1. Өндірістік орындардың технологиялық сызбасына



жүктеу 1,2 Mb.
бет47/49
Дата20.11.2018
өлшемі1,2 Mb.
#21914
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
6. Тіршілік қауіпсіздігі
Тіршілік қауіпсіздігі – бұл өндірістегі адамдарды өндіріс ортасындағы қауіптен сақтау шараларының жиынтығы, яғни ол өндірістік процесте қалыптасқан адам өмірінің денсаулығына әсер етуші өндірістік қауіптің еңбек қызметінің жағдайында төнуі.

Әсіресе адамның қауіпсіздігі жөніндегі мәселе өнеркәсіп ортасында көрінеді, бұл қызметкерлердің еңбек орынында қалыптасқан әртүрлі қауіпті зиянды әсерлер өндірістің барлық ортасын ластайтын.

Қазақстан Республикасында қабылданған техника қауіпсіздігін, өндірістік санитария, қоршаған ортаны қорғау шараларын сақтауды міндеттейді. Қазақстан Республикасында 2004 жылдың 28 ақпанында (№ 528 – 110) “Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы” заңы қабылданды. Осы заңда Қазақстан Республикасындағы еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық өзара қарым – қатынастарын реттейді және еңбек қызметі кезіндегі процестің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қызметкерлердің, жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған. Сондай – ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттының ең негізгі прициптері мен бағыттарын белгілейді және бекітеді.

Осы Заңның 5 – ші тарауының (Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды ұйымдастыру) 21– ші бабында (Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі):[16]

1) Қызметкерлер саны елуден асатын өндірістік ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қамтамассыз ету мақсатында жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі құруға міндетті. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі өзінің мәртебесі жағынан негізгі өндірістік қызметтерге теңестіріледі.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі ұйымның қызметі тоқтаған жағдайда ғана таратылады.

2) Қызметкерлер саны елу адамға дейін болатын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маманның лауазымын еңгізу туралы шешімді жұмыс беруші осы ұйымның қызмет ерекшелігін ескере отырып қабылдайды немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі міндеттерді қосып атқару үшін басқа маманға жүктеледі делінген.

Осы бапқа сәйкес еңбекті қорғауды басқарудың жүйесінде. Еңбек қауіпсіздігі жағдайын бақылау тарауы жасалып қабылданған. Осы тарауда:

1) Бригадада жұмыстардың жүргізілуінің қауіпсіздігін бақылау барлық жұмыс уақытында (кезек) бригадирлермен, мастерлермен, еңбекті қорғау бойынша қоғамдық инспекторлармен және қызметкерлердің өздерімен жүргізіледі.

2) Барлық жұмысшылар – бригада мүшесі басқа жұмысшылармен қауіпті жұмысты қолдануды және еңбекті қорғау бойынша инпекциясын ескерте отырып жұмысты қауіпсіз жүргізуді өзара бақылау жүргізуге міндетті.

3) Жұмыстың басталар алдында күн сайын жұмыс орынын да еңбекті қорғауды өзіндік бақылауды қамтамассыз етуге міндетті: қондырғылрдың, құралдардың, саймандардың, жұмыс орнының қауіпсіздік жағдайын, іске жарамдылығын тексеру және жеке қорғаныс құралының іске жарамдылығын тексеру.

Жоғарыда келтірілген “Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау” туралы заңы, құжаттары еңбек қауіпсіздігін қамтамассыз етеді.

Жұмыс беруші жағынан жұмысшыға залал келген жағдайда төлем ақы төлеу, еңбек шартына сай қамтамассыз етілмесе, соңы жұмысшының жарақат алуына толықтырады, сонымен қатар жұмысшы жағымен жұмыс берушіге ол дегеніміз өндірістік инструкция, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамастан жабдықтар мен шешімдерге зиянын келтіреді.

Санитарлық талап негізінде жасалған тәртіп пен норма өндіріске келесідей еңбек гигиенасының талабын орнатады.

1. Өнеркәсіптік жобалау мен реконструкциялау барысында санитарлы – гигиеналық норма тәртібін сақтау.

2. Жұмыс орнының микроклиматы санитарлық нормаға сай болуы тиіс (температура, ауа қозғалысының жылдамдығы, ылғалдылық ).

3. Ауадағы зиянды заттар шоғыры Мемлекеттік стандарттарға орнатқан деңгейге сәйкес болуы тиіс.

4. Жұмыс орнындағы шу деңгейі санитарлық талапқа сай рұқсат етілген 80дб шуылдан аспауы қажет.

5.Өнеркәсіпте тұрмыстық орын ҚН және Е талабына “Әкімшілік және тұрмыстық ғимарат ”сәйкес құрастылу тиіс.

6.Әкімшілік жұмысшыларды тамақтандыруға міндетті (асхана, буфет, тамақтанатын бөлме). Өнеркәсіптегі тамақтандыру жұмыс рижиміндегі ауысым санына байланысты жүргізіледі.

7.Өнеркәсіптегі зиянды жағымсыз әсерге ұқшырағандар алдын - ала және периодты медициналық тексеруден өтуі міндетті.

8. Барлық цехтар бірінші медициналық көмек көрсетуге арналған дәріханалық қораппен қамтылуы тиіс.

9. Жарықтандыру коэффицентінің мәні және жұмыс үстінің жасанды жарықталуы ҚН және Е “Жасанды және табиғи жарықтандыру”

Талаптарына сай болуы керек.

10. Өнеркәсіптік медпункт қызметкерлері мемлекеттік эпидимиологиялық қадағалау орталығының аймақтық санитарлық дәрігерлерімен адам денсаулығы туралы анализ жүргізу.

11.Әкімшілік жұмысшыларды толықтай арнайы киім комплектісімен қамтамассыз етуге міндетті. Өндірістік факторлардың зиянды әсеріне ұшырайтын жұмысшыларды жеке қорғаныс құралдарымен қамтуға тиіс.

12.Станок өндірісіндегі жаңқа қалдықтарын механикалық тәсілмен тазартады.

13. Бұйымды сақтау мен транспорттауға арналған ыдыс дайындалса және өндіріс қалдықтары МЕСТ 14861–86 талаптарына сәйкес болуы керек.

14. Жүкті арту мен түсіру МЕСТ 123009 – 76 талаптары бойынша іске асырылады, жүкті орын ауыстыру МЕСТ 123020 – 80 бойынша.
6.1. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар

Кірпіш күйдіру цехынан шығатын газдарды – газ тазалау қондырғылар үшін бекітілген жөндеуге сай барлық аппараттар және машиналар міндетті түрде мерзімді бақылаудан , техникалық тексеруден капиталды жөндеуден өтіп тұруы тиіс.

Қондырғының ішін тексеру , тазалау және жөндеу төменгі вольтты жарықта , арнайы киім кию арқылы жүргізуге болады. Жөндеу жұмыстары кезінде қолданатын инструменттер және механизмдер шартқа сай тәжірибеден өтуі тиіс. Жүк көтеру көтергіш пайдалану және орналастыру ережелері Мемтехнадзор арқылы бекітілген.

Қондырғылар өлшемі арасындағы өтетін жердің көлемі 1 метрден төмен болмауы тиіс және бұл көлем 0.08 метрге дейін жергілікті орынға байланысты қысқаруы мүмкін.


Потенциялды қауіпті және зиянды факторлар. Кесте – 5.



Қауіпті және зиянды факторлар

ШМК ,

мг/м3


Адам ағзасына әсері

Алдын-алу іс – шаралар

1

2

3

4

5

1


SO2


0.5

Тыныс жолдарына зиянды әсері

Тері тітіркендіру әрекеті

Желдету жүйесі, респиратор


Жеке қорғаныс құралдарын қолдану

2


NO2


0.085

3


CO2

3

4


Қақыма заттар

0.5

Қауіпті жіне газды қауіпті жұмыстары орындау алдында жұмысшы медициналық тексеруден өтуі қажет және жұмысты жүргізу ережесі туралы нақты инструкция алуы тиіс. Бұл жағдайдаларды толық білу жарақат алуды төмендетеді - өте маңызды. Кірпіш күйдірі цехында негізгі жабдықтарға газ тазалау қондырғылары жатады. Құрал – жабдықтар , қондырғылардың қызмет көрсету алаңдарының барлығы еден бетінде орналасқан. Өтетін сатылар , көпірлер тұрақты етіп жасалған және 1 метрден кем емес қанаттары бар. Бөлмелерді кесіп өтетін құбыр тізбектірі еден деңгейіне 2 метр биіктікте жүргізіледі. Бак , жинағыш және басқа резервуарлардың қақпағындағы ауыз топсалы тегіс қақпақтармен жабылады.



6.2. Еңбек жағдайына әсер беретін технологиялық процесстер мен құрылымдар құрылымдардың механикаландырған және автоматтандырылған дәрежесіне мінездеме

Технологиялық процестерді қауіпсіз жүргізіп , қоршаған ортаның және өндіріс бөлмесінің микроауасының қалыптасуына тигізетін әсерін қысқаша мәлімде келтіру қажет.



Цехтағы технологиялық процесстерді механикаландырудың жалпы цехтағы өндірістік процестердің механикаландыру және автоматтандыру дірежесі бүкіл технологиялық процестерді механикаландырудың жалпы көрсетпесін санау жолында анықталады : [16]

А═

А – еңбектің механикаландыру дәрежесі ;

Б – механикаландырған адам - сағат еңбектің қосындысы – 16 тең ;

В – адам –сағат қол еңбегінің қосындысы – 8 тең.



А═ = 67%

Цехты қайтадан өңдеу жұмыстары жобасын орындау үшін өңдеу жұмыстарының алдындағы және кейінгі еңбек шарттардың жасалуын қарастырылады.

Цехтағы қайтадан жүргізілген өңдеу жұмыстарының нәтижесінде жақсарған шаралардың еңбек жағдайының көрсеткіші арқылы қарастырылып отырған шаралардың ауқымдылығы мен қажеттілігі туралы қорытынды туылады.


жүктеу 1,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау