1-сыныпта “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пәнiн оқытуға арналған күнтiзбелiк-тақырыптық жоспарлау



жүктеу 0,49 Mb.
бет8/8
Дата22.05.2018
өлшемі0,49 Mb.
#15925
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

25-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Жиын

Сабақтың мақсаты:

  1. Жиын ұғымы мен оның элементтерiн енгiзу.

  2. Жиынға енетiн элементтердi анықтауды үйрену.

  3. Берiлген қасиеттерi бойынша жиын элементтерiн бөлiп алуды үйрету.

  4. Жиынмен жұмыс жасау барысында оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Жиын деген ұғым математика мен информатика саласының маңызды түсінігі болып табылады. Жиын элементтерден құралады. Жиын туралы формальды талдау жүргiзу үшiн бiзге мынадай үш шарт көмектеседi:



  1. Жиын элементтерi саналуы бойынан реттеліп берілуі мүмкiн.

  2. Жиын элементтерi әр түрлi болуы мүмкiн

  3. Жиын элементтерiнiң қатарында мән болмайды.

Мысалы, {1, 2, А, В} және {В, А, 2, 1} жиындары тең.

Ортақ жиындар деген түсiнiк енгiзiледi, ал әзiрге оны жалпы жиын деп атауға болады.



Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Жиын – бұл әр түрлi заттардың өте үлкен саны, кейде математикада бос жиындар да болады, бiрақ бiз қазiр ол туралы айтпаймыз. Балалар, сендердiң сөмкелерiңде iшiнде не бар екенiн көрейiк? Онда оқуға қажеттi құралдар жиынтығы бар. Аттарын атаңдар. Дәптер, кiтап, қалам, қарындаш – бұл элементтер оқуға қажеттi құралдар жиыны. Егер сөмкеңде ойыншық болса, онда ол осы жиынға жатпайтыны түсiнiктi. “Гербарий” қандай элементтер жиынынан құралған? Әрине, кептiрiлген жапырақтардан тұрады, ал әр жапырақ – бұл “гербарий” жиынының элементтерi. Ендi мынадай бiр мысал қарастырып көрейiк. Анаң базарға барып картоп, орамжапырақ, алма, алмұрт, өрiк, қызылша, және сәбiз сатып әкелдi. Сорпа пiсiрiп және компот қайнату үшiн не алу қажет және олардың жиындарын қалай атайды? Әрине, бұл “жемiс – жидек” жиындары. Ал егер мамаң балық сатып алса, онда ол элемент бiздiң жиындарымызға жата ма? Дұрыс, ол - бұл жиынға жатпайды. Жиынға тағы да басқа мысалдар келтiруге болады Орман – бұл ағаштар жиыны Кiтапхана – бұл кiтаптар жиыны. Ал өздерiң қандай жиындарды бiлесiңдер?



Тапсырма

  1. Нысандар жиынын бiр сөзбен ата?

Мектептiң оқу құралдары.

Гүлдер.


Ойыншықтар.

Жемiстер.

Жапырақтар.


  1. Жиындарды жаз.

а) Әрiптер

ә) буындар

б) сөздер

в) цифрлар

г) сандар


  1. “Менiң отбасым” жиынына кiмдер кіредi? Қызыл қарындашпен белгiле. (Мен, анам, әкем, ағам, әпкем).

4. Жалауша қызыл жиынға жата ма? Жауабы – жоқ.

Қоян қызыл жиынға жата ма? Жауабы – иә.

5.Қызыл түспен аңдар жиынын (қоян, мысық, балапан, кiрпi), көк түспен ағаштар жиынын (шырша, қайың, емен), жасыл түспен – тiкенек заттар жиынын белгiле.

1.Тек қызыл түстi жиынға жататын заттарды атап шық? Қоян, мысық, балапан.

2.Тек көк түстi жиынға жататын заттарды атап шық? Қайың, емен.

3.Тек жасыл түстi жиынға жататын заттарды атап шық? Шеге, ине.

4.Қандай заттар қызыл және жасыл жиынға кіредi? Кiрпi.

5.Қандай заттар жасыл және көк жиынға кіредi? Шырша.



Сергiту сәтi

26-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Жиындарды салыстыру.

Сабақтың мақсаты:

  1. Жиын элементтерiнiң саны бойынша жиындарды салыстыра бiлудi үйрену.

  2. Бірдей жиындар түсiнiгiн бекіту.

  3. Жиындарды салыстыру амалдарын орындау арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Жиындар бір-бірімен элементтерiнiң саны бойынша салыстырылатындықтан, бірдей жиындар ұғымын анықтап алу қажет. Егер жиын элементтерiнің саны бiрдей болса, онда жиындар бiрдей деп аталады. Бұл тақырып бойынша «үлкен», «кiшi» ұғымдары қайталанады.



Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Жиын элементтерiнiң саны бойынша оларды салыстыру өте жеңiл. Мысалы, бiр қызда бір құшақ гүл болса, ал келесi қызда бірнеше ғана гүл. Сол сияқты бiр себетте – бірнеше ғана саңырауқұлақ, ал келесi себетте – көп саңырауқұлақ. Егер сыныптағы оқушылардың қаншасы ұл, қаншасы қыз екенiн анықтау қиын болса, онда оларды санап шығу жеткiлiктi. Әр түрлi элементтерден құралған жиындарды бiр-бiрiмен салыстыруға болады. Егер жиын элементтерiнiң саны тең болса, онда жиындар бiрдей деп аталады.



Тапсырма

  1. Жиындар арасына <, =, > таңбаларын қой. Жиын элементтерiн боя.

  2. Нысандар саны бірдей жиындарды сызықтар арқылы қос. Боя.

  3. Таңбалары дұрыс болатындай етiп, жиын элементтерiн толықтырып сал.

  4. Қызыл және көк екi жиыны берiлген.

Қызыл жиынға қандай элементтер жатады? А, Б, В, Г, Д, Е, 1, 5.

Көк жиынға қандай элементтер жатады? 2, 3, 4, 5, 6, Д, Е.

Ортақ жиынға қандай элементтер жатады? Д, Е, 5.

5. Денелер санына қарай жиындарды салыстыр.



Сергiту сәтi

27-28 сабақтар


Сабақтың тақырыбы: Жиын және оларды топтау.

Сабақтың мақсаты:

  1. оқушыларға “жиындарды топтау” ұғымын беру.

  2. оқушыларға жиын элементтерiнiң ортақ белгiлерi немесе қасиеттерiн анықтай бiлудi үйрету.

  3. оқушыларға жиындарды топтай бiлу дағдыларын бекiту.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Топ – бұл ортақ белгiлері бойынша жиын элементтерiн, олардың әрекеттерiн, заттарды бөліп алу. Топтау – бұл жиын элементтерiнiң ортақ қасиеттерiн немесе белгiлерін анықтай бiлу. Бұл анықтаманы балаға жай интуитивтi түрде түсiндiрген дұрыс. “Аңдар әлемi” кестесiн мысал ретiнде қарастыру ұсынылады.



Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Балалар, аңдар әлемi жануарлардан, құстардан, балықтардан және жәндiктерден тұрады. Қандай жануарларды бiлесiңдер және оларды қандай топтарға бөлуге болатынын еске түсiрiңдер. Оқушылар жануарларды атауына, түр-түсiне қарай бөлуге болады. Сонымен қатар құстар, балықтар, жәндiктердi қасиеттерi бойынша анықтауға болады.



Аңдар әлемi

Жыртқыштар

Құстар

Балықтар

Жәндiктер

Жабайы

Үй жануарлары

Ұшатын

Жүзетiн

Теңiз

Көл

Қоңыздар

Көбелектер

Қасқыр

Қой

Бүркiт

Аққу

кит

Сазан

Майский

Капустница

Түлкi

Түйе

Бұлбұл

Қаз

Итбалық

Алабұға

Короед

Лимонница

Қоян

Сиыр

Қарға

Үйрек

Акула

Жайын

ұзынаяқ

Махаон

Өсiмдiктер әлемi мен адамдарды (ересек, балалар, мамандығы және т.б.) қарастыруға болады. Түрлi заттарды топтауға болады, атап айтқанда, адамның белгiлi бiр мамандығына қажеттi құралдарды iрiктеу. Балалар, дәрiгерге, өрт сөндiрушiге, мұғалiмге, суретшiге, тiгiншiге, аспаз қандай құралдар қажет екенiн анықтаңдар.

Балалар, бiрдей элементтерi бар және берiлген қасиеттерi ортақ жиындарға мысал келтiрiңдер. Мысалы, барлық элементтерi дөңгелек, сары, темір. Ұшатын, жүзетiн, кесетiн, ұратын сияқты элементтерi бар жиындарға мысал келтiрiңдер.



27-сабаққа арналған тапсырмалар:

  1. Әрбiр жиынға ат бер – саңырауқұлақтар, киiм.

  2. Бұл жиындар қалай аталады? Цифрлар, әрiптер (алфавит), сан.

  3. Не артық? Суреттерді боя.

Аруна туған күнiне қонақтар күтiп отыр, артық – глобус.

Әлім анасына көмектесiп жүр, артық – доп.



  1. Аруна сорпа, ал Әлім компот қайнатқысы келдi. Жиындарды сызықтармен бөліп, атау бер. Боя. - Жемiстер, жидектер.

28-сабаққа арналған тапсырмалар:

  1. Сәйкес жиын элементтерiн сызықтармен қосып, боя. Нан пiсiрушi, дәрiгер, өрт сөндiрушi және жұмысшы

  2. Мына жиындарға кіретін элементтердің суретін сал:

а) Тек қызыл жиынға? Саңырауқұлақ, кубик, доп

ә) Тек жасыл жиынға? Кесе, үй.

б) Ортақ жиынға? Үшбұрыш, т.б.


  1. Тілсызық бойынша дененің суретін сал. Боя.

Сергiту сәтi


29-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Ішкі жиындар.

Сабақтың мақсаты:

  1. Нысанның қасиеттерi мен белгiлерiн оқушыларға қайталату.

  2. Берiлген белгiлерi мен қасиеттерi ортақ нысанның iшкi жиынын анықтауға оқушыларды үйрету.

  3. оқушыларға бос жиын ұғымын беру.

  4. оқушылардың жиындармен және iшкi жиындармен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Енді ұлдар жиынынан шаштары қоңырқай түсті ішкі жиын және шаштары қара түсті екінші ішкі жиын шығатынына назар аударайық.

Сыныптағы қыздар арасында көк шатыр, көйлек киген қыздар бар екенiн көрейiк? Жоқ, олай болса, бiз бос жиын алдық. Тақтаға бос дөңгелек сызамыз да, оның бос жиын екенiн түсiндiремiз.

Сонымен, бiз жиындардан iшкi жиын бөлiп алуды үйрендiк. Балалар, бiздiң сыныптың оқушыларын тағы қандай белгiлерi бойынша бөлуге болатынын анықтаңдар?



Тапсырма.

  1. Жиынның ішінен жидектердi таңдап алып, оларды қызыл түспен қорша.

  2. Жиынның ішінен пішіні домалақ және жеуге болатын заттарды таңдап алып, көк түспен қорша.

  3. а) Көк жиында қанша элемент бар? 7.

ә) Қызыл жиында ше? 5.

б) Көк жиындағы элементтердің қызыл жиынға қарағанда қаншасы артық? 2-ге.

в) Ортақ жиында қанша элемент бар? 5.

4. 1. Қызыл жиында қанша элемент бар? 2.

2. Көк жиында қанша элемент бар? 5.


  1. Аруна мен Әлімге көмектес. Екі жиынның арасын сызықпен қос.

ҚАЛАМПЫР ҚЫЗҒАЛДАҚ

БАҚБАҚ АЛМҰРТ

РАУШАН АЛША

ЖАУҚАЗЫН ШАБДАЛЫ

АЛМА ӨРІК

6. Жануарлар жиынының ішінен үй жануарларын тауып, көрсет – ит, мысық, ешкi, бұзау.

7. Жиынның ішінен компьютерге қатысы бар заттарды таңда – пернетақта, тышқан, монитор, дискета.

8. Денелерді толықтырып сал.

9.Суретті тілсызық арқылы көрсет.

10. Ақпарат сөзiнен жаңа сөздер ойлап тап.



Сергiту сәтi

30-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты:

  1. Өткен материалдарды қайталау арқылы оқушылардың алған бiлiмiн бекiту.

Тапсырмалар

  1. Мына жиындардың қандай элементтерден тұратынын жаз?

Мектеп құралдары

Жемістер



2.Дұрыс таңбаларды қой.

8 > 5 < 6 > 2

3. Екi жиынды сызықgен бөл.

4. {A, C, Е, 5, 4, 3} жиынын қызыл қарындашпен белгiле

{B, D, A, 1, 2, 7, 5} жиынын жасыл қарындашпен белгiле

5.Жасыл жиында – 5 элемент, ал қызыл жиында – 4 элемент болатындай етiп, суреттерді боя. Ортақ жиын құрайтын элемент қанша? 2 элемент.

6.Жеуге болатын қызыл түстi нысанды таңдап, оны қызыл түсті қарындашпен қорша.

Қызыл жиында қанша элемент бар? 4 элемент.


31-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Өткен материалдарды қайталау арқылы оқушылардың алған бiлiмiн бекiту.



Тапсырма.

  1. Артық сөздi тауып, сыз.

а) қызғылт, қоңыр, ақшыл, көк, жас; - жас

ә) жылы, ыстық, тікенек, суық, мұздай; - тiкенек

б) қатты, жай, ыстық, дауысты; - ыстық

в) қош иісті, жұпар, жағымды, жасыл; - жасыл.



  1. Қатарларды жалғастыр

10100100010000100000

01011011101111011111

10110011100011110000


  1. Мына жиындардың элементтерiн жаз:

Жәндiктер – көбелек, маса, шыбын.

Ыдыстар – қасық, кесе, тәрелке.

Отбасы – ана, әке, әпке, аға.

Өсiмдiктер – гүлдер, ағаштар, бұталар.

Ертегiлердегi жағымды кейiпкерлер – Желаяқ, Саққұлақ, Алдар көсе

Жағымсыз кейiпкерлер – Жалмауыз кемпiр, Дию.



  1. Бізде ойыншықтар, қуыршақтар және Барби қуыршағының жиындары бар. Осы жиындардың элементтерін жазып, көрсет.

Қызыл түстi жиын – ойыншықтар.

Көк түстi жиын – қуыршақтар.

Жасыл түстi жиын – Барби қуыршағы.


  1. Мына элементтер бөлігі болып табылатын негізгі бүтiн затты көрсет:

Қалта – көйлек.

терезе – үй.

саусақ – қол,

қанат – құс.

бұтақ – ағаш.

дөңгелек – машина.

бет – кiтап.

қала – ел.

6.а) Жұмбақтарды шеш:

Тәтті көрсе бас салар,

Айнымайды баладан.

Үп-үлкен боп жасқанар,

Кіп-кішкентай арнадан

(Аю)

Дегендей ешкім тимесін,

Алыпты қадап инесін.

(Кірпі)

Құйрығы ұзын, әдемі,

Көркіне сән береді,

Жасамай қулық жүрмейтін.

Оны әркім біледі.

(Түлкі)

Ұзын құлақ, сақ құлақ,

Орманда жүрер шапқылап.

Қитар дейді көздерін,

Қорқақ дейді өздерін.

(Қоян)

ә) Жаңылтпашты оқып, қайтала

Төрт торт,

Торт төрт.

Әжеме, атама торт,

Маған торт, саған торт,

Болды төрт..

Бөл төртті,

Кес тортты.

7.Жазғы және күзгі жапырақтарды боя.

8.Тізбекті жалғастыр.

9. Жетіспейтін бейнелерді толықтырып сал.

Балалардың ой-өрісін дамыту барысында қосымша келесі тапсырманы беруге болады.

Ұйқасатын сөзін тап:

Қадірлі, қоян шырағым,

Бар еді саған .... /сұрағым/

Қашасың да жүресің,

Қайда сенің .... /тұрағың/

/Б.Бөрiбаев/

Бақа-бақа бақылдақ,

Қонаққа досын .... /шақырмақ/

Қоянға суға түс дейді,

Тамағымды .... /іш/ дейді.



/Б.Бөрiбаев/

Тазалап тиін қолдарын

Шағып жеді .... /жаңғағын/

Жемеді бірақ ол бәрін

Досына берді .... /қалғанын/

/Б.Бөрiбаев/
Аспанда көп жұлдыз бар,

Орманда көп ... /құндыз/ бар.

Сыныпта көп ұл-қыздар,

Келмей қалған .... /бір қыз/ бар.



/Б.Бөрiбаев/
Әріп білмей, мақтанба,

Шалқып бекер .... /шаттанба/.

Кітап оқып жатқанда,

Қарама биік .... /аспанға/.



/Б.Бөрiбаев/
Қонақтар келмей жатқанда,

Тортыңды жеп .... /мақтанба/

Көп ойнайтын баланың,

Кім оқиды ..... /сабағын/

Кәмпит құмар баланың,

Шыбын жейді .... /тамағын/



/Б.Бөрiбаев/

Мақтайды оны анасы

«4» пен «5» екен ... /бағасы/.

Мезгілмен жеп тамағын

Дайындайды .... /сабағын/.

/Б.Бөрiбаев/

СЕРГIТУ СӘТТЕРI


1. Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.


2. Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Кездесті, міне, керегі:

Екеуі қайың астынан.

Біреуі терек қасынан.

Қанша олар болмақ есепте,

Тоқылған салса себетке?
3. Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай бөбектер

Үлкен болып өседі.


4. Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.


5. Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.


6. Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.


7. Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.


8. Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз.


9. Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей

Иіліп солға бір.

Оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оңай-ақ.


10. Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)

Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)

Көктен төмен әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды)

11. Тәулiк бойы тынбайтын,


Болайықшы ақ жаңбыр (Ақырын жауған жауын тырсылын жасайды)

Астан-кестен жауатын

Өткiншi ендi бiз жаңбыр (Тез-тез жауған жаңбыр тырсылын келтiредi)

12. Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз (Екi қолымен қанат жасап ұшады)

Түлкi болып қашамыз, қашамыз (Бiр орындарында тұрып жүгiредi)

Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,

Орнымызға қонамыз (Бәрi орындарына отырады).
13. Орманның бiз емшiсiмiз

Тоқ, тоқ, тоқ (Партаны үш рет ұрады)

Құрт бiткендi жоқ етемiз

Жоқ, жоқ, жоқ, (Қимыл көрсетедi)

Тоқ, тоқ, тоқ,

Жоқ, жоқ, жоқ.

14. Аққу болып ұшамыз

Көлге келiп қонамыз

Көлдiң бетiн құшамыз

Қайта самғап ұшамыз.


15. Иiлiп оңға бiр,

Иiлiп солға бiр.

Денемiздi дұрыстап,

Тұрамыз тік ұстап.


16. Әппақ болып таң атты,

Түтiн тiке шығады.

Қарлығаштар қанатын

Самғап биiк ұшады.

17. Топ-топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)


18. Шынығамыз, жастай бiз,

Жаттығуды бастаймыз.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш

Бойымызға жинап күш.

Шынығамыз, жастай бiз,

Жаттығуды бастаймыз.


19. Шаршасаңдар, балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерiң шынықсын,

Саналарың тынықсын.




жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау