|
1. Статиканың негізгі ұғымдары. Механикалық қозғалыс, күш, күштер жүйесі, баламалы күштер жүйелері, тең әсерлі және теңгеретін күштерНүкте динамикасының негізгі ұғымдары мен аксиомалары. Материялық нүкте қозғалысының дифференциалдық теңдеулері
|
бет | 10/22 | Дата | 27.12.2022 | өлшемі | 0,96 Mb. | | #40798 |
| 1. Статиканы негізгі ымдары. Механикалы оз алыс, к ш, к ште12. Нүкте динамикасының негізгі ұғымдары мен аксиомалары. Материялық нүкте қозғалысының дифференциалдық теңдеулері.
Динамика – материалдық денелердің өзара әсерлесуіндегі қозалысты ж/е сол қозғалысты жүзеге асыратын күштерді анықтауды қарастырады, сонымен қатар динамика есебін шешуде денелердің өлшемдері, массалары және оған әсер ететін күштер ескеріледі.
Материалдық нүкте – тұрақты массалы дене және есептің шарты бойынша сол денедегі ұзындық өлшемдер және траекториясы, жылдамдығы, үдеуі, әртүрлі болатындығын (дене нүктелерінің) ескермейміз.
1-ші Аксиома. Инерция принципі. (Ньютонның бірінші заңы) – шектелген нүкте тыныштық күйде н/е бірқалыпты, және бір түзумен қозғалатын болады.
Шектелген нүкте деп материалдық нүктені айтады және ол бaсқша денелермен әсерлеспейді және басқа күштер әсер ететін болса, онда ол күштер өзара теңгерілген болады. (теңгерілген ~ 0, 0-ге эквивалент)
Санақ жүйесінде инерция принципі орындалса, ол жүйені инерциялдық санақ жүйесі деп атайды.
2-ші Аксиома. Динамиканың негізгі заңы. (Ньютонның екінші заңы) – материaлдық нүктeге әсер eтeтiн күш сол нүктеге үдеу береді және инерциялық санақ жүйесінде күштің шамасына пропорционал болады, сонымен қатар бағыттары бағыттас болады: F=ma (1)
3-ші Аксиома. Әсер және кері әсер заңы – екі материалдық нүкте бір-біріне осы нүктелерді қосатын түзу бойымен қарама-қарсы бағытталған, модульдері (шамалары) тең күштермен әсер етеді, яғни: (F_1 ) =-(F_2 )
4-ші Аксиома. Күштер әсерлерінің тәуелсіздік заңы – егер материалдық нүктеге бірнеше күштер әсер етсе, онда ол нүктенің үдеуі сол күштердің туғызатын үдеулерінің қосындысына тең болады. Яғни, материалдық нүктеге F_1... F_n күштері әсер етсін және бұл күштер әсерінен сәйкес а_(1 )...〖 а〗_n үдеулері туындасын, олай болса бірінші формуладан алатынымыз: m(a_1+⋯a_n )=F_1+⋯F_n н/е күштердің тәуелсіздік заны негізінде алатынымыз:
ma=F_1+⋯ F_n=∑_(k=1) nF_k
Яғни, материалдық нүктенің қозғалысын жүзеге асыратын F_1... F_n күштері олардың геометриялық қосындысына тең болатын бір күшпен алмастыруға болады. (күшіміз тең әсер күші болып табылады, ол бас вектор)
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|