
1.4. Ақпарат нарығы.
2. Жағрапиялық орналасуы бойынша:
2.1. Жергілікті нарық.
2.2. Аймақтық нарық.
2.3. Ұлттық нарық.
2.4. Әлемдік нарық.
3. Бәсекелестік сипат пен деңгейі тұрғысынан:
3.1. Монополия нарығы.
3.2. Олигополия нарығы.
3.3. Монополистік бәсеке нарығы.
3.4. Жетілген бәсеке нарығы.
4. Сала бойынша:
4.1. Автомобиль нарығы.
4.2. Компьютер нарығы.
4.3. Ауылшаруашылық нарығы.
4.4. Өнеркәсіп нарығы.
5. Тауар өткізу сипатына қарай:
5.1. Көтерме сауда нарығы.
5.2. Бөлшек сауда нарығы.
6. Заң актілеріне сәйкес:
6.1. Ресми нарық.
6.2. Жасырын нарық – көлеңкелі.
7. Нарықтың дамуына байланысты:
7.1. Дамыған нарық.
1.2. Дамымаған нарық.
Экономикалық теорияда жасырын экономика - әртүрлі себептермен ресми түрде статистика арқылы есепке және бақылауға алынбаған өндіріс, айырбас және материалдық игіліктерді бөлу процестері. Нарықты өмірде жасырын экономика факторын есепке алмау қоғам мүддесіне қайшы келетін өте ауыр салмақтағы жағдай әлеуметтік экономикалық салаларға кері әсерін тигізетіні лауазымдық қызметкерлердің қылмысының өсуіне және басқа да әртүрлі қылмыстық істерге әкеліп соқтырады.
Нарық механизмінің негізгі элементтеріне жататындар: баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке. Сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасының өзгерістеріне байланысты бағалар қалыптасады. Өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз ететін сұраныс пен ұсыныс. Бәсеке нарықта реттеушілік қызметін атқарады.
А. Смит – бәсекені нарықтың - «Көрінбейтін қолы» деп атаған. Бәсеке арқылы нарық субъектілері өз пайдасына қарай әрекет етіп, тұтас болғанда қоғам үшін тиімділіктің негізін қалайды. Осы айтылған элементтердің өзара қатынасы арқылы нарық қалыптасады.
Бәсеке – нарық субъектілерінің пайданы барынша ұлғайтуға, яғни қойылған мақсатты жүзеге асыру жолында өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күрес қатынастар ретінде көрінетін экономикалық жарысы.
Бәсекені бірнеше белгілері бойынша мынадай тұрлерге бөлуге болады:
1. Даму масштабы бойынша:
1.1. Жеке бәсеке – жеке бір қатысушы нарықтың аса қолайлы жағдайларын таңдап алуға талаптанады.
1.2. Жергілікті бәсеке – жергілікті қайсыбір территориядағы тауар иелерінің жарысы.
1.3. Сала ішіндегі бәсеке – сала ішіндегі жарыс.
1.4. Сала арасындағы бәсеке - әртүрлі сала субъектілерінің жарысы.
1.5. Ұлттық бәсеке – ел ішіндегі жарыс.
1.6. Жаһандық бәсеке - әр түрлі мемлекет субъектілерінің жарысы.
2. Жүргізу әдісіне қарай:
2.1. Бағалық бәсеке – бағаны төмендету арқылы
2.2. Бағасыз бәсеке – тауар сапасы, жарнама, қызмет көрсету арқылы.
3. Ниет тәсілдері бойынша:
3.1. Адал ниеттілік бәсеке
3.2. Ниетсіз бәсеке – нарықтың ережелерін бұзу, жалған жарнаманы қолдану және т.б. арқылы.
4. Бәсекенің даму сипатына қарай:
4.1. Жетілген бәсеке
4.2. Жетілмеген бәсеке (олигополия, монополия, монополистік бәсеке).
Осы айтылғандарға сәйкес нарық бөлінеді: жетілген бәсеке нарығы және жетілмеген бәсеке нарығы.
Жетілген бәсеке нарығы – кез келген ұқсас (бір-бірін ауыстыратын) тауарларды сататын сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамынан туады. Бірде бір сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранысты, нарыққа тауардың түсуін немесе оның бағасын бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары қоюға дәрмені жетпейді. Себебі, сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды нарықтық бағамен еркін ала алады. Әрбір сатушы бір ғана тауар өнімін сатады. Бұл нарыққа кіру де шығу да жеңіл.
Монополия – ерекше тауардың бір ғана сатушысы, монопсония – тауарды бір ғана сатып алушы. Сипатына және пайда болу себептеріне байланысты монополияны бөлуге болады:
1. Табиғи монополия – сирек кездесетін және өндірілмейтін өндіріс факторына билік ету жағдайында пайда болады (тұтынушыларға – су отын, энергия қуатын, газ беру және т.б. фирмалар)
2. Жасанды монополия - фирмалардың бірігу және келісу нәтижесінде пайда болады.
3. Кездейсоқ монополия - өз шеңберіндегі тұтынушылардың сұранысының ұсыныстан уақытша артуы жағдайында пайда болады.
Монополияның пайда болуының басты себебі- өндірістің және капиталдың шоғырлануы.
Шоғырланудың бағыттары
Көлденең Тікелей Диверсификация
Бір саладағы ком-паниялардың бірігуі немесе әлсіз кәсіп-орындарды күшпен тартып алу.
|
Ортақ технология арқылы әртүрлі саладағы фирма-лардың бірігуі.
|
Технология жағы-нан байланысы жоқ әр түрлі саладағы фирмалардың бірігуі.
Моно
|
Монополияны ұйымдастыру формалары:
1. Картель - өндірістің көлемі туралы, бағалар туралы келісу
2. Синдикат – кәсіпорындардың тәуелсіздігі сақталып, бірлесіп тауар өткізу мақсатымен ұйымдасқан бірлестік.
3. Концерн - бірнеше бағыттағы фирмалардың бірыңғай қаржы орталығына бірлесуі.
4. Конгломерат – шаурашылық іс-әрекетіне байланысы жоқ компаниялардың бірлесуі .
Монополияны шектеуге және тыйым салуға монополияға қарсы
заңдылықтар қолданылады. Олар ҚР-ның «Табиғи монополиялар туралы», «Ниетсіз бәсеке туралы», «Бәсеке және монополиялық іс-әрекетті шектеу туралы» зандарына негізделеді.
3.1.кесте
Нарық үлгілерінің сипаты
|
Жетілген бәсеке
|
Жетілмеген бәсеке
|
Таза бәсеке
|
Монополистік бәсеке
|
Олигополия
|
Таза монополия
|
Анықтамасы
|
Нарықта сатушы фирмалардың саны көп, бір-тектес тауар, бірде бір фирма бағаға ықпалын жүргізе алмайды
|
Нарықта сату-шылардың саны көп, тауарлары әртектес
|
Нарықта бірнеше ірі фирмалар билік жүргізеді.
(егерде екеу болса дуополия)
|
Нарықта бір ғана сатушы билік жүргізеді, бағаға ықпалы өте күшті
|
Фирмалардың саны
|
Өте көп
|
Көп
|
Бірнеше
|
Бірғана
|
Тауардың түрі
|
Біртектес
|
Әртектес
|
Жеке дара
|
Алмастырушысы жоқ біртектес
|
Бағаға бақылау
|
Болмайды
|
Орташа
|
Орташа
|
Мемлекет тара-пынан бақылау болады.
|
Салаға кіруге кедергілер
|
Ешқандай қиыншылық жоқ
|
Ешқандай қиыншылығы жоқ
|
Салаға кіруге кейбір қиын-шылықтар болады
|
Кіру өте қиын
|
Бағалық бәсеке
|
Болмайды
|
Өте жоғары деңгейде болады
|
Орташа деңгейде болады.
|
Болмайды
|
НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР МЕН ТЕРМИНДЕР
Ақша
Бәсеке
Монополия
Олигополия
Ұсыныс
Нарық
Сұраныс
Тауар
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Натуралды және тауарлы шаруашылық.
2. Ақшаның шығу тегі.
3. Нарықтың мәні мен қызметі.
4. Нарықтың құрылымы.
5. Жасырын экономика.
6. Нарық механизмнің негізгі элементтері.
7. Бәсекенің дамуына байланысты нарықтың моделі.
8. Монополия мен монопсония.
4 тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері.
Сұраныс пен ұсыныс.
Нарықтағы тепе-теңдік.
Икемділіктің түсінігі.
Сұраныс пен ұсыныстың икемділігі.
Өндірісті ұйымдастыру кезеңінде туатын негізгі:
Нені өндіру қажет?
Қалай өндіру қажет?
Кім үшін өндіру қажет?- деген мәселелер сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы шешіледі.
Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері.
Сұраныс - ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе сұраныс - төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Құндық тұрғыдан сұраныс осы қажетті тауарлардың сапасын құрайды.
Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.
Сұраныстың қисығы – бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. 4.1. графиктегі көлденең осьте - сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р) – тауардың бағасы, сұраныстың қисығы (Д).
Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады, яғни сұранысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:
1. Тұтынушылардың табысы. Табыс өскен сайын тұтынушылардың сұранысы да өседі.
2. Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын сұраныс та өседі.
3. Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі тауарлар)
4. Бірін бірі алмастыратын және бірін - бірі толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі. Егерде тауарлар бірін - бірі толықтыратын болса (автомобиль және бензин), онда бір тауар (автомобиль) бағасының өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың азаюына әкеледі. Егерде тауарлар бірін - бірі алмастыратын болса (май және маргарин), онда бір тауар (май) бағасының өсуі екінші тауарға (маргарин) деген сұраныстың ұлғаюына әкеледі.
5. Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық және тапшылық жағдайдағы өзгерістер бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі.
График 4.1.
Сұраныстың қисығы.
|
График 4.2.
Сұраныс қисығының жылжуы.
|
|
|
Бағаның өзгеру әсерінен сұраныс көлемінің өзгеруі сұраныс қисығының өз бойымен жылжуынан көрінеді
|
Бағасыз факторлардың әсері сұраныстың өзгеруіне әкеледі, ол қисық сызықтың орнынан жылжуынан көрінеді:
Оңға-жоғары ( өсуі)
Солға-төменге ( азаюы)
|
Достарыңызбен бөлісу: |