1-сынып математика
Сабақ тақырыбы: Әріпті өрнектің мәнін табу (10-а)
Пән мұғалімі: Ибраимова Б.Қ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 10-а өрнектерінің мәнін табу жолымен таныстыру. Санды өрнек пен әріпті өрнек туралы білімдерін пысықтау, өрнек құра білуге, мәнін таба білуге үйрету.
Дамытушылық: Түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттеріне және сөйлеуге дағдыландыру, өздігінен жұмыс істей білуге, ой өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Типі: білім, икем, дағдыны жетілдіру.
Түрі: жарыс сабақ
Әдісі: ізденушілік, сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, түсіндіру.
Көрнекілігі: Күннің суреті, таблица, өрнектер, карточкалар.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
-Сабақ басталды, бәріміз орнымызға отырамыз. Балалар, сендер білесіңдер бізде қазір қандай сабақ екенін, бізде 2-сабақ математика.
Балалар сабағымызды бастамас бұрын, мен сендерге бір қызықты трэнинг өткізгім келіп тұр. (1-10) ағылшынша санауды үйрету.
-Өте жақсы, сонымен сендер бүгін ағылшынша да санауды үйрендіңдер.
Ал, енді өткен тақырыпты еске түсірейік. Тақтада нелерді көріп тұрсыңдар?
Енді мына өрнектерді қалай бөлуге болады?
(2-ге: әріпті өрнек, санды өрнек)
-Тағы қалай бөлуге болады, кәне қарайықшы жақсылап. (дұрыс, айырмаларды бір бөлек, қосындыларды бір бөлек бөлуге болады екен.)
а+3
2+3
4-а
1+2
а-1
3-1
5+а
2-2
-
Балалар сендер өрнектердің түрлерін әріпті және санды өрнектерді айыра алады екенсіңдер, және айырма, қосындыларды жеке-жеке топтауды біледі екенсіңдер. Енді осы білімімізді әрі қарай толықтыра кетейік, мына цифрограммаға назар аударайық, бұнда балалар 1-10 дейін сандар жазылған, ол сандар қалай жазылып тұр? (өсу ретімен)
Егер де ол сандарды кему ретімен қойғанда бір сөз шығады. Ол қандай сөз екен?
а
|
м
|
м
|
а
|
р
|
г
|
о
|
р
|
ф
|
и
|
Ц
|
0
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
10
|
9
|
8
|
7
|
6
|
5
|
4
|
3
|
2
|
1
|
0
|
«Цифрограмма» деген сөздің мән-мағынасын түсіндіріп, айту.
Тақырыпты ашу, мақсатпен таныстыру (әр оқушы өзіне қойған мақсатын айтады)
Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Өздік жұмысын орындау
І нұсқа
1) 2+а
а=1
а=3
а=4
2) 10 саны мен а-ның айырмасын жаз.
ІІ нұсқа
а+3
а=1
а=2
а=6
9 саны мен а-ның қосындысын жаз.
-Өте жақсы, өздік жұмысын да орындай алады екенсіңдер.
-Балалар бізде қазір қандай мезгіл? (көктем)
Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады екен, кәне тыңдап көрейікші.
(құстар ән салып, ағаштар сәл ғана тербеліп тұр.)
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
-Балалар кеше ғана қыркүйек айында сендер кіп-кішкентай ағаштар секілді кішкентай болғансыңдар, ал қазір сендер де ағаш секілді өсіп кетіпсіңдер. Жуыр арада 1-сыныпты тәмәдап, болашақ 2-сынып болғалы отырсыңдар,
ендеше білімімізді көрсететін кез келді, сондықтан номер 4-сөз есепке назар аударайық.
Аулада 6 қарағаш және 4 қайың өсіп тұр. Аулада неше қарағаш өсіп тұр. (Шешімі жоқ)
(Есеп емес, тапсырма, өйткені есептің жауабы, есептің мәтінінде берілген, ендеше бұл есеп болмаса, біз оны есепке айналдырайық.)
Сендерге шығармашылық жұмысқа 3 минут уақыт беріледі.
А) Қарағаш -6 ? артық
Қайың -4
6-4 = 2
Жауабы: Қарағаштың 2-уі артық
Ә) Қарағаш -6
Қайың -4 ? кем
6-4=2
Ж: Қайыңның 2-уі кем
Б) Қарағаш -6
Қайың 4 ?
6+4=10
Ж: Барлығы 10 ағаш
-Енді балалар «Күн» ойынын ойнайық. Бұнда 10-нан берілген санды азайтып, мәнін табу. Топтық жарыс
-Өте жақсы, сонымен біз мақсатымызға жеттік, 10-нан кез-келген санды алып, олардың мәнін таба алдық.
Сабақта нені үйрендік?
Үйге: №3 есеп
Бағалау: Бір-біріне бейнелеу сабағында жасаған «Күннің көзін» сыйға тартады. Тілек айтады.
Сабақ аяқталды!
Достарыңызбен бөлісу: |