Есеп. Арақашықтығы 2720 км болатын А және В пункттен бір мезгілде біріне-бірі қарама-қарсы бағытта екі пойыз шығып, 20 сағаттан кейін кездесті. Олардың біреуі 4 сағатта 304 км жүрді. Екінші пойыздың жылдамдығын табыңдар.
Шешу:
Шамалар
Пойыздар
|
Пойыздардың жылдамдығы (км/сағ)
|
Пойыздардың жүрген жолы (км)
|
Бірінші пойыз
Екінші пойыз
|
2)
1) х
|
3)
4)
|
Теңдеу құрамыз: .
Сонымен мәтінді есепті теңдеу құру арқылы шығару мына біліктерді қамтиды:
- шамаларды бөліп көрсету және оларды әріптермен таңбалау;
- сөзбен тұжырымдалған тәуелділікті өрнек түрінде жазу;
- теңесетін өрнектерді құрастыру;
- шамалар арасындағы тепе-теңдіктердің көмегімен өрнектеу;
- теңдеу шешуді берілген есеп "тілінде" түсіндіру.
Мектептегі математика курсындағы кейбір тақырыптарды оқытудың қолданбалы бағытын нығайту үшін, есептер жүйесіне практикалық жағдайды модельдеуге математикалық білімді колдануды көрнекі көрсетуге немесе керісінше, қандай-да бір математикалық модельмен сипатталатын әр түрлі табыстарға мысалдар келтіру арқылы формуланың практикада қолданылуын, математиканың рөлін, абстрактілі ғылым екенін оқушыларға көрсетуге мүмкіндік беретін есептерді енгізу қажет.
Мысалы:
Есеп. теңдеуін шешіңдер.
Есеп. Ұзындығы 116 м құрылыс материалы бар. Онымен
құс фермасындағы ауданы 4,8 а, тіктөртбұрыш тәрізді үйрек
қамайтын орынды қоршап шығуға бола ма? Оның қабырғаларының ұзындығын анықтандар.
3. Есеп. Зауыт белгіленген уақытта 480 машина жасап
шығаруы керек еді. Әр күні бір машинадан артық жасай отырып,
белгіленген уақыттан бір күн артық жұмыс істеп, жоспардан артық
59 машина жасады. Завод белгіленген уақытта жоспардан артық
неше машина жасады?
4. Есеп. Ауылдан қалаға қарай велосипедші қашықтығы 24 км
жолмен шықты. Ол қайтарда ұзындығы 30 км жолмен жүріп ауылға
келді. Қайтар жолда жылдамдығын 2 км/сағ арттырса да, жолға 6
мин артық жұмсады. Велосипедші қайтар жолында қандай
жылдамдықпен жүрді?
Берілген есептер бірден қарағанда әр түрлі сияқты, өйткені есептердің құрылымы және шығарылу әдістері әр түрлі. Мысалы,
1-есеп. Квадрат теңдеуді шешуді талап етеді.
2-есеп, Практикалық мазмұнды, ол құрылымы қосындысы және көбейтіндісі бойынша сандарды табуға берілген есепке жатады.
3-есеп. Жұмысқа байланысты берілген.
4-есеп. Қозғалысқа берілген.
2, 3, 4 есептердің математикалық моделін құрайық.
2-есеп. , мұнда
Достарыңызбен бөлісу: |