Магистрлік жоба жөніндегі ереже
1 Нұсқа
2016
Өзг. №
Тексеріс уақыты:
ҚҚЭУ-Е-101-2016
29 беттің 15 беті.
8.10
Пікір берушінің пікірі машинкамен басқан нұсқада рәсімделіп, оған
әзірленген уақытын көрсетумен пікір берушінің қолы қойылады. Пікір
берушінің қолы ол жұмыс істейтін ұйымның кадр бөлімі қызметкерінің
қолымен мөрін басу арқылы расталады.
8.11 Магистерлік жоба шығарушы кафедрада жұмыстың ресімделуінің
дұрыстығына техникалық норм – бақылаудан өтеді. Бұл тексеруші тұлғаның
жазбаша қорытындысымен расталады.
8.12 Мамандығы бойынша кешенді емтиханды МАК-та ойдағыдай
тапсырғаннан кейін қорғауға 2 апта кем емес уақыт қалғанда магистрант
магистрлік жұмысын қажетті документтер пакетімен сараптама комиссиясына
тексеруге жібереді.
8.13 Ғылыми жұмыстар жөніндегі проректордың шешімі бойынша үш
адамнан кем емес білікті мамандардан құралған сараптама комиссиясы түлектің
магистрлік жобаға тапсырған құжаттарына рәсімдеу және ұсыныс бойынша
қойылған талаптарға сай болуына сараптама/бақылау жүргізеді.
8.14 Магистерлік жобаны қорғауға МАК рұқсат алу үшін магистрант
міндетті түрде тапсырады:
аяқталған магистрлік жоба (түптелген);
ғылыми жетекшінің оң сын – пікірін;
шығарушы кафедра мәжілісінің хаттамасынан қорғауға ұсыным
туралы үзіндіні;
пікір берушінің сын- пікірін;реферат;
белгіленген тәртіпте расталған ғылыми жарияланымдар тізімі мен
олардың көшірмелерін (Қосымша 8);
магистерлік жобаға авторға және алып пайдаланған көзіне сілтемесіз
иемденуге (плагиат) тексеріс
жөнінде қорытындыны;
енгізу актілерін (кәсіптік оқыту бағытындағы магистранттар үшін – 1);
8.15 Сараптама комиссиясы ұсынылған құжаттардың сараптау/бақылау
нәтижесінің қортындысы бойынша МАК жіберілетін жазбаша түрде шешім
қабылдайды.
8.16 Магистерлік жобаны қорғауға МАК рұқсатнамасы МАК
төрағаларының ұсынымының негізінде университет ректорының бұйрығымен
ресімделеді.
9. Магистрлік жобаны қорғау рәсімі
9.1. Магистерлік жобаны қорғау магистратура мамандықтары бойынша
МАҚ мәжілісінде іске асырылады.
9.2. Магистерлік жобаны қорғау келесілердің болуы жағдайында іске
асырылады:
ғылыми жетекшінің оң сын-пікірі;
жобаның тақырыбы бойынша ғылыми басылымдарда бейіндік бағыттың
магистранттары үшін 1 кем емес басылым және халықаралық немесе
республикалық ғылыми конференцияларда сөз сөйлеу;
Магистрлік жоба жөніндегі ереже
1 Нұсқа
2016
Өзг. №
Тексеріс уақыты:
ҚҚЭУ-Е-101-2016
29 беттің 16 беті.
шығарушы кафедраның қорғауға ұсыным туралы шешімі (кафедра
отырысы хаттамасынан үзінді);
- ғылыми немесе академиялық дәрежесі қорғалатын жұмыстың бейніне
сәйкес келетін пікір берушінің бір пікірі.Онда жобаға жан – жақты
сипаттама мен сәйкес мамандық бойынша магистр академиялық дәреже
беру мүмкіндігі туралы дәлелденген қорытындысы болу керек;
магистерлік
жобаға бейресми сын - пікірлер;
автор мен алып пайдалану көзіне сілтемесіз иемденуге (плагиат) тексеріс
жөніндегі қорытынды;
енгізу актілер.
9.3 Егер ғылыми жетекшісі және/немесе шығарушы кафедра «қорғауға
жіберілмейді» немесе «қорғауға ұсынылмайды» деген теріс қорытынды берсе,
магистрант магистерлік жобаны қорғамайды.
9.4 МАК мәжілісінде магистерлік жобаны қорғау бойынша ғылыми
жетекшісі мен пікір берушінің болуы мен сөз сөйлеуі қатал міндетті.
9.5 Магистерлік жобаны қорғауы МАК ашық мәжілісінде оның 2/3 кем
емес мүшелерінің қатысуымен өткізіледі..
9.6 Бір магистрлік жұмыстың қорғау ұзақтығы 50 минуттан кем болмауға
тиісті. Магистрлік жобаны қорғау үшін магистрант МАК алдында
баяндамасын 15минут оқиды
9.7 Магистерлік жобаны бағалау барысында келесілер ескеріледі:
атқарылған жұмыстың көлемі;
зерттеу дербестігі;
жаңа
технологияларды қолдану;
алынған нәтижелерді ғылыми зерттеулерде, практикалық жұмыста
немесе оқу үдерісінде пайдалану мүмкіндігі;
материалдарды сауатты және айқын баяндауы;
қойылған ресімдеу талаптарына сәйкестігі;
жобаны қорғау барысындағы баяндама сапасы (айқындық, сауаттылық,
кәсіби терминдермен пайдалануды білу, көрнекті материалдардың сапасы және
т.б.);
қорғау барысында қойылған сауалдарға және пікір берушінің
ескертулеріне берген жауаптардың дұрыстығы мен толықтығы;
жұмыс бойынша жарияланымдар саны, магистранттың ғылыми
конференцияларда сөз сөйлеуі;
тапсырыс беруші – ұйымның, сонымен бірге шығарушы кафедрасының
ғылыми тақырыптарды әзірлеуінде магистранттың қатысуы.
9.8 Магистерлік жобаны қорғау нәтижелері хаттамамен әр магистрантқа
жеке ресімделеді.
9.9 Магистерлік жобаны қорғау бағалары, сонымен бірге академиялық
дәреже беру мен мемлекеттік үлгідегі дипломды беру туралы шешім қатысқан
комиссия мүшелері дауыстарының көпшілігімен жабық мәжілісінде жасырын
дауыс берумен қабылданады.