Магистрлік жоба жөніндегі ереже
1 Нұсқа
2016
Өзг. №
Тексеріс уақыты:
ҚҚЭУ-Е-101-2016
29 беттің 13 беті.
7.8.3 Қосымшаларда орналасқан, формулалар әр қосымша шеңберінде араб
сандарымен, әр санның алдында қосымшаның белгісімен бөлек нөмірленуі
тиіс, мысалы, формула (В.1).
7.8.4 Мәтіндегі формулалардың сандық нөмірлеріне сілтемелер
жақшаларда рәсімделеді. Мысалы - ...(1) формуласында. Жобадағы
математикалық теңеулерді көрсетудің тәртібі формулалардағыдай.
7.9 Сілтемелер
7.9.1 Жобада құжатты қолдануда қиындық туғызбайтын және міндетті
түрде қажетті талаптарды анықтайын Ережелер, стандарттар, техникалық
шарттар және басқа да құжаттарға сілтемелер көрсетуге жол беріледі.
7.9.2 Толық құжатқа немесе оның бөлімдері мен қосымшаларына,
сонымен қатар кестелер мен безендірулеріне сілтеуге болады.
7.9.3 Стандарттар мен техникалық шарттаурға сілтеу кезінде оның мәнін
ғана көрсетеді, сонымен қатар олардың бекітілген жылын көрсетпеуге
мүмкіндік беріледі.
7.9.4 Қолданылған әдебиет көзідеріне сілтемелерді тік жақшаларда
көрсету қажет. Сілтемелердің нөмірленуі жобаның бөлімдерге бөлінуіне
қарамастан, сілтемелердің көрсетілу тәртібі бойынша араб сандарымен
белгіленеді. Интернет-көздеріне берілетін сілтемелер мәлімет көзінің мекен-
жайын көрсетумен жүзеге асырылады.
7.10 Анықтамалар, белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар, белгілер мен қысқартулар тізімі баған ретінде орналасуы
тиіс.Сол жақта атау тәртібі бойынша немесе алфавит бойынша қысқартулар,
символдар, физикалық өлшемдердің бірліктері және терминдер, оң жақта –
олардың толық жазылуы көрсетіледі.
7.11
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Пайдаланған әдебиеттер тізімін жоба мәтініде сілтемелердің көрсетілу
қатарының тәртібімен, араб санымен нүктесіз белгіленеді.
7.12 Қосымшалар
7.12.1 Қосымшаларды осы магистерлік жобаның жалғасы ретінде оның
келесі парақтарында рәсімдейді.
7.12.2 Жобаның мәтінінде барлық қосымшаларға сілтемелер болуға тиісті.
Қосымшалар жоба мәтініндегі оларға жасалған сілтемелер тәртібінде
орналасады.
7.12.3 Әр қосымшаны жаңа беттен «Қосымшалар» деген сөзді беттің оң
жақтағы үстінгі бұрышында көрсетілуімен бастау керек.
7.12.4 Қосымшаның өз атауы болу керек, оны мәтінге симметриялы түрде
бас әріппен жеке жолда жазады.
Магистрлік жоба жөніндегі ереже
1 Нұсқа
2016
Өзг. №
Тексеріс уақыты:
ҚҚЭУ-Е-101-2016
29 беттің 14 беті.
7.12.5 Қосымшаларды орыс алфавитінің бас әріптерімен А-дан бастап (Ё,
3, Й, О, Ч, Ь, Ы, Ъ алынбайды) белгілейді. «Қосымша» деген сөзден кейін оның
тізбектілігін белгілейтін әріп жазылады
7.12.5 Қосымшаларда құжаттың қалған бөлігімен ортақ толассыз беттер
нөмірленуі болуға тиісті.
8. Магистерлік жобаны қорғауға ұсыну
8.1 Алдын ала қорғау рәсімін өту және ғылыми жетекшісінің сын пікірін
алу үшін белгіленген талаптарға сәйкес рәсімделген жоба шығарушы
кафедраға ұйғарылған қорғау күнінен екі күн бұрын ұсынылады.
8.2 Ғылыми жетекшінің сын пікірі магистрантқа алдын ала қорғау рәсімі
өткен күннен бастап 10 күннің ішінде беріледі, онда «Қорғауға жіберіледі»
немесе «Қорғауға жіберілмейді» деген дәлелденген қорытынды жазылады.
8.3 Алдын ала қорғау нәтижелері бойынша шығарушы кафедра «Қорғауға
ұсыным» немесе «Қорғауға ұсыным жоқ» деген шешім шығарылып, кафедра
мәжілісінің хаттамасымен бекітіледі.
8.4 Алдын ала қорғау бойынша кафедра мәжілісі хаттамасының 1 данасы
магистрлік жоба бойынша құжат пакетін даярлау үшін магистрантқа, ал 1
данасы магистранттарды қорытынды аттестацияға жіберу туралы бұйрықты
даярлау үшін ЖООК және ҚББД ұсынылады.
8.5 Алдын ала қорғау рәсімінен өтіп, «қорғауға жіберіледі» деген
қорытындысымен ғылыми жетекшінің оң сын-пікірін алғаннан кейін
магистрант магистерлік жобаның автор мен пайдалану көзіне сілтемесіз
шеттен алу затына және шеттен алу көздерін тексеру рәсімінен өтеді.
8.6 Түлектердің магистерлік жобаны автор мен пайдалану көзіне
сілтемесіз шеттен алу затына және шеттен алу көздеріне тексеру шығарушы
кафедраларда алдын ала қорғау үдерісінен кейінгі ұсынымдарды орындап,
табылған ескертулерді толық жойғаннан кейін өткізіледі.
8.7 Магистерлік жоба бойынша пікір беруші тағайындалады, оның
біліктілігі (ғылыми немесе академиялық дәрежесі) қорғалатын жұмыстың
бейініне сәйкес келуге тиісті. Пікір беруші ҚЭУ қызметкері болмауы тиіс.
8.8 Пікір берушінің кандидатурасы ҚҚЭУ Ғылыми кеңесі шешімінің
негізінде жұмыс орнын, лауазымын, ғылыми дәрежесін және магистрелік
жобаның бейіні бойынша негізгі басылымдар тізімін (3 жұмыстан кем емес)
көрсетумен ҚҚЭУ ректорының мбұйрығымен бекітіледі.
8.9 Пікір беруші магистерлік жобаны зерделеу негізінде жазбаша пікір
әзірлейді, онда ол жобаға жан-жақты сипаттама беріп, таңдалған тақырыптың
өзектілігін (маңыздылығын), ғылыми ережелердің, қорытындылар мен
ұсынымдардың негізді дәрежелерін, олардың жаңалығын обьективті түрде
бағалайды. Пікірдің түйінінде баға (кредиттік технология бойынша
оқитындардың оқу жетістіктері бойынша баллдық-бағалық жүйесіне
сәйкес) және сәйкес мамандығы бойынша «магистр» академиялық
дәрежесін беру мүмкін/мүмкін еместігін көрсетумен дәлелденген
қорытынды болуға тиіс.