Сабақтың тақырыбы: Нысан және оның қасиеттерi (атауы, түсi).
Сабақтың мақсаты:
Ақпарат түрлерiн қайталау.
Нысанның ұғымын түсiндiру.
Нысан қасиеттерi (атауы, түсi) туралы ұғымды қалыптастыру.
Нысанды түр-түсiне қарай қабылдау, елестету мен назар аудару жөнiнде мағлұмат беру.
Әдiстемелiк нұсқау:
Сабақтың бiрiншi бөлiмiнде ақпарат түрлерiн қайталау ұсынылады. Жедел-сұрақтар түрiнде оқытуда оқушылардың ынтасын арттыру барысында сергiту жаттығуларын беруге болады:
Кiм «Мяу» дедi? Оқушы «Мысық» деп жауап бере отырып, ақпарат түрлерiнiң бiрiн атайды. Мәселен, «Дыбыстық ақпарат».
Қандай доп екенiн қалай бiлуге болады? Оны ұстау керек. Резіңкелі. Сипап сезу ақпараты.
Қуырылған картоптың иiсi шығады. Бұл – қандай ақпарат? Иiс сезу ақпараты.
Лимон ащы? Дәм сезу ақпараты.
Парта үстiнде кiтап жатыр. Көру ақпараты және т.б.
Жаңа материал әңгiме түрiнде түсiндiрiледi. Бұл сабақта нысан ұғымы, оның атауы және қасиеттерiнiң бiрi ретiнде түс алынатындығы туралы жалпы ұғымдар берiледi. Аталған материалдарды беру арқылы оқушының ұғымдарды есте сақтауға байланысты ойлау қабiлеттерi қалыптасады. Соның нәтижесiнде талдау, салыстыру, жалпылау сияқты ойлау жүйесi дамиды.
Жаңа материалды бекiту барысында геометриялық денелер мен олардың түстерiн анықтау туралы мысалдар берiледi.
Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:
Балалар, сендер жансыз (доп, кiтап, парта, компьютер және т.б.) және жанды заттарды (мысық, құс, адам және т.б.) ажырата бiлдiңдер. Осы аталған затты бiз бiр сөзбен айтқанда, нысан деп атайтын боламыз. Нысан ретiнде ертегiнi, математикалық есептердi және күнделiктi салып жүрген суреттерiңдi де алуға болады. Әрбiр нысанның өзiндiк аты, мысалы, шаршы, дөңгелек, үшбұрыш. Сонымен бiрге нысанның өзiндiк қасиетi бар. Сол қасиеттерiнiң бiрi – түс. “Доп” заты қызыл, көк және жасыл түстi болуы керек. «Гүл» ақ, сары, күлгiн болуы мүмкiн. Жасыл түстi нысанға мысал келтiр (жапырақ, шегiртке, бақа, қалтырауын).
6-сабаққа арналған тапсырмалар:.
Заттарды қажеттi түспен боя.
Артық нысанды сызып таста. Қияр мен қызанақ.
Түстерi бiрдей заттарды қос.
Шарларды боя. Шар түстерi алмасады: қызыл, көк, жасыл және т.б.
Суреттері бірдей өрнектерді тап.
Ойыншықтарды үлгi бойынша боя.
Кемпiрқосақтың әрбір түсiне сәйкес заттарды таңда.
Гүлдердi, үшбұрыштарды және көбелектерді толықтырып боя: гүлдi – қызыл, үшбұрышты – жасыл, көбелектi – сары түстермен. Әрбiр жол мен бағанда Нысан түстерiнiң қайталанбайтынын оқушылармен талқыла.
7-сабаққа арналған тапсырмалар:.
Қандай жемiстер жасыл, қызыл, сары түстi болуы мүмкiн? Суретін сал.
Нысандар тобын ата: ЫДЫСТАР, ЖЕМIСТЕР, ҚҰРАЛДАР, АҢДАР, БАЛЫҚТАР, ГҮЛДЕР.
Сенiң атың кiм? Егер балалар аттарын жазуға қиналса, онда жаттығуды ауызша өткiзуге болады.
Көктем мен күз мезгiлдерiнде жапырақтардың түсi қандай болатынын анықта: көктемде – жасыл, күзде – сары.
Жұмбақты шеш.
Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу балпандап. (Балапан)
Аспаннан түсті ақ мамық (Қар)
Жауыннан соң қаптаған
Тұздап алып, сақтаған (Саңырауқұлақ)
Сергiту сәтi
8-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Өткен материалдарды қайталау арқылы оқушылардың бiлiмiн бекiту.
Тапсырмалар:
Әлім қандай дыбыстарды естiдi? Жұмыс дәптерiнiң бос жолына жауаптарыңды жазыңдар. Оқушылар «дыбыстық» сөзiн жазуы керек
Аруна қандай ақпараттар алды? Жұмыс дәптерiнiң бос жолына жауаптарыңды жазыңдар. Оқушылар «көру» сөзiн жазуы керек.
3. Сөздердi сәйкес нысандармен қос. Суреттегi нысан дәмдiк және иiстiк ақпараттар туралы мағлұмат бередi.
4. Келесi денелердің суретін сал.
а) дөңгелектi.
б) оң жақтағы жалауды.
5. Қатарды жалғастыр. Пирамиданың 4, 5 сақинасын толықтырып сал.
6. Не артық? Сәбiз.
7. Қатарды жалғастыр. Үшбұрышты сары, көк, қызыл қарындашпен бояу керек.
8. Толықтырып боя. Әрбiр жолда және бағанда гүлдер алмасқан. Шаршыны сары түспен бояу керек.
9-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Компьютермен танысу. Техника қауiпсiздiгi және компьютерлiк сыныпта тәртiптi сақтау ережелерi.
Сабақтың мақсаты:
Компьютердi және оның бөлiктерiн түсiндiру.
Компьютердiк сыныптағы тәртiптi сақтау ережелерiмен таныстыру.
Көз жаттығуларымен таныстыру.
Әдiстемелiк нұсқаулар:
Компьютердiң мәнi туралы оқушыларға әңгiмелеп беру. Компьютердiң негiзгi құрылғыларымен оқушыларды таныстыру: жүйелiк блок, монитор, пернетақта, тышқан. Бұл сабақ барысында компьютер құрылғыларын толықтай сипаттаудың қажет емес. Жұмыс дәптерiндегi компьютердiң негiзгi құрылғыларына қарап, берiлген суреттердi бояңдар.
Содан кейiн жұмыс дәптерiнде берiлген компьютер сыныбында сақталатын тәртiп ережелерiн қараңдар да, компьютермен жұмыс жасаудың техника қауiпсiздiгi ережелерi бойынша әңгiме өткiзiңдер. Көз жаттығуларын жасаңдар.
Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:
Балалар! Компьютерлер өте көп. Әрине, бiз онымен ойнай аламыз, ән тыңдаймыз, оның көмегiмен түрлi-түстi боялған суреттер саламыз, есептер шығарамыз ертегiлер басып шығара аламыз. Егер сен дұрыс бұйрық берсең, онда оны компьютер дұрыс орындайды. Сонымен бiрге жаңа пәндi меңгеру барысында компьютер бiзге көмекшi болады.
Компьютер неден жасалған және ол қандай бөлiктерден құралған? Компьютер - өте күрделi құрылғы. Оның құрамына жүйелiк блок, монитор, пернетақта және тышқан енедi. Аталған құрылғыларды бiлсе де жеткiлiктi. Тышқан – екi немесе үш батырмалардан тұратын кiшкене сұр құрылғы. Бұл батырмаларды бiр немесе екi рет шертуге болады. Екi рет тез басқан кезде онда қажеттi программалар немесе файлдар ашылады. Егер тышқан көрсеткiшiн қандай да бiр нысанаға апарып, оны жiбермей, басқа орынға апарып бiр орыннан келесi орынға жылжытуға болады.
Суретке назар аударсақ, онда Арунада 3 батырмалы, ал Әлімде екi батырмалы тышқан бар екенiн байқаймыз. Оның бiр батырмасы “сол жақ”, ал келесi батырмасы “оң жақ” деп аталынады. Аруна сол жақ батырманы жасыл түске, ал Әлім оң жақ батырманы сары түске бояп қойды. Тышқан өзiмен дұрыс қарым-қатынас жасағанды жақсы көредi. Ал егер оны қалай болса солай ұстап, онымен жұмыс жасаудың ережелерiн сақтамайтын болсақ, онда ол тез iстен шығып қалады да, сенiң жасайтын әрекеттерiңiздi дұрыс орындамайды. Егер сен тышқанмен жұмыс жасайтын ережелердi дұрыс сақтасаң, онда ол сенiң әрекеттерiңдi дұрыстап орындап бередi және сенi тыңдайтын болады. Ендi оны дұрыстап ұстауды үйренейiк. Суретте көрсетiлгендей етiп, алақаныңызды тышқан үстіне қойыңыз. Сұқ саусағыңды “сол жақ” батырмаға, ал ортаңғы саусақты “оң жақ” батырмаға тигізіп ұста. Үлкен саусақ пен кiшкентай саусақ оның қырынан қысып ұстайды.
Компьютер құрамына мәлiметтердi енгiзуге негiзделген пернетақта құрылғысы енедi. Пернелердi басу арқылы түрлi ақпараттарды бiз компьютерге енгiзе аламыз. Мәтiндiк ақпарат, сурет, фотография монитор деп аталатын құрылғыда бейнеленедi. Жүйелiк блоктың алдыңғы бөлiгiнде компьютердi iске қосу батырмасы, сонымен бiрге онда негiзгi бөлiктер, атап айтқанда, процессор, жады және т.б. орналасқан.
Балалар, Сiзде компьютермен жұмыс жасаған кезде техника қауiпсiздiгi ережелерiмен қатар тәртiптi сақтау ережелерiн де есте сақтағандарың дұрыс: электр сымы мен ажыратып қосқышты тиiспеу, сыныпта жүгiрмеу, компьютер жанына артық заттарды қоймау, ылғал қолмен және киiммен жұмыс жасамау, компьютер алдында қисаймай тiк және монитор экранынан 50 см қашықтықта отыру.
Жұмыс дәптерiндегi көздiң шаршағандығын басуға арналған жаттығуға назар аударыңдар. Аруна мен Әлім көздерi шаршамас үшiн не iстейдi? Аруна көзiн бұлшық етiне салмақ түсiре отырып 1 – 4 рет қатты жұмады да, содан кейiн көзiн ашады. Көздiң бұлшық етiне көп салмақ түсiрмей, 1 – 6 рет алысқа көз тастайды. Аталған әрекеттердi еске сақтап, қайталап көрейiк. Әлім көзi шаршамас үшiн не iстедi? Әлім 1 – 4 рет алысқа көз тастады, содан кейiн көздi ашып, 1 – 6 рет алысқа қарайды. Оқушылар осы әрекеттердi де еске сақтап, қайталайтын боламыз.
Тапсырмалар:
Аруна мен Әлім компьютер сыныбында. Суретте қандай жағдайлар бейнеленгенiн оқушылармен талқылау.
Көзге арналған жаттығуларды қайталау.
Сергiту сәтi:
Достарыңызбен бөлісу: |