1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі



жүктеу 3,32 Mb.
бет8/14
Дата30.01.2018
өлшемі3,32 Mb.
#8151
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

ҰТ=ЖҚӨ - МШ


мұндағы: ҰТ – ұлттық табыс,

ЖҚӨ - жиынтық қоғамдық өнім,

МШ – материалдық шығындар.

Өзінің қозғалысында ұлттық табыс төрт сатыдан өтеді: өндіріс, бөлу, айырбас және қолдану (тұтыну мен қорлану). Өндіріс сатысында ұлттық табыс барлық салада құрылатын таза өнім түрінде болады; бөлу сатысында

(және қайта бөлу немесе үлестіру) - әртүрлі бірінші және екінші табыс түрінде болады; айырбас сатысында – тауардың өндіріс құрал - жабдығы мен тұтыныс заттары түрінің жиынтығын құрайды; қолдану сатысында – қорлану мен резерв түрінде болып келеді.

Қолданудың түпкілікті фазасында ұлттық табыс екі қордан тұрады: а) тұтыну қоры; ә) қорлану қоры.Ұлттық табыс мөлшері тұрғындардың тұтыну деңгейі мен өсуі, сондай - ақ өндіріс аумағы мен оның өсу қарқынына байланысты. Ұлттық табыс жиынтық қоғамдық өнімнің шамамен 50%-ын құрайды. Ұлттық табыс қоғамның түпкілікті өнімінен амортизация сомасына кем, шамамен 8-10% болады.

Егер ұлттық табыс көлемін елдегі тұрғындар санына бөлсек, онда өте маңызды экономикалық көрсеткішті табамыз: тұрғындар өмір деңгейінің айнасы – жан басына шаққандағы ұлттық табыс.
Кейбір дамыған елдердегі басына шаққандағы ЖІӨ көлемі


Ең кедейлік деңгей

Кедейлік деңгейі

Орташа деңгей

Орташадан жоғары деңгей

Бай деңгей



Бай деңгей

725 дейін $

726-1395 $

1396-2895 $

2896-5055 $

Жан басына шаққанда 5055 $ жоғары

Жан басына шаққанды 5055 $жоғары

Индия – 0,4

Қытай – 0,6

Мозамбик – 80

Танзания – 0,1

Қырғыз-стан - 30


Гренада – 1,3

Өзбекстан – 960

Индонезия – 1,0

Қазақстан - 30




Суринам

(Оңтүстік Америка) – 2,3

Венесуэла -2,2

Турция – 2,7

Ресей – 2,5


Чили – 4,4

Польша – 3,0 Малайзия – 4,2

Бразилия – 4,3

Иран -3,5




Біріккен Араб Әмірлігі–16,7

Сингапур–28,4

Кувейт–15,8

Израиль-15,4

Оңтүстік Корея-10,2





Әлемдік қауымдастыққа енетін елдер бойынша өмір деңгейін анықтау үшін жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемін қолдануға болады. Біз көрсетіп отырған мәлімет шартты әрі өзгермелі болғанымен, тартымды екендігіне дау жоқ. Осы көрсеткіш қарастырып отырған елдердегі тұрғындардың өмір деңгейімен ғана шектелмей, қоғамдық өндірістің тиімділігін де байқатады.

Дамыған елдерде ЖІӨ өндірісі жан басына шаққанда 21 мың доллардан асып кетеді


9.3. Жалпы ішкі өнім және өзара байланысқан

көрсеткіштер жүйесі
Ұлттық өндіріс көлемін өлшеу үшін жалпы ішкі өнім көрсеткіші қолданылады. Ол барлық жылдық өнім құнының сомасын құрайды, сондай - ақ Қазақстандағы шет ел және өзінің өндіріс факторларын қолдану арқылы құралады. Оны жалпы ұлттық өнімнен (ЖҰӨ) ажырата білген жөн. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) жалпы ішкі өнімнен (ЖІӨ) осы елдегі қолданылған ресурстар табысы сомасының шет елдегіден (пайыз, дивиденд, жалақы және т.б.) артық болады.

ЖІӨ=ЖҰӨ- сыртқы экономика операция бойынша сальдо.

ЖІӨ өзіне тікелей сол елде өндірген өнім мен қызмет көрсетуді және бұл елдегі өндіріс факторын қолданғанда ғана енгізеді. Егер жапондықтарға жататын өндіріс факторын АҚШ-та қолданса, онда олардың құны ЖІӨ - ге енгізілмейді.

Бұл жағдай мұндай кезде де ескеріледі: американдық өндіріс факторы басқа елде қолданылса, олардың құны да ЖІӨ- ге енбейді (енгізілмейді). Елдегі барлық фирмалардың қосарланған құн сомасы ЖІӨ-ді құрайды. Жалпы ішкі өнім мемлекеттің барлық аумағында өндірілетін болғандықтан, сондай - ақ ол өзіне тұтыну мен инвестицияны енгізеді.

Қазақстан Республикасында ЖІӨ-нің ағымдағы бағасы 1995 жылы 992,5 млрд. теңге мөлшерінде бағаланды немесе бір тұрғынға 60,2 мың теңгеден тиді. Өзінің экономикасының ауқымы бойынша Қазақстанның ЖІӨ 1990-шы жылы 53-ші орынды алды және ол Греция, Норвегия, Венгрия, Сирия, Марокконың ЖІӨ-мен пара- пар келді. ЖІӨ-ді өндіруде Қазақстан жан басына шаққанда 1990-шы жылы Польша, Аргентина, Колумбия, Тайланд деңгейінде болды, ал АҚШ деңгейімен салыстырғанда -18,7%, бұрынғы Одақпен салыстырғанда-69,3% деңгейіді құрады.
9.1 кесте

Жалпы ішкі өнімнің ресурстары және қолданылуы (цифрлар шартты түрде)







Қолданылуы

Ресурстары







Кәсіпорын

Үй шаруашылығы

Басқа агенттер

Барлығы

Кәсіпорын


Үй шаруашылығы

Басқа агенттер

Барлығы






Басқа агенттер

Барлығы

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ)

Тұтыну


Жалпы қорлану

Сыртқы сауда



- - - -

- 450 50 500

100 50 50 200

- - 100 100



500 100 - 600

- - - -


- - - -

- - 200 200






Тауар мен қызмет көрсету операциялары

100 500 200 800


500 100 200 800



Ұлттық есеп - шот жүргізу жүйесінің келесі ең маңызды көрсеткіші жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) болып табылады. Ол экономикадағы бір жылғы тауар мен қызмет көрсетудің түпкі өндіріс көлемінің жиынтық нарықтық құнынан тұрады. ЖҰӨ-ге тек қана сондай өнім енеді, кейде өндіріс процесін мәңгі тастап кетіп, жеке және қоғамдық тұтынысқа түседі (енеді) немесе өндіріс саласына инвестициялық тауарлар (машина, ірі жабдықтар және т.б.) ретінде қайтады.

Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) есеп-шотын есептеудің мақсаты мынада:

а) қоғам экономикасының жай-күйін бақылау;

ә) экономикалық циклдың ағымдық фазасын анықтау;

б) мемлекеттік саясатты қалыптастыру. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) БҰҰ-ның методологиясы бойынша статистикалық органдар есептейді және халықаралық салыстырулар үшін қолданылады. ЖҰӨ өзіне мыналарды: негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлардың(с1) амортизациясын (тозуын), материалдық өндіріс саласының таза өнімін (v+m)және сыртқы экономикалық қызмет бойынша табысты (m)- енгізеді:

ЖҰӨ= c1+ (v+ m)+ m

ЖҰӨ- нің көмегімен еліміздің экономикалық даму деңгейі мен пропорциясын шет елдермен тікелей салыстыруға мүмкіндік туды. ТМД елдері мен Қазақстанда ЖҰӨ-ні экономикалық есептеу тәжірибесі 1988-ші жылы енгізбейді., сөйтіп ол қосымша жинақталған көрсеткіштерге (жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс және т.б.) қосылды.

Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) жиынтық қоғамдық өнімнен (ЖҚӨ) айырмашылығы сол, ол еңбек заты мен жартылай фабрикаттар құнының қайталанған есеп-шотын ендірмейді. Қайталанған есеп-шоттың енбеуін қосарланған құн көрсеткіші қамтамасыз етеді. Ол дегеніміз кәсіпорынның жалпы табысы және оның шикізат пен материалға кеткен шығындары арасындағы айырмасын көрсетеді.

9.3 кесте




Өндіріс процесінің бес сатылық жағдайындағы қосарланған құнның және сырт киімді өткізуді есептеудің мысалы (долл)

Экономикалық

процестің сатысы


Ара уақыттық баға

немесе түпкі өнім бағасы



Қосарланған құн










Есептеу

сомасы




Сомасы

1.Қой шаруашылығы

фермасы


Ара уақыттық өнім-60

60-0

60

60

2.Жүнді алғашқы

өңдеу фабрикасы



Ара уақыттық өнім-100

100-60

40

40

3.Тігін фабрикасы

Ара уақыттық өнім-125

125-100

25

25

4.Сырт киімнің

көтерме саудасы



Ара уақыттық өнім-175

175-125

50

50

5.Сырт киімнің бөлшек саудасы

Түпкі өнім - 250

250-175

75

75




Жалпы құн

(сатылған сомасы)-710



Барлығы -250




Кестеден байқағандай, барлық ара уақыттық өнім мен түпкі өнім құны 710долл. құраса, қайталанған есеп-шот-460долл., ал қосарланған құн-250 долл.

Халықаралық статистикада ЖҰӨ - ді өлшеудің негізінен екі тәсілі қолданылады:

1. Шығын немесе өндіріс бойынша;

2. Табыс немесе түсім бойынша.

Екі тәсілден бірдей болып бағаланады. Есеп - шоттың дәлдігіне қарай соңғысын ерекшелеуге болады.

ЖҰӨ шығындар бойынша осы жылғы тауар мен қызмет көрсетуді сатып алу шығындары көлемі ретінде анықтайды.

ЖҰӨ шығындар бойынша мынаған тең:

GNP= C+ I+ Y+ X
Мұндағы: GNP- жалпы ұлттық табыс,

С- тұтыну шығындары,

G- тауар мен қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алу,

I- жалпы инвестициялар,

X- тауар мен қызмет көрсетуді таза экспорттау.

ЖҰӨ табыстар бойынша осы жылғы өндірілген тауардың ақшалай табысы және қызмет көрсетуді ұсыну ретінде анықталады.

ЖҰӨ табыстар бойынша мынаған тең:
Y= W+ R + i+ P
Мұндағы Y- жалпы ұлттық өнім,

W-жалдамалы жұмысшының жалақасы,

P –фирма мен корпорацияның пайдасы,

R-ренталық төлемдер,

i-қарыз капиталына пайыз (%)

ЖҰӨ- ді номиналды және нақты деп айырады. Номиналды ЖҰӨ фактілік немесе ағымдағы бағамен өлшенеді, ал нақты ЖҰӨ көрсеткіші инфляция немесе дефляцияны (номиналды ЖҰӨ инфляция әсерінен тазарады,яғни баға индексін қолдану қажет) есептеумен анықталады.

Номиналды ЖҰӨ

Нақты ЖҰӨ = Баға индексі


Номиналды ЖҰӨ = нақты ЖҰӨ х ЖҰӨ дефляторы.

ЖҰӨ 90-шы жылдардың басында АҚШ-та ағымдағы бағада 5570 млрд. долл.құрады, ал тұрақты бағада (1982ж.) – 4154 млрд.долл. болды Баршаға белгілі жай, егер ЖҰӨ-нің жыл сайынғы нақты өсімі 4%-дан аса, онда экономиканың жағдайын дұрыс деп санауға болады, ал ЖҰӨ- нің нақты өсімі4%-дан аз болса, онда дабыл қағуға болады: бұл кезде өндіріс құлдырап, жұмыссыздық өсіп, экономика тұрақсыздыққа ұшырайды.

ЖҰӨ дефляторы = номиналды ЖҰӨ

нақты ЖҰӨ

ЖҰӨ дефляторының көмегімен өндірістің нақты көлемі баға динамикасында инфляциялық немесе дефляторлық іс-әрекет үрдісі элиминацияланады.

Тауар мен қызмет көрсету орташа баға пайызының өзгеруін - баға индексі дейміз. Индексті белгілеуді бастаған жылды базистік жыл дейміз. Базистік жылда әрбір баға индекс белгіленеді. Әр түрлі тауардың баға индекстері жинақталып тауар санына бөлінеді. Базистік жылдың баға индексі ылғи да 100-ге тең болады.

9.1 сурет
ЖҰӨ негізгі мароэкономикалық көрсеткіштерінің бір- бірімен өзара байланысы


ЖҰӨ




- -

Амортизациялық

шегеру


Сыртқы экономикалық

операциялар сальдосы






= =


Таза табыс

ЖІӨ




-

Жанама салықтар

=

Ұлттық табыс

Ағымдағы жылғы = ағымдағы жылғы рынок корзинасының бағасы

баға индексі базистік жылғы рынок корзинасының баға х100


ЖҰӨ дефляторының есеп - шотын есептеуде нарық қоржыны тек тұтыну тауарларын ғана емес, сондай - ақ мемлекет сатып алатын инвестициялық тауарлар да қосылады.

Толық жұмыстылық кезіндегі өндірілген ЖҰӨ, яғни фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық жағдайындағы ЖҰӨ- ді әлеуетті деп айтамыз.

Өндіріс көлемін өлшеу үшін таза ұлттық өнім (ТҰӨ) көрсеткіші қолданылады. Әдетте ол жойылып кеткен ірі жабдықтарды ауыстырудан тұтынуға қалған түпкі өнім мен қызмет көрсетудің сомасын көрсетеді.
ТҰӨ = ЖҰӨ - амортизация
Келесі ең манызды көрсеткіштердің бірі - өзіндік табыс. Ол салықты төлегеннен кейінгі өзіндік шығындарға жұмсалатын жалпы табысты көрсетеді. Өзіндік табысты анықтау үшін біз ұлттық табыстан корпорация пайдасы салығын, бөлінбеген пайданы және әлеуметтік сақтандыру жарнасын шегереміз, сосын таза трансферттік төлемдерді қосамыз.

Орныққан табыс деп тұрғындардың билігінде болатын табысты айтамыз.

Оның мөлшері жеке табыстан дара дербес салықты шегеру арқылы анықталады.

ЖҰӨ көрсеткішінде ресми емес және нарықтық емес қызмет түрлері ескерілмейді. Бұған - есірткі, тұрмыстағы шарап жасау, жеке сабақ беру, науқас адамдарға қарау, отбасында бала тәрбиелеу, өз үйінде ас дайындау, гараж бен саяжайды салу және т.б. жатқызамыз.

ЖҰӨ тұрғындардың әл - ауқатының өсуін сипаттайтын дәл макроэкономикалық көрсеткіш болып табылмайды. Тұрғындардың әл - ауқаттылық ұғымына қоршаған ортаның жай - күйі,қылмыстың ауқымы, еркін уақыттың көлемі мен сапасы енгізіледі. ЖҰӨ есеп - шотын есептеуде бұл параметрлер ескерілмейді. Жоғарыдағы аталған факторларды ескеру үшін «таза экономикалық әл - ауқаттылық» (ТЭА) көрсеткіші қолданылады.

ЖҰӨ
ЖҰӨ-нің

құры-лым-дық

шығындары



NX

шетелден

түскен


таза

түсімдер


Аморти

зация


Жанама

салықтар


Пайыздық және

ренталық табыс





G


ЖІӨ

жалпы


ішкі өнімді

анықтау


ТҰО

таза ұлттық

табысты

анықтау


Ұлттық

табысты


анықтау


Пайда

I




C


Өз бетінше

Айналысатын-дардың

табысы


Жалдамалы

жұмысшыларға

төлем

ҰТ-ға өндіріс



факторының үлесі

9-2 сурет. Ұлттық есеп - шот: қысқаша баяндау.


Бұл көрсеткішті ғылыми айналымға енгізген американ экономистері В. Нордхаус пен Дж. Тобин еді. Ол төмендегідей формуламен анықталады:
ТЭӘ=ЖҰӨ+КЭ+ӨКҚ+Д-Э
Мұндағы ТЭӘ- таза экономикалық әл - ауқаттылық,

ЖҰӨ- жалпы ұлттық өнім,

КЭ- көлеңкелі экономика,

ӨҚК- өз - өзіне қызмет көрсету,

Д- демалыс,

Э- экология.

Жоғарыда көрсетілген макроэкономикалық көрсеткіш-тер бір - бірімен өзара байланысты және қоғамдық өндірістің әртүрлі жақтарын сипаттайды. (сурет9-2 қараңыз).
9.4. Ұлттық байлық: құрамы, құрылымы және оны

өлшеудің тәсілдері
Ұлттық байлық жинақталған әрі нәтижелі көрсеткіштер санатына жатады және мемлекеттің экономикалық даму деңгейінің айнасы десе болады.

Ұлттық байлық - бұл материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы және осы уақытта барлығы қоғам меншігінде болады. Ұлттық байлық құрамына мыналар енеді:

а) негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар;

ә) айналмалы өндірістік қорлар;

б) материалдық резервтер мен сақтандыру қоры;

в) айналым қоры;

г) тұрғындар мүлкі.

Ұлттық байлық құрамына негізгі жер, ормандар, сондай - ақ барланған табиғи ресурстар және олар натуралды түрде есептелінеді.

Қазақстан өзінің ауқымы бойынша ұлттық байлықтың үлкен көлемін иеленген. Біздің республикада жалпы жер көлемі 222,5 млн.га мөлшерді құрайды, оның ішінде 82%-ауыл шаруашылығы жеріне жатады. Қазақстанда 21,7 млн.га орман мен табиғи егістіктер, 11 мың өзен, 7 мыңнан астам көл мен су қоймалары бар.Өсімдіктер қоры 6 мыңнан астам түрлерден тұрса, ал жануарлар әлемі алуан түрлі.

Шабындықтар мен жайылым (162млн. га) көлемі бойынша Қазақстан Австралияны (450 млн. га), АҚШ-ты (320 млн. га) және Қытайды (234 млн. га) ғана алдына жібере алады. Қазақстан пайдалы қазбалар қоры мен олардың алуан түрлері бойынша –ТМД- дағы ең бай аймақтың бірі. Минералдық ресурстар ұлттық табыстың төрттен үшін құрайды.

Бұрынғы одақтағы мұнай қорының 9%-ы Қазақстан үлесіне тиесілі болса, ал әртүрлі бағалаушылардың пайымдауынша жалпы әлемдік мөлшердегі мұнайға ТМД үлесі 6-10% құрайды екен. Қазақстанда марганец рудасы (408 млн. т) қорының 13% шоғырланған және мөлшері бойынша тек АҚШ- ты (553млн. т), Украинаны ғана алдына салады.

Қазақстан әлемде хром рудасы қоры бойынша екінші орынды иеленді және республика 1990жылы жалпы одақтағы оны өндірудің 96,6%-ын игерген. Жалпы темір рудасы қоры (16662млн. т.) бойынша Қазақстан әлемде Бразилия, Австрия, Канада, АҚШ, Индия, Ресей мен Украинадан соң сегізінші орынды иеленеді.

Вольфрам қоры бойынша әлемде Қазақстан бірінші орынды, фосфор рудасы бойынша - екінші, ал қорғасын мен молибден бойынша - төртінші орында.

1990жылы бұрынғы Одақтағы 98,2% хромит, 81,7% барит, 64,7% фосфорит, 53% вольфрам, 38,5%-қорғасын, 29,5% молибден, 28,4% мыс, 22,1% боксит, 20,1%асбест, 13%марганец, 11,9% көмір және 9,7% темір рудасының қоры Қазақстан үлесіне келеді. Уран рудасы қорының көптігі бұрынғы Одақтағы уран өндірудің 56% қамтамасыз етті. Республика жерінде Менделеев кестесінің 60-тан астам ең белгілі элементтері табылған.

Қазақстанның ауқымды табиғи байлықтарын терең білу мен тиімді игеру - экономиканы дамытудың ең басты жағдайының бірі болып табылады, сондай - ақ елдің ұлттық байлығының үздіксіз өсуінің ең маңызды екендігі де рас.

Ұлттық байлық өзінің қолданылуы бойынша былай бөлінеді:

а) өндіріс - құрал жабдығына (еңбек құрал - сайманы, шикізат, материал мен табиғи ресурстар және

ә)тұтыну заттарына (тамақ, киім, тұрғын - жай және т.б.), ал өзінің туу тегіне қарай қорланған еңбек өніміне (еңбек құрал - сайманын, шикізат, материал мен тұтыну құрал - жабдығы қорларына) және табиғи ресурстарға (жер, су байлығы, орман және т.б.). Қоғам аса дамымаса, онда оның материалдық негізін табиғи байлықтар құрайды. Ал, қоғам тым дамыса, онда оның материалдық негізін адам еңбегімен жасалған байлық құрайды.

Ұлттық байлықты өзінің құрамы бойынша екі топқа бөлуге болады: ұлттық мүлік және табиғи ресурстар. Елдерге материалдық игіліктердің заттай жиынтығы ұлттық мүлікті құрайды. Онда бұрынғы кезеңдегі барлық ұрпақ өміріндегі адамдардың қорланған еңбегінің бейнесі толық бар.

Табиғи ресурстар елдегі табиғат берген табиғи байлықтарды қамтиды. Сондықтан ұлттық байлық құрамына тек зерттелген, ескерілген және өндіріс процесіне тартылған ресурстар қоры енеді – пайдалы қазбалар, орман, су, гидроэнергоресурстар мен жер көлемі және т.б. Ұлттық байлыққа елдегі ескерткіштер, архитектуралық ежелгі құрылыстар, сурет галереясы, мұра – жай экспонаттары және т.б., алмаз бен валюталық қорлар жатады.

Ұлттық байлықтың ең маңызды элементіне өзінің құрамы мен жеке салмағы бойынша ұлттық мүлікті айтамыз, оның үлесіне ұлттық байлықтың жартысынан астамы тиесілі болады. Ол өз бойына халық шаруашылығының өндірістік және өндірістік емес қорларын, оның резервті қорын, тұрғындардың өз басының мүлкін енгізеді.

Өндірістік қорлар құрамына барлық еңбек заты мен құралдары енеді.

Олар процесс кезінде қалпына келген құралдарды игеру арқылы материалдық игіліктер процесінде қолданылады немесе қолданылуы мүмкін. Қызмет жасайтын еңбек заттары ғана ұлттық мүлікке енеді. Қоймада жатқан машина, станоктар немесе бекіту процесінде әлі негізгі қорлар бола алмайды және тек іске қосылған кезде ғана негізгі қорға айналады.

Халық шаруашылығының өндірістік емес негізгі қорларына тұрғын үй қоры мен ұлттық байлық элементтері жатады және олар өндірістік емес салаларда қолданылады (денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет және т.б.). Бұл қорлар тұтыну сипатына ие болады және тұрғындардың алуан түрлі тұтынулары мен қоғамдағы барлық өндірістік емес қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған.

Халық шаруашылығы резервтік қорының құрамына өндіріс құрал- жабдығы мен тұтыну заттары да енеді және олар кездейсоқ жағдайларда, халық шаруашылығының кейбір салалары дамуының жекелеген диспропорциясын және т.б. жою үшін резервтелген.

Ұлттық байлықтың элементіне тұрғындардың мүлкі де жатады және ол барлық ұлттық байлықтың шамамен 1\5 бөлігін құрайды. Тұрғындардың өз бастарының мүлкінің құрамына ұзақ мерзімге қолданатын заттар енеді –олар: үй - жиһазы, картина, жеңіл машиналар және т.б. Тұрғын үй, саяжайлар және басқа құрылыстар негізгі өндірістік емес қорларға жатады, ал ірі қара, омарта, ауыл шаруашылығы құрал - саймандары – негізгі өндірістік қор болып табылады.


АҚШ пен бұрынғы КСРО- ғы ұлттық табыс құрамы, %- бен





АҚШ

КСРО




КСРО

Барлық ұлттық байлық оның ішіндегі:










Негізгі өндірістік қорлар

32,4

44,2




44,2

Негізгі өндірістік емес қорлар

48,8

21,7

21,7

Тұрғындардың үй мүлкі

15,7

18,8

18,8

Басқалары

3,1

15,3

15,3

Жоғарыдағы көрсетілген мәліметтерге қарасақ, ұлттық байлықтың басты элементіне негізгі қорлар (өндірістік және өндірістік емес) жатады және олардың үлесіне елдің ұлттық байлығының көп бөлігі келеді.

Байлық динамикасының қорлану мөлшері және қор қайтарумен байланысын ұлтық байлық индексі (УБ) аша түседі, сөйтіп мына формуламен есептелінеді:

Ф П


УБ=I+ + хК,

Б Ф


мұндағы Ф- елдегі өндірістік қорлар,

БО- бастапқы кезеңдегі ұлттық байлық,

П- есептелген кезеңдегі пайда болған өнім,

К- қорлану мөлшері.

Мынандай көзқарастар бар: ұлттық байлық ұғымы материалдық емес құндылықтарды да – ақпарат, ғылым білім ауқымы, тұрғындардың мәдениет деңгейін және т.б. – қамтуы қажет. Шын мәнінде,ақпарат әлеуметтік - экономикалық процестер мен құбылыстарды моделдеу мен болжаудың негізі болып табылады. Нақты ақпарат көмегімен қоғамның экономикалық әлеуетін толық іске асыруға болады – кәсіпкерлік қызметті ақпаратсыз елестету мүмкін емес. Кәсіпкерлік қызметте экономикалық ақпараттың құны шексіз, сатылуы да мүмкін, дер кезінде өткерілмегендіктен уақыт бойынша құнын жоғалтады.Мысалы, АҚШ-та жыл сайын фирма ғылыми - техникалық ақпаратты қорғау үшін орташа10-15млрд.долл.шығын жұмсайды. Сондықтан да ақпарат өндірісінің негізі болып табылып, кез келген экономикалық жүйені дамытады және оның өсуін қамтамасыз етеді.

Ұлттық байлық өзінің аса маңыздылығына қарамай - ақ, оны біліп - бағамдаудың әлі кезге дейін қоғам тұтынысынан, экономиканың басқа да жұмыстарын жасау мәселері деңгейінен қалып отыр. Ұлттық байлықтың теориялық мәселелерін жасаудың кенже қалуына байланысты, оны болжау мен есептеудің партиялық сауалдары шешілмей отыр.

Алдағы уақытта ұлттық байлықты жетілдіру көбінесе оның сапалық жақсаруымен, табиғи байлықты тиімді игерумен, қоғамның қоршаған ортаны барынша сақтау қамқорлығымен, экологиялық қауіпсіздікті қолдау деңгейімен анықталады.


жүктеу 3,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау