Кіріспе
1 ОРТА МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері
Информатика пәнінде шығармашылық жұмыстардың маңыздылығы
Жаңа ақпараттық технологияның шығармашылық қабілет дамытуға рөлі
Информатика сабағын ұйымдастыру тәсілдері
Информатика пәнінің дәстүрлі сабақтарының ұйымдастырылуы
Информатиканы қосымша оқытудың түрлері.
Инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру жолдары
Оқытуда Блум таксономиясын қолдану.
Ассоциаграмма әдісінің информатика пәнін оқытудағы маңыздылығы.
Жоба әдісін оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазіргі кезде шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналып отыр. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанынның бәсекеге қабілетті 50 елдерінің қатарына кіру старатегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап өткен болатын. Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттындыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.
Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.
Қазіргі таңда мектептегі информатиканы оқытулың негізгі міндеті — ақпаратты түрлендіру, тасымалдау және пайдалану процестерін меңгеру, оқу барысында кейіннен қызмет ету саласында да өзін-өзі көрсету, дамыту кұралы ретінде компьютерлік технологияларды тиімді пайдалану тәсілдерін үйрету болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру нәтижесінде оқушылар ақпараттық технологияларды пайдалану тәсілдерін игеріп, қазіргі әлемнің информациялық бейнесін жасауға қол жеткізетін деңгейге көтеріле алады.
Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мүғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай қолданылуы керек. Сырткы эффектіні қуып кетпей, окыту программасының тек сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көніл бөлген дұрыс. Компьютердің сызбалық мүмкіндігін молдығы дәрістік эксприментті бояулы суреттермен, сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына да пайдалануға болады.
Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге физикалык формулалар, физикалык шамалардьң өлшем бірліктері, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалык кұбылыстардың динамикалык бейнесі, тәжірибеге арналған кұрылғылардың тізімі, аспаптардың сипаттамалары және т.б. жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті акпараттарды жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уакыт үнемдейді, қарастырып отырған кезеңде ақпараттың толықтығын жоғарылатады, ақпараттык-аныктамалык жүйе кұрамында электрондық құрырғылармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Жаңа ақпараттық технология құралдарын информатика пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектуалдык қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Есептеу техникасымен жұмыс жасату оқушылардың алгоритмдік дүниетанымын қалыптастырады:
өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;
құбылыстарға модельдер кұра біледі.
Программалауды оқыту оқушылардың логикалық қабілетін дамытады, бақылау мен өзін-өзі бақылауын қалыптастырады, оқушылардъң еңбек ету мен дағдысының жинақтылығын қамтамасыз етеді, жалпы мәдени-дүниетанымын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп. Соның бір жолы ретінде оқытудың жаңа технологиясын енгізуді атап өтуге болады. Білім беруді ұйымдастырудың дүниежүзілік тәжірибесінде көптеген оқыту технологиялары жүзеге асырылуда. Осы орайда информатиканы оқыту барысында туындап жатқан әдістемелік мәселелер жеткілікті деп айтуға болады. Осыған орай оқытудың жаңа технологиялары мен жаңа ақпараттық құралдардың қолданылуы мен әдіс-тәсілдерін қарастыру өзекті мәселе болып отыр.
Дипломдық жұмыстың мақсаты жалпы білім беретін орта мектептердегі информатика пәнінің әдістемелік жүйесі мәселелерн қарастырып, оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары мен оқыту тәсілдерін зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
Информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері
Информатика сабағын ұйымдастыру тәсілдері
Инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру жолдары
Зерттеу объектісі информатика пәнін оқыту әдістемесі
Жұмыс нәтижесінде теориялық және әдіснамалық негіздері ретінде ғылыми жетекшім жетекшілігімен информатика пәнінің оқытылу мақсаты, міндеттері, ерекшеліктері, әдістемелік мәселелерін қарастырдым. Ғылыми әдебиеттер, баспасөз материалдары, озат педагогикалық технологиялар.
Ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы: бұл дипломдық жұмыста ұсынылған мәліметтерді оқу үрдісін ұйымдастыруда оқытудың жаңаша әдіс тәсілдері арқылы оқушылардың шығармашылық белсінделігін арттыру қызметінде мұғалімге көмекші құрал есебінде пайдалануға болды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімінен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
ОРТА МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ.
Информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері
Информатика сабағын мектеп пәні ретінде кірісуден кейін осы пәннің мұғалімдерін жаппай дайындау басталды, 1985 жылы жаңа оқу жоспарлары мен оқулықтар енгізілді. 1987-1988 оқу жылынан бастап, Информатиканы оқыту әдістемесі пәнін оқыта бастады. Осы уақытта баяндамалар, дискуссиялар мен пәннің фрагменттік түрдегі түрлері ғана болды. Сондықтан Информатиканы оқыту әдістемесі курсын жүргізуде жоғары оқу орнының мұғалімдері мен оқушылар қатынасы бірдей болды. Бұл тығырықтан шығудың жолы А.П.Ершовтың біріктіріп оқыту концепциясы болды.
Кейін мыналар орындалды:
Мектепте информатика пәнін оқытудың мақсаттары құрылды;
Компьютермен жұмыс деңгейі бөлінді;
Информатикадан сабақ берудегі жалпы дидактиканың нақты принциптері;
Компьютерлік сауаттылықтың фундаментальді түсінігі, білімділігі және ақпараттық мәдениет;
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру;
Жаңа және дәстүрлі дидактикалық құрылғылар қарастырылған;
Компьютерлік және қарапайым сабақтарға арналған ұйымдастыру формалары;
ЭЕМ жұмыс жасайтын оқушылардың оқу әдістеріне талдау жасау.
Негізгі қиындықтар жаңа бастаушы, кейде тәжірибелі мұғалімдерде пәннің беру әдістемісіне байланысты туындайды.
Информатика – сөзі француздың information (информация-ақпарат) және automatique (автоматика) – ақпараттық автоматика – автоматтандырылған ақпаратты өңдеу, адамның ғылыми-техникалық жаңа облысы; пән, ақпараттың жалпы қасиеттерін, құрылымын оқитын, сонымен қатар оның заңдылықтары мен әдістерін құру, түрлендіру, әртүрлі адамның қызметі маңайында қолдану және тасымалдау.
Информатика – ЕТ ақпаратты түрлендіру туралы ғылым, әдістер туралы білім береді, әр түрлі класстардағы әлеуметтік ортадағы құрылым әдістері.
Информатика пәні ақпаратты кодтау, қызықты ақпаратты өңдеу, ақпаратты жинау және сақтауды ұйымдастыр болып табылады.
3 Информатиканы оқыту әдістемесі – бұл барлық мүмкін болатын бағыттағы әдістер мен тәсілдерді қолданып сабақ өткізу, мұғалімнің оқу жұмысын жоспарлаудың ғылыми облысы.
Информатиканы оқыту әдістемесі курсы мақсаттардың бір жүйесі, мазмұны, әдістері, формалары мен оқыту құралы ретінде қарастырылады.
Информатиканы оқыту әдістемесі курсын оқыту мақсаты:
Мектеп информатикасының мақсаттарын меңгеру және түсіну (білім, даму және тәрбие);
Жалпы оқушы білімінде информатика курсының мағынасы мен орнын көру;
Курс мазмұнын меңгеру («Информатика және есептеуіш техника негіздері» базалық курсының білімін қалыптастыру – ол үшін информатика курсы программалары және оқулықтарды салыстыру);
Материал мазмұныны өңдеуде түсіну принциптері , оны қолдана білу;
Курсты оқу құралдарын меңгеру, классикалық және оқытудың жаңа әдістерін меңгеру;
Сабақ түрлерін әртүрлі етіп ұйымдастыруды меңгеру;
Информатиканың басқа пәндермен байланысын ашу, түсіну және көру;
Информатиканы оқыту процесін анализдеуге үйрену, оның программалық және техникалық қамтамасыздығын қолдану;
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, бекіту және оята білу.
Міндеттері:
Информатиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтау;
Информатика пәнінің мазмұнын анықтау;
Оқудың түрлері мен әдістерін құру;
Информатиканы оқыту құралдарының сәйкестігін қарастыру (оқу пособиясы, программалық құралдар, компьютерлер және т.б.) және мұғалімнің оларды практикада қолдануына көмек беру
Жалпы білім беретін орта мектепке "Информатика және есептегіш техника негіздері" курсының енгізілуіне байланысты педагогика ғылымының жаңа саласы пайда болды, оның зерттеу объектісі — информатиканы оқыту әдістемесі деп аталады. Мұнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы оқытудың; заңдылықтары қарастырылады. Оқыту заңдылықтары информатика дамуының нақты кезеңіне сай зерттеледі.
Қазіргі уақытта информатиканы оқыту әдістемесі қарқынды даму үстінде; оның көптеген мәселелері теориялық жағынан зерттеуді талап етеді. Педагогика ғылымының осы саласы тұтас, әрі толық бір мәнді болу үшін информатиканың барлық, деңгейде оқытылуы зерттелуі керек: мектепке дейінгі кезеңде, мектепте, орта оқу буындарының, барлық типтерінде, жоғарғы мектепте, информатиканы өзінше оқитындар үшін және т.с.с. Осы аталған буындардың бәрі қазіргі уақытта педагогика ғылымының алдына өзіне тән проблемаларын қоюда.
Біздің жағдайда алдыңғы кезекте қарастыратын мәселеміз, мектеп көлемінде оқытылатын «Информатика» курсын оқыту әдістемесі.
Информатиканы оқыту әдістемесі оқытудың жалпы мақсаттарына сәйкес өзінің алдына келесі негізгі міндеттерді қояды: Информатика және есептегіш техниканы үйретудің нақты мақсатын және орта мектептегі жалпы білім беру пәнінің мазмұнын аньіқтау, оқыту түрлерін ұсыну; Информатика мен есешегіш техниканы оқытудың барлық құралдарын қарастыру (оқу құралдары, программалық құралдар, компьютерлер және т.б.), мұғалімнің практикалық жұмысына оларды қолдануға нұсқаулар беру.
Мектеп пәндерін оқыту әдістемесінің алдына қойылатын дәстүрлі сұрақтар информатиканы оқыту әдістемесінің де алдына қойылады.
1. Оқытудың мақсаты (Не үшін оқытамыз).
2. Оқытудың мазмұны (Нені оқытамыз).
3. Оқытудың әдісі (Қалай оқытамыз).
4. Оқыту туралы (Неден оқытамыз)..
5. Оқытуды ұйымдастыру жолы (Қайтіп оқытамыз).
Бұл айтылғандардан басқа екі мәселеге көңіл аудару керек.
Олар 1) кімді оқытамыз? 2) кім оқытады? Соңғы екеуіндегі кімді оқытамыз деген сұрақта; қай жастағы оқушыны қалай оқыту керек. Яғни қай пәнді, оның бөліктерін, қай кластан бастау керек дегенді білдіреді. Информатиканы оқыту әдістемесі жаңадан қалыптасып келе жатқан жас ғылым. Педагогика ғылымының іргелі бөлігі ретінде өзінің дамуында информатиканы оқыту әдістемесі философияға, педагогикаға, психологияға, информатикаға сүйенеді. Сонымен қатар, орта мектептің өтілген практикалық тәжірибесін басшылыкқа алады. Информатика әдістемесіне біріктірілген барлық әдістемелік педагогикалық білімдер мен тәжірибелер жиынтығынан "Информатиканы оқыту әдістемесі" деп аталатын пән бөлініп шығады. Бұл оқу пәнінің мазмұнында информатиканы оқыту әдістемесінің жалпы теәриялық негіздері, типтік техникалық құралдар жиыны және сонымен бірге мектеп курсының нақты тақырыптарын оқыту әдістері қарастырылады.
Жалпы оқытудың негізгі мақсаты — оқушыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негізгі орын алған мәселе — дамыта отырып оқытуды зерттейтін бағыт.
Жалпы дидактикада оқыту мақсаттары: даму, білім және тәрбие біріктірулері арқылы қарастырылады.
Жалпы мақсаттары:
Оқу мақсаты- информатика ғылыми негіздерінің алғашқы фундаментальді білімін беру, оқушыларды бұл білімдерді меңгеруге қажетті, сонымен бірге басқа ғылымдардың негіздері, ақпаратты қолдану және тасымалдауға қаруландыру. Бұл мақсатты орындау барысында оқушыларда ақпараттық әлем картинасы және ақпараттық технологияларды қолдану қалыптасады.
Дамыту мақсаты – информатиканы оқуға шығармашылық адамның ойын есін, ісін дамытуға, т.б. бағытталған. Логикалық-алгоритмикалық және жүйелік комбинаториялық ойлау стилі субъект қызметіне қалыптастыру.
Практикалық мақсат:
Қызмет жолына дайындықты қамтамасыз ету;
ЭЕМ байланысыты бағдарлау курсы мақсатында оқушыларға мамандықтар жайлы ақпарат беру;
ЕТ тұрмыста қолдануға оқушыларды дайындау.
Тәрбие мақсаты:
Шығармашылық активтілікке, өзіндікке, жоғары моральге тәрбиелеу.
Оқу процесінің компьютеризациясы және автоматизациясы.
Оқу процесі және білімнің сәтті компьютеризациясына қажетті шарттар:
Оқу орындарында ДК жеткілікті болуы;
Өз пәні бойынша ЕТ сабақта қолдана алатын, компьютерлік технологияларды жетік меңгерген мұғалімдердің жеткілікті болуы;
Жақсы әдістемелік, сапалы әдістемелік, сапалы және әдістемелік нұсқауларды қолданудың жеткілікті көлемде болуы;
Мектепте компьютерлік технологияларға психологиялық аспектілердің жеткіліктігі. Сонда мұғалім-практика және мұғалім-зерттеуші, компьютерлік технологияның оқу процесіне енгізу мүмкіндігі туындайды.
Ал, енді информатиканы оқытып, үйретудің мақсаттары жалпы білім беретін орта және кәсіптік бағдар беретін мектептерде тәрбиелеу мен білім берудің жалпы мақсаттарымен, сонымен бірге ғылыми өзгешелігі, қазіргі қоғамдағы және ғылымдар жүйесіндегі алатын орнымен анықталады.
Алғашқы кезеңде (1985-86 оқу жылы) иформатика пәнін мектепте оқытудың негізгі мақсаты оқушыларда компьютерлік сауаттылыкты қалыптастыру болып табылады. Алайда шетелдік және Отандық тәжірибелер оқу мақсатын бұлайша анықтаудың жеткіліксіз екенін көрсетті. Өйткені, компьютерлік сауаттылық (арнаулы ЭЕМ көмегімен сурет салу, жазу, есеп шығару) басқа пәндерді оқу барысында қалыптасатын жаллы сауаттылықтың құрамды бөліктерінің бірі болып табылады.
Әрине, компьютерлік сауаттылық курсы оқытудың; жалпы мақсаттары қатарынан шығарылып тасталмайды. Дегенмен де, курсты оқытудың басты мақсаты орта білім беру мақсатынан туындайды.
Орта білім берудің басты мақсаты - жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажет қабілеттерін қалыптастырып, дамыту және өз бетімен білім алу, өзін-өзі дамытуға жағдай жасау.
Сонымен, мектептің алдына төмендегідей үш негізгі мақсат қойылады:
1) білім беру;
2) тәрбиелік;
3) практикалық.
Енді мектепке тән осы негізгі мақсаттардың информатиканы оқытудың мақсаттарына қатысты болатынын көрсетейік.
Мектепте информатиканы оқытудың білім беру мақсаты - әрбір оқушыға информатика ғылымы негіздерінің алғашқы фундаментальды білімін беру, оқушыларға осы білімді мектепте оқытылатын басқа ғылымдардың негіздерін түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
Информатика ғылымының жалпы білім берудегі қызметі өте жоғары. Информатикадан білім негіздерін меңгеру оқушылардың жалпы, ақыл — ойын дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабылеттерін нығайтуға елеулі әсер етеді.
Сонымен, информатиканы оқытудың білім беру- — дамытушылық мақсаты — оқушының шығармашылық қабілетін, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыруға, ақыл-ойын, ойлау өрісін, ынтамен дамытуға, яғни қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталған.
Мектептегі информатика курсының практикалық мақсаты — оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білімдермен, дағдылармен және іскерліктермен қаруландыру.
Курстың бұл мақсаты қолданбалы және теориялық аспектілердің байланысын жүйелі түрде ашып көрсетіп, алгоритмдеудің, программалаудың ЭЕМ-нің қазіргі кезеңдегі өндірістегі ролі мен маңызын айкындау болып табылады. Информатика курсында кәсіптік бағдарлау мақсатында информатикаға және ЭЕМ-ға байланысты мәліметтер, ЭЕМ-ны пайдаланатын басқа ғылымдар жайында мәліметтер берілуі тиіс. Мұнымен қатар, информатиканың практикалық мақсатының "тұрмыстық аспектісі" де бар. Ол күнделікті өмірде, тұрмыста жастарды компьютерлік техниканы сауатты пайдалануға үйретеді.
Қорыта келгенде, информатиканы оқытудың практикалық мақсаты - оқушыларды практикалақ қызметке, еңбекке, баска пәндерді оқыту процесінде практикалық есептер шешуге және оны информациялық қоғамда өмір сүруге дайындауға бағытталған.
Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты өте зәр. Информатиканы оқу барысында ой еңбегінің мәдениеті жаңа саналы деңгейде қалыптасады; оқушы өзінің жұмысын жоспарлай білу, оны ұтымды орындай білу, бастапқы жоспарды оның орындалуымен байланыстыра білу сияқты жалпы адамзаттың мәні бар қасиеттер де қалыптасады. Информатиканы оқытудағы алгоритмдер мен программалар құру, оларды ЭЕМ-да орындау оқушыдан ойлануды және шыдамдылықты арттыруды, көңіл қоя білуді, көз алдына елестете білуді талап етеді. Сонымен қатар, жеке адамның табандылық, алдына мақсат қоя білу, шығармашылық, белсенділік көрсете білу, жұмысына жауапкершілікпен қарау, сенімді, тәртіпті болып, бар мүмкіншілікті қолдана білу сияқты қасиеттерін дамытады. Алгоритмді жазуға дағдылану жауапкершілікпен қарауды, жаңа, талап қоюды керек етеді.
Сонымен информатиканы оқытудағы тәрбиелілік мақсат — оқушыны азаматтыққа, адамгершілік қасиетке және жоғары саналылыққа баулуға бағытталған.
Информатиканы оқып үйренудің жоғарыда аталған мақсаттары бір-бірмен өте тығыз байланысты, оларды бір-бірінсн ажыратуға болмайды. Оқушыларға негізгі жалпы білімді беріп болмай, информатиканын; тәрбиелілік эффектісін алуға болмайды. Мектепте информатиканы оқытудың жалпы мақсаттары нақты оқу процссіне байланысты нақгы мақсаттарға айналады, яғни нақты тақырыптарды оқытудың мақсатына айналады. Пәнді оқытудың нақты мақсаттарын анықтау жалпы дидактикадан басталады. Қазіргі қоғамның дамуына байланысты дидактиканың көптеген қағидалары өзгеріске ұшырап отыр. Информатика жас ғылым болғандықган ол даму үстінде, оны мектепте оқыту мазмұны да әлі қалыптасу үстінде. Осындай жағдайда ғылыми тұрғыдан негізделген мақсат қана оқыту мазмұнын дәл анықтауға мүмкіндік береді.
Информатиканы мектепте оқытудың алғашқы кезеңінде компьютерлік сауаттылықты ғана қалыптастыру мәселесі қойылды, ал мұның мағынасы тар екенін тәжірибе көрсетіп, дәлелдеп отыр. Ал қазіргі кезенде информациялық мәдениетгі қалыптастыру қажет екені көрінеді.
Олай болса, информациялық мәдениет дегеніміз не?
Дәл қазіргі уақытта педагогиканың алдындағы тұрған міндет - оқушыға әлемнің информациялық бейнесіне түсіндіру. Информациялық бейне дегеніміз не? "Ол оқушыға өзін қоршаған информациялық сферада бағдар алуға мүмкіндік беретін информациялық, байланыстар мен сигналдар, белгілер жүйесінің жиынтығы; информациялық ағымды пайдаланып, оны мүмкіндігіне қарай басқарып, оның мазмұнын сапалы түрде талдай білу, қоршаған ортаға бейімделу мақсатында тура және кері байланысты жүзеге асыру және оның саяси -әлеуметтік, экономикалық, экологиялық құрылымын жетілдіру," - деп түсіндіреді Н. Ф. Талызина.
Әрине, бұл міндетті жүзеге асыру оқыту технологиясын өзгерту арқылы шешілетіні белгілі. Олай болса, информатиканы оқытудың мақсаты компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру ғана емес, оқушыны информациялық қоғамда өмір сүруге дайындау, яғни информациялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Ал, бұл мақсатты жүзеге асыру үшін бүкіл педагог, оқушылар қауымы информациялық мәдениетпен қарулануы тиіс.
Мектептегі информатика қурсының мазмұнын таңдауға бір-бірімен белгілі қарама-қайшылықта болатын екі негізгі факторлар тобы әсер етеді.
1) Ғылыми және практикалық факторлар. Информатика пәнінің мазмұны информатика ғылымы арқылы анықталуы керек. Бұл пәнді оқыту барысында іргелі білім деңгейі беріліп, оқушылардың әртүрлі саладағы болашақ кәсіби кызметіне дайындығы қамтамасыз етілуі тиіс.
2) Түсініктілік және жалпы білімділік факторлар. Оқу пәнінде қамтылған материалды: меңгеруге окушының шамасы келетіндей болуы керек, олардың ойлау кабілетінің деңгейі мен білімі, іскерлігі, дағдыларына сай болуы тиіс. Сондай-ақ, информатика курсы информатика ғылымының сәйкес салаларында жалпы мәні бар мәліметтерді қамтуы қажет. Қорыта айтқанда, мектептегі информатика курсы бір жағынан болашақ заманға лайық өмірдің күрделіленген талаптарына жауап беруі керек, екінші жағынан қарапайым болуы қажет.
Жалпы информатика курсынын мазмұны мынадай екі үлкен дидактикалық мәселені шешуге бағытталуы керек: 1) Компьютер-оқыту объектісі; 2) компьютер-универсал таным құралы.
Оқушы таным субъектісі болған кезде бұл екі мәселе бірін-бірі толықтыра отырып курстың негізгі мазмұнын құрайды.
Информатика курсының мазмұны әлі де информатика ғылымының үш іргелі үғымына негізделеді: Ақпарат-алгоритм-ЭЕМ.
Информатика курсының негізгі мектептегі мазмұны аталған үш кешенді мәселелердің төңірегінде шоғырланған, яғни : біріншісі — компьютерлік техникамен танысу, -оның негізгі элементтері мен жалпы жұмыс істеу принциптерімен танысу; екіншісі — алгоритмдеу және программалау негіздерін оқып үйрену; үшіншісі — информатиканың қолдану шеңберін анықтау.
Окушылардың меңгеруіне міндетті болатын теориялық дайындықтың көлемі осы ұғымдар жүйесі аркылы анықталады.
Оқытудың нақты мазмұны алгоритмдік мәдениеттің және олардың компьютерлік сауаттылығының компоненттерінен құралады. Мектептегі информатика пәнінің мазмұнын, көлемін және көп жағдайда оқытудың ретін анықтайтын негізгі кұжат-ресми түрде белгіленген оқу бағдарламасы болып табылады.
Ал, оку бағдарламасы сол курсты оқыту тұжырымдамасының негізгі түйіні. Енді информатика енгізілгеннен бері жарияланып жатқан тұжырымдамалар мен оқу бағдармаларына тоқталайық. Информатиканы оқыту тұжырымдамаларының алғашқы нұсқалары 1989-1990, 1991 жылдары жарияланды. Бірақ, олар барлық білімді ақпараттандыру негізінде құрылған. Бүл еңбектерде информатика пәнін оқыту мәселесі, оның мазмұны мен мақсаты жекеленіп ашылмаған. Сонымен қатар, соңғы жылдары информатика пәнін оқыту мәселесінде- үлкен өзгерістер болды. 1998 жылы Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін орта мектепте оқытылатын информатика курсы бойынша мемлекеттік білім беру стандарты құрылып, оку процесіне енгізілді.
«Информатика» пәні бойынша дайындалған стандарт білім берудің сәйкес сатысының базистік оқу жоспарымен, білім беру ұйымдарының типтік оқу жоспарымен, білім бағдарламаларымен кешенді түрде қолданылды.
«Информатика» оқу пәнінің базалық мазмұны (БМ) - оқу пәнінің мектепте міндетті түрде оқытылуы тиіс және үздіксіз білім берудің келесі сатылары мен деңгейлеріне информатиканы оқуды жалғастыру үшін жеткілікті болатын мазмұнының құрамы мен құрылымы.
«Информатика» оқу пәні бойынша білім берудің негізгі бағдарламасы (БНБ) –оқу пәнінің мазмұнын, яғни оқушыларда ғылыми дүниетанымдық негізді қалыптастыруды, олардың ойлау қабілетін дамытуды, ақпараттандыру құралдарын, ақпараттық технологияларды меңгеруді және оқушыларды өмірге, еңбекке және білімдерін жалғастыруға даярлауды анықтайтын құжат. Оның мазмұны мемлекеттік стандарт бойынша анықталады.
«Информатика» оқу пәні бойынша бағдарлы білім беру бағдарламасы (БББ) – «Информатика» оқу пәнінің мазмұнын анықтайтын, пәнді тереңдетіп, бағдарлы оқыту қамтамасыз ететін оқушыларды кәсіби даярлау бағытына қарай көлемі мен мазмұны бойынша сараланған құжат. Оның мазмұны мемлекеттік стандарт бойынша анықталады.
«Информатика» оқу пәні бойынша қосымша білім беру бағдарламасы(ҚҚБ) – мемлекеттік стандарт мазмұнынан тыс, оқушылардың информатика пәні бойынша білімге деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған оқу курстарының мазмұнын анықтайтын құжат. Бұл бағдарлама факультативтік немесе арнайы курстар ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
2. Орта мектептің сатылары бойынша информатика курсы оқытуды үш кезеңге бөлінген (Кузнецов тұжырымдамасы).
Бірінші кезең (1-6-кластар) – пропедевтикалық курс. Бұл кезеңде оқушылар компьютермен алғаш рет танысады. Математика, орыс тілі және басқа сабақтарда программаларын пайдалану процесінде информациялық мәдениеттің алғашқы элементтері қалыптасады.
Екінші кезең (7-9- кластар) – негізгі курс деп аталады, ол информатика пәні бойынша окушыларды міндетгі жалпы біліммен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл кезеңде оқушылар компьютермен толықтай танысады, ЭЕМ-нің архитектурасы және ақпараттық технологиямен жұмыс істеу тәсілдерін үйрене отырып, оқу процесінде компьютерді жан-жақты, тиімді пайдалана отырып, өзіндік танымдық іс-әрекеттерін калыптастырады. Негізгі курсты оқытуда басқару ісіндегі ақпараттың мәні, ақпараттық процестердің жалпы зандылықтары және жүйелі-ақпараттық тәсілдер туралы түсініктер қалыптасады. Бұл кезенде окушылар алгоритм, алгоритмнің құрылымдары (сызыктық, тармақталған, қайталану), программалау тілдерімен танысып, оны алгоритм жазуда және қолданбалы есептерді шешуде пайдалану жолдары мен мүмкіндіктері туралы мағлұматтар алады
Үшінші кезең (10-11- кластар) – бағдарлы курс, мұнда окушылар кәсіптік бағдар бойынша оқытылады. Ол окушылардың сұранысына, кабілетіне және қызығушылығына байланысты сараланған мазмұнмен беріліп, оларға кәсіптік мамандық деңгейіндегі дәрежеде білім беріледі. Мысалы, математика мамандығына бағытталған сыныптар мен мектептер үшін программалау мен есептеу математикасы әдістерін тереңдетіп оқыту, ал жаратылыстану мамандығына бағытталған мектептер үшін – эксперимент мәліметтерін өндеу, компьютерді модельдеу үшін ғана қолдануға байланысты информатика курсы, ал ауыл мектептері үшін – ауыл-шаруашылық өндіріс экономикасын ұйымдастыруға арналған есептерді шығаруға информацилық технологияны қолдану іскерлігін қалыптастыруға бағытталған курс оқытылады.
Негізгі мектепте информатиканы оқытуда берілетін білім мазмұнының құрылымы мемлекеттік жалпыға білім беру стандартымен шектелген. "Информатика" пәнінен білім беру тақырыптық жоспардағы әрбір бөлімдерге сәйкестеңдіріліп ұсынылады.
Бағдарламалардың құрылымына төмендегі мәселелер енеді:
сынып бойынша білім беру мазмұнының міндетті минимумы;
оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар;
тақырыптық жоспарлау.
Әрбір мәселені оқыту тереңдігі мен деңгейі оқушылардың біліміне, дағдысына қойылатын талаптарды анықтау осы пән бойынша мелекеттік білім беру стандартына сәйкес жазылады. Ал, материалдың жүйелі баяндалуы, логикасы, мектепте информатиканы оқытудың әдістемесін жасайтын оқулық авторлары, мұғалім, әдіскер, ғалымдардың жұмысы болып есептеледі.
Информатика пәнінде шығармашылық жұмыстардың маңыздылығы
Сабақта танымдық белсенділікті дамытудың құралы ретінде компьютерді пайдалану мынадай дидактикалық міндеттерді шешуге көмектеседі:
- жаңа жағдаяттармен таныстыру;
- диагностика;
- оқушылардың дербес өздік жұмысының режимінде материалды жаттығуларды қолдану арқылы бекітуді жүзеге асыру,сөйтіп тиімділікті артырып және оқыту процесінде оның ролін көтеру;
- қадағалау, қате жауаптарды есепке алу, тапсырманы орындауға кеткен уақытты регистрациялау және қорытынды бағаны шығару;
-тордағы жұмыста ұжымдық өзара әрекет процесінде бірыңғай шығармашылық жұмысты жасау.
Компьютерді қолдануда екі мәселені есепке алу керек: бұл қондырғылардың табиғатынан шығатын шектеулерді есепке алу керек, екіншіден бұл процеске оқушылардың психологиялық ерекшеліктерінің де әсері бар. Мысалы, мұнда мұғалім мен оқушылардың тұлғалық қарым-қатынасы азайып немесе болмауы да мүмкін.
Тұлғаны тек қана тұлға тәрбиелей алатыны есте болу керек. Мектепте реформаны жүзеге асырғанда, компьютердің тек қана құрал екенін, оның оқыту әрекетінде субъект бола алмайтынын, мұғалімді ауыстыра алмай, тек қана көмекшісі болатынын есепке алуымыз керек.
Оқыту процесі кезінде оқушылар машинамен жұмыс істегенді қалайтыны анықталды. Олар қате істей алады, тапсырманы тез және сапалы орындау жеткіліксіз жағдайда болады.Бірақ егерде олар жақсы даярланған болса, автоматтандырылған қадағалауда емтиханды жақсы тапсырғанмен қанағаттанбаған сезім қалады, себебі оларға өздерінің жолдастарының алдында өз жетістіктерін көрсеткен маңызды. Мұнда біз таза психологиялық құбылысқа тап болып отырмыз, себебі ол адамның әлеуметтік табиғатын көрсетіп отыр.
Қорытынды қадағалау жағдайында оқушының жетістігін соңғы бағалауды мұғалім жүргізуі тиіс. Әрине, машинаның мәлеметін есепке алады, бірақ оны қайталамайды.
Сондықтан оқыту процесін компьютеризациялаудың шарты мақсатқа сәйкесті оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту және оқу мақсаттарын оптимальды орындау болып табылады.
Оқушының зейіні,олардың қазіргі технологияларды меңгеруі және алған білімі, мұғалімнің сабақты ұйымдастыру шеберлігіне байланысты. Әрекеттің кез келген түрін дұрыс құру ушін, соның ішінде оқыту процесіне компьютерлендіруді оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту үшін нақты міндеттерді белгілеу қажет, соңғы мақсатты анықтап, оны орындау үшін кезеңдерге бөлу керек, оқушылардың жұмысы мазмұнды және ойлы болуын қамтамасыз ету қажет. Қабылдау тмімді болу үшін сол пәнде және оқушыларда бар сөздерді қолданған абзал.
Осылайша, оқыту процесін компьютерлендірудің келесі шарты оқытуда компьютерлерді қолдану және жоғары ғылыми негізде бағдарламалық-әдістемелік құралдарды белсенді енгізу болып табылады.
Компьютер оқу ақпаратын берудің мүмкіндігін кеңейтеді. Түсті, графиканы, мультипликацияны, дыбысты, видиотехниканың бүкіл қазіргі құралдарын қолдану іс-әрекеттің шынайы жағдайын жасауға мүмкіндік береді.
Қазір компьютерлік ойындар кең өріс алып отыр. А.М.Галимов компьютерлік ойындарды арнайы зерттеп, оқыту мен тәрбиелеуде ойындық бағдарламалардың ролі бар екенін дәлелдеді. Педагог ғалым зерттеуі бойынша мынадай қорытынды жасайды: оқушылардың компьютерлік ойынға деген қызығушылығы бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде жаңа құбылыс ретінде ойынға деген қызығушылығы пайда болады. Келесі кезеңде ойындық бағдарламаның алгоритмдік жағы қызықтарады. Ойынға қатысуш ойындық бғдарламаларды дербес қарастыруға және ойынды бағдарламалардың мүмкін әдістерін талдайды. Үшінші кезеңде қандай да бір ойынды өзі бағдарламалауға ниеті пайда болады,сөйтіп өзінің мүмкіндігін және күшін тексергісі келеді. Бара бара күрделі бағдарлама жасауға, көбінесе қолданбалы сипаттағы бағдармалар жасауға ұмтылысы пайда болады.
Оқу процесін мақсатты ұйымдастыру, яғни компьютерлік графика мен моделдеудің әдістерін және құралдарын, іскер және дайаттық ойындарды қолдану, көп вариантты жағдайларда стандартты емес шығармашылық іздеу, компьютерді қолдану арқылы дербес белсенді жұмыс біздің пікірімізше, компьютерленген оқытуда танымдық белсенділікті дамытудың қажетті шарты болады.
Компьютер оқытудың құралы ретінде оқытудың әртүрлі формаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді және жұмыстың режимдерін өзгеруге жағдай жасайды.
Бірінші модельде компьютер оқытудың қосымша техникалық құралы ретінде мұғалімнің жетекшілігімен сыныпта оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырылуы көрсетіледі. Мүнда нақты оқу міндеттерін шешуге арнайы бағдармалар қолданылады. Онда мұғалімнің оқытушылық және тексерушілік және түзетішілік функциялары жүзеге асырылады.
Екінші модель компьютерлік торлардың ұжымдық шығармашылық жұмыстарын жасаудағы мүмкіндіктерін көрсетеді (газеттің номірін шығару, әңгіме жазу және т.б. ).
Үшінші модель телекоммуникациялық компьютерлік құралдарды (электрондық почта, интерактивті телеконференциялар және т.б. ) пайдалану арқылы оқытушының әртүрлі топтардың қарым қатынасын ұйымдастыруды көрсетеді.
Төртінші модельде бір компьютердегі топтық немесе жұптық оқушылардың жұмысының жағдайаты көрсетіледі (мысалы, сөйлеуге оқытудағы симулятивтік және моделдік типінің бағдарламалары ). Бұл модельде оқытушы бақылаушы ролін, оқыту процесін ұйымдастырушы және компьютерлік бағдарламалаудың жұмысын және оқушылардың әрекетін ұымдастырушы болады,
Жоғары айтылғандандардан келесі шарт шығады: танымдық әрекетті ұйымдастыруда топтық және жекелік формаларды ұштастыру қажет.
Сонымен, оқыту процесін компьютерлендіру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудың қажетті шарттары:
- оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту үшін және оқу мақсатына оптималды қол жеткізу үшін компьютерлердің қажеттігі;
- білім беруді модернизациялауға мұғалімнің шығармашылық бейімделуі;
- жоғары ғылыми негізде оқытуда компьютерді қолдану және оқыту сипатындағы бағдарламалық және әдістемелік құралдарды белсенді енгізу;
- оқыту процесін мақсатты бағытталған ұйымдастыру,онда компьютерлік графиканың және модельдеудің әдістері мен құралдары қолданылады іскер және жағдайаттық ойындар, көп вариантты жағдайларда стандартты емес шешімдерді шығармашылықпен іздеу, компьютерді қолданумен дербес белсенді өзіндік жұмыс жүргізіледі;
- танымдық іс әрекетті ұйымдастыруда топтық және жекелік формаларды ұштастыру.
Жаңа ақпараттық технологияның шығармашылық қабілет дамытуға рөлі
Педагогикалық технологиялардың оқу үрдісіндегі маңыздылығы
Қазіргі білім берудің ең басты мақсаттарының бірі – оқушыларды өмірге бейімдеу, өз бетімен білім алуға дағдыландыру, алған білімін жасампазды қолдануға икемдеу екені белгілі.
Педагогикада, дәстүрлі педагогикалық, әдістемелік және дидактикалық жүйелерге қарағанда, педагогикалық технологиялар немесе оқыту технологиялары зор маңызға ие болып озық дамуда. «Педагогикалық технология» термині шетелде, өткен ғасырдың 60-жылдарында пайда болды. Содан бері әр елдерде, мысалы АҚШ-та, Жапонияда «Педагогикалық технология», Англияда «Педагогикалық технология және оқыту процессі» журналдары баспаға шыға бастады. Ал ЮНЕСКО-ң халықаралық білім беру бюросының бюллетені «Педагогикалық технологиялар» топтамасын шығарды.
«Оқыту технологиясы» ұғымы 60-жылдардың аяғында пайда болып, 70-жылдары көптеген жақтаушыларға ие болды. Қазіргі уақытта, ол педагогикалық сөздікке бекем енді. Әйтсе де, оны түсіну және қолдану әртүрлі болуда.
Қазіргі заманның педагогикалық теориясында жаңа оқыту технологиясын мектепке енгізуде бірінші зерттеу жүргізген академик В. Беспалько [1] болатын. Оның айтуы бойынша – « Педагогикалық технология – бұл оқу үрдісін жүзеге асырудың мазмұнды техникасы» Ал жаңа технологияның жеке сүрақтарын зерттеген және «Модулді оқыту технологиясын» енгізген В.М. Монаховтың пайымы бойынша – « Педагогикалық технология – бұл оқушы мен мұғалімге барлық жағдай жасау арқылы оқу үрдісін жобалау, ұйымдастыру және өткізу бойынша бірлескен педагогикалық іс-әрекеттің жан-жақты ойластырылған моделі» «Педагогикалық технология – техникалық және адами ресурстарды, олардың өзара байланысын ескере отырып, оқыту және білімді игерту үрдістерін құрайтын, қолданатын және белгілейтін, білім беру түрлерін оңтайландыруды міндет санайтын жүйелі әдіс» (ЮНЕСКО). Дегенмен, әдебиеттерде, мысалы: «массив ұғымын енгізу әдістемесі», «бағдарламалауға оқыту әдістемесі», «ақпараттық технологияларды оқыту әдістемесі» және т.б. сөз тіркестері кездеседі. Мұндағы «әдістеме» ұғымы мүлдем басқа мағына беретіні анық, ол «алгоритм», «әдіс», «технология» түсініктеріне жақын. Осыған байланысты, « әдістеме» және «технология» ұғымдарын бөлу мәселесі туындайды. А.В. Хуторской айтқандай, «оқыту теориясы „бәріне барлығын“ (жалпы дидактика) және жеке оқу пәнін оқыту немесе белгілі типті мекемелерінде оқыту теориясы (дербес дидактикалар) болып ажыратылады. Дербес дидактикалар ... оқыту мәселелерін сәйкес оқу пәндеріне қарай үйлестіреді және де әртүрлі деңгейде – бала бақшадан бастап орта және жоғарғы оқу орындарына дейін. Дербес дидактикаларды оқыту әдістемелері деп те атайды... Олардың мақсаты – сәйкес оқу пәнін немесе пәндер тобын оқыту үрдісінде оқушыларды дамыту және тәрбиелеу, оқыту құралдары және жолдары
заңдылықтарын зерттеу» [45, 9–21б.]. Г.К.Селевко педагогикалық технология ұғымының үш иерархиялық деңгейін бөліп көрсетеді [41]:
- бүтіндей білім беру үрдісін сипаттайтын жалпы педагогикалық немесе жалпы дидактикалық деңгей (аймақта, оқу орнында, оқу деңгейінде), синонимі – «педагогикалық жүйе»;
- бір пән, сынып, мұғалім және т.б. аясындағы білім беру үрдісін сипаттайтын жеке әдістемелік немесе пәндік деңгей, синонимі – «жеке әдістеме»;
- оқшауланған немесе модульдік деңгей, яғни оқу-тәрбиелік үрдістегі жеке элементтер технологиясы (ұғымдарды қалыптастыру, бақылауды ұйымдастыру, жаңа білімді игеру және т.б.).
Сонымен мынадай бастапқы тұжырымды қабылдайық:
Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі (информатиканы оқыту әдістемесі) – кез келген жас шамасында және кез келген ұйымдастырушылық-әдістемелік оқыту түрінде информатиканы үйрету объектісі болып табылатын педагогикалық ғылым [27].
«Технология» сөзі грек тілінде «techne» – өнер, шеберлік және «logos» – ғылым, заң дегенді білдіреді. Сөзбе-сөз аударғанда, «технология» – шеберлік туралы ғылым болып табылады. Кез келген технологияның негізгі өзіндік белгілері болады: ол процессуалды категорияға жатады; объектінің жағдайын өзгерту әдістерінің жиыны түрінде ұсынылуы мүмкін; экономикалық үрдістерді тиімді жобалауға және пайдалануға бағытталады.
Сонымен, технологияның әдістемеден айырмасы, мына сипаттамалардың болуымен анықталады:
аспаптылығы – яғни, мақсатқа кепілді жеткізетін, қатал анықталған орындау нұсқамалар жүйесінің болуы;
жаңғыртылымдығы (орысш. – воспроизводимость);
кепілді және өлшемді нәтиженің болуы.
Технологиялық оқытудың мәселелерін қарастырудың осыған ұқсас сипаттамалары М.Е. Бершадскийдің, И.П. Волковтың, В.В. Гузееваның, М.В. Клариннің, В.Ю. Питюкованың, В.П. Тихомированың, П.М. Эрдниевтің және басқа да ғалымдардың еңбектерінде ұсынылған.
Қазақстандық педагог зерттеушілерден М.Ж. Жадрина, Н.Н. Нұрахметов, Ж.А. Қараев (деңгейлеп оқыту технологиясы), Ж.У. Кобдикова, М.М. Жанпеисова (модульді оқыту технологиясы) атауға болады.
Ресейлік және шетел авторларының (Б.П. Беспалько, Б.С. Блум, М.В. Кларин, И. Марев, Г.К. Селевко және тағы басқа) педагогикалық технологиялар мәселелері бойынша еңбектерін сараптаудың нәтижесінде, педагогикалық технологияға ғана тән белгілер анықталды, олар [30]:
Тұжырымдамалық (орысш. – концептуальность, ғылыми негіз) – әрбір педагогикалық технологияда білім беру мақсаттарына жетудің өзіне лайық белгілі бір ғылыми негіздемесі, ғылыми концепцияға тірегі болуы тиіс.
Жүйелілік – педагогикалық технологияда жүйенің барлық: үрдістің логикасы; барлық бөліктерінің арасындағы байланыс; тұтастық белгілеріне ие болуы керек.
Диагностикалық мақсатты құру және нәтижелілігі – мақсаттарға кепілді жету және оқыту үрдісінің тиімділігі.
Басқарылушылық – диагностикалық мақсатты тұжырымдау мүмкіндігі; жоспарлау; оқыту үрдісін жобалау; сатылық диагностика; нәтижелерді түзету үшін құралдармен және әдістермен түрлендіру.
Тиімділік – нәтижелер тиімділігі мен шығынның оңтайлылығы, қысқа мерзімде оқытудың жоспарланған нәтижелеріне жету кепілдігі. Іс жүзінде қолданымдылығы (алгоритмденуі, жобалануы, бүтіндігі, басқарылымдылығы) – педагогикалық технологияларды басқа да ұқсас білім беру мекемелерінде, басқа субъектіл ермен қолданылу мүмкіндігі.
Түзетілімдігі – тұрақты түрде жедел кері байланысу мүмкіндігі. В.П. Беспалко тіпті басқа қағиданы ұстанып: «белгілі бір шартпен өтетін кез келген үрдістер осы шарттармен бірлесіп, жүйе деп аталады... Педагогикалық үрдістерді іске асыратын жүйелерді, педагогикалық жүйелер деп атайды» – дейді [1,26-б.].
Ол педагогикалық жүйелер құрылымын өзара байланысқан екі топқа бөледі: педагогикалық тапсырмаларды қалыптастыратын элементтер тобы (оқушылар, білім беру мақсаттары, білім мазмұны) және педагогикалық технологияларды түзетін элементтер тобы (оқу үрдісі, оқытуды ұйымдастыру, мұғалім және/немесе оқыту құралы) [1,21-22 б.] (2.1-сурет).
2.1-сурет. Педагогикалық жүйенің құрылымы (В.П.Беспалко бойынша).
Педагогикалық технологиялардың терең мағынасын В.П.Беспалко былай түжырымдайды:
1) кездейсоқтан шығып, алдын ала жобалауға көшу;
2) оқушылардың оқу-танымдық әрекетінің құрылымын және мазмұнын дайындау;
3) оқушылардың жаңа материалды игеру және тұлғаның бүтіндей даму сапасын объективті бақылау және диагностикалық мақсат қою;
4) оқу-тәрбиелік үрдіс компоненттерінің мазмұны мен құрылым бүтіндігінің қағидасын жүзеге асыру.
Қазіргі педагогикада білім беру жүйесі компоненттерінің (мақсаттардың, мазмұнның, әдістердің, оқыту түрлері мен құралдарының) тұтастығы туралы түсінік қалыптасты. Білім беру мазмұны білім беру технологиясының маңызды бөлігі ретінде, көп жағдайда оның процессуалдық бөлігін (әдістер мен құралдар жиынтығын) анықтайды.
Нақты пән саласында білім беру мазмұны өзгерген кезде, тиісінше оқыту мақсаттары да өзгереді, ал оған байланысты әдістемелер мен оқыту технологиялары да өзгерері анық.
Педагогикалық технологиялардың жіктелуі
Педагогикалық технологияларды әртүрлі белгілер бойынша жіктеуге болады [27] (2.1-кесте).
2.1-кесте. Педагогикалық технологияларды жіктеу белгілері
Жаңа технологиялар жалпы мынадай мақсаттарды көздейді:
а) ынтымақтастық;
б) ұжымдаса жұмыс істеу;
в) өзіндік бастама (иницатива);
г) өз жұмысын бағалауға үйрету;
д) логикалық ойлау;
е) мәселелерді шеше білу;
ж) ақпарат алу жөне керектісін пайдалана білу.
Жоғары сыныптар үшін тиімді технологиялар: өздігінен даму технологиясы, модульдік оқыту технологиясы (МОТ), бағдарлап оқыту, ынтымақтастық, компьютерлік, сын тұрғысынан ойлау (СТО). Орта буын сыныптарына тиімді технологиялар: түсіндіре оза оқу, дамыта оқыту, тірек сигналы арқылы оқыту, проблемалап оқыту, СТО, МОТ.
Бастауыш сыныптардағы тиімді технологиялар: ойын арқылы оқыту, білім беруді ізгілендіру, ақпаратты оқыту, зерттеу, көрнекілік технологиялары.
Өздігінен даму технологиясы – баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі. Оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи болу керек, сонда бала өзін өзі дамытады. Баланың: «Мынаны менің өзімнің жасауыма көмектесіп жібер» – деуіне жету.
Оза оқыту технологиясында – грамматикалық ұғым, түсініктер тірек сызбаларды пайдалану арқылы блок бойынша оза оқытылады. Тірек сигналы – сызба бойынша сөйлем құратуға, сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсетуге болады. Сызбаларда көбіне дерексіз байланыстар мен қатынастар көрсетіледі. Тілдік категориялар ұқсастығын, айырмашылығын, ерекшеліктерін салыстырып көрсетуге болады.
Белсенді оқыту технологиясы – оқу әрекеті арқылы үйретуші (мұғалім), үйренуші (білім алушы) рөлін өзгертуге ықпал ететін, шәкірттерді жаңа білімді өздіктерінен ізденіп білім алуына мүмкіндік жасайды. Бұл үшін сабақта төмендегі мәселелерге баса назар аударған жөн:
- сабақ құрылымының икемділігі, оқығаны бойынша пікірталастың болуы;
- дидактикалық ойындар, интенсивті өзіндік әрекет, бірліктерді салыстыру, топтау, жүйелеуді ұйымдастыру;
- жеке тұлғаға бағдарланған технологияда оқу тәрбие процесінде балалардың жеке ерекшеліктерін ескеру;
әр білім алушының оқу тапсырмаларын орындауға қолайлы жағдай туғызу көзделеді;
- жеке тұлғаның өзіндік ерекшелігін ескеру ұстанымы (әрбір шәкіртті қабылдау мүмкіндігіне сай оқыту);
- білім беру траекториясын таңдау еркіндігі ұстанымы (міндетті білім беру деңгейінен төмен болмауы тиіс).
- оқытудың жағдаяттылығы ұстанымы (тапсырманы орындауға жағдай туғызу).
И.Д.Левитовтың пікірінше, оқушылардың шыңғармашылық қабілеттері деп іс-әрекет қорытындысында жаңа бір нәрсені үйренулері және оқушылардың даралық бейімділіктерінің, қабілеттерінің, тәжірибелерінің көрінуі болып табылады.
Көптеген психологтар оқушылардың жасы өскен сайын нерв жүйлерінің мүмкіндіктері кеңейіп, қалыптасып отыратындығын , бірақ оқушының дамуы үшін ең қажетті құнды қабілеттерінің біртіндеп жоғалып, отыратындығымен түсіндіре отырып, бала қабілеттерінің дамуы үшін ең қымбатты кезеңді тиімді пайдаланып қалуға асығу керектігін ескертеді. Мектепке дейінгі балалардың және бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай қабілет олардың белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі арқылы көрінеді.
Бейімділік- бұл адамның белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілінің аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сондықтан да біздіңше, балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктердің келешекте олардың қабілеттерінің көрсеткіштері екенін ескеріп, оқушылардың бейімділіктерін деркезінде көре біліп, оларда соған сәйкес келетін қабілеттерді дамыту біздің міндетті борышымыз екенін ұмытпауымыз керек.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жөнінде И.П.Волковтың айтқан пікірі қосыла, бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін олардың өз бетімен меңгерген білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын пайдалана отырып, өздеріне бұрыннан белгісіз жаңадан бір нәтиже алуы түсінеміз. Автор оқушылардың жаңадан бір нәтиже алуы жалпы білімдерімен қатар олардың осы нәтиже алу жолында пайдаланылатын әдіс-тәсілдердің тиімдісін таңдай алуына, тапқырлықтарына және т.б. себептерге байланысты болатындығын айтады.
Оқушылардың жалпы шығармашылық қабілеттерінің құрамдас компоненттерін анықтауға бағыталған еңбектер де жеткілікті, атап айтсақ, И.Л.Лернердің, А.Н.Луктың, В.И.Андреевтің, А.Л.Яковлевтің, Д.Б.Богоявленскаяның еңбектері. Біздің ойымызша, осы аталған еңбектердің ішінде И.Л.Лернер мен А.Н. Луктың еңбектері ерекше назар аударарлық.
А.Н.Лук шығармашылық қабілеттердің компоненттерінің құрамына басқа көзқарас тұрғысынан келе отырып, шығармашылық қабілеттерді 3 негізгі топқа бөліп қарастырады:
Ынтамен байланысты қабілеттер /қызығушылықтар және икемділік/;
Темпераментпен байланысты қабілеттері /көңіл-күй/;
Ақыл-ой қабілеттері.
Біздің пікірімізше, А.Н.Луктың оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің компоненттері құрамына қатысты айтқан пікірі құнды және оны төмендегі себептерге сәйкес түсіндіре аламыз:
1) Оқушы кез келген іс-әрекет нәтижесінде жақсы нәтиже алу немесе белгілі қабілет түрін дамыту үшін алдымен, осы іс-әрекетке, қабілетке деген оның қызығушылығы, ынтасы болмаса оның нәтижесінің де төмен болатының сөзсіз.
2) Көңіл-күй – бұл кез келген істі орындауда негізгі, қажетті көрсеткіш деуімізге болады. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуда олардың осы бағыттағы іс-әрекетке деген көңіл-күй деңгейі маңызды, сондай-ақ ол олардың жұмыстарының нәтижелілігіне әсер ететіні белгілі.
3) Кез келген іс-әрекетті біз ақыл-ой қабілеттері негізінде ғана іске асыра аламыз. Сондықтан да оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеулері де алдымен істейтін әрекеттерін алдымен осы ақыл-ой қабілеттері арқылы жоспарлап алып, оны практика жүзінде іске асыруларын талап етеді.
Я.А.Пономарев кез келген шығармашылық бағыттағы іс-әрекеттің негізгі, бастысы – шығармашылық ойлау дей отырып, оның даму критерисы ретінде іштей жоспарлау әрекетін немесе «ойша» әрекеттену қабілетін алады.
Оқушылардың шығармашылық қабілет деңгейін бақылау формалары
Педагогикалық пәндерді оқытуда оқушылардың интеллектік белcенділігін арттыру мақсатында оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша дегеніне жете алмайды.
Сонымен педагогикиалық пәндер барысында оқушылардың интеллектік белсенділігін арттыру бағытында қолданылған инновациялық әдістердің сипаттамасын ұсынамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |