Мазмұны: Маркетингтік зерттеулерді жүргізудің ұйымдық нысандары. Маркетингтік зерттеулерді өзіндік маркетингтік бөлімімен жүргізудің нысандары. Маркетингтік зерттеулерді өзіндік маркетинг бөлімімен жүргізу кезіндегі қызметтер сипаттамасы. Маркетингтік зерттеулерді жүргізу қызметтерін ұсынатын тәуелсіз зерттеу фирмалары мен компанияларын жұмылдыру және оларды таңдау критерилері
1-сұрақ. Маркетингтік зерттеуді ұйымдастырудың 2 жолы бар: өзінің Маркетингтік бөлімінің көлемі арқылы, басқарушы субъек негізінде және маркетингтік агенттік шегінде қызмет етеді. Маркетингтік бөлімнің 3 тен 1 маңызды бөлімі немесе басқару вертекалі іс-жүзінде әрбір қазіргі басқарушысының субъектісі болып табылады.
Шағын және орта бизнесте маркетолог функциясы кәсіпорында басқаруда ешқандай құралсыз жүргізіледі.
Кәсіпорын өзінің бөлімшесі бола отырып маркетингтік бөлімі зерттеу сұрақтарын шектейді.
Оған қалай қосылатыны туралы ереже:
нарық тауарларын зерттеу көлемі, өндіретін немесе өндірісіне деп жатқан фирма.
Фирма үлесі және оның нарықтағы бәсекелестері.
Жарнаманың әсер етуі тиімділігі
Өндірлетін тауарлардың және фирманың имиджі.
Фирманың ішкі құрылымдары және оның тиімділігі
Ереже бойынша маркетинг бөлімі өздерінің зерттеулерін жүргізбейді. Тұтынушының қарым-қатынас және тұтынушылық ынталандыру, орналасу шығындары, іскерлік белсенділік және әлеуметтік – экономикалық даму тенденциясы, маркетингтік зерттеу құралдары және тәуелсіз маркетингтік агенті.
Маркетингтік зерттеудің сыртқы субъектісі маркетингтік зерттеудің индустриясын құрастырады, яғни оған функциялық кіші, орта және үлкен маркетингтік агенттік, маманданған институы, ғылыми орталық және басқа да басқару субъектері.
1.Зерттеу компаниясының және фирмасының әмбебап профилі ұсынады.
Маркетингтік зерттеу сферасындағы толық ассортимент қызметі, белгілі мәселелердің бастауы, әдіс жоспары, анкета жоспары, анықталған бақылау жүргізу, жинақ мәлелеметі олардың қортындысы және интерентациясы, дайындық және есеп беру. Маркетингтік зерттеуде бұндай компаниялар және фирмалар төмендегідей қызмет көрсетеді:
-синдикаттық – ақпараттық жазылым, сұрақ арқылы жиналған, күнделікті жиналған және есеп жүргізу арқылы жиналған мәлеметтерді көрсету. Сонымен қатар оған зерттеудің «омнибустық» түрі кіреді , ал белгіленген респонденттерді тұрақты негізде бөлек тұтынушылар тобының немесе мақсатты орналасу тобының өз пікірлерін айту негізі. Бұл зерттеуде анкета өзіне 2 немесе 3 сұрақты қосады, жоспарланған 10 немесе 15 тұтынушы болады, сонымен қатар оған қосымша сұрақтар қойылады. Жынысы, жасы, табысы, алған білімі, отбасылық жағдайы, отбасындағы бала саны;
-стандарттық – стандарттық әдіс арқылы компания және фирмаларға маркетингтік зерттеу жүргізеді. Ақпаратты өзара салыстырады, олардың нәтижесін күнделікті аналитикалық талдау арқылы толтырылады. Мысалы, стандартық қызмет стандарттық әдіске айналу арқылы мынадай тақырыпты қарастырады, жарнаманың көрсетілу тиімділігі, Қазақстанның интернет желісі, тұтынушыларға тауар және қызмет көрсету, нарықты стандарттық зерттеу және т.б. Бұл қызметтер синдикаттық қағидаларда қолданылады;
-тапсырыстық- бұл жеке маркетингтік зерттеу, яғни жеткізуші арасындағы маркетингтік мәселе. Олар тұрақты жүргізуші арқылы пайда табады. Мысалы, мынадай негізде жүргізіледі, жарнамалық сұрақтар, тауарға ұсыныс және сұрау жүргізу құрылымы және көлем бағасы және т.б. қарастырлады;
-internet- қызмет – internet желісі арқылы онлайындық маркетингтік зерттеу компания және фирмаларға зерттеу жүргізеді.
2.Зерттеу компаниясының және фирмасының шектеулі жиынттық қызметі шектеуі маманданған ассартиментті қызмет түрлерін көрсету, яғни бұл бір немесе бірнеше маркетингтік зерттеу кезеңдерінен тұрады. Олар мыналар:
- далалық зерттеуді жүргізу – сандық және сапалық әдістердің алғашқы ақпараттың әртүрлі маманданған түрлерінің жиыны.
- кодтау бойынша мәліметтерді енгізу – кодтардың және мәлеметтерінің мамандануы, яғни анкеталық сұрақтардың толтырылуы, компьютерде жинақталған кодтық және жинақталған сандық және схемалық мәлеметтерді өңдеу.
- аналитикалық қызмет – қазіргі әдістердің аналитикалық әдісі және басқа да маманданған эксперименттік маркетингтік зерттеу, яғни бұған жоспарланған анкеталық сұрақтар, анықталған мәлемет әдістері жатады.
- анализдік мәлеметтер бойынша қызмет – қазіргі статистикалық әдістердің сапалы компьютерлік анализдің мәлеметтерін қолдану.
Маркетингтік зерттеудің ұйымдастыру формасы ұйымның орналасқан бөлігін анықтайды және компанияның құрылымын ұйымдастырады. Маркетинг бюджеті шектеулі үлкен емес фирмаларда, маркетингтік зерттеу өздерінің күштері арқылы жүргізіліп, өздеріне қажетті ақпартты зерттеу.
Бағалардың таңдау үшін ұйымдастыру формасы келесідей критерилерді пайдаланады: зерттеу бағасы, техникамен қамтамасыз ету, өнімнің маңыздылығын білу, шынайы зерттеу, олардың өткізілу тәжірибесі, коняеденциалдық.
12. Тақырып: Маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру және этика
Мазмұны:Маркетингтік зерттеулерді жүргізудің ұйымдық нысандарының құн, зерттеулерді жүргізу тәжірбиесі, объектінің ерекшеліктерін білу. Маркетингтік зерттеулерге қатысушылардың қарым қатнасы.: қоғам, респонденттер, зерттеушілер, клиенттер. Олардың этикалық мәселелері. Маркетингтік ззерттеулерге қатысушылардың функционалдық міндеттемелері.
Маркетингтік зерттеулердің этикалық кодекстері: ESOMAR, Американдық маркетинг ассосациясы және т.б. Маркетингтік зерттеуге қатысушылардың қарым – қатынасы.Құрылымдық формасына қарамастан маркетингтік зерттеулер жүргізу кезінде идентивикация, талдау, жинақтау жүргізіледі және жаңа немесе бұрыннан бар ақпараттың таралуы, сондай – ақ осы просеске басқада кқптеген адамдар қатысады – қоғам, тілшілер, зерттеушілер және клиенттер. л адамның әдебін көрсетеді. Әдеп нақты іс-қимылдың дұрыс немесе дұрыс еместігін, жақсы және жаман екендігін анықтайды. Маркетингтік зерттеу жүргізу кезінде сақталатын 5 негізгі факторлар бар:
Этикалық шешімдердің көбінің нәтижелері ұзаққа созылуы мүмкін.
Этикалық шешімдердің жаман және жақсы болатын жағдайлар аз. Жалпы 2 жақтыңда дәрежесіне қарай қолдануға болатын альтернативтер болады.
Альтернативтер бағалайтын адамның көзқарасы бойынша жақсы әсерлі және кері әсерлі нәтижеде болады.
Нәтижелер – кері әсерлі немесе жақсы әсерлі екенін әрқашан анық емес болады.
Этикалық шешімнің көбі біреудің персоналды қатыстылығын көрсетеді. Бұл шығындардың көптеген түрлеріне әкелуі мүмкін: жеке, қоғамдық, қаржылық және т.б.
Қызығушылық танытып отырған екі жақпен байланысты этикалық сұрақтарды қарастырайық.
56 кестеде көріп тұрғандай, бірінші қызығушылық танытып отырған жақ қоғам, маркетингтік зерттеуді тауар және қызметтің сапасы туралы ақпарат көзі ретінде қабылдайды. Бұл жағдада этикалық сұрақтар ақпараттар алу және зерттеу нәтижелерін көрсету әдістерін қолдайды.
Маркетолог зерттеуші немесе тапсырыс беруші – клиент айыбы бойынша этикалық нормалар бұзылса дұрыс емес ақпарат беру жолы арқылы қоғамдағы адамның маркетингтік зерттеуге және оның нәтижелеріне сенімі төмендейді. Мұндай жағдайлар болмауы үшін зерттеуші мен клиентке маркетингтік зерттеумен оның нәтижесінің дәлдәгәне кепіл беруі тиіс және есеп жасау кезінде абай болуы керек: ол толық болуы керек, адастырмауы тиіс.
13. Тақырып: Маркетингтік зерттеулерді жүргізудің жалпы әдістері.
Мазмұны: Кеңселік зерттеулер әдісі: анықтамасы, негізгі көздері, қолдану шарттары, артықшылықтары мен кемшіліктеріКеңселік зерттеу кезіндегі ақпаратты талдау түрлері: дәстүрлі (классикалық) және ақпаратты-мақсаттық.
Біздің бәріміз тұтынушымыз. Біз күнделікті тұтынатын тауарларды сатып алып жатамыз, яғни сатып алу кезінде біздің саудаласуымызға, сатып алу жөніндегі шешімге келуімізге әртүрлі жағдайлар әсер етеді. Осының барлығы қазіргі таңда маркетингте толығымен зерделеніп, қорытылады да белгілі бір тауарларды сатуға, оларды жылжытуға және де осы мәліметтерді алуан түрлі қолдануға мүмкіндік береді. Бірақ маркетингілік зерттеудің барлығы бірдей табысқа жетелейді десек қателесер едік. Кейде жан-жақты зерттеулердің өзі де үлкен шығындарға соқтыратын кездері де болады. Дегенмен, Фома Аквинскийдің сөзі осындайда ойға келеді. Ол ойшыл былай деген екен: «Егер де кеме капитанының мақсаты кемені аман сақтау болатын болса, онда ол кемені жағалаудан шығармас еді». Сондай-ақ біздер де маркетингілік зерттеулерді ұштай түсуіміз керектігі күмән тудырмаса керек.
Маркетинг — экономикалық дамудың өзекті проблемаларын жан-жақты талдай отырып, бүгінгі таңдағы уақыт талабына сәйкес келетін әрі келешекке бағыт сілтейтін қызмет түрі болып табылады.
Маркетинг концепциясының жаңалығы мен құндылығы сонда, ол экономиканың негізгі құрамы: өндірісті, сауданы және адам тіршілігінің мұқтажын өзара ынталы әрі біртұтас қарым-қатынаста қарастыруға саяды.
Ал маркетингтің мақсаты нарықтық экономикалық және шаруашылық коньюнктураны зерттеу, тұтынушылардың нақты сұранысын анықтау мен оларды материалдық тұрғыдан ынталандыру, басқару саласына қатысты қабылданатын шешімдермен қамтамасыз ету, кәсіпорындардың жұмыс бағдарламаларының дұрыстығын дәлелдеу. Қорыта айтқанда, маркетинг — тауарға деген мұқтаждықты тауар алмасу арқылы қанағаттандыруға бағытталған қызметтің өмірлік маңызды түрі. Маркетингтің, әлеуметтік негізі - халықтық төлеу қабілетіне қарай сұранысын өтеу болғандықтан, оның қалайда адам мүддесіне қатысты екендігі байқалады.
14.Тақырып: Маркетингтік зерттеулерді жүргізудің жалпы әдістері.
Мазмұны: Нарықты нақты орнында (далалық) зерттеу, сынама сатулар, жеке іскерлік байланыстар: мәні, артықшылықтары мен кемшіліктері.
Сатып алушыларды зерттеу, оларды сатып алуға апаратын негізгі себептерін анықтау және тұтынушылардың құлықтарын талдау ісі қазіргі рынокта табысты жұмыс істеудің қуатты құралы болады. Сатып алушыларды терең түсінудің өзі фирмаға кең мүмкіндіктер жасайды, атап айтқанда:
• әлуетті тұтынушылармен қарым-қатынасты жақсартады,
• олардың қажеттерін болжауға көмектеседі,
• сұранысы көбірек тауарларды шығаруды қамтамасыз етеді,
• тұтынушылардың мұқтажын түсініп, оны қанағаттандыру арқылы олардың сеніміне ие болады,
• тиісті маркетинг стратегиясын тауып, жүргізуге көмектеседі.
Маркетинг көзқарасына сәйкес тұтынушыларды екі топқа бөлуге болады:
1) түпкі тұтынушылар тауарды өзіне тұтыну үшін алатын тұтынушылар;
2) кәсіпқой тұтынушылар тауарды өндіру процесінде қолдану немесе басқаларға сату үшін сатып алушылар.
Осы екі түрлі тұтынушылар тобының қылықтары әрқалай болады.
Маркетингті тиімді іске асыру үшін фирма барлық күштерін тұтынушының қажетін қанағаттандыруға шоғырландыруы тиіс. Ал адам қажеттері жиі өзгеріп тұрады. Сол өзгерістерге неғұрлым икемді бейімделген кәсіпорындар ғана рынокта көп уақыт сәтті өмір сүре алады. Сондықтан тұтынушыларды зерттеудің маңызды бағыты олардың қажеттіліктерін неғұрлым толық, "түгендеу", талдау, даму бағытын анықтау болады.
Тұтынушылардың бір-бірінен жас жағынан, табыс деңгейі және білімі бойынша көшіп-қонуға бейімділігі және ұнату қабілеттері бойынша өте айырмашылықтары болады. Нарық қайраткерлері әртүрлі тұтынушылар топтарын ерекшелеп және осы топтардың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған тауар шығаруды һәм қызмет көрсетуді жөн көреді. Егер нарық сегменті өте үлкен болған жағдайда, кейбір фирмалар бұл сегментте қызмет атқаратын бөлек маркетинг бағдарламасын дайындайды. Айрықшаланған тұтынушылар топтарының екі мысалын келтірейік.
15.Тақырып: Бақылау жүргізу әдісі.
Мазмұны: Бақылау ұғымы және оны қолданудың жағдайлық сипаттамалары. Бақылаудың негізгі түрлерінің жіктелуі. Бақылау әдістерінің жіктелуі. Жеке бақылау: түсінігі, бақылауды тіркеу карточкасын әзірлеу.
Негізгі мәселе фирманың маркетингтегі әртүрлі түрткі болатын әдістеріне тұтынушылардың қалай жауап қайтаратынын білу болып табылады. Тұтынушылардың тауардың түрлі сипаттамаларына, бағасына, жарнама дәлелдеріне қалай жауап қайтаратынын дұрыс түсінген фирманың бәсекелестерімен салыстырғанда орасан зор басымдылығы болады. Сондықтан да әрі фирма, әрі ғылыми қызметкерлер өздерінің көп әрекеттерін маркетингтің түрткі болатын факторларымен оған тұтынушылардың қарсы жауаптарының байланысын зерттеуге жұмсайды. Осы аталған әрекеттердің бастапқы нүктесі 1-суретте көрсетілген. Онда маркетингтің түрткі болу факторларының және басқа қоздырғыштардың тұтынушы санасының "Қара жәшігіне" қалай кіріп, пікір пайда болатыны көрсетілген.
Ержеткен жастар бірқатар себептерге байланысты тартымды нарықтар қатарына жатады: 1) Олар жаңа тауарларды сынақтан өткізуді дұрыс көзқараста қабылдайды. 2) Ақшаны жинағаннан гөрі жұмсағанға көбірек мән береді. 3) Сатып алушы роліндегі уақыты ұзағырақ.
Осындай жағдайда кәрі адамдардың, әйелдердің, субнарықтарын зерттеп, олардың әрқайсысына мақсатты бағыттағы маркетинг бағдарламаларын (бәсекелестік күрес көзқарасы бойынша) дайындау керектігін немесе керек еместігін анықтауға болады.
Тұтынушылардың қажеттіліктері. Адам қажеті дегеніміз жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың, отбасының және жалпы қоғамның өмір сүруін және дамуын қамтамасыз ету үшін белгілі заттарға, немесе қызметтерге мұқтаждық деген сөз. Рынок жағдайында адам қажеті оның төлей аларлық сұранысы ретінде әйгіленеді. Қажеттілік құрылымы жөнінде толық біліп отыру үшін оның дамуына әсер ететін факторларды анықтау керек. Ол факторларға ұлттық, тарихи, рухани, географиялық, саяси, көптеген т.б. факторлар жатады.
Кәсіпорын өзінің тауарымен қанағаттандыра алатын қажеттіліктің даму болашағын анықтау жұмысы маркетингтік зерттеуде аса зор орын алады. Өйткені ол жұмыс тауарды тұтыну мүмкіндіктері мен көлемін және рыноктың даму серпінін болжауға мүмкіндік береді.
Тарихи орнына байланысты қажеттерді бұрынғы, қазіргі және болашақтағы түрлеріне бөлуге болады. Қажеттерді осы түрлеріне бөлудің негізгі мақсаты жаңа пайда болған қажеттермен қатар болашақта болатын қажеттерді дер кезінде анықтау үшін жасалады.
Кәсіпкерлік
Тақырып 1: Кәсіпкерлік: түсінігі, оның негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары
Кәсіпкерліктің мәні. «Бизнес» және «кәсіпкерлік» түсініктеріндегі айырмашылықтар. Кәсіпкерліктің экономикадағы орны. Кәсіпкерліктің мақсаты мен міндетттері. Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері, олардың құқықтары мен міндеттері.
Кәсіпкерліктің негізгі түрлері мен салалары.
Кәсіпкерліктің негізгі ұйымдастырушылық нысандары – жеке және ұжымдық. Жеке кәсіпкерлік – азаматтардың немесе бір жанұяның кәсіпкерлік түрі. Жеке кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері.
Ұжымдық кәсіпкерліктің негізгі нысандары: ұйымдастырушылық – құқықтық және ұйымдастырушылық – экономикалық.
Тақырып 2: Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау
Кәсіпкерлікқызметті жоспарлау үрдісі: мәні және оның жүзеге асыру сатылары. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау үрдісінің ұйымдастырушылық факторлары.
Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау түрлері.
Бизнес – жоспар кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асыру жоспары. Бизнес – жоспарды құру әдістемесі және жасап шығарылуы.
Тақырып 3:Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру
Кәсіпорынның қаржылық ортасы. Кәсіпкерлік қызметтіқаржыландыру көздері. Кәсіпкерлік келісімдерді несиелеу. Лизингтік операциялар. Кәсіпкерліктегі факторинг. Кәсіпкердің ұйымындағы қаржылық ресурстарды жоспарлау.
Тақырып 4:Кәсіпкерлік ұйымдарды кадрлық қамтамасыз ету
Кадрлық қамтамасыз етудің мәні. Потенциалды еңбек ұжымына қойылатын талаптарды қалыптастыру. Жаңа персоналды іздеу каналдары және оны таңдау әдістері. Еңбек келісім – шартына қол қою.
Кәсіпкерлік қызметте еңбек ресурстарын жоспарлау. Жұмысшылардың қызметін бағалауды өткізу әдістері.
Тақырып 5:Кәсіпкерлердің шаруашылық серіктестерімен келісімдік қатынастары
Кәсіпкерлік келісімдер және оның түрлері. Келсімшарт – кәсіпкерлік (коммерциялық) келісімдерді өткізудің негізгі құжаты. Келісімшарттың негізгі нысандары және олардың мазмұны. Сатып алу – сату келісімшартына қойылатын негізгі талаптар. Келісімшарттың негізгі туарларының сипаттамасы.
Тақырып 6:Кәсіпкерлік мәдениет
Кәсіпкерлік мәдениеттің мәні мен мағнасы. Кәсіпкерлікұйымдардың мәдениеті. Іскерлік және кәсіби этика. Іскерлік қатынастар – кәсіпкерлік мәдениеттің маңызды бөлігі. Бизнесменнің негізгі ерекшеліктері.
Тақырып 7:Кәсіпкерлік құпия және оны қорғау әдістері
Кәсіпкерлік құпияның мәні. Кәсіпкерлік құпияның түрлері: өнеркәсіптік, ғылыми – техникалық, технологиялық, коммерциялық. Кәсіпкерлік құпияны құрайтын мәліметтердің құрамы мен көлемі. Кәсіпкерлік құпияға кірмейтін мәліметтер жиынтығы. Кәсіпкерлік құпияның шекалары. Коммерциялық құпия жарияланған жағдайдағы кәсіпорынның шығындары. Коммерциялық құпияға кіретін мәліметтерді анықтау бойынша ұсыныстар. Кәсіпкерлік құпияны қорғау бойынша шаралар жүйесі. Құпияның жариялануына әсер ету шаралары.
Тақырып 8:Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдіктер
Кәсіпкерлік(шаруашылық) тәуекелдің мәні. Тәуекелдер мен жоғалатулардың түрлері, олардың жіктелуі. Тәуекелді тудыратын факторлар.
Тәуекелді бағалау әдістері: статистикалық, эксперттік, есептеу – талдаулық. Тәуекелді басқару үрдісі мен әдістері.
Тақырып 9:Кәсіпкерлік қызметтінің инфрақұрылымы
Кәсіпкерлікинфрақұрылымының мәні мен ерекшеліктері. Шағын бизнес орталықтарының кәсіпкерлік инфрақұрылымының институты ретінде қалыптасуы мен құрылуы. Шағын кәсіпкерлікке ақпараттық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік субъектілер кеңес берушілік, заңды және коммуникативтік қызмет көрсету. Кәсіпкерлік кадрларды дайындау және бизнестің оқу – кеңес берушілік орталықтарының дамуы.
Тақырып 10:Кәсіпкерлік қызметсубъектілерінің жауапкершілігі
Кәсіпкерлер жауапкершілігінің мәні мен түрлері. Кәсіпкерлер жауапкершілігінің пайда болу шарттары. Кәсіпкерлердің қылмыстық жауапкершілігі. Кәсіпкерлердің әкімшілік жауапкершілігі. Кәсіпкерлермен өз міндеттемелерінің орындауын қамтамасыз ету әдістері.
Кафедра меңгерушісі: Л.И. Мергалиева
Факультет деканы: Г.И. Нестеренко
Достарыңызбен бөлісу: |