Магистрлік жоба жөніндегі ереже
1 Нұсқа
2016
Өзг. №
Тексеріс уақыты:
ҚҚЭУ-Е-101-2016
29 беттің 5 беті.
5.6 Магистрлік жоба зерттеу кезіндегі міндетті түрде мәліметтерінің әр
түрдегі мәтіндік, кестелік және әрлеу материалдарымен талдаудың және
жұмыстың маңыздылығын көрсету керек.
5.7 Магистерлік
жобаның тематикасы университеттің шығарушы
кафедраларымен дайындалады және жыл сайын 30% төмен емес деңгейде
жаңаланып отыруы тиіс, оқу жылының басталуына 1 ай қалғанда
университеттің Ғылыми кеңесінде қаралып, бекітіледі. Магистерлік жобаның
тематикасы қазіргі заманғы ғылым мен техниканың талаптарына жауап беріп,
мамандық бағытына сәйкес болуы тиіс.
5.8 Магистерлік жобаның тақырыбын бекіту үшін магистрант таңдалған
тақырып атауы мен нөмірі,сонымен қатар мүмкін болатын ғылыми жетекшінің
тұлғасы көрсетілген өтінішпен шығарушы кафедраға барып, кафедра
меңгерушісінің келісімін алады.
5.9 Оқуға түскеннен кейін 2 ай ішінде әр магистрант бойынша
магистерлік жобаның тақырыбы мен ғылыми жетекшінің тағайындалуы
Ғылыми кеңестің шешімімен белгіленіп,ҚҚЭУ ректорының бұйрығымен
бекітіледі. Магистерлік жобаның тақырыбы ғылым үшін өзекті, бағыт
бойынша ғылым мен техниканың дамуына сәйкес болуы тиіс.
5.10 Магистерлік жоба сонымен қатар үшінші тұлғаларда (мемлекеттік
мекеме, ұйым, нарықтың басқа да субьектілері) экономикалық, әлеуметтік және
құқықтық сұрақтарды нақты талдау қажеттілігі болған жағдайда тапсырыстық
зерттеу шеңберінде жүргізілуі мүмкін. Магистерлік жобаның тапсырмалы
тақырыбын таңдау кезінде магистрант кафедраға сәйкес форма бойынша
рәсімделген тапсырушы ұйымның сұраныс хатын әкелуі тиіс (1, 1а
Қосымшалар). Бұл құжат шығарылып отырған кафедра жетешісімен, ЖООК
және ҚББД, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректормен және университет
ректорымен келісіледі.
5.11 Магистерлік жоба бойынша жұмыс аяқталғаннан кейін магистрант
тапсырушы жаққа қарапайым түрде есеп дайындайды, ал тақырыпты
тапсырушы-ұйым бірінші басқарушының қолы мен мекеменің мөрімен
расталған шешім (бұйрық, хаттама) дайындайды (2 Қосымша). Берілген құжат
магистерлік жоба қорғауға дейін 1 ай қалған мерзімге дейін шығарушы
кафедраға тапсырылады.
5.12 Тапсырмалы зерттеуді орындаған кезде магистранттың ғылыми
жұмысының нәтижелерін енгізу актісі тапсырушы ұйыммен рәсімделіп
дәлелденеді.
5.13 Магистерлік жобаның авторымен алынған негізгі ғылыми нәтижелер,
ғылыми баслым жарияланымдарында басылу арқылы міндетті түрде
апробациядан өтеді. Басылымда жарияланған жұмыстардың көлемі - бейіндік
бағыттың магистратурасында оқитындар үшін 1 ғылыми басылым (мақала).
6. Магистрлік жобаның құрылымдық элементтеріне қойылатын
талаптар
6.1 Магистрлік жобаның құрылымдық элементтері болып:
Магистрлік жоба жөніндегі ереже
1 Нұсқа
2016
Өзг. №
Тексеріс уақыты:
ҚҚЭУ-Е-101-2016
29 беттің 6 беті.
тыс (нөмірленбейді, 3 қосымша);
кітаптың бірінші беті;
мазмұны;
нормативтік сілтемелер;
анықтамалар, белгілер мен қысқартулар;
кіріспе;
негізгі бөлім;
қорытынды;
пайдаланған көздер тізімі;
қосымшалар.
6.2 Бірінші парақ магистерлік жобаның бірінші беті болып саналады,
сондықтан ол құжатты әзірлеу(өңдеу) және іздеу үшін қажет ақпарат көзі
болып табылады. Бірінші бет жоба беттерінің жалпы нөмірленуіне кіргізіледі.
Бірінші беттің нөмірі қойылмайды және 4 қосымшаға сәйкес рәсімделеді.
6.3 Магистерлік жобаның мазмұнына кіріспе, реттік нөмірлер мен барлық
бөлімдердің, тақырыпшалардың (егер олардың атаулары болса) атаулары,
тұжырымдар немесе қорытынды, пайдаланған әдебиет тізімі мен беттердің
нөмірлері көрсетілген қосымшалар кіреді. Магистрлік жобаның мазмұны 5
Қосымшаға сәйкес рәсімделеді.
6.4 Магистерлік жобаның мазмұны келесі талаптарға сай болуы тиіс:
зерттеу пәнінің өзектілігі;
қорғалатын ережеде тәжірибелік-зерттеу негізінің болуы;
қолданбалы есепті шешуге керек нақты тәжірибелік ұсыныстар мен
әзірлемелердің болуы.
Жобаны рәсімдеу барысында белгіленген тармақтар «Кіріспе» бөлімінде
көрсетілуі тиіс.
6.5 «Нормативтік сілтемелер» құрылымдық элементінде жоба мәтінінде
сілтемелер берілген стандарттар тізбесі бар. Сілтеменің стандарттар тізбесі
келесі сөздерден басталады: « Бұл магистерлік жобада келесі стандарттарға
сілтемелер пайдаланған...». Тізбеге стандарттардың белгіленулері мен тіркеу
нөмірлерінің өсу тәртібінде олардың атаулары енгізіледі.
6.6 «Анықтамалар»
құрылымдық элементінде магистерлік жобада
терминдерді анықтау немесе белгілеу үшін қажет анықтамалар бар.
Анықтамалар тізбесі келесі сөздерден басталады: «Осы магистерлік жобаға
сәйкес анықтамалары бар келесі терминдер пайдаланады...»
6.7 «Белгіленулер мен қысқартулар» құрылымдық элементінде магистерлік
жобада пайдаланған белгіленулер мен қысқартулар тізбесі бар. Белгіленулер
мен қысқартулардың жазбасы жоба мәтінінде мағынасын қажетті ашуы мен
түсініктемелерді келтіру тәртібінде жасалған.
6.8 Кіріспеде тақырыптың өзектілігі мен жаңалығы, осы жұмыстың басқа
ғылыми-зерттеу жұмыстармен байланысы, сонымен бірге зерттеу обьектісі,
пәні мен мақсаттары,міндеттері және ғылыми-зерттеу жұмысымен атқарудағы
олардың орны, қорғауға шығарылатын методологиялық базасы көрсетілген.