6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
№1 тапсырма
- Жүрек ишемиялық ауруы (миокард инфарктісі) анықтамасы,себебі
- Жүрек ишемиялық ауруы (миокард инфарктісі) клиникалық белгілері, емі
№2тапсырма Тест сұрақтары
1. Жүрек инфарктісінің жедел кезеңіндегі асқынуларға жатпайтындар:
А) Кардиогенді шок
В) Өкпе шемені, жүрек ырғағының бұзылуы
С) Тромбоэмболиялар
Д) Жүрек ырғының бұзылуы
Е) Дресслер синдромы
2. Жүрек ишемия ауруы дегеніміз –
А) Тәж артерияларының органикалық зақымдануы (атеросклероз, тромбоз ) немесе функционалдық бұзылуымен байланысты (спазм ) – миокардтағы патологиялық
В) Жүрек қан тамыр жүйесі артерияларының және веналарының зақымдануы
С) Жүрек қан тамыр жүйесінің инфекциялармен зақымдануы
Д) Ми ,бүйрек , жүрек қан тамырларының ішкі қабатының қабынуы
Е) Қан тамыр жүйесі артерияларының және веналарының инфекциямен зақымдануы, қабырғаларының мүжілуі
3. Жүрек ишемия ауруларына жатады:
А) Кенеттен коронарлық өлім
В) Стенокардия
С) Миокард инфарктісі
Д) Инфарктан кейінгі кардиосклероз
Е) Барлық жауап дұрыс
4. Ауырсыну синдромына карсы колданылатын дәрі-дәрмектер:
А) Нитроглицерин тіл астына (1-2 таблеткадан әр 2-3мин сайын ) наркотикалық анальгетиктер (морфин, омнопон, промедол),нейролептоанальгезия (дроперидол, фентанил )
В) Ношпа, платифилин, нитроглицерин, полиглюкин, гемодез, анальгин
С) Дроперидол, ношпа, магнезий сульфат, анальгин ,димедрол
Д) Гистамин ,кардиамин, нитроглицерин бұлшық етке , димедрол, гемодез, дроперидол
Е) Стероидты емес препараттар ,нитроксолин тобы
5.Миокард инфарктісінде мына антикоагулянт беріледі:
А)Гепарин
В)Децинон
С)Викасол
Д)Фентанил
Е)Клофелин
6.Миокард инфарктісінде қолдануға болмайды:
А)Антикоагулянттар
В)Антиагрегаттар
С)Жүрек гликозидтері
Д)Коронаролитиктер
Е)Антиаритмиялық препараттары
7.Миокард инфарктісі ұстмасы созылады:
А)20-30 минут
В)10-15 минут
С)5-6 минут
Д)1 тәулік
Е)2 тәулік
8. Симптомды артериальды гипертонияның дұрыс анықтамасын табыңыз.
А)қан қысымы көтерілуі ағзалардағы, не жүйедегі аурулармен, не олардың зақымдануларымен тығыз байланысты
В)АҚҚ-ның эссенциальды көтерілуі
С)гипертониялық ауру
Д)орталық венозды қан қысымының көтерілуі
Е)жауаптардың бәрі дұрыс емес
9. Ревматизмнін ен жиі кездесетін аскынуы
А) инфекциялы-токсикалык шок
В) жүрек ақаулары
С) гипертониялык криз
Д) жедел журек жетіспеушілігі
Е) коллапс
10. Ревматизмге профилактикалық максатта қолданатын антибиотик
А) бициллин
В) оксациллин
С) канамицин
Д) тетрациклин
Е) мегасеф
11.Эндокардит дегеніміз
А) жүректің ішкі қабатының қабынуы
В) миокардта зат алмасудың бұзылуы
С) миокардта газ алмасудың бұзылуы
Д) жүрек бұлшық етінің өлі еттенуі, некроздануы
Е) жүректің сырткы қабатының қабынуы, сұйықтықтық
12. Миокардит дегеніміз –
А) миокардта зат алмасудың бұзылуы
В) миокардта газ алмасудың бұзылуы
С) жүрек бұлшык етінің кабынуы
Д) жүрек бұлшык етінің өлі еттенуі
Е) жүректін сыртқы кабатының қабынуы
13.Перикардит дегеніміз
А) эндокардтын қабынуы, ақауларының пайда болуы
В) миокардтын қабынуы
С) жүректегі зат алмасудын бұзылуы
Д) миокардтын өлі еттенуі, некроздануы
Е) жүректін сырткы кабатынын қабынуы
14. Жүректің жүре пайда болған ақауларының жиі кездесетін себебі
А) Артериалдық гипертензия
В) Стенокардия, миокард инфарктісі
С) Ревматизм, эндокардит
Д) Созылмалы гепатит, бауыр циррозы
Е) бронхиалдык астма, бронхиттер
15. Жүрек ақаулары дегеніміз
А) Дәнекер тіндердің, соның ішінде жүрек-тамыр жүйесінің жүйелі түрде токсико-иммуналды зақымдалуы
В) Жүректің ішкі қабының эндокардтың қабынуы
С) Жүрек қақпақтарының анатомиялық өзгергендігін және оның жүрекше арасындағы, қарынша арасындағы қақпақтарының толық жабылмауын білдіретін термин
Д) Жүрек етінің күрт жиырылу қабілетінің төмендеуінен болатын жүрек ішілік гемодинамиканың бұзылуы және өкпе қан айналымының нашарлауы
Е) Жүрек етінің қажет ететін оттегісі мен оған жеткізілетін оттегі арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы әсерінен пайда болатын жүрек етінің өлі еттенуі
№3тапсырма
Рецепт жазу
Мына дәрі дәрмектерге рецепт жаз:
- Анаприлин
-Бензилпенициллин
-Бутадион
-Бициллин 5
-Корглюкон
- Кордиамин
-Курантил
-Делагил
Достарыңызбен бөлісу: |