Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған 20_ж. «_____»____________ №____ Хаттама
ОӘК төрағасы __________Е.Н.Жұманқұлова 20_ж. «_____»___________
КЕЛІСІЛГЕН
Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің деканы ________ Ж.Т.Сарбалаев 20_ж. «_____»________
МАҚҰЛДАНДЫ:
ОҮЖжӘҚБ бастығы ____________ А.А.Варакута20_ж. «_____»_______
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған
20__ж. «___»______________ №____ Хаттама
1 Пәннің мақсаты мен міндеттері
«Әдебиетті оқытудың қазіргі әдістемесі» пәні бойынша студенттерге жан-жақты тарихи-әдеби, теориялық толық мәліметтер мен практикалық дағдылар туралы түсінік беріледі. Көркем әдебиеттің оқытылу тарихының жүйесі, ерекшелік сипаттары көрсетіледі. Әр жылдарда құнды пікірлер айтқан ағартушылық-демократтық бағыттағы педагог-әдіскерлердің, көрнекті әдебиетшілердің еңбектеріне де назар аударылады. Көркем әдебиеттің оқытылу жайы, сапасы, оқулықтары мен бағдарламаларының түзілісі кеңінен сөз болады.
Пәнді оқыту мақсаты: жалпы білім беретін орта оқу орындарындағы (мектеп, лицей, гиназия) өзге пәндер арасындағы әдебиет пәнінің алатын орны мен әдебиетті оқыту әдістемесі жөніндегі ілімнің мән-мазмұнын әрі қазақ әдебиетінің оқыту әдістемесінің қалыптасу кезеңдерін меңгерту бағытын ұстанады.
Пәннің міндеттері: қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі курсының құрылымы мен мазмұнын ондағы теориялық және педагогикалық-психологиялық мәселелері, әдебиет теориясының оқытудың жалпы маңызы мен оның негізгі принциптері, әдеби білім беруде оқу процесін ұйымдастыру түрлері, әдеби шығарманы оқып-үйренудің жолдары мен амалдары, көркем шығармаларды жанрлық сипатына қарай оқыту тәсілдері көзделеді.
Студенттер білуі тиіс:
- әдебиетті оқытудың тиімді жолдарын білуі тиіс;
- әдебиет сабақтарында көркем шығармаман жұмыс істеу кезеңдерін білуі тиіс;
- мәтінді кешенді талдау негіздерін білуі тиіс;
- сыныптан тыс оқу, сыныптан тыс жұмыстар, өздік жұмыстар, факультативтік сабақ, педагогикалық практиканың рөлін, оларды ұйымдастырудың ұтымды жолдарын білуі қажет.
Студенттер істей білуі тиіс:
- күнтізбелік жоспар жасай біледі;
- сабақтық жоспар жасай білуі тиіс;
- әдеби жазу жұмыстарын ұйымдастыра білуі тиіс.
2 Пререквезиттер:
1 Әдебиеттану
2 Тіл білімі
3 Тарих
4 Педагогика
5 Психология
6 Философия.
Тематический план Форма
дисциплины СО ПГУ 7.18.2/07
3 Пәннің мазмұны Ф СО ПГУ 7.18.1/13
Ф СО ПГУ 7.18.1/13
3.1 Пәннің тақырыптық жоспары
|
№
|
Тақырып
|
Сағат саны
|
Күндізгі бөлім
|
Дәріс
|
Тәжір.
|
Зертхана.
|
СӨЖ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1
|
Кіріспе. Әдебиетті оқыту әдістемесі –ғылыми пән
|
1
|
1
|
|
2
|
2
|
Әдебиет пәнін оқытудың тарихы мен теориялық бастау-көздері
|
1
|
1
|
1
|
3
|
3
|
Әдебиетті оқытудың жаңа кезеңі (XX ғасыр)
|
1
|
1
|
1
|
3
|
4
|
Қазіргі жалпы білім беретін орта мектептегі қазақ әдебиеті пәні
|
3
|
2
|
2
|
3
|
5
|
Әдебиетті оқыту барысындағы амал-тәсілдер, түрлері
|
3
|
1
|
2
|
4
|
6
|
Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту. Эпикалық шығармалардың оқытудың өзіндік сипаттары.
|
4
|
2
|
2
|
5
|
7
|
Драмалық шығармалардың оқытылуы
|
3
|
2
|
2
|
5
|
8
|
Лирикалық шығармалардың оқытылуы
|
2
|
2
|
2
|
5
|
9
|
Әдебиет пәні мұғалімінің жұмыс жоспарлары
|
3
|
2
|
2
|
4
|
10
|
Әдебиет пәні кабинеті
|
1,5
|
1
|
1
|
3,5
|
Барлығы: сағат
|
22,5
|
15
|
15
|
37,5
|
3.2 Теориялық курс мазмұны
1-тақырып. Кіріспе. Әдебиетті оқыту әдістемесі –ғылыми пән
Филология факультетінің студенттеріне «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» жоғары оқу орындарына қойылатын талаптар тұрғысынан ғылыми негізде және жылдар бойғы жинақталған бай іс-тәжірибелік нәтижелер мен әдістемелік тұжырымдар ескеріле отырып оқытылуы. Жалпы білім беретін орта мектептегі жетекші пәндердің бірі-әдебиет пәнінің өзіндік ерекшеліктері, оқу жүйесіндегі алатын орны. Оның көркемөнер салаларының ішіндегі аса қуатты және пәрменді тәрбие құралы екендігі. Көркем әдебиет туындыларын орта мектепте оқытудың қажеттігі. 1) Әдебиет пәнінің халық тарихы, көркем әдебиет тарихы, әдебиеттану, тіл білімі, философия, психология, педагогика, эстетика-этика негіздері, жаратылыстану т.б. ғылым салаларымен байланысы. 2) Әдебиет пәнінің мектеп бағдарламасына орай қарастыратын, түсіндіріп ұқтыратын негізгі нысанасы көркем сөз өнері қазыналары болғандықтан, оны өнердің басқа да салаларымен салыстырып отырудың маңызы. Әдебиет пәнінің мектеп өмірінің ондағы тәлім-тәрбие жұмыстарын игі әсері. Оқушылардың адамгершілік келбетін қалыптастырып, парасат-пайымын тереңдетуде және күллі сұлулық, көркемдік әлемін танып түсіне білуіне жетелейтіндігі.
2-тақырып. Әдебиет пәнін оқытудың тарихы мен теориялық бастау-көздері
Белгілі бір ұлт-ұлыс, халық, этностардың өзінің ұзақ ғасырлық тарихында бірте-бірте дамып өркендейтіндігі. Оның алғашқы аяқ алысы, көріністері, ондағы әдеби-тарихи көркем мәтіндердің басым, жетекші рөл атқаратындығы, мысалдары. 1) Әдебиет пәнінің қалыптасуының әдепкі кезеңдері. (XIX-XX ғасырдың бас шені). Қазақ даласындағы ертеден қалыптасқан әдеби оқу түрі, оқу құралдары, әдеби мәтіндер мазмұны, бағыты, тәрбиелік мәні, сөз өнеріндегі дәлелді көріністері. Әпсана-аңыздар мен жыраулар шығармашылықтарынан аңғарылатын білім-білік, жоба-нобайы. Адамдар санасына әсер-ықпалы. XVII-XVIII ғасырлар аралығында хат танытып, сауат ашу ісіндегі молда-мұғалім әдіскерлер тәлім-тәрбиесі. 2) Араб-парсы әлемі үлгісіндегі әдебиоқу дағдыларының кең қанат жаю себептері, алғы шарттары, қазақ ұғымына үйлесімділігі. Ондағы өмір ағысы, жаратылыс, табиғат, адам болмысы жөніндегі әдеби-тарихи космологиялық пайымдар. Қадым оқуы, жәдит оқуы, медреселік оқу түрлері, олардың оқу құралдары. Әдеби мәтін мазмұны мен идеясы, ұстанған бағыттары, ұстаздарының білім деңгейі, дүниеге көзқарасы, мақсат-идеалы. 2) Қазақ еліндегі оқу-ағарту жүйесіне ресейлік білім мен ғылым әсерінің біртіндеп күшейе бастауы, қоғамдық-саяси экономикалық, идеологиялық себептері. Ресей мектептеріндегі әдебиет пәні, оның жүргізілуі жөніндегі әралуан қилы ұсыныстар мен мәнді ой-пікірлер. Ф.И.Буслаев, К.Д.Ушинский, Н.А.Корф, Л.Н.Толстой, В.И.Водовозов, В.Я.Стоюнин, В.А.Острогорский, Л. Поливановтың әдебиет пәнін оқыту туралы әдістемелік-тәрбиелік маңызы бар еңбектері. Орыстың ілгерішіл, демократтық бағыттағы В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, Д.И.Писарев т.б. әдебиетші, педагогтарының толғаныстары. 4) Ресейлік халық мектептерін жаңаша жетілдіру мен ондағы тіл-әдебиет пәндеріне айрықша назар аудару іс-шараларының қазақ даласындағы мектеп ашу қам-қарекеттеріне де тигізген жағымды ықпалы. XIX ғасырдағы қазақ зиялыларының жаңаша білім алу қажеттігі туралы тың ойлары. Алғашқы талпыныс қадамдары. Алға қойған басты мақсат-мұраттары. Шоқан Уәлихановтың қазақ балаларын оқытып, білім беру әдістері, жол-жобасы турасындағы ой-тұжырымдары. Оның қазақ-қырғыз ауыз әдебиеті үлгілерін жинауы мен зерттеу ерекшеліктері. «Сахарадағы мұсылмандық туралы» мақаласындағы қазақ мектептері, оқу жүйесіне берген бағасы, сілтеген жолы. «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде» деген мақаласы, әдеби теориялық ойлары. Ш.Уәлиханов өмірі мен шығармашылығының қазіргі қазақ әдебиеті оқу бағдарламалары мен оқу құралдарына енгізіліп, оқытылып келе жатқандығы, мысалдары. 5) Қазақ арасындағы оқу, тәлім-тәрбие жөніндегі Абай Құнабаев пен Шәкәрім Құдайбердіұлының айтқан өнеге, үлгі сөздері. Абайдың білім-ғылым тәлім-тәрбие тақырыптарындағы өлеңдері мен қара сөздерінің мәні. Шәкәрім қажының оқу-ғылым сөз өнері жайындағы толғаныстары, зерттеу шежіре еңбектері. «Жастарға», «Насихат», «Сен ғылымға» өлеңдерінің мәні. Абай мен Шәкәрімнің өмірі мен шығармаларының әдебиет пәні бағдарламалары мен оқу құралдарындағы орны, оқытылу барысы, мысалдары. 6) Әдебиетті оқытудағы жаңа бастама. Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық қызметі мен әдеби шығармашылығы. Әдеби-тарихы, оқу-әдістемелік мақалалары, халық ағарту мәселелері жөніндегі ескертпелері. Ыбырай ашқан қазақ мектебі, өзіндік ерекшілігі, жаңалығы. Ыбырай мектебіндегі әдебиет пәні оқулығы – «Қазақ хрестоматиясы». «Қазақ хрестоматиясының» түзілісі, ондағы әдеби мәтіндер: өлең, әңгіме, новеллалардың тақырыбы. Ы.Алтынсариннің халықтық-ағартушылық көзқарасы және оған орыс педагог әдебиетші әдіскерлері: К.Д.Ушинский, Н.А.Корф, Л.Н.Толстой, Н.И.Ильминский т.б. жазба ойларының әсері. Жаңа мектеп түрлері: ресейлік үлгідегі екі басқышты, төрт басқышты мектептер, лицейлер мен гиназиялар. Қазақ жерінде ашыла бастаған орыс-түзем мектептері, мақсаты, олардағы әдеби мәтіндер мен пән түрлері: риторика т.б.жетістіктері мен кемшіліктері.
3-тақырып. Әдебиетті оқытудың жаңа кезеңі (XX ғасыр)
XX ғасыр басындағы қазақ баспасөзі мен қазақ тілінде кітап шығару ісінің өрістеуі. Оның ел өміріндегі әдеби-мәдени елеулі оқиға екендігі. Жұртшылық ой-санасын оятудағы «Серке» 1907), «Қазақ газеті» (1917), «Қазақстан» (1911-1913), «Қазақ» (1913-1918) газеттері және «Айқап» (1911-1915) журналының атқарған игілікті істері мен көтерген мәселелері. Аталған жылдарда жарық көрген кітаптардың дені қазақ ауыз әдебиеті үлглері болғандығы. Сонымен қатар, қазақ көркем әдебиетінің ірі өкілдері А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, С.Дөнентаев, С.Көбеев т.б. ақын-жазушылардың кітаптарының да басылып шыққандығы. 1) 1917ж. Қазақ төңкерісі. Қазақ халқы тарихындағы кеңестік кезеңнің бастауы. Жаппай сауатсыздықты жою науқаны. Оқу-ағарту ісіндегі уақыт талабына сай өзгерістер; 1917-1922 жылдардағы мектеп түрлері. 1919 ж. РКП б) VIII съезі қабылдаған «Бірегей еңбек мектебі туралы тұжырымдама». Әдебиет сабақтарындағы «еңбек әдістемесі» - оқиғалық шығармалардың макет көріністері. 1921 ж. жаңа кеңестік мектептерге арналған «әдебиет бағдарламалары». Осы бағдарлама негізінде «Әдебиеттік оқу» терминінің қалыптасуы. Бағдарламадағы әдебиеттік оқуға қойылған талаптар менберілген нұсқаулардың маңызы, жаңашылдығы, кемшіліктері. Бағдарламаларды жетілдірудегі 1923-1925,1927 жылдардағы соны талпыныстар. 2) 1928-1938 ж.аралығында әдебиетті оқытудың тарихи бағыттың басымдылығы. Тарихи-әдебиеттік курстардың жетекшілік рөлі, себептері. 1931 ж. «БКП (б) ОК-нің бастауыш және орта мектептер туралы қаулысы» онда аталған жалпы білім берудегі кемшіліктер, көңіл аударылған мәселелер. 1932 ж. қабылданған «Оқу бағдарламалары мен бастауыш және орта мектептер туралы» қаулы-қарарлар. Солардың негізінде жасалған 1933 жылғы бағдарламалар, олардың 1939 жылға дейін пайдаға асуы, жетістіктері мен кемшіліктері. 1939 ж. қабылданған жаңа бағдарлама, оның ұзақ жылдық қызметі. 1940 жылы алғаш рет шыққан әдебиеттік оқу бағдарламасы. Негізгі үш түрлі нысанасы: кеңестік әдебиет шығармалары, халық ауыз әдебиет үлгілері, классик жазушылардың әдеби мұралары. 3) Кеңестік орыс мектептерінің түзілісін, олардың әдебиетті оқыту бағдарламаларын негізге алған, сол бағытта түзілген қазақ мектептерінің жүйесі. Төрт, жеті, сегіз, тоғыз, он және он бір жылдық қазақ мектептері. Қазақ мектептерінің латын және крилица қарпінде білім беруге мәжбүр болғандығы, себептері. 1940-1990 жылдар аралығындағы оқу-ағарту ісінің өркендеу жолы. Кеңес дәуірінде мектептерде негізінен оқытылған басты-басты пәндер. 1958, 1985 жылдардағы мектеп реформалары, әсер-ықпалы. Аталған жылдарда әдебиет пәнін оқыту, жетілдіру жөнінде әдістемелік еңбектер мен оқу бағдарламаларын құрастырып жазған ғалым-әдіскерлер. С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, С.Қирабаев, Ә.Қоңыратбаев, А.Көшімбаев, Т.Ақшолақов, Ә.Дайырова, Ш.Кәрібаев, ҚП.Жүсіп, Қ.Бітібаева т.б.
4-тақырып. Қазіргі жалпы білім беретін орта мектептегі қазақ әдебиеті пәні
1990-2007 жылдар аралығындағы білім беру жүйелеріндегі атқарылған іргелі жұмыстар. Қазақстанның тәуелсіздік алуына байланысты жаңадан түзілген оқу бағдарламалары мен оқулықтар. Орта мектеп пен жоғары мектептеріндегі түбірлі бетбұрыстар. «Қазақ орта мектептеріндегі білім мазмұнының тұжырымдамасы» (1991 ж.), оның мазмұн-мәні, ғылыми методикалық негіздері. Әдеби білім беру құрылымындағы өзгерістер. 1990-2000 жылдардағы еліміздегі жалпы және орта білім беру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер. «Әдеби білім тұжырымдамасы», Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандарты (Алматы,1998). Әдеби білім мазмұнын жаңарту бағытындағы жаңа ұстанымдар мен құндылықтар, әдеби блім берудегі модульдік жүйе, өзіндік ерекшеліктері, әдебиетті оқытудың жаңа технологиялар жүйесі. 1) Орта мектептердегі әдебиет пәнінің мақсат-міндеттері, мазмұндық құрылымындағы ұлттық діл, мәдениет, әдеби көркем мәтіндердің эстетикалық-этикалық құндылық деңгейлері. Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы (1997). Бастауыш I-IV сыныптардағы түсіндірмелі оқу, оның әдеби талдауға арналмай, тек көркем мәтінді түсініп оқуды көздейтіндігі, ұсынылатын әдеби мәтіндердің қарапайым ұғымға жеңіл болатындығы. Орташа V- VIII сыныптардағы әдебиеттік оқу, оның өзіндік сипаттары. Сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай әдеби мәтіндердің таңдалып, іріктеліп алынатындығы. Әдеби-теориялық ұғымдар жөнінде қысқаша мәліметтер беріле бастайтындығы. Жылдан-жылға аталған сыныптардағы әдеби оқулар мәтіндері күрделене түсіп, бірте-бірте тарихи-әдеби негізге ойыса беретіндігі. Әдебиеттік оқу пәнінің мазмұндық-идеялық құрылымының жоғарғы сыныптарға жақындай түсетіндігі.V-VIII сыныптарға арналған әдебиет пәнінің оқу бағдарламаларының түзілісі, түзілу принциптері. Оқулық-хрестоматиялары, құрастырған авторлары. Әдебиеттік оқу кітабына арналған әдістемелік нұсқаулар, авторлары.V-VIII сыныптадағы әдебиет сабағындағы ауызша, жазбаша тіл дамыту жұмыстары. Ауызша мәнерлеп оқу мен мазмұндап баяндай алуға баулу жолдары. Жазбаша жұмыстар: мазмұндама мен шығарма, олардың өзіндік ерекшеліктері. Жазбаша баяндау амалдары. 2) Қазақ әдебиеті пәнінен V-IX сыныптарда берілетін базалық білім. Базалық білімінің екі сатысы: V- VII сыныптардағы жеке әдеби нұсқаларды оқып үйренуге арналған әдеби оқу. Оның жанрлық-хронологиялық принципке негізделетіндігі; VIII- IX сыныптардағы тарихи хронологиялық принципке негізделген тарихи-әдеби оқу. Аталған принциптерге сәйкес, V-IX сыныптардағы әдебиет пәні бағдарламасының тұтастай алғанда сатылы-бұрандалы принципке сай құрастырылғандығы. Базалық әдеби білім мазмұны қамтитын оқу аймағы, ондағы көркем әдебиет материалдары жне олардың V-IX сыныптар бойынша жіктелуі. Әр сыныптағы әдебиет пәніне бөлінген сағат саны, V-IX сынып оқушыларының білім, білік дағдыларына қойлатын талаптар. Ауызша және жазбаша тіл ұстарту, шығармашылқ жұмыстары. Қосымша оқып, пікір алысуға ұсынылған әдеби шығармалар, жанрлық ерекшеліктері. Әлем әдебиеті үлгілерінен мәлімет берудің маңыздылығы. 3) X- XI сыныптардағы тарихи-әдеби оқу курсы. Оның жалпы қазақ әдебиеті тарихының орта мектептің жоғары сынптарына арналып жазылған қысқаша ғылыми талдамасы екендігі. Сондықтан онда қазақ көркем әдебиеті туындыларының, шығармашылық өкілдерінің бәрі бірдей қамтылмайтындығы. Аралық шолу сабақтары, қажеттілігі. Жоғары сыныптардағы әдеби-тарихи курстың ортаңғы базистік тарихи-хронологиялық оқыту жүйесінің заңды, кеңейтілген әдеби таңдамалы жалғасы саналатындығы. Әдеби материалдардың тарихи-хронологиялық тәртіппен заман, дәуір ағымына орай орналастырылатындығы. Берілген әдеби-теориялық ұғымдардың да ғылымилылығы артып, саралана-сараптала түсетіндігі. X- XI сыныптарда жүргізілетін ауызша, жазбаша жұмыстардың түр-түрлері, орындалу мәнер-машықтары, оған қойылатын талаптар. Қосымша, сыныптан тыс оқуға ұсынылатын шығармаларға сипаттама. Әлем әдебиеті үлгілерінен іріктеліп алынған туындылар табиғаты. X-XI сыныптарға арналған әдебиет пәнінің бағдарламалары мен оқулықтары. Хрестоматиялары және тақырыптарға бөлінген сағат саны. X- XI сыныптарға арналған әдебиет пәнінің бағдарламалары мен оқулықтары. Хрестоматиялары және тақырыптарға бөлінген сағат саны. Жоғары сыныптарда әдебиет пәнін жүргізу ісіне көмекші құрал ретінде жазылған алуан түрлі әдістемелік талдамалар, үлгі-жобалар, авторлары. Әдебиет пәніне арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақстан мектебі» журналдары мен «Қазақстан мектебі» газетінің атқаратын ролі, оларда жарияланатын озат мұғалімдер іс-тәжірибелерінің мән-маңызы.
5-тақырып. Әдебиетті оқыту барысындағы амал-тәсілдер, түрлері
Сөз өнері туындыларының пайда болу, даму, толысу, жаңару-жаңғыру сатыларын пайымдайтын ғылыми-зерттеу еңбектері, талдамалары және қол жеткен тың теориялық тұжырым-байламдары негізге алынып, нәтижесінде мектепте әдебиетті оқыту әдістемесінің жаңарып, заман талабына орай түрленіп отыратындығы. Мұндай үздіксіз ізденістердің әдебиет пәнін оқыту барысында белгілі бір өтілетін әдеби тақырыптардың ішкі тбиғатына қарай сан қырлы амалдар, жолдар, мен тәсілдерді өмірге әкелетіндігі. Орта мектеп тәжірибесіндегі әдебиет пәнін оқыту амалдары: ауызша баяндау, әңгімелеп айту, пікірлесу, лекциялық талдама, байыптау, көрнекілік, техникалық құралдар, бүгінгі компьютерді тиімді қолдану тәсілдері. Өткен ғасырдан бермен қарай (XIX- XX ғ.ғ) ғылыми негізделіп, көбіне –көп жүзеге асырылып келе жатқан әдебиетті оқыту әдістері, олардың жылдан-жылға дамып, байытылып ілгерілей беретіндігі. Сайып келгенде, қолданыстағы барша амал-тәсілдердің оқушының әдебиет жөніндегі білім-біліктілігін молайтуға, орнықтыруға жұмылдыратындығы. Әдебиет пәнін оқыту амалдарын көп қарастырып әдепкі ізашарын жасаған ресейлік Ф.И.Буслаев, В.Белинский, К.Д.Ушинский, Н.А.Корф, Л.Н.Толстой, В.И.Водовозов, В.Я.Стоюнин, В.А.Острогорский, Л. Поливанов, В.Голубков ,т.б. негіздеп, бертінде М.Скаткин, И.Лернер, Я.Роткович, М.Рыбникова, В.Никольский, Н.Кудряшевтер дамытқан әдістердің бес түрі. Аталған жүйені жаңа қазақ мектебіндегі әдебиетті оқыту әдістемесіне лайықтап, творчестволықпен игерген Ә.Қоңыратбаев, А.Көшімбаев, Т.Ақшолақов, С.Қирабаев, Ә.Дайырова, С.Тілешова, Қ.Бітібаева, т.б. оқу құралдары мензерттеу әдіскерлік еңбектері. Әуелбек Қоңыратбаевтың «4-7 кластарда әдебиетті оқыту методикасы» және «Әдебиетті оқыту методикасы» атты әдістемелік көмекші оқу құралдарының мән-маңызы, құндылығы. Әдебиетті оқыту барысында өтілетін тақырыпқа орай қандай амал-тәсілдерді пайдалану мүмкіндігі пән мұғалімінің ыңғайында болатындығы, оның түрлері. 1) Творчестволық (шығармашылық) оқу әдісі. Оқу пәні ретінде әдебиеттің бірінші кезектегі міндеті оқушылардың бойына көркем ышғарманы түсіну, қабылдау мәдениетін қалыптастыру болып табылатындығы. Творчестволық оқу әдісінің өзге публицистикалық, ғылыми талдама мәтіндерді оқудан өзіндік айырмашылғы. Мұндағы сөз, сөйлем, ырғақ, әуенділік меселеріне көңіл бөлу керектігі. Әр шығарманың тегіне, жанрына, бағытына, стиліне қарай танып білудің шарттылығы. Творчестволық оқу әдісінде мұғалімнің басшылығымен жүзеге асырылатын амалдар. Оқушы атқаратын жұмыс, міндеттер, оған қойылатын талаптар. 2) Эвристикалық оқу әдісі. Көркем шығарманы терең түйсіну, игеру оны саралап талдау арқылы іске асатындығы. Эвристикалық сұқбат өткізудің әдеби шығарманың көркемдік кестесін, әлеуметтік мәнін ашуға септігінің молдығы. Эвристикалық оқу барысында мұғалім атқаратын тәсілдер. Оқушылар атқаруға міндетті істер. Бұл тәсілдің оқушының ой көкжиегін кеңейтіп, оларды өзінше толғанып, пікір айтуға баулитындығы. Эвристикалық әңгіме, сұрақ-жауап, эвристикалық пікір таласы, оның тақырыптары. 3) Зерттеп оқу әдісі. Оқушыларды белгілі бір әдеби тақырып төңірегінде өз беттерінше ойланып-толғануға ғылыми қорытындылар жасай білуге үйрететіндігі. Оқушының шығарманы өзінше оқып, оның идеялық-көркемдігін бағалай білуге және келешекте де көркем шығарманы талғап, таңдап түсініп оқуға бастайтындығы. Көркем мәтінді зерттеп, байыптап, сын көзімен таразылап оқуға баулитындығы. Зерттеу нәтижелеірін ауызша да, жазбаша да түсіндіріп беруге төсілдіретіндігі. Зерттеу әдісінің эвристикалық оқуға жақындығы. Зерттеу әдісі бойынша пән мұғалімі ұйымдастыруға тиісті жұмыстар. Алдын-ала дайындықтың қажеттілігі. Оқушылар атқаратын зерттеу жұмыстары, түрлері. 4) Репродуктивті оқу әдісі. Бұл әдіс бойынша оқушының білімді дайын күйінде мұғалімнің айтуынан немесе оқулықтан алатындығы. Берілген білімді белсенді түрде қаббылдау қажеттігі. Ой-сана, ес, қабілеттің рөлі. Жадта сақтап, жаңғыртып баяндап айту дағдыларын қалыптастыратындығы. Алынған білімді саналы түрде бойға сіңіру әдеттерін жетілдіретіндігі. Аталған оқу барысында пән мұғалімі мен оқушылар атқаратын жұмыстар мен міндеттер. Оқушының ауызша, жазбаша жауаптары.
6-тақырып. Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту. Эпикалық шығармалардың оқытудың өзіндік сипаттары.
Көркем шығарманың тектері мен түрлері жөніндегі мәліметтер. Бұл мәселе туралы ежелгі заманнан бастап, қазіргі күнге дейінгі ой-пікірлер. Көркем шығарманың бастапқы топтастырушылары. Аристотель, әл-Фараби, Платон және бертінгі кездегі В.Г.Белинский, Г.Лессинг, Л.Тимофеев, Н.Гуляев т.б. еңбектері. А.Байтұрсынов, Е.Ысмайлов, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, З.Ахметов, З.Қабдолов сынды қазақ әдебиетінің көрнекті зерттеушілерінің ой-тұжырымдары. Шағын көлемді, орта көлемді, кең көлемді – эпикалық шығармаларды талдауға,құрылысын, баяндау жолдарын танытуға қойылатын талаптар. Олардың көркемдік, тәрбиелік сипаттарын ашу амалдары. С.Мұратбековтың «Жусан исі» әңгімесін оқыту (7 сынып. Әдебиет. –А: Атамұра, 2003).
7-тақырып. Драмалық шығармалардың оқытылуы
Драмалық шығармалар және олардың жазылу мәнері туралы мағлұматтар. Драмалық шығармалардың көркем қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазыла беретіндігі. Жазылу, сахнада орындалу заңдылықтары. Драматург - режиссер - әртіс схемасына түсінік. Орындалатын орны –театр, сахна. Драмалық шығармаларды оқытудың өзіндік ерекшеліктері. Оқушылар қызығушылығын арттыру жолдары.
8-тақырып. Лирикалық шығармалардың оқытылуы
Лирикалық шығармалардың адамның көңіл-күйіне, темпераментіне, білім-білік деңгейіне, мінез-құлқына тікелей баланысты екендігі. Лириканың эпос пен драмалық шығармалардан айырмашылығы. Лириканың түрлері, мысалдары. Мәнерлеп, мақамдап оқып-үйрену тәсілдері, мұғалімнің жетекшілік рөлі. Лирикалық шығармаларда автордың, ақынның бірінші орында тұратындығы, мысалдары. V-XI сынып оқулықтарындағы лирикалық өлең түрлері мен ғылыми талдамасы. Қ.Мырзалиевтің «Кәрі қыран» өлеңін оқыту (7 сынып. Әдебиет. –А: Атамұра, 2003).
9-тақырып. Әдебиет пәні мұғалімінің жұмыс жоспарлары
жалпы білім беретін орта мектептердің жылдық немес жарты жылдық оқу жоспарларының болатындығы. Орта білім беретін оқу орындарының жұмыс жасау ырғағына сай, әдебиет пәні мұғалімінің де өзіндік қызмет тәртібі, іс жоспарларының жасалатындығы. Оның әдебиет пәні мұғалімінің білім-білік қорына, жоғарғы оқу орындарында жүріп, бойына сіңірген педагогтік тжірибе-дағдыларына, этикалық-эстетикалық таным-түйсіктеріне тікелей қатыстылығы. 1) күнтізбелік (календарлық) –тақырыптық жоспар түзілісі, не себепті қажеттілігі, бағдардың рөлі. Оның V-XI сыныптарға арналған оқу бағдарламаларына сай жасалатындығы. Сабақ кестесіне сай, тақырыптың өтілетін күні, уақытының көрсетілетіні, көрнекілік, техникалық құралдар түрі аталатыны. 2) Сабақтық жоспар, оның күнтізбелік жоспар негізінде жасалатыны. Сабақтық жоспарлардың керек болу себебі, атқаратын рөлі, тармақтары мен бөлімдері. Мұғалімнің творчестволық қасиеттерінің, талант-қабілеттерінің көрінетіндігі.
10-тақырып. Әдебиет пәні кабинеті
Мектептің оқу-тәрбие ісіндегі әдебиет кабинетінің орны. Орта мектептер жүйесіндегі оқу-көмекшілік ұялар: мектеп кітапханасы мен салалық оқу кабинеттері, олардың өзара қарым-атынасы, іскерлік байланыстары. Баршасының оқу-тәрбие ісіне жауаптылығы. 1) Әдебиет кабинеті атқаратын міндеттер: ең алдымен оқу бағдарламаларында талған көркем шығармалар мәтіндері, әдеби-сын және тарихи-әдеби материалдары, оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдар, көрнекілік техникалық жабдықтар, компьютерлер, телевизор, аудио-видео таспалар, кинокамераларды жинастырып сақтайды.2) Қазақ және көрнекті әлем ақн-жазушларының белгілі көркем шығармалар жинақтары, томдары, портрет-суреттері кабинеттің кітап сөрелерінде тұратындығы, қабырғаларына ілініп қойылатындығы. Әдебиет пәніне қажетті алуан түрлі энциклопедиялар анықтағыштар, туған ел тарихына, мәдениетіне қатысты еңбектер, альбомдар т.б. Әдебиет кабинетінің меңгерушісі, лаборанты атқаратын жұмыстары мен міндеттері.
3.3 Тєжірибешілік сабаќтардыњ мазм±ны
1-тақырып. Кіріспе. Әдебиетті оқыту әдістемесі –ғылыми пән
Әдебиетті оқыту әдістемесінің өзге ғылым салаларымен байланысы. Әдебиет пәнінің тарихпен байланысы. Таным теориясымен байланысы. Тіл білімімен абйланысы. Педагогика-психологиямен байланысы.
2-тақырып. Әдебиет пәнін оқытудың тарихы мен теориялық бастау-көздері
Қазақ әдебиетінің оқытылу тарихы. XVII-XIX ғасырлардағы молда-мұғалімдер қызметі, материалдары. Оқу түзілісінің ерекшелігі, жүргізілу тәсілдері. XIX ғ. орыс-түзем оқуы, мақасты. Орыс діскерлерінің әдебиетті оқыту жөніндегі ой-пікірлері. Ф.И.Буслаев, В.И.Водовозов әдістемелік ұсыныстары. В.Я.Стоюнин, В.А.Острогорский әдістемелерінің жаңашылдығы. В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевскийдің ой-байыптаулары. XIX ғасырдағы қазақ зиялыларының оқу-ағарту ісі туралы толғаныстары. Ш.Уәлихановтың ой-пікірлері. Ы.Алтынсариннің мектебі мен оқу құралдары, түзілісі. А.Құнабаевтың оқу-білім жөніндегі пікір-талаптары.
3-тақырып. Әдебиетті оқытудың жаңа кезеңі (XX ғасыр)
XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары оқу-ағарту жұмыстар жөнінде. А.Батұрсыновтың ағартушылық қызметі, еңбектері («Әліппе» (1921), «Оқу құралы» (1921), «Әдебиет танытқыш» (1926), «Жаңа құрал» (926)), М.Жұмабаевтың педагогтық еңбектері («Сауатты бол» (1923). Ж.Аймауытовтың оқу іс, барысы туралы ойлары. Әдебиет оқулығын жазу, оның тарихынан тұңғыш зерттеуде М.Әуезов еңбектері («Әдебиет тарихы» оқулығы, «Жеткіншек» оқу құралы). Әр кезеңде мектепке арналған және жоғары оқу орындарына арналған әдебиет пәні бағдарламалары мен оқулықтарын жасаудағы әдіскер-ғалымдар еңбектері. Қ.П.Жүсіптің «Мектепте қазақ әдебиетін оқыту», «Көркем сөздің құдіреті» еңбектерінің маңызы. М.Мақатевтың «Аққулар ұйықтағанда» дастанын оқыту, ғалым қолданған әдіс-тәсілдер.
4-тақырып. Қазіргі жалпы білім беретін орта мектептегі қазақ әдебиеті пәні
5-8 сыныптарда әдебиетті оқыту . 9-11 сыныптарда әдебиетті оқыту. Базалық білім беру және тарихи-әдеби курстар негізіндегі әдеби білім берудің дамыта оқыту (сатылай, сұрыптай оқыту), көрнекілік, саналылық, белсенділік, жүйелілік, бірізділік принциптері. Білім мазмұны жаңарту бағытындағы соңғы кездегі әдіскер ғалымдардың ізденістері. Ғалым Қ.П.Жүсіптің қазақ әдебиетін оқыту әдіс-тәсілдері. М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастанын оқыту технологиясы. Білім беру жүйесін мақсаты мен міндетіне қатысты оқытудың, проблемалық оқыту (М.Махмутов), саралап оқыту (И.Унт), дамыта оқыту (Ю.Эльконин), топтап оқыту (Дьяченко), қашықтан оқыту (Г.Нұрғалиева, Д.Жүсібалиева) сияқты түрлерінің оқу процесінде қолданылуы.
5-тақырып. Әдебиетті оқыту барысындағы амал-тәсілдер, түрлері
Сабақ жүргізу әдістері. Творчестволық оқу әдісі. Эвристикалық оқу әдісі. Зерттеу оқу әдісі. Түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, проблемалы әдіс, репродуктивті әдіс, интеграциялап оқыту әдісі. Теориялық білім алуға бағытталған әдістер; ақпаратты беру және алу жолын қамтамасыз ету; информация. Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесін оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер (6 сынып. Әдебиет.-А:Атамұра, 2002).
6-тақырып. Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту. Эпикалық шығармалардың оқытылуы
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің негізгі бағыт-бағдарын, мазмұнын айқындайтын ресми құжат, «Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы» (РБК, 1997, Алматы). Көркем туындыны талдаудың педагогикалық принциптері. Талдаудың түрлері. Көркем мәтінді толық тұтас алып талдау, образ бойынша талдау, өзіндік ерекшелігі, проблемалық талдау әдебиеттің қоғамдық-әлеуметтік мәнін ашу, көркем ойлауға бағытталған бейнелік-образдың табиғатын түсіндіру. Салыстыра талдау, көркем тундының ішкі әлеміне енудегі талдау түрлерінің өзара байланысы, талдау барысында әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану, проблемалық ситуация туғызатын сұрақтар. Талдау барысында мәтіндегі суреттеліп отырған құбылыстарына, кейіпкерлеріне қатысты авторлық позицияны толық ашу, көркем шығарманың құрасстырушы негіздері: сюжет, композиция, тақырып, идея, көркем образ, әдеби тип, әдеби мінез ұғымдарын, тілдің бейнелеу беліглерін негізгі рөлін анықтай білу. Проблемалық оқытудың эпикалық шығармаларды меңгерудің тиімділігі. Проблемалық сұрақтардың қызметі, проблемалық ситуацияны шешудегі ой белсенділігі. Шығарманың сюжеттік-композициялық желісіне талдау жасаудың жолдары. М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» шығармасын оқыту.
7-тақырып. Драмалық шығармалардың оқытылуы
Драмалық туындылардың жанрлық табиғатына сай мәтінмен жүргізілетін жұмыстар, авторлық идеялық-эстетикалық шешімін табу, драмалық шығармаларға қатысты акт, көрініс, монолог, диалог, шегініс, ремарка, тартыс т.б. әдеби-теориялық ұғымдар қызметі. Драмадағы кейіпкерлердің іс-әрекеті, белгілі бір жүйемен бір арнаға өрбіп дамуы. Драмалық шығармаларды оқытудағы әдістемелік тәжірибелер. М.Әуезовтің «Түнгі сарынын» оқыту.
8-тақырып. Лирикалық шығармалардың оқытылуы
Лирикалық қаһарман, лирикадағы әсемдік, идея, тақырып, лирикадағы сюжет мәселесінің өзіндік ерекшелігі. 5-6 сыныптарда өлең оқыту. 7-8 сыныптарда өлең оқыту, 9-11 сыныптарда өлең оқыту (Мәшһүр-Жүсіп Қуандық Пазылұлы. «Көркем сөздің құдіреті» еңбегі бойынша). К.Ахметованың «Қазағым менің», М.Мақатевтың «Мен таулықпын» өлеңдерін оқыту (5 сынып. Әдебиет.-А:Атамұра, 2005).
9-тақырып. Әдебиет пәні мұғалімінің жұмыс жоспарлары
Календарлық, тақырыптық, сабақ жоспарларын жасау әдістемесі. Тақырыптық және сабақ жоспарларының құрылымы. Сабақ түрлері. Мұғалімнің сабаққа әзірлігіне қойылатын талаптар. Қалихан Ысқақтың «Қоңыр күз еді» повесі бойынша сабақ жоспарын құру (7 сынып. Әдебиет.-А:Атамұра, 2003).
10-тақырып. Әдебиет пәні кабинеті
Көрнекіліктің түрлері, аудитория және одан тыс пайдалану. Техникалық құралдар қолданудың амал-тәсілдері. С.Сейфуллин шығармашылығын өту барысында қолданылатын көрнекілік түрлері, техникалық құралдар.
3.4 Зертханалық сабақтардың мазмұны
2-тақырып. Әдебиет пәнін оқытудың тарихы мен теориялық бастау-көздері
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы. 19 ғ. 2 жартысында орыс-қазақ мектептерінің ашылуы. Ы.Алтынсариннің орыс алфавитімен ауылдық мектептер ашуы. 20 ғ. басында Қазақстанда мектептік білім жүйесінің түрлері. 1917-32 ж.ж. әдебиет пәнінің оқытылуы. 1939-1958, 1985-1990 ж.ж. әдеби білім беру ісін жетілдіру.
3-тақырып. Әдебиетті оқытудың жаңа кезеңі (XX- XXI ғасыр)
1990-2000 жылдардағы еліміздегі жалпы және орта білім беру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер. Әдеби білім мазмұнын жаңарту бағытындағы жаңа ұстанымдар мен құндылықтар. 2001 жылғы «білім жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасын бекітілуі». Бақылау мен тестілеу бағдарламалары, ақпараттық анықтама жүйелері, электоронды оқулықтар, мультимедиялық бағдарламалар.
4-тақырып. Қазіргі жалпы білім беретін орта мектептегі қазақ әдебиеті пәні
Әдебиетке байланысты жүргізілетін лекция, тәжірибешілік сабақтардың білімділік, тәрбиелік міндеттерін жетілдіру. Оқу аймағына кіретін әдеби матиериалдың мазмұны. Кіріспе сабақтар. Шолу тақырыптарының түрлері. Көркем мәтінмен жұмыс түрлері. Қорытынды сабақтар. Қазақ әдебиеті пәні бойынша сабақты түрлендіріп өткізудегі модульдік технология. Әдебиет сабағында тіл дамыту жұмыстары, мәнерлеп оқу, ауызша мазмұндау, жазба жұмыстар: шығарма, мазмұндама. С.Жүнісовтың «Ақырғы бәйге» шығармасы бойынша жазба жұмыс (5 сынып. Әдебиет.-А:Атамұра, 2005).
5-тақырып. Әдебиетті оқыту барысындағы амал-тәсілдер, түрлері
Оқытудың инновациялық технологиясы. Интеграциялап оқыту. Білімді бағалаудың тестілік-рейтингілік жүйесі (күнделікті, аралық, қорытынды тексеру). Ә.Кекілбайдың «Шыңырау» шығармасын оқыту барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер (6 сынып. Әдебиет.-А:Атамұра, 2002)..
6-тақырып. Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту. Эпикалық шығармалардың оқытылуы
Көркем шығарманы оқып меңгеруге байланысты жұмыс түрлері. Көркем шығарманы жанрлық ерекшелігіне байланысты оқыту. С.Торайғыровтың «Кім жазықты» романын оқыту (Мәшһүр-Жүсіп Қуандық Пазылұлы. «Көркем сөздің құдіреті», «Мектепте қазақ әдебиетін оқыту» еңбектері бойынша).
7-тақырып. Драмалық шығармалардың оқытылуы
Драмалық шығармаларды оқытудың өзіндік ерекшеліктері. Ж.Аймауытовтың «Мансапқорлар» пьесасын оқыту.
8-тақырып. Лирикалық шығармалардың оқытылуы. М.Жұмабаев өлеңдерін оқыту, С.Сейфуллин өлеңдерін оқыту (Мәшһүр-Жүсіп Қуандық Пазылұлы. «Көркем сөздің құдіреті», «Мектепте қазақ әдебиетін оқыту» еңбектері бойынша). Әдеби-теориялық ұғымдарды меңгерту жолдары (А.Құнанбаев, Мәшһүп-Жүсіп Көпейұлы өлеңдері бойынша). А.Байтұрсынұлының «Ақын ініме», «Екі шыбын» өлеңдерін оқыту (7 сынып. Әдебиет.-А:Атамұра, 2003).
9-тақырып. Әдебиет пәні мұғалімінің жұмыс жоспарлары
Сабақ моделі (дәстүрлі емес сабақтар). Сабаққа қойылатын талаптар. Сабақты талду мәселелері: а) дидактикалық талдау (сабақтың мақсатын айқындау, дидактикалық принциптерді, оқу материалынан логикасын сақтау, оқыту әдістері мен тәсілдерін қолдануды қадағалау, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру. Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігін сақтау принципін жүзеге асыру). ә) психологиялық талдау, б) тәрбиелік талдау сабақтың тәрбиелік әсерін зерттеу мақсатында жүргізілетіні. Қазақ әдебиеті пәні бойынша сыныптық күнтізбелік жоспар құру. Ш.Мұртазаның «Тұтқын бала» шығармасын оқыту, сабақ моделі (6 сынып. Әдебиет.-А:Атамұра, 2002).
10-тақырып. Әдебиет пәні кабинеті
Көркем шығармалар мәтіндері, әдеби-сын және тарихи-әдеби материалдары, оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдар, көрнекілік техникалық жабдықтар, компьютерлер, телевизор, аудио-видео таспалар, кинокамераларды сақтау. Қазақ және көрнекті әлем ақын-жазушларының белгілі көркем шығармалар жинақтары, томдары, портрет-суреттерімен көркемдеу. Әдебиет кабинетін эстетикалық тұрғыдан жабдықтау.
3.5 СӨЖ мазмұны
№
|
СӨЖ түрі
|
Есеп беру формасы
|
Бақылау түрі
|
Сағат көлемі
|
1
|
Дәріс сабақтарын өңдеу
|
|
Сабаққа қатысу
|
|
2
|
Үй тапсырмасын орындау
|
Жұмыс дәптері
|
Сабаққа қатысу
|
12 (1х12)
|
3
|
Лабораториялық , тәжірибешілік сабақтарға дайындық
|
Конспект
|
Коллоквиум
|
15 (1x15)
|
4
|
Семестрлік тапсырманы орындау
|
Тест жұмысы
|
Семестрлік тапсырманы қорғау
|
6,5
|
5
|
Бақылау жұмысын орындау
|
|
Бақылау жұмысын қорғау
|
|
6
|
Бақылау шараларына дайындық
|
|
РК1, РК2
|
4
|
|
Барлығы
|
|
|
37,5
|
Студенттерге µздігінен оќуѓа берілетін таќырыптар
1. Қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетінің өзара байланыстыра оқыту мәселелері. Көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылықты ояту, жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастырудың жолдары.
¦сынылатын єдебиет: [2], 263-271беттер, [3],1-20 беттер, [7], 98-108 беттер, [15], 5-30 беттер, [18], 5 -100 беттер
2 Жоғары сынып (10-11) оқулықтарындағы берілген туындыларға проблемалық сұрақ-тапсырмалар түзу. Проблемалық және ізденімді-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру мәселелері. Проблемалы жағдайға құрылған семинар-дискуссия.
¦сынылатын єдебиет: [2], 67-73 бет, [6], 1-50 беттер, [8], 233-237 беттер.
3. Эпикалық шығармаларды оқыту. Д.Исабековтың «Ата үміті», М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» шығармаларын оқыту (6 сынып. Әдебиет. -А: Атамұра, 2002).
¦сынылатын єдебиет: [4], 5-36 бет, [5], 10-56 беттер, [9],5-100 беттер. [14],3-100 беттер [17], 5-90 беттер
4. Поэзиялық шығармаларды оқытудың педагогикалық және әдістемелік принциптері. Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын таныту (поэтикалық талдау). С.Торайғыров өлеңдерін оқыту (10 сынып, -А.,1998).
¦сынылатын єдебиет: [10], 5-50 бет, [11], 5-100 беттер, [12],5-100 беттер.
5. Педагогикалық технология талаптары және бүгінгі сабақ түрлері. І.Жансүгіровтың «Құлагер» дастанын оқыту ( Қуандық Мәшһүр-Жүсіптің «Мектепте қазақ әдебиетін оқыту», «Көркем сөздің құдіреті» еңбектері бойынша).
¦сынылатын єдебиет: [1], 5-30 бет, [7], 161-181 беттер, [8], 175-197 беттер, [13],3-100 беттер, [16], 5-60 беттер.
Выписка из рабочего Форма
учебного плана Ф СО ПГУ 7.18.1/10
специальности(ей)
050205 «Қазақ филологиясы» мамандыќтарыныњ оќу ж±мыс жоспарынан кµшірме
Пәннің атауы Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Оқу түрі
|
Бақылау формасы
|
Студент жұмысының көлемі
|
Сағаттың курс және семестр бойынша бөлінуі
|
Емт.
|
сынақ
|
К.ж
|
К.жұм.
|
ЕГЖ
|
бақ.жұм
|
Барлығы
|
Дәріс
|
Тәжірибе
|
Зертханалық
|
СӨЖ
|
Дәріс
|
Тәжірибе
|
Зертханалық
|
СӨЖ
|
жалпы
|
Аудитор.
|
СӨЖ
|
Күндізгі
ЖОБ негізін
де
|
6
|
|
|
|
|
|
90
|
52,5
|
37,5
|
5-семестр
|
6- семестр
|
|
|
|
|
22,5
|
15
|
15
|
37,5
|
Қолданылатын єдебиеттер
Негізгі:
1 Алпысбаев Қ. Көркем шығарманы талдау жолдары. –А., 1995
2 Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. –А.,1997
3 Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы. –А.,1998
4 Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту метиодикасы. –А.,1987.
5 Қоңыратбаев Ә. 4-7 кластарда әдебиетті оқыту методикасы. –А.,1987.
6 Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. –А.,1969.
7 Қуандық Мәшһүр-Жүсіп. Мектепте қазақ әдебиетін оқыту.-Павлодар, 2003
8 Қуандық Мәшһүр-Жүсіп. Көркем сөздің құдіреті.-Павлодар, 2000
Қосымша
9 Ақшолақов Т. Мектепте әдеби шығарманың компонентерін оқыту. –А., 1974.
10 Дайрабаева Е. Мектепте шығарма жаздыру методикасының кейбір мәселелері. –А., 1963.
11 Дайырова Ә. Орта мектепте І.Жансүгіров творчествосын оқыту. –А.,1969.
12 Дүкенбаев С. Мектепте драмалық шығармаларды оқыту. –А., 1985.
13 Жалпы білім беретін орта мектеп бағдарламалары.
14 Қалиев С. Мектепте Ғ.Мүсірепов шығармаларын оқытужолдары.-А.,1974.
15 Құрманбаева Г. Дамыту, интеграция. –А., 1997.
16 Құрманбаева Г., Дүйсебаев С. Әдебиет сабақтарының үлгілері. –А.,1999
17 Сманов Б. С.Мұқановтың «Ботагөз» романын оқыту. –А.,2000.
18 Тілешова С. Әдебиет сабағындағы жазу жұмыстары.-А., 1971
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәнінен емтихан сұрақтары
1 Әдебиет пәнін оқытудың тарихы мен теориялық бастау-көздері
2 Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы. 19 ғ. 2 жартысында орыс-қазақ мектептерінің ашылуы.
3 Ы.Алтынсариннің орыс алфавитімен ауылдық мектептер ашуы. 20 ғ. басында Қазақстанда мектептік білім жүйесінің түрлері.
4 1917-32 ж.ж. әдебиет пәнінің оқытылуы. 1939-1958, 1985-1990 ж.ж. әдеби білім беру ісін жетілдіру.
5 Әдебиетті оқытудың жаңа кезеңі (XX- XXI ғасыр). 1990-2000 жылдардағы еліміздегі жалпы және орта білім беру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер. Әдеби білім мазмұнын жаңарту бағытындағы жаңа ұстанымдар мен құндылықтар.
6 2001 жылғы «білім жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасын бекітілуі». Бақылау мен тестілеу бағдарламалары, ақпараттық анықтама жүйелері
7 Қазіргі жалпы білім беретін орта мектептегі қазақ әдебиеті пәні
8 Оқу аймағына кіретін әдеби матиериалдың мазмұны. Кіріспе сабақтар. Шолу тақырыптарының түрлері.
9 Көркем мәтінмен жұмыс түрлері. Қорытынды сабақтар.
10 Қазақ әдебиеті пәні бойынша сабақты түрлендіріп өткізудегі модульдік технология.
11 Әдебиет сабағында тіл дамыту жұмыстары, мәнерлеп оқу, ауызша мазмұндау, жазба жұмыстар: шығарма, мазмұндама.
12 Әдебиетті оқыту барысындағы амал-тәсілдер, түрлері
13 Оқытудың инновациялық технологиясы.
14 Интеграциялап оқыту. Білімді бағалаудың тестілік-рейтингілік жүйесі (күнделікті, аралық, қорытынды тексеру).
15 Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту.
16 Эпикалық шығармалардың оқытылуы
17 Көркем шығарманы оқып меңгеруге байланысты жұмыс түрлері.
18 Көркем шығарманы жанрлық ерекшелігіне байланысты оқыту.
19 С.Торайғыровтың «Кім жазықты» романын оқыту (Мәшһүр-Жүсіп Қуандық Пазылұлы. «Көркем сөздің құдіреті», «Мектепте қазақ әдебиетін оқыту» еңбектері бойынша).
20 Драмалық шығармалардың оқытылуы
21 Драмалық шығармаларды оқытудың өзіндік ерекшеліктері. Ж.Аймауытовтың «Мансапқорлар» пьесасын оқыту.
22 Лирикалық шығармалардың оқытылуы.
23 М.Жұмабаев өлеңдерін оқыту, С.Сейфуллин өлеңдерін оқыту (Мәшһүр-Жүсіп Қуандық Пазылұлы. («Көркем сөздің құдіреті», «Мектепте қазақ әдебиетін оқыту» еңбектері бойынша).
24 Әдеби-теориялық ұғымдарды меңгерту жолдары (А.Құнанбаев, Мәшһүп-Жүсіп Көпейұлы өлеңдері бойынша).
25 Әдебиет пәні мұғалімінің жұмыс жоспарлары
26 Сабақ моделі (дәстүрлі емес сабақтар).
27 Сабаққа қойылатын талаптар. Сабақты талду мәселелері: а) дидактикалық талдау (сабақтың мақсатын айқындау, дидактикалық принциптерді, оқу материалынан логикасын сақтау, оқыту әдістері мен тәсілдерін қолдануды қадағалау, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру.
28 Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігін сақтау принципін жүзеге асыру). ә) психологиялық талдау, б) тәрбиелік талдау сабақтың тәрбиелік әсерін зерттеу мақсатында жүргізілетіні.
29 Қазақ әдебиеті пәні бойынша сыныптық күнтізбелік жоспар құру.
30 Әдебиет пәні кабинеті
31 Көркем шығармалар мәтіндері, әдеби-сын және тарихи-әдеби материалдары, оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдар, көрнекілік техникалық жабдықтар, компьютерлер, телевизор, аудио-видео таспалар, кинокамераларды сақтау.
32 Қазақ және көрнекті әлем ақын-жазушларының белгілі көркем шығармалар жинақтары, томдары, портрет-суреттерімен көркемдеу. Әдебиет кабинетін эстетикалық тұрғыдан жабдықтау.
33 Күнтізбелік (календарлық) –тақырыптық жоспар түзілісі, не себепті қажеттілігі, бағдардың рөлі.
34 Сабақтық жоспар, оның күнтізбелік жоспар негізінде жасалатыны. Сабақтық жоспарлардың керек болу себебі, атқаратын рөлі, тармақтары мен бөлімдері.
35 Ә.Қоңыратбаев, А.Көшімбаев, Т.Ақшолақовтардың оқу құралдары мен зерттеу еңбектері
36 С.Қирабаев, Ә.Дайырова, С.Тілешова, Қ.Бітібаева, т.б. оқу құралдары мен зерттеу әдіскерлік еңбектері.
37 Ғалым Қ.П.Жүсіптің әдебиетті оқыту әдістемесі
38 Қазақ әдебиеті пәнінен V-IX сыныптарда берілетін базалық білім.
39 Творчестволық (шығармашылық) оқу әдісі.
40 Эвристикалық оқу әдісі. Эвристикалық әңгіме, сұрақ-жауап, эвристикалық пікір таласы, оның тақырыптары.
41 Зерттеп оқу әдісі.
42 Репродуктивті оқу әдісі.
43 М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» шығармасын оқыту.
44 М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастанын оқыту технологиясы.
45 М.Мақатевтың «Аққулар ұйықтағанда» дастанын оқыту
46 Білім беру жүйесін мақсаты мен міндетіне қатысты оқытудың, проблемалық оқыту (М.Махмутов)
47 Саралап оқыту (И.Унт)
48 Дамыта оқыту (Ю.Эльконин, Давыдов, Қ.Бітібаева)
49 Топтап оқыту (Дьяченко)
49 Қашықтан оқыту (Г.Нұрғалиева, Д.Жүсібалиева)
50 Сын тұрғысынан оқыту
Кафедра меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Қ.П.Жүсіп
“----“-----------2008 ж №-----мәжілісхат
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
«Қазақ тілі фонетикасы» пәнінен емтихан сұрақтары
1 Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
2 Әріп, дыбыс, фонема
3 Қазақ тіл білімінің салалары, олардың зерттелу дәрежесі.
4 Қазіргі қазақ тілі фонетикасының қалыптасу, даму, зерттелу тарихы
5 Фонетиканың зерттеу әдіс-тәсілдеріне қарай саралануы
6 Буын. Буын туралы ұғым. Сөзді буынға бөлу жолдары.
7 Тіл дыбыстары туралы түсінік.
8 Қазақ тіліндегі буынның өзгешеліктері
9 Тіл дыбыстарының жасалуы мен дыбысталуы. Дыбыстау мүшелері
10 Қазақ тіліндегі буынның түрлері
11 Дыбыстау мүшелері. Актив және пассив мүшелер, олардың тіл дыбыстарын жасаудағы қызметі
12 Буынның алмасуы, жылысуы
13 Қазіргі қазақ тілі дыбыстарының құрамы мен түрлері
14 Қазақ тіліндегі буын саны, құрамы
15 Тіл дыбыстарының жіктелуі.
16 Екпін, сөз ішіндегі дыбыстардың сапасына тигізетін әсері.
17 Дауысты дыбыстар, олардың сөйлеу мүшелерінің қатысына қарай бөлінуі
18 Екпіннің сөз екпіні және тіркес екпіні болып бөлінуі
19 Дауысты дыбыстардың жіктелісі, дауысты дыбыстардың құрамы
20 Екпін түспейтін қосымшалар. Негізгі екпін және қосымша екпін
21 Дауысты дыбыстар, олардың сөйлеу мүшелерінің қатысына қарай бөлінуі
22 Екпіннің сөз екпіні және тіркес екпіні болып бөлінуі
23 Дауыссыз дыьбыстар, олардың жасалу орнына және жасалу тәсілдеріне қарай жіктелуі
24 Фразалық, логикалық екпін.
25 Дауысты дыбыстардың үн мен салдырдың қатысына қарай үнді,үнсіз болып бөлінуі
26 Интонация туралы түсінік. Итнонацияның грамматикалық мағыналарды білдірудегі рөлі.
27 Дыбыстардың үндесуі мен алмасуына байланысты тілдік заңдылықтар
28 Графика және орфография туралы түсінік
29 Сингорманизм заңы, оның түрлері
30 Орфоэпия туралы түсінік. Қазақ орфоэпиясының нормалары
31 Ассимиляция, кездесетін орны
32 Алфавит туралы түсінік. Қазақ графикасының тарихы
33 Дыбыстарда болатын сапалық өзгерістер (элизия, редукция, протеза)
34 Қ.Жұбановтың дыбыс жүйесі туралы зерттеулері
35 Диссимиляция, кездесетін орны
36 Орфография туралы түсінік. Негізгі принциптері.
37 Дауысты дыбыстар
38 А.Байтұрсыновтың дыбыс жүйесі туралы зерттеулері
39 Х.Досмұхамедовтың дыбыс жүйесі туралы зерттеулері
40 Дауыссыз дыбыстардың зерттелуі
Кафедра меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Қ.П.Жүсіп
“----“-----------2007 ж №-----мәжілісхат
Достарыңызбен бөлісу: |