Шағын кәсіпорындардың дамуы мен тиімді қызмет ету проблемалары
Қазақстан Республикасы қазіргі таңда кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру, кәсіпкерлікті дамыту, әсіресе, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы мен тиімді қызмет етуіне ерекше көңіл бөліп отыр. Кез-келген елдің экономикасы қанағаттанарлық деңгейде дамып отырса да шағын кәсіпорындардың дамуына баса назар аударатыны белгілі. Қазақстан Республикасының Президенті кәсіпкерлер конгресінде мемлекеттік меншікті сатылап жекешелендіру нәтижесінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің 85 пайызы жеке секторда өндірілетіндігін, елдің жалпы ішкі өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі шамамен 25 пайызды құрайтындығын, экономиканың жеке секторында еңбекпен қамтылған халықтың 60 пайыздан астамы еңбек ететіндігін айтып өтті.(3) Бірақ бұл мәліметтер дамыған елдермен салыстырғанда әлдеқайда аз шаманы құрайтындығы белгілі. Сондықтан алдағы уақытта шағын кәсіпорындардың дамуы мен тиімді қызмет ету мәселесіне мән беріліп, бұл мәселелер бойынша негізгі проблемалар анықталып, оң шешімін табуы тиіс.
Соңғы жылдары Қазақстанда кәсіпорындар саны мен онда қамтылған жұмыскерлер санының өсу динамикасы тұрақсыздықпен сипатталады. Аймақтық және салалық құрылым рационалды емес. Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуынбасқару көбінесе эпизодтық немесе ғылыми емес сипатта болады. Кәсіпкер мен оның меншігін ақшалай қорғау жүйесі дұрыс әзірленбеген. Мұның себептері нарықтық инфрақұрылымның әлсіз дамуы, кәсіпкерлік қызметті қолдауға бөлінетін қаржылық қаражаттардың шектеулілігінде ғана емес, сондай-ақ, кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік стратегиясы дер кезінде әзірленбегендігімен де байланысты. Салалық, аймақтық басымдықтар анықталмады. Шағын кәсіпорындардың дамуы «интенсивті өсім полюсі» ретінде танылмады және олар ел экономикасын көтеруге айтарлықтай әсер ете алатындығы да ұмыт қалды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік құрылыммен кері байланысы да нашар дамыды.
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпорындардың дамуына әсер ететін келесі негізгі проблемаларды бөліп көрсетуге болады:
Салық саясатының жетілмегендігі немесе шағын кәсіпорындар үшін салықтық ауыртпалықтардың жоғары болуы. Мұндай жағдай шағын кәсіпорындардың заңды бұзуға жол беруіне және «көлеңкелі» секторға өтуіне мәжбүрлейді. Негізінен салық саясаты шағын бизнесті дамытудың ынталандырушы факторы бола отырып, оның өміршеңдігі мен табысты қызмет етуін қамтамасыз етуі қажет. Осы мақсатта әлемде шағын кәсіпорындардың өсу қарқынын арттыруға мүмкіндік беретін шаралар кешені қолданылады, яғни, кәсіпорындардың мөлшеріне қарай салықтардың шекті ставкаларын кезең-кезеңімен азайтудан бастап, салықтық жеңілдіктер аясын кеңейтуге дейінгі көптеген іс-шараларды қамтиды.
Өзінің жеке ісін бастаған кәсіпкерлер және шағын кәсіпорындар басшыларының бастапқы капиталды қалыптастыру, қаржылық қолдау көздерінің болмауы немесе қаржылық проблемалар. Банк секторының беретін несиелері көбінесе жоғары пайыздық ставкалар мен қысқа мерзімде қайтару қажеттігіне байланысты шағын бизнес субъектілерінің барлығы бірдей қол жеткізе алмайды. Коммерциялық банктер өз кезегінде тәуекелдің жоғары болуына және кепілдіктің болмауына байланысты шағын бизнесті қаржыландыруға ынталылық танытпайды.
Шағын кәсіпорындарды құру кезінде және қызметін жүзеге асыруда шамадан тыс реттеудің, тіркеу-лицензиялық тәртіптің жүйесіздігі. Осыған байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда, әсіресе, бастапқы кезеңінде әртүрлі әкімшілік кедергілердің артуы байқалады. Сондықтан бұл мәселеге мемлекет тарапынан реттеу мен қолдаудың нақты жолдарын қарастырудың маңыздылығы жоғары. Сарапшылардың бағалауы бойынша бірінші жылы құрылған барлық шағын және орта кәсіпорындардың 40 пайызға жуығы жабылса, қызметінің үшінші жылында 60 пайызға жуығы дағдарыс жағдайында тұрады екен. Демек, барлық кәсіпорындардың 15-20 пайызы ғана қалады .(49)
Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының жеткілікті деңгейде дамымауы. Халықтың шағын бизнесті қолдау бойынша жүргізіліп отырған шаралар, заңнамалардағы өзгерістер туралы аз хабардар болуы. Шағын бизнесті қолдау орталықтары мен инфрақұрылымдардың қызметтерін кәсіпкерлердің барлығы бірдей толық көлемде қолдана бермеуі, сондай-ақ, бизнес-инкубаторлар, технологиялық бизнес-инкубаторлар, технопарктер мен технополистер қызметінің жоғары деңгейде оң нәтижесін бермей отырғандығы да шағын кәсіпорындардың дамуы мен тиімді қызмет ету жолындағы кедергілердің бірі деп айтуға болады.
Елдегі қалыптасқан жағдайды талдай отырып жоғарыда аталған проблемалардан басқа да көптеген факторлар әсер ететіндігін айтып өту қажет. Шағын кәсіпорындардың дамуы мен қызмет тиімділігіне келесі жағдайлардың да ықпалы мол.
Біріншіден, күрделі қаржылық және экономикалық жағдай: салыстырмалы жоғары инфляция, жаңа шаруашылық байланыстардың баяу реттелуі, пайыздық ставкалардың жоғары деңгейі, кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуының әлсіздігі;
Екіншіден, кәсіпкерлердің ұйымдастырушылық-экономикалық және құқықтық білімдерінің төмен деңгейде болуы, мемлекеттік секторда да, бизнес секторында да кәсіпкерлік мәдениет пен іскерлік этиканың қажетті деңгейде болмауы.
Үшіншіден, аймақтық деңгейде шағын кәсіпкерлікті дамытуды реттеудің ұйымдастырушылық және құқықтық негіздерінің жеткілікті деңгейде өңделмеуі.
Төртіншіден, шағын кәсіпкерлікті қолдау механизмі қызметінің әлсіздігі.
Шағын кәсіпорындар басшыларына жүргізілген сұраулар нәтижесі көрсеткендей, шағын кәсіпорындардағы өндіріс өсімін шектейтін факторлардың ішінде бірінші орынға салық салу деңгейінің жоғарылығы шықса, екінші орында тапсырыс берушілердің төлем қабілетсіздігі болса, содан кейін ғана нарықтағы отандық кәсіпорындар арасындағы жоғары бәсеке, өндірілген өнімге (орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке) сұраныстың жеткілікті деңгейде болмауы жатқызылған. Шағын кәсіпорындардың дамуына айтарлықтай кері әсер ететін факторлардың қатарына шағын кәсіпорындардың зиянмен жұмыс істейтіндерінің үлесінің жоғары болуы, дебиторлық және кредиторлық берешектердің өсуі, шағын кәсіпорындардың табыстылығының төмендігі жатады. Шағын кәсіпорындар табыстылығының төмен деңгейіне шикізаттар, материалдар, құрал-жабдықтарға бағаның, сондай-ақ, электр энергиясына, көліктік қызметтерге тарифтердің жоғарылығы әсер еткен.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі жанындағы Экономика институты кәсіпкерліктің даму проблемаларын жүйелеп, оларды шешу және мемлекеттік қолдауды жетілдіру механизмі ұсынылған. Оны келесі кесте түрінде көрсетуге болады. (2-кесте)
2-кесте - Шағын кәсіпорындардың даму және тиімді қызмет ету проблемалары
№
|
Шағын кәсіпорындардың даму жолындағы қиындықтар мен кедергілер
|
Қиындықтар мен кедергілерді жою тәсілдері
|
1
|
Қаржылық: негізгі капиталдың (қызметтік және өндірістік үй-жайлар, машиналар мен құрал-жабдықтар, жер және т.б. ) қажетті шамада болмауы, айналым құралдарының жеткіліксіздігі немесе жоқтығы.
|
Инвентаризациялау нәтижесінде анықталған пайдаланылмай тұрған жекешелендірілген үй-жайларды, аяқталмаған құрылыс объектілерін, жер учаскелерін тендерлік негізде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне сату.
Қазақстанда лизингті дамыту үшін институционалдық негіздерін әзірлеу, Қазақстанда лизингті дамытудың ұлттық Бағдарламасын жасау және оны жүзеге асыру;
Кәсіпкерлердің жобаларын қаржыландыру үшін халықаралық қоғамдық және қайырымдылық ұйымдардың гранттарын, қаржылық, экономикалық, жеке қорлардың заемдарын тарту;
Шағын бизнес субъектілерін несиелеуде екінші деңгейлі банктерді ынталандыру бойынша шаралар әзірлеу;
Шағын кәсіпкерлік дамыту қорынан басым бағыттар бойынша мақсатты несиелеу.
|
2-кестенің жалғасы
2
|
Институционалдық: дамымаған нарықтық инфрақұрылым, кәсіпкерлік институтының жоқтығы немесе жеткілікті деңгейде дамымауы
|
Қазақстанда кәсіпкерлік институтын енгізу және кәсіпкерлер кодексін әзірлеу;
Заңгерлік, кеңес берушілік, аудиторлық фирмалар торабын кеңейту үшін жағдай жасау;
Бинеске арналған несиелер мен қарыздар беруге мамандандырылған коммерциялық банктерді дамытуды қолдау;
Сауда үйлері мен биржалар жүйелерін дамыту және қолдау;
Бизнес-орталықтар, бизнес-инкубаторлар, ақпараттық-талдау орталықтары, ғылыми-зерттеу және кеңес беру орталықтары торабын ұйымдастыру және қолдау.
|
3
|
Білім берушілік: нарық жағдайында бинесті ұйымдастыру мен басқару тәжірибелері мен дағдыларының, жүйелі білімдердің жеткіліксіздігі.
|
Бизнес негіздерін оқытудың жаңа бағдарламаларын әзірлеу және енгізу, мамандарды қайта даярлау бағдарламаларын жетілдіру;
Алынған білімдерді тарату бойынша міндеттемелер мен келісім-шарттық жүйенің техникалық көмектерін пайдалану тиімділігін арттыру;
Инновациялық кластерлер, бизнесті ұйымдастыру мен басқару тәжірибелері мен білімдерін инкубациялау орталықтарын дамыту.
|
4
|
Мемлекеттік: бюрократизм, жемқорлық, күштеп алушылық т.б.
|
Мемлекеттік қызмет реформаларын әрі қарай тереңдету;
Кәсіпкерлік субъектілеріне арналған бухгалтерлік есеп, лицензиялау, сақтандыру мен тіркеудің оңайлатылған жүйесін енгізу;
Шағын және орта бизнес сферасында әрекет ететін барлық мемлекеттік органдар жұмыстарының мөлдірлігіне қол жеткізу;
Сәйкес мемлекеттік органдарда, банктер, сақтандыру, нотариалдық, заңгерлік фирмаларда кәсіпкерлік субъектілеріне қызмет көрсету жүйесін оңайлату;
Меншікті және бизнесті құру жөніндегі құрылым құру.
|
5
|
Ақпараттық: қоғам мен кәсіпкерлердің экономикалық, құқықтық және салықтық мәдениет бойынша аз хабардар болуы, кәсіпкерлік проблемаларын көрсету деңгейінің әлсіздігі.
|
Кәсіпкерлікті дамытуды БАҚ және электрондық ақпарат құралдарында насихаттауды күшейту;
Кәсіпкерлік қызметке қатысты өзгерістер мен жаңалықтарды және мемлекеттік қолдау шараларын кәсіпкерлерге дер езінде жеткізіп отыру;
Кәсіпкерлерге өз қызметіне қатысты құнды мәліметтерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін арнайы орталық құру және т.б.
|
Елімізде шағын кәсіпорындардың дамуы мен тиімді қызмет етуіне әсер ететін факторлар немесе проблемаларды қарастыру негізінде байқағанымыздай салықтық ауыртпалықтар, қаржылық проблемалар, инфрақұрылымның нашар дамуы мен қызмет тиімділігінің төмен болуы, әкімшілік кедергілер , тексеру органдарының көптігі және заңнамалық негіздерінің әлсіздігі сияқты мәселелерді ең негізгілері ретінде белгілеуге болады. Әкімшілік кедергілер жеткілікті кездесетін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тыныс-тіршілігін үш кезеңге бөлуге болады:
тіркеу және қайта тіркеу;
әрекет етуі және дамуы;
тарату.
Жоғарыда аталған әрбір кезеңде шағын кәсіпорындардың икемділігіне, белсенділігіне және ұтқырлығына әсер ететін көптеген проблемалар кездеседі, нәтижесінде олардың дамуын тежейді.
Тіркеу, қайта тіркеу және тарату кезеңдерінде. 216 заңнамалық кесімдерді қамтитын рұқсат ету жүйесінің қолданыстағы заңнамалық базасын ерекше айта кету керек және бизнес жүргізу жөніндегі жоғары шегерімдердің негізгі себебі болып табылады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркеу және қайта тіркеу рәсімдері әр жерде орналасқан, түрлі ұйымдар беретін көптеген құжаттарды қажет етеді. Нарық конъюнктурасына байланысты шағын кәсіпорындар қызмет түрлерін үнемі өзгертіп отырады. Бұл құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді және тіркеуші органға хабарлауды, сондай-ақ, рұқсаттардың көптеген түрлерін алуды қажет етеді.
Көптеген елдерде шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін «бір терезе» қағидаты бойынша тіркеу мен қайта тіркеуге жағдай жасалған. Мысалы, 2,4 млн. шағын және орта бизнес субъектілері бар Францияда тіркеу үрдісі 24 сағатты құрайды, қалған заңды тұлғалар «бір терезе» қағидаты бойынша 10 күн ішінде тіркеледі. Бүгінде Қазақстанда бинес-қоғамдастық құптаған осындай жүйе енгізілді.
Әрекет ету және даму кезеңінде.
Кәсіпкерлердің қызметінде көпшілік жағдайларда негізінен әкімшілік тәртіп бұзушылықтар орасан көп бақылау-қадағалау функцияларға ие мемлекеттік органдар жүргізетін тексерулердің нәтижесінде анықталады. Мұнда:
тексеру, бақылау және қадағалау мәселелерін реттейтін құқықтық нормалар әртүрлі нормативтік-құқықтық кесімдерде және бұл мәселе бойынша бірыңғай заңнамалық кесім жоқ;
заңнамалық кесімдерде ( салық, әкімшілік кодекстерде, кейбір мемлекеттік органдардың мәртебесін айқындайтын заңдарда және т.б.) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге ерекше ұстанымдар көзделмеген және сондықтан да мемлекеттік органдардың кәсіпкерлерге қатынасы олардың қызметінің ауқымына қарамастан бірдей;
тексеру, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша рәсімдердің нақты бірыңғай сипаты мен бірыңғай глоссарилері жоқ. Әртүрлі мемлекеттік органдар тексерулердің түрлі сыныптамасын (рейдтік, кешенді, қарама-қарсы, жоспарлы, жоспардан тыс, хронометражды, ағымдағы т.б.) қолданады;
бақылау-қадағалау органдары жұмысының тиімділігін бағалаудың қазіргі тәжірибесі анықталған заң бұзушылықтар мен салынған айыппұлдардың санына байланысты;
кәсіпкерлік субъектілердің қызметінде төтенше жағдай туындағанда (ғимараттың құлауы, жаппай улану, кісі өлімі т.б.) аталған объектіге тексеру жүргізген лауазымды тұлғаның жауапкершілігі бір мезетте қаралмайды.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің жекелеген ережелері шағын кәсіпорындардың дамуына кедергі келтіреді. Атап айтқанда, салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін айыппұлдарды қоспағанда, әкімшілік айыппұлдардың еселенген мөлшері шағын кәсіпорындар үшін де ірі кәсіпорындар үшін де бірдей белгіленген.
Лауазымды тұлғаның барынша аз және барынша көп мөлшерде (5-тен 2000 айлық есептік көрсеткішке дейін) белгіленген айыппұлдардың сомасын өз қөалауы бойынша таңдау мүмкіндігі әрбір құқық бұзушыға қатысты жемқорлықтың туындауына әкеліп соғады. Сонымен қатар, айыппұлдардың жоғары ставкасы кәсіпкерлердің өзін заңға сәйкес айыппұл төлеу не «аз» пара беріп құтылуды таңдауға итермелейді.
Лицензиялауға, аккредиттеуге, стандарттауға, сертификаттауға жататын жұмыстардың, тауарлар мен қызмет түрлерінің қазіргі кең көлемді тізбесі іскерлік белсенділіктің, кәсіпкерлік бастаманың өсуіне кедергі келтіреді. Бұдан басқа, лицензияны беру ретінде және одан әрі лицензиялық қызметті негіздейтін қосымша рұқсат беру жүйесі (рұқсат беру, қорытындылау, келісу) бар. Бұл іс жүзінде елде кәсіпкерліктің, әсіресе шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын тежейді. Осылайша әкімшілік кедергілердің ауыртпалығы негізгі кемшілік болып табылады. Олардың ішінен негізгілері ретінде келесілерді атап өтуге болады:
тікелей әрекет етпейтін кесімдер, көптеген кіші заңи кесімдер бар;
мәні бойынша мемлекеттік функциялар берілген, мемлекеттік органдар уәкілеттік еткен көптеген мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар қызмет етеді;
шектен тыс статистикалық және салықтық есептілік бар;
жекелеген мемлекеттік органдар өздерінің бақылау-қадағалау, рұқсат беру және келісу функциялары мен өкілеттіліктерін қысқартуға дайын емес.
Мемлекеттік мұқтаждықтар үшін тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) жеткізіп беруде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ашықтығын және олардың барынша көп қатысуын қамтамасыз етуі тиіс «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының аясында мемлекет пен шағын кәсіпкерліктің өзара қатынасын жеке атап өту керек. Алайда, тәжірибеде мемлекеттік тапсырыс берушілер шағын кәсіпкерлік үшін заңда көзделген жеңілдіктерді мүлдем дерлік қолданбайды.
Шағын кәсіпорындардың дамуына кері әсерін тигізіп отырған басты проблемалардың бірі кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының қажетті деңгейде нәтижелі жұмыс жасай алмауы болып табылады. Шағын кәсіпорындардың қаржылық проблемаларын шешуде қаржы институттарының қызметін жетілдіру маңызды. Бірақ, олардың қызметін жүзеге асыру кезінде де проблемалар кездесіп жатады. Атап айтсақ, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының негізгі мақсаты өз қаржы қаражатын және мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті дамытуға бөлген қаражатты тиімді пайдалану болғанмен, оның тиімділігі көңіл қуантарлық деңгейде емес. Қордың қаражаты шағын кәсіпорындардың қалыптасу үрдісінде оң рөл атқарады, бірақ соңғы қарыз алушы үшін пайыздық ставкаларды нақты төмендетуді қамтамасыз етпеді және ұзақ мерзімді өндірістік жобаларды іске асыруға жәрдемдеспеді.
Қор қызметі басталғаннан бері қазіргі уақытта тек қана өз қаражаты есебінен 6,3 млрд. теңге сомаға 577 жоба қосымша қаржыландырылды. Аталған қаражат бойынша ағымдағы берешек 5,9 млрд. теңгені құрайды. Берілген қаражаттың салалық құрылымы мынадай: қаржыландырудың негізгі көлемі өнеркәсіптік өндіріске – 39%, ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуге – 29,5%, қызметтер мен көлік саласына - 23% келеді.(56) Қордың шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай қолдауы республиканың барлық өңірлерінде 250 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Ал, қордың негізгі проблемалары – оларда кепілдік қаражаттың жеткіліксіздігі салдарынан шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін инвестициялық қаражаттың қолжетімсіздігі.
Шағын кәсіпорындарға қаржылық қолдау көрсететін тағы бір негізгі қаржылық институт микронесиелік және микроқаржылық ұйымдар болып табылады. Ал осы ұйымдардың ортақ проблемалары ретінде осы уақытқа дейін микронесие беру жүйесінің дамуын тежейтін негізгі факторлар микронесие беру жүйесінің дамуына тұжырымдамалық қағидаттарды, әлеуетті инвесторлар үшін микронесиелік ұйымдардың одан әрі тартымдылығын арттыру мақсатында аталған саланы мемлекет тарапынан кешенді қолдаудың болмауын айтуға болады.
Микронесие беру саласын дамыту проблемаларына келесілер жатқызылады:
одан әрі орналастыру үшін қорлардың тапшылығы мен қымбаттылығы;
микронесиелік ұйымдарының қаражатының жеткіліксіздігі;
микронесиелік ерекшелікпен таныс білікті кадрлардың жетіспеушілігі;
микронесиелік жүйеге қатысушылар үшін әдістемелер мен оқыту бағдарламаларының болмауы;
техникалық және ресурстық базаның болмауы;
микроқаржы саласының жағдайын, үрдістері мен оның дамуының перспективаларын, олардың дамушы құрылымына жетекшілік ететін бірыңғай органның және оларды бағалау әдісінің болмауы;
дамыған мониторинг жүйесінің, ішкі бақылаудың болмауы;
қаржы ресурстарын тартуға қиындықтар туғызатын отандық банктер мен басқа да банктік емес ұйымдардың микронесиелеу ұйымдарымен әлсіз өзара ісәрекеті.
Шағын кәсіпрындар қызметінің тиімділігіне айтарлықтай әсер ететін инфрақұрылымдардың бірі - бизнес-инкубаторлар болса, олардың қызмет нәтижелілігі төмен деңгейде қалып отыр.Көптеген бизнес-инкубаторлар инфрақұрылымның аталған нысанын құру тұжырымдамасының халықаралық тәжірибесіне сәйкес емес. Яғни, кеңселік және өндірістік үй-жай ұсынумен, заңды тұлғаны ұйымдастырумен шектеледі және өзінің нақты міндетін әлсіз орындайды немесе мүлдем орындамайды. Сонымен қатар, бизнес-инкубаторлардың менеджерлері мен ұйымдастырушыларының теориялық және тәжірибелік даярлығының әлсіздігіне, биліктің жергілікті органдары тарапынан бизнес-инкубаторларды түсіну мен қажетті қолдаудың болмауына, қаржы қаражаты мен ақпаратының болмауына әкеліп соғады. Ал, технопарктер қаржылық дербестікке жеткен жоқ және мемлекет пен басқа ұйымдардың тарапынан қолдауды қажет етеді. Сонымен шағын кәсіпорындардың қызмет ету проблемаларын шешу олардың дамуы мен тиімділігіне едәуір әсер етеді.
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпорындардың даму тенденциялары
Елдегі әлеуметтік – экономикалық жағдайдың тұрақтылығы және мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бойынша жүзеге асырып отырған шаралары шағын кәсіпорындардың дамуына оң ықпал етті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2005 жылғы 18-ақпандағы Қазақстан халқына жолдауында «....шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек.», - деп атап көрсетті.(2) Қазіргі таңда шағын кәсіпорындардың даму деңгейі айтарлықтай жоғары болмағанымен жыл сайын даму динамикасы байқалады.
Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, 2005 жылдың 1-қаңтарындағы жағдай бойынша республикада барлығы 643035 бірлік шағын кәсіпкерлік субъектілері (жеке және заңды тұлғалар) ресми тіркелсе, оларда 1,4 млн. жуық адам жұмыс істейді, ал ол экономикалық белсенді халықтың 19,5 % құрайды.(33) Еліміздегі шағын кәсіпорындардың тіркелгендері мен нақты жұмыс істейтіндерінің саны үнемі өсіп отырған. Атап айтсақ, 2005 жылдың басында 103291 шағын кәсіпорын жұмыс істеген және бұл көрсеткіш 2004 жылдың басындағы мәліметтермен салыстырғанда 10,5 % -ға көп. Алайда шағын кәсіпорындардың даму динамикасын тек бір немесе екі жылдағы мәліметтер бойынша талдау жасау арқылы көрсету мүмкін емес. Сондықтан шағын кәсіпорындардың бірнеше жылдар аралығындағы мәліметтер бойынша талдау жасау мақсатқа сай болады деп есептейміз. Осыған байланысты шағын бизнес субъектілерінің даму динамикасын келесі кесте (3-кесте) түрінде көрсетуге болады. Шағын бизнес субъектілеріне шағын кәсіпорындармен қатар заңды тұлға құрмастан қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары да жатқызылатындықтан, ол жөніндегі мәліметтерді де көрсету қажет. Бірақ басты назарды шағын кәсіпорындардың даму динамикасына аудару қажет.
3-кесте - Шағын бизнес субъектілерінің даму динамикасы
Шағын бизнес субъектілері
|
2001жыл
|
2003жыл
|
2004жыл
|
2004жыл 2001жылға пайызбен
|
тіркел
гені
|
жұмыс істейтіні
|
тіркел
гені
|
жұмыс істейтіні
|
тіркел
гені
|
жұмыс істейтіні
|
тіркел
гені
|
жұмыс істейтіні
|
Барлығы, бірлік :
соның ішінде
|
365499
|
289496
|
541073
|
431503
|
643035
|
497871
|
175,9
|
172,0
|
шағын кәсіпорындар, бірлік
|
102182
|
77398
|
130779
|
93494
|
145087
|
103291
|
142,0
|
133,5
|
жеке кәсіпкерлер, бірлік
|
144257
|
119038
|
260937
|
215116
|
321838
|
247688
|
223,1
|
208,1
|
шаруа қожалықтары, бірлік
|
119060
|
93060
|
149357
|
122893
|
176110
|
146892
|
147,9
|
157,8
|
Ескертпе – Статистика агенттігі мәліметтері негізінде есептелді
|
Үшінші кестеден көріп отырғанымыздай шағын бизнес субъектілері 2004 жылы 2001жылмен салыстырғанда тіркелгендері 277536 бірлікке (75,9 %), жұмыс істейтіндері 208375 бірлікке (72,0 %) өскен. Соның ішінде шағын кәсіпорындар сәйкесінше 42905 (42,0 %) және 25893 (33,5 %) бірлікке артып отыр. Бірақ, тіркелгендері мен нақты жұмыс істейтіндерінің арасындағы айырмашылық 8,5 % құрайды. Бұл шағын кәсіпорындардың әлі де болса тиімділігін арттыру мәселесіне көңіл аудару қажеттігін көрсетеді. Ал, жеке кәсіпкерлер санының 2 еседен астам шамаға ұлғаюы олардың тіркелуі, қызметін жүзеге асыруы және салық салу ерекшеліктеріне байланысты деп айтуға болады. Соңғы жылдары шаруа қожалықтарының да дамуы және қызмет тиімділігі артқанын байқалады. Жалпы алғанда шағын бинес субъектілерінің барлығында да даму динамикасы жоғары.
Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігіне талдау жасағанда, әсіресе, олардың даму динамикасы жөнінде айтқанда біз олардың аймақтар мен қызмет түрлеріндегі даму ерекшеліктеріне де тоқталмай кете алмаймыз. Шағын кәсіпорындардың аймақтар бойынша орналасуын келесі кестеден (4-кесте) көруге болады.
4-кесте–Қазақстан Республикасының аймақтарындағы шағын кәсіпорындар саны
Аймақтар
|
2001жыл
|
2003жыл
|
2004жыл
|
2004жыл 2001жылға пайызбен
|
тіркел
гені
|
жұмыс істейтіні
|
тіркел
гені
|
жұмыс істейтіні
|
тіркел
гені
|
жұмыс істейтіні
|
тіркел
гені
|
жұмыс істейтіні
|
Қазақстан Республикасы
|
102182
|
77398
|
130779
|
93494
|
145087
|
103291
|
142,0
|
133,5
|
Ақмола
|
3411
|
2872
|
4305
|
3477
|
4790
|
3534
|
140,4
|
123,1
|
Ақтөбе
|
4042
|
2990
|
4879
|
3757
|
5487
|
4298
|
135,7
|
143,7
|
Алматы
|
4654
|
3853
|
5730
|
4564
|
6108
|
4574
|
131,2
|
118,7
|
Атырау
|
2172
|
1670
|
3354
|
2879
|
3735
|
3245
|
172,0
|
194,0
|
Шығыс Қазақстан
|
7473
|
5462
|
8904
|
6309
|
9569
|
6838
|
128,0
|
125,2
|
Жамбыл
|
3520
|
2701
|
4005
|
2874
|
4206
|
2990
|
119,5
|
110,7
|
Батыс Қазақстан
|
2190
|
1831
|
2859
|
2404
|
3039
|
2586
|
138,8
|
141,2
|
Қарағанды
|
7117
|
5797
|
8482
|
6542
|
9129
|
6649
|
128,3
|
114,5
|
Қостанай
|
4681
|
3486
|
5317
|
4018
|
5551
|
4332
|
118,6
|
124,3
|
Қызылорда
|
2137
|
1711
|
2560
|
2124
|
2762
|
2349
|
129,2
|
137,3
|
Маңғыстау
|
2630
|
2247
|
3610
|
2896
|
3936
|
3282
|
149,7
|
146,1
|
Павлодар
|
5398
|
4177
|
6489
|
4962
|
6992
|
4749
|
129,5
|
113,7
|
Солтүстік Қазақстан
|
2536
|
2107
|
3033
|
2448
|
3496
|
2725
|
137,9
|
129,3
|
Оңтүстік Қазақстан
|
9523
|
7679
|
11819
|
7614
|
13248
|
9194
|
139,1
|
119,7
|
Астана қаласы
|
6815
|
5733
|
9921
|
8477
|
11953
|
9950
|
175,4
|
173,6
|
Алматы қаласы
|
33883
|
23082
|
45512
|
28149
|
51116
|
31996
|
150,9
|
138,6
|
Ескертпе – Статистика агенттігі мәліметтері негізінде есептелді
|
Төртінші кестеде берілген мәліметтер негізінде қысқаша талдау жасасақ, шағын кәсіпорындардың тіркелгендері де , соның ішінде жұмыс істейтіндері де жыл сайын өскен. 2001 жылмен салыстырғанда 2004 жылы республикадағы шағын кәсіпорындардың тіркелгендері 42 %, нақты жұмыс істейтіндері 33,5 % артса, Атырау облысында 72 % және 94 %, Астана қаласында 75,4 % және 73,3 %, Алматы қаласында 50,9 % және 38,6 %, Маңғыстау облысында 49,7 % және 46,1 % ұлғайып отыр. Сонымен қатар шағын кәсіпорындардың көпшілігі едәуір өнеркәсіптік-дамыған және халық тығыз қоныстанған аймақтарда орналасқан, оларға Алматы және Астана қалаларын, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарын жатқызуға болады. Яғни, жұмыс істейтін кәсіпорындардың жалпы санындағы үлесі 31,0 % және 9,6 %, 8,9 %, 6,4 %, 6,6 % құрайды.
Шағын кәсіпорындардың басым бөлігі сауда; автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдар мен жеке пайдаланатын заттарды жөндеуде ( жұмыс істейтін кәсіпорындардың жалпы санының 43,5 %) маманданған, ал құрылыспен айналысатын шағын кәсіпорындардың үлесі 14,2 %, жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсетуде 12,3 % құрайды.(34) Шағын кәсіпорындардың қызмет сфералары бойынша даму жағдайындағы үлкен кемшіліктердің бірі олардың өндірістік сфера емес сауда және қызмет көрсетудегі басымдылыққа ие болуы. Оның басты себептерінің қатарына өндіріспен айналысу үшін қаражат көлемінің жеткілікті деңгейде болмауын, жұмсалатын шығындардың жоғары болуын жатқызамыз, сондай-ақ, тәуекел деңгейінің жоғарылығы мен капитал қайтымдылығының салыстырмалы түрде ұзақ болуымен байланысты қарастыруға болады.
Шағын кәсіпорындардың дамуы еліміздегі жұмыссыздықтың азаюы мен қосымша жұмыс орындарының ашылуына, экономикалық белсенді халықтың тез өсуіне де ықпал етеді. Бұл экономикалық реформаларды жүзеге асыруда жоғары мәнге ие болады. Шағын кәсіпорындардағы жұмыс істейтіндерді де аймақтар және қызмет түрлері бойынша қарастыруға болады.
Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2005 жылдың басында және өткен жылдарда да экономикалық қызмет түрлеріндегі жұмыспен қамтылғандардың ең көп саны сауда; автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдар мен жеке пайдаланатын заттарды жөндеуде (барлық жұмыспен қамтылғандардың 28,3 %), құрылыста (17,9 %), өңдеуші өнеркәсіпте (13,0 %), ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығында (12,9 %), жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсетуде (12,3 %) еңбек етеді.
Шағын кәсіпорындарда жұмыспен қамтылғандарды аймақтық деңгейде қарастырсақ, барлық жұмыспен қамтылғандардың ¼ бөлігі Алматы қаласының үлесінде, ал едәуір көп үлесі Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарына және Астана қаласына келеді. Оны келесі кестеден (5-кесте ) көруге болады.
5- кесте - Қазақстан Республикасының аймақтарындағы 2000-2004 жылдардағы шағын кәсіпорындарда жұмыспен қамтылғандар саны
жыл басында (мың адам)
Аймақтар
|
2001
|
2002
|
2003
|
2004
|
2005
|
Қазақстан Республикасы
|
393,1
|
413,6
|
431,6
|
528,6
|
582,1
|
Ақмола
|
30,4
|
29,7
|
33,6
|
29,9
|
31,2
|
Ақтөбе
|
19,8
|
20,3
|
17,4
|
21,2
|
24,2
|
Алматы
|
15,7
|
25,3
|
30,1
|
31,3
|
35,0
|
Атырау
|
14,0
|
14,9
|
13,8
|
15,4
|
17,9
|
Шығыс Қазақстан
|
33,6
|
33,1
|
39,2
|
47,4
|
52,8
|
Жамбыл
|
17,8
|
16,4
|
16,4
|
21,8
|
22,4
|
Батыс Қазақстан
|
27,6
|
25,8
|
27,2
|
19,6
|
21,6
|
Қарағанды
|
27,4
|
28,7
|
28,9
|
39,8
|
39,9
|
Қостанай
|
23,3
|
23,3
|
24,1
|
25,8
|
30,1
|
Қызылорда
|
17,6
|
16,5
|
18,6
|
14,7
|
16,2
|
Маңғыстау
|
12,7
|
10,7
|
11,5
|
22,8
|
23,6
|
Павлодар
|
25,1
|
24,9
|
21,6
|
25,2
|
25,9
|
Солтүстік Қазақстан
|
21,1
|
20,8
|
20,9
|
20,7
|
22,8
|
Оңтүстік Қазақстан
|
22,1
|
26,4
|
24,5
|
41,9
|
49,1
|
Астана қаласы
|
19,4
|
20,3
|
23,0
|
42,4
|
46,7
|
Алматы қаласы
|
65,5
|
76,4
|
78,8
|
108,7
|
122,7
|
Дерек көзі : ҚР-сы статистика агенттігі
Шағын кәсіпорындардың көпшілігі жергілікті ресурстарды пайдалана отырып ішкі нарықта қызмет еткенімен олардың өнім өндіру көлемін ұлғайту, жалпы ішкі өнімдегі үлесін арттыру негізгі мінддердің бірі болып табылады. 2004 жылы шағын кәсіпорындарда тауарлар өндіру (жұмыс орындау, қызмет көрсету) көлемі 444091,1 млн.теңгені құрады.(33) Бірақ мұнда да басымдық жоғарыда аталаған қызмет түрлерінде байқалады. Атап айтқанда, сауда; автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдар мен жеке пайдаланатын заттарды жөндеуде ( барлық жұмыс істейтін шағын кәсіпорындардың жалпы көлемінің 31,5 %), құрылыста (18,3 %), өнеркәсіпте (15,6 %), жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсетуде (11,6 %) өндірілген (орындалған, қызмет көрсетілген).
Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігіне олардың қаржы-қаражатпен қамтамасыз етілу деңгейінің де едәуір әсер ететіндігі белгілі. Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі де шағын кәсіпорындардың қаржымен қамтамасыз ету деңгейін арттыру болып табылады. Қаржы-қаражатпен қамтамасыз етілу - шағын кәсіпорындардың негізгі проблемаларының бірі. Олардың бастапқы (меншікті) капиталы нарыққа шығумен байланысты шығындарды жабуға жеткіліксіз. Сондықтан шағын кәсіпорындарға өзқызметін кеңейту және әрі қарай дамыту үшін қосымша қаражат көздерімен толықтыру қажет. Мұндай көздердің бірі екінші деңгейлі банктердің шағын бизнес субъектілеріне беретін несиелері болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша екінші деңгейдегі банктер шағын бизнес субъектілеріне 2002 жылы 146515 млн. теңге сомасында, 2003 жылы – 196212 млн. теңге, 2004 жылы – 288380 млн. теңге несие берген. Аймақтар бойынша бөлінген несиелік қаражаттардың ең көп бөлігі Алматы қаласының үлесінде (соңғы үш жыл ішінде берілген несиелердің жалпы көлемінің 58,8 %), себебі, шағын кәсіпорындардың басым бөлігі Алматы қаласында шоғырланған. Екінші деңгейдегі банктердің соңғы үш жыл ішінде шағын бизнес субъектілеріне берген несиелерінің аймақтар бойынша бөлінісін келесі кесте (6-кесте) түрінде көрсетуге болады.
6-кесте – Шағын кәсіпорындарға 2002-2004 жылдары аймақтар бойынша берілген несиелердің көлемі
|
2002
мың тг.
|
үлес салмағы %
|
2003
мың тг.
|
үлес салмағы %
|
2004
мың тг.
|
үлес салмағы %
|
Барлығы
|
146515
|
100
|
196212
|
100
|
288380
|
100
|
Ақмола
|
1154
|
0,8
|
1636
|
0,8
|
2571
|
0,9
|
Ақтөбе
|
3798
|
2,6
|
7096
|
3,6
|
10172
|
3,5
|
Алматы
|
440
|
0,3
|
676
|
0,3
|
1047
|
0,4
|
Атырау
|
7848
|
5,4
|
11288
|
5,8
|
14741
|
5,1
|
Шығыс Қазақстан
|
7848
|
5,4
|
11288
|
5,8
|
14741
|
5,1
|
Жамбыл
|
1340
|
0,9
|
2203
|
1,1
|
2992
|
1,0
|
Батыс Қазақстан
|
2487
|
1,7
|
3412
|
1,7
|
4621
|
1,6
|
Қарағанды
|
4044
|
2,8
|
8047
|
4,1
|
16458
|
5,7
|
Қостанай
|
3975
|
2,7
|
6675
|
3,4
|
12664
|
4,4
|
Қызылорда
|
344
|
0,2
|
306
|
0,2
|
689
|
0,2
|
Маңғыстау
|
1785
|
1,2
|
2838
|
1,4
|
4592
|
1,6
|
Павлодар
|
5745
|
3,9
|
9907
|
5,0
|
13461
|
4,7
|
Солтүстік Қазақстан
|
1900
|
1,3
|
1875
|
1,0
|
3272
|
1,1
|
Оңтүстік Қазақстан
|
4703
|
3,2
|
10019
|
5,1
|
14530
|
5,0
|
Астана қаласы
|
9804
|
6,7
|
14592
|
7,4
|
24593
|
8,5
|
Алматы қаласы
|
95403
|
65,1
|
112467
|
57,3
|
155668
|
54,0
|
Дереккөз: ҚР-сы статистика агенттігі
Шағын кәсіпорындарға берілген несиелердің қызмет түрлері бойынша ең көп үлестері келесі түрде орын алған: сауда; автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдар мен жеке пайдаланатын заттарды жөндеуде ( үш жыл ішінде берілген несиелердің орта есеппен 41,6 %), құрылыста (13,8 %), өнеркәсіпте (14,3 %), ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығында (10,3 %).
Статистика агенттігіне есеп берген кәсіпорындар мәліметтері бойынша 2004жылдың 9 айы ішінде олардың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 16,3 % құрады, ал 1999 жылы 11,1 % болған, жалпы қосылған құн – 17,4% және 11,8 % құраған, яғни, аталған кезең ішінде 1,5 есеге жуық өскен. Осы шағын кәсіпорындардағы бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы 24570 теңге болды. Ол 2003 жылмен салыстырғанда 39,7 % жоғары. Шағын кәсіпорындардағы жалақының өсу тенденциясы барлық экономикалық қызмет түрлерінде байқалады. Атап айтсақ, ең жоғары жалақы тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарында (43420 теңге), қаржылық қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындарда (42036 теңге), құрылыста (30202 теңге) (32).
Республика аймақтарындағы шағын кәсіпорындарда 2004 жылы еңбек ақы деңгейі әртүрлі болған. Еңбек ақының жоғары деңгейі тек Атырау (46784 теңге), Маңғыстау (39359 теңге) облыстарында және Алматы (40096 теңге) мен Астана (48322 теңге) қалаларында ғана байқалып отыр.
Зерттеу жүргізілген шағын кәсіпорындардың 2001-2003 жылдар аралығындағы қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері теріс сальдоны көрсетіп отыр. Тек 2004 жылы ғана табыстылық анықталып, шағын кәсіпорындар 61,7 млн. теңге табыс тапқан. Ол мәліметтерді келесі кестеден (7-кесте) көруге болады.
7-кесте - Шағын кәсіпорындардың қаржылық нәтижелерінің динамикасы
Кәсіпорынның қаржылық нәтижелері
|
2001
|
2002
|
2003
|
2004
|
Табыс соммасы, млн. теңге
|
56103
|
60152
|
103349
|
245114
|
Залал соммасы, млн. теңге
|
64359
|
88960
|
112389
|
183457
|
Сальдоланған қаржылық нәтиже, млн. теңге
|
-8256
|
-28808
|
-9040
|
61657
|
Дерреккөз: ҚР-сы статистика агенттігі
Шағын кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығын арттыру және салынатын инвестиция көлемін ұлғайту да басты міндеттердің бірі. 2004 жылы шағын кәсіпорындарға салынған инвестиция республика бойынша салынған инвестиция көлемінің 35,1 % құрады. Инвестициялық салым көлемі де соңғы жылдары жылдан-жылға ұлғайып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |