Бірігуге қатысатын әрбір қоғамның акционерлерінің жалпы жиналасы белгіленген тәртіппен бірігу нысанында қайта ұйымдастыру, өткізу актісін және бірігу жөніндегі шартты бекіту туралы шешім қабылдайды.
Жаңа қоғамның жарғысын бекіту және органдарын сайлау бірігу туралы шартпен айқындалатын мерзімде өткізілетін жаңадан пайда болған қоғам акционерлердің жалпы жиналысында жүзеге асырылады. Жаңадан пайда болған қоғам акционерлердің жалпы жиналысын шақырудың және өткізудің тәртібіне байланыс ерекшеліктер бірігу туралы шартпен айқындалады.
Бірігуге қатысатын қоғамдырдың әрқайсысы өзінің барлық несие берушілеріне бірігу туралы жазбаша хабарлама жіберуге және баспасөз басылымдарында тиісті хабарландыру беруге міндетті. Қайта ұйымдастырылатын қоғамның несие берушілері хабарламаны алған немесе хабарландыру жарияланған күннен бастап екі ай мерзімде қоғамнан қосымша кепілдіктерді не қоғамның тиісті міндеттемелерін мерзімінен бұрын тоқтатуды немесе орындауды және залалдарды өтеуді талап етуге хақылы.
Қосылатын қоғамның мүліктерін, құқықтарын және міндеттерін тиісті өткізу актісіне сәйкес басқа қоғамға өткізу мен оның қызметінің тоқтатылуы қоғамның қосылуы деп танылады.
Қосылатын қоғамның директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысының қаралуына қосылу нысанында қайта ұйымдастыру туралы мәселені, өткізу актісін және қосылуы туралы шартты бекітуге ұсынады.
Қосылатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қосылу нысанында қайта ұйымдастыру туралы, өткізу актісін және осы белгіленген тәртіпте қосылу туралы шартты бекіту туралы шешім қабылдайды.
Оған қосылу жүзеге асырылатын қоғамның директорлар кеңесі акционерлерінің жалпы жиналысының оған басқа қоғамның қосылуы нысанында қоғамды қайта ұйымдастыру туралы, өткізу актісін және қосылу туралы шартты бекіту туралы мәселені енгізеді.
Оған қосылу жүзеге асырылатын қоғам акционерлердің жалпы жиналысы оған басқа қоғамның қосылуы нысанында қоғамды қайта ұйымдастыру туралы, өткізу актісін және осыайқындалған тәртіпте қосылуы туралы шартты бекіту туралы шешім қабылдайды.
Оған жүзеге асырылатын қоғамның жарғысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы шешімнің қажеттілігі туындаған жағдайда, онан қосылу жүзеге асырылатын қоғам акционерлерінің және қосылатын қоғам акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында қабылданады.
Қоғамның директор кеңесінің шешімі бойынша егер қосылатын қоғамның активтерінің және міндеттемелерінің сомасы оған қосылу жүзеге асырылатын қоғамның өз капиталының бес процентінен аспаса бір қоғамның екінші қоғамға қосылуы жол беріледі. Мұндай жағдайда қосылу нысанында қайта ұйымдастыру туралы шешімді, бұл қосылу ірі мәміле болып табылған жағдайды қоспағанда, оған қосылып жүзеге асырылатын қоғамның директор кеңесі қабылдайды.
Қайтадан ұйымдастырылатын қоғамның акцияларын кейіннен жаңадан құрылатын қоғамдардың акцияларына айырбастаумен осы қоғамның барлық мүліктерін жаңадан пайда болған қоғамдар арасында бөлу арқылы қоғамның барлық мүлкін, құқықтарын және міндеттерін өткізу мен қоғамның қызметін тоқтатудыжүзеге асыру қоғамды бөлу болып табылады. Бұл ретте бөлінетін қоғамның құқықтары мен міндеттері бөлініс балансына сәйкес жаңадан пайда болған қоғамдарға өтеді. [9]
Бөліну нысанындақайта ұйымдастырылатын қоғамның директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысының қарауына бөліну нысанында қоғамды қайта ұйымдастыру,жаңа қоғамдарды құру,қайтадан ұйымдастырылатын қоғамдардың бағылы қағаздарын құрылатын қоғамдардың бағалы қағаздарына айырбастау және бөлініс балансын бекіту туралы мәселелерді енгізеді.
Акционерлердің жалпы жиналысы қабылданған қоғамның бөлінуі туралы шешім қайтадан ұйымдастырылатын қоғамның акцияларын жаңадан құрылған қоғамдарының акцияларына айырбастау тәртібін,сондай ақ қайтадан ұйымдастырылатын қоғамның бұрынғы шығарылған акцияларының әрбір түріне арналған,аталған акциялардың түрлері мен атаулы құнының айырбастау кезінде қолданылатын арақатынасын айқындауы тиіс.Бұл ретте акцияның бір түрін иеленгендерге берілетін құқықтар (оның ішінде айырбастауға арналған акцияларды таңдау) бірдей болуы тиіс,Қайтадан ұйымдастырылған қоғамның кез келген акционерлерінеоған тиесілі акцияларды жаңадан құрылған қоғамның акцияларына айырбастау нәтижесінде берілетін құқықтар оған қайтадан ұйымдастырылатын қоғамның жарғысымен берілген құқықтармен салыстырғанда кемітілмейді немесе шектелінбейді.
Егер қоғамның жарғысында өзгеше көзделмесе,оны бөлу кезінде әрбір акционер қайтадан ұйымдастырылған қоғамдардың шығарған акциялардың жалпы санына оның акцияларының проценттік арақатынасына тең болатын жаңадан пайда болған қоғамның шығарған акцияларының жалпы санына өзінің акцияларын проценттік арақатынасын сақтайды.
Қоғам оның акционерлерінің жалпы жиналысында бөліну туралы шешім қабылданған сәттен бастап бұл шешім туралы қабылданғаннан кейін туындаған міндемелер бойынша несие берушілерге хабарлауға міндетті. Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы бөліну туралы шешім қабылданғаннан күннен бастап екі ай мерзімде өзінің барлық кредиторларына бөліну туралы жазбаша хабарлама жіберуге және баспасөз басылымында тиісті хабарландыру жариялауға міндетті . Хабарламаға бөліну балансы, сондай-ақ жаңадан пайда болған қоғамның әрқайсысының атауы, орналасқан жері туралы мәліметтер қоса беріледі. Қайта ұйымдастырылатын қоғамның несие берушілері хабараламаны алған күнне бастап екі ай мерзімде қоғамннан қоғамның тиісті міндеттемелерін мерзіміннен бұрын атқаруды және залалдарды өтеуді талап етуге хақылы. Қоғамнан бөліну нәтижесінде пайда болған қоғамдар қайта ұйымдастырылған қоғамның міндеттемелері бойынша бірлескен жауапкершілікте болады.
Қызметін тоқтат бастан қайта ұйымдастырылатын қоғамның мүліктерінің құқықтарының және міндерінің бір бөлігін өткізу мен бір немесе бірнеше қоғамды құру қоғмады бөлініп шығуы болып танылады.
Қайта ұйымдастырылатын директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын қарауына бөлініп шығу нысанында қоғамды қайта ұйымдастыру туралы. Бөлініп шығарудың тәртібі мен шарттары бөлініс балансы туралы және жаңа қоғам құру мәселелерді енгізеді. [10]
Қайта ұйымдастырлатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы бөлініп шғу нысанында қайта ұйымдастыру , жаңа қоғамдар құру және қайта ұйымдастырылатын қоғамның бағалы қағаздарын құрылатын қоғамдардың бағалы қағаздарына айырбастау туралы тәртібі және бөлініс балансын бекіту туралы тәртіпте шешім қабылдайды. Қоғамның бөлініп шығуы кезінде қайта ұйымдастырылатын қоғамның құқықтары және міндеттері бөлініс балансына сәйкес оған өтеді.
2 акционерлік ҚОҒАМ формаСЫНдағы ұйымның
ресуртарын қолдануын бағалау
2.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің даму тенденциялары мен ақуалын талдау
Қазіргі уақытта әрбір коммерциялық банк өзінің жұмысын құру үшін стратегия мен амал-әдіс ойлап табады. Банктің ресурстарын тиімді қалыптастыру үшін стратегиялық мақсаттарға үлкен мән береді. Осылайша, «Тұран Әлем Банк» АҚ стратегиялық міндеті банктік және қаржылық қызмет нарығында өзінің тұтынушыларына қызмет көрсетуде банктік өнімдер мен қызметтерді жоғарғы кәсіби білімді мамандардың соңғы жетістіктеріне сүйенген жаңа технологиялар саласын қолдануымен әрі жаңашылдығымен бәсекелестік шамасы бар және жоғарғы кірісті, жан-жақты қаржы бөлімшесі болып табылады.
Банктің стратегиялық мақсаты:
Корпорациялық нарықта:
ұсынылатын банктік өнімдер мен қызметтердің нарықтағы орнын нығайту;
кірісті тұтынушыларды тарту;
ссудалық сөмкені, оның сапасын диверсификациялау;
тұтынушылардың кірістілігін қызметтер комплексін ұсыну жолын ұсынумен ұлғайту.
Сату нарығында:
нарықтағы өз үлесіне күресу;
жаңа банктік қызметтерді кеңейту мен енгізу;
үнемі тұтынушылар арқылы таза кірісті өсіру;
кездейсоқ тұтынушылар арқылы ұстап отыруды азайту.
Бұл банктің амал-әдістік мақсаты:
іс-жүзіндегі тұтынушы базаны ұстап тұру;
тұтынушы базаның шақыру стратегиясын дамыту мен кеңейту;
жаңа түрлер мен аймақтағы өнімдерді дамыту (ипотека, лизинг, ломбард, смарт-карт, т.б.);
жоғарғы кірістік банк өнімдері мен қызметтерді анықтау мен көбейту;
ссудалық сөмкелер, қайтаруды қамтамасыз ету сапасын жақсарту;
тәуекелділікті төмендетуді жоғарылату.
«Валют-Транзит Банк» АҚ өзінің қызметін бес түрлі басымдылық бағыттары бойынша негіздеуде:
сыртқы нарықтағы жағдайларды жан-жақты терең талдау және стратегиялық даму жорлдарын анықтау;
жеке меншік қызметтер мен экономикалық көрсеткіштер және бәсекелестіктің өсуін қамтамасыз етуді әрдайым экономикалық талдау;
тұтынушылар негізін зерттеу, тұтынушылар базасын кеңейту, сенімді қарым-қатынасты жолға қою;
шығармашылық ізденіске лайық, бірдей алға ұмтылған ұжым құру;
жаңа әрі табысты мәліметтерді, инновациялық банктік технологияларды енгізу, зерттеу және өңдеу. Бұл мақсаттардың барлығы таза кірісті үнемі ұлғайтып отыруға бағытталған.
«Валют-Транзит Банк» АҚ даму тарихы 1996 жылдан бастау алды, бұл жылы Қарағанды акционерлік «Прима-банкінің» бақылаушы акция пакетін сатып алды, ондағы бекітілген капитал сол кезде 2 млрд. тенгені құрады. Бүгінгі күні бекітілген капитал 1,3 млрд. тенгені құрап отыр. Осы уақытқа дейін банктің жеке капиталы 206 млн. 2,7 млрд. тенгеге өсті. Әринебанктің кірісі де өсті. Тұтынушылар саны қазіргі күні 500 мыңнан астам. «Валют-Транзит Банк» АҚ Қазақстан Республикасы территориясында аймақтық банктердің филиалдары ең кең тараған, есептеу-кассалық бөлімшелері мен айырбастау орындары бар.
«Валют-Транзит Банк» АҚ – тұрғындардың салымдарына кепілдік (қауіпсіздендіру) беруші Қазақстандық қорға қатысушы; оның акциялары, облигациялары А Қазақстандық қор биржасының листингісінде беделге ие. Өзінің күнделікті қызметінде банк халықаралық «Reuters» мәліметтік жүйені, халықаралық SWIFT және Western Union төлеу жүйесін қолданады, ол өз кезегінде әлемнің 209 елінің 188-іне тез арада ақша аударуға мүмкіндік береді. .[11]
Қазіргі уақытта банк келесі қызметтерді ұсынады: заңды және жеке тұлғаларға тегін банктік есеп-шот ашуға және жүргізуге; қолма-қол ақшаны қабылдау және тарату; ақшаны есеп-шотқа қайтару қызметі; есеп-шот ашпай-ақ бір мәртелік екі сағатта жеткізілетін ақша аудару қызметі; коммуналдық төлемдерді қабылдау; банктік кепілдіктерді ұсыну; заңды және жеке тұлғаларды несиелеу; теңге және шетел валюталар түрінде заңды және жеке тұлғалардан депозиттер қабылдау; есеп-шотты жедел басқарудың бағдарламалық қамтамасыз етілуін бекіту; әртүрлі сала бойынша қаржылық кеңес беру; құндылықтарды сейфтік сақтау; ақша мен материалдық құндылықтарды инкассациялау; шетел валюталарын тұтас алушы тұтынушылар үшін жеңілдікпен сату және сатып алу және т.б. Мұндай қызметтерді ұсыну банктің таза кірісін тұрақты өсіруге мүмкіндік береді.
2003 жылдың шілде айында «Валют-Транзит Банк» АҚ Қарағанды облысы әкімиятымен әріптестікке ауылдардан қызу қолдау тапқан әрі құптаған келісім туралы меморандумға қол қойды. Бұл маңызды құжат ауыл экономикасы мен ауылдың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған мемлекеттік және аймақтық бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған. Ауылдармен күнделікті аудандық байланыстар аудандық агроөнеркәсіптік «Валют-Транзит Банк» АҚ басқармасы іске қосылды, мұнда егістік пен фермалардағы өнімдерді өңдеуге арналған әртүрлі кәсіпорындар мен өндірістерді дамытуға инвестиция салу жоспарлары өңделуде. [20].
Қазақстанда соңғы жылдары болып жатқан экономикалық көтерілудің арқасында ҚР ұлттық банк тарапынан есептік бақылау арқылы банктік сектор өте жылдам кеңейді. Сондай-ақ, «Альянс-Банк» те тез арада өсіп шықты, ол 2002 жылы қазақстандық банктердің ішіндегі ең жоғарғы деңгейдегі белсенділікті көрсетті – 168%, дегенмен ол бір жыл бұрын ғана шағын аймақтық банк болатын, оның бұрынғы аталуы «Ертісбизнесбанк» болатын. 2001 жылы жанындағы ірі компанияларды өзіне қосып алғаннан кейін, оның ішінде «Алматықұс» ОАО ірі тамақ өнімдері шығаратын өндірісті алғаннан соң, банктің беделі бірнеше есе өсті, ал оның топ-менеджменті ірі қазақстандық банктердің кәсіби тобымен күшейтілді. 2001 жылдың наурызында «Ертісбизнесбанктің» аталуы «Альянсбанкке» ауыстырылды, ал оның бас ғимараты 80% капитал өтетін елдің қаржылық астанасы – Алматы қаласына көшірілді. «Альянсбанктің» қаржылық көрсеткіші 2005 жылы банкті Қазақстанның ең ірі он банкінің қатарына көтерді. Банктің 2004 жылғы кірістілігі 74% құрады, немесе 2,2 млрд. теңге болды, ал белсенділігі 2004 жылдың басында 8,2 млрд. болса, 2005 жылдың басында 22 млрд. теңгеге өсті. Мұның бәрі несиелеу мен құнды қағаздар операциялары негізінде өсті, бұл өсімді 2,3 пен 6,4 есеге ұлғайтты. Сонымен қатар, депозиттік сөмке 2,8 есеге өсті, бұл дегеніміз банктің тұтынушылық базасын үш есеге өсіртіп – 31 мыңға көтерді. Банктің бекітілген капиталы қосымша акциялар эмиссиясы арқасында жыл басында 820 млн. теңге көлеміндегі сомадан 2 млрд. теңгеге немесе 165% өсті. Банк сонымен қатар, екінші деңгейдегі капиталды көтеру үшін алғашқы арақашықтық облигацияларын шығарды.
«Темірбанк» АҚ өзінің амал-әдісін экономиканың түрлі саласындағы ірі кәсіпорындарға қызмет көрсету бойынша құрып отыр: мұнай өндіруші, газ шығарушы, энергетикалық, транспорт, ауыл шаруашылығы, өндіріс пен сауда, орта және шағын бизнес. Бұл банктің негізгі қағидасы тұтынушыға икемділік пен ең тамаша қызмет көрсетуді ұйымдастыру болып табылады. Банк тұтынушыларға арнап үнемі жаңа қызмет түрлерін талдауда, әсіресе 12 ай мерзіміне $ 1000 кем емес сомадағы салым немесе теңге және евро жабдықтаған тұтынушылар сый ретінде медициналық қауіпсіздендіруді ала алады.
Іс жүзінде барлық дерлік коммерциялық банктер $ 500 кем емес салым салғандарға қарай үнемі ұтыс ойындарын өткізіп отырады.
Қазіргі уақытта, «Ресей-Қазақстан» бағдарламасы әрекет етіп отырған шақта, «Каспийский» және «Сибакадембанк» (Ресей) коммерциялық банктерінің бағдарламасы аумағында екі елдің кәсіпкерлері өздерінің қаржылық ағымдарын - серіктес банктер көмегімен бағыттау туралы әріптестік келісіміне қол қойды. Альянс банктері ұқыпты әрі өз мерзімінде есептесу мен сыртқы келісім-шарттың қаржылық кепілдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. [24]
Жүргізілген зерттеулер көмегімен келесі қорытындыға келуге болады, яғни Қазақстанның коммерциялық банктері тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуге бет бұрып, банктің жаңа технологияларына аса зор мән беруге ұмтылуда, өз қызметтерін белсенді жүзеге асыруда, банктің кірістілігін тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету арқылы ұлғайтуға тырысуда. Дегенмен, ҚР коммерциялық банктері өзара қатыгез бәсекелестік күресі жағдайында еңбек ететінін ескеру керек. Сондықтан да, қаржылық ресурстарды «өмір үшін күресте» маңызды фактор ретінде әрмен қарай таза кіріс көзі ретінде қарап басқаруды жетілдіруді қарастыру қажет.
Жалпы алғанда зерттелініп жатқан банктер талаптарға сай әрі қазіргі заманғы жан-жақты банктерге тән сапаларға ие. Қазіргі уақыттағы банктердің өткізіп жатқан барлық іс-шаралары таза кірісті көтеру мен қаржылық нәтижелерді жақсартуға бағытталған.
Біз профессор Н.К.Күшіковтың «көлемі жағынан шағын капитализациялар ірі банктік корпорацияларға қарағанда өзінің «төменгі» сатысында олардан кеме емес, қайта нарықта беделді орынға ие, кейде тиімдірек. Бұл жерде мемлекеттік бақылаушы органдары біздің орта және шағын банктеріне тек абсолюттік тұрғыда бағалап қана қоймай, сондай-ақ маңызды қаржылық-экономикалық көрсеткіштердің өсу динамикасына қарай бағалауға мән беруі керек» деген пікіріне келісеміз. [25]
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Банктер мен банктік қызмет туралы» Заңындағы 50 бабы бойынша, «банктік құпияға қолма-қол ақша көлемі туралы мәліметті, депозиттің банк есеп-шотындағы нөмірі мен иесі туралы, банктің тұтынушысы мен корреспонденті туралы, ақша қозғалысы мен ондағы ақша қалдығы, банк есеп-шотындағы ақша қалдығы жайында, банк операциясы (банк операцияларын жүргізудегі жалпы жағдайлардан өзгесі), сондай-ақ сейфтік жәшіктерде, сөрелерде және банк ғимаратында сақталып жатқан нақты ақша мен оның иесі, тұтынушы мүлкінің құны туралы мәліметтер енеді» деген мағлұматты ескеріп өту керек. [26]
Алайда әлемдік қауымдастық бұл бапты қайта қарау керек дегенді айтады, мұнда банктік ақшалардың шығу тазалығы жайында сөз қозғалып отыр. Банктің тек толық шынайы тазалығы ғана осы проблманы шешуге көмектеседі.
Қазіргі заманғы қазақстандық экономикадағы ең өзекті проблемалардың бірі бизнестің жеткілікті деңгейде шынайы болмауында болып отыр. Әсіресе, банктерден қарыз алушылардың ұсынған есебінде қолданылатын фискальды есеп беру, шын мәнісіндегі істің жағдайынан айырмашылықтары болады. Нәтижесінде, Қазақстанның Ұлттық банкі Инструкцияларына сәйкес құрылған банктердің құрған қорлар көлемі шындыққа сәйкес бола бермейді. Қазақстанның Ұлттық банкінің құрап отырған қорлары несие тәуекелділігі мен көлемін реттеуге бағытталған нормативтік базаны жетілдіру процесін жалғастыру қажеттілігін көрсетеді. Мұндай күрделі жағдайдан шығар жол – экономикалық жүйенің институционалдық дамуды бизнесті заңдастыру, есеп беруді қайта қараудан табылады.
Қазақстандық ғалымдар (А.А.Ильясов, А.К.Гилимов) «Қазақстандағы банк жүйесі қызметін жетілдірудің маңызды бағыты, коммерциялық банктердің қаржылық жағдайын талдау әрі оның тұрақтылығын көтерудің теориясы мен практикасын әрі қарай өңдеу келесі бағыттар бойынша жүзеге асады:
ҚР Ұлттық Банкімен бірлесіп коммерциялық банктің басшылығымен келісе отырып банктерді рейтінгілік бағалаудың ортақ әдісін талдау;
Банктің қаржылық жағдайын толық әрі бәрін қамтушы автоматизация мен компьютеризациялау, банк жұмысының нәтижесін бағалау үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді жетілдіру. [27]
Бұл пікірді сондай-ақ, бүгінгі күні Қазақстан экономикасы мен банктері үшін жеке алғандағы әрбір банктің тұрақты қызметі маңызды мағынада болып табылатынын ескеру керек.
Агрегаттық сандық көрсеткіштер динамикасына қарай, 2005 жылдың басында Қазақстанда коммерциялық банктердің жаңа эволюциялық кезеңі бастау алды. Біз оның негізгі белгілерін көрсетуге тырысамыз:
1.01.2005ж. 3 ірі банк жағдайы бойынша өзіне барлық банк жүйесіндегі 88% белсенділікті тартып алады. Қазақстандық банк секторы концентрациясының деңгейі 62% сәйкес келеді, ал Австралияда - 65%, Бельгияда - 64%, Грецияда - 79%, Нидерландта - 76%, Швецияда - 89% (әлемдік Банк берілгендері бойынша).
2. Қарастырылып жатқан тенденцияның өсімі коммерциялық банктердің жариялаған үкімдік капиталының сомалық көлемінің дефиляциялық өсімінде оның тұрақтылығын байқатады. Шын мәнісінде, банктердің жеке қаражаты (капиталы) бекітілген капиталға қарағанда өте жәй өсуде. Ұлттық Банктің берілгендері бойынша барлық коммерциялық банктердің жеке капиталы 13% ұлғайды, ал бұл кезде банктерің нетто-белсендігі небәрі 3% азайған. Нәтижесінде, 2005 жылдағы капитал көрсеткіші (капитал/белсенділік қатынасы) 16,7% болды, ал 2004 жылдың қорытындысы бойынша бұрын 11,8% болған. Банктер арасында едәуір динамикалық прогресс байқалады. Мамандардың бағалауы бойынша, 3 ірі банктер ішінде өткен жылға қарағанда капиталдың төмендеуі аса шамалы болды (7,75 тен 7,12 дейін), ал 2005жылы капитал-белсенділіктің қатынасы соңғы 2,5 жылдағы мәліметте 9,44% өскені байқалды. Бұл дегеніміз жеке таза кірісті өсіру үшін банктердің қолайлы салыстырмалы қаржылық жағдайын көрсетеді. [27]
3. Дағдарысқа ұшыраған банктер қатыгез бәсекелестіктің есебінен және оның әріптестерінің төлемақы төлеу мүмкіндіктеріне қарай мемлекеттің құнды қағаздарының белсенділігі (1995 жылдың отасындағы кірістілік жоғарғы деңгейге мықты орнатылып алды) пайдасына қарай қайта құрастыру шығынға ұшырау көрсеткіші процесі байқалған банктердің іс-әрекеті тоқтатылады.
Жоғарыда айтылғандай, ҚР Ұлттық Банкі өз уақытында ресми емес банктер мен лицензиялар пікірін жабу процесі қарқынды жүрді. Қалған банктер мемлекеттен күтпеген сыйлықтар алды – өте қарқынмен өсуші мемлекеттік облигациялар нарығы таңқаларлық тәуекелсіз-ақ кірісі бар құралдарды алды. Мемлекеттік қағаздарды валюталық қаражаттар конвертациясы есебінен белсенділікті қайта құру басталды. Шетелдік белсенділік үлесін төмендету үкіметтің валюталық саясатына тұтас өзгеріс енгізу нәтижесі болды. Валюталық саясат коридоры қысқа мерзімді әрі ұзақ мерзімді спекулятивті валюталық салымдардың көріністерінен қол үзді. 1994 жылдың аяғынан бастап 2005 жылдың мамыр айы аралығында коммерциялық банктердің мемлекеттік құнды қағаздарға салған салымдарының көлемі 8 есеге өсті, ал бұл операциялардың нетто-белсенділерге өсу үлесі 5,2 ден 21,1% өсті. [28]
Қазақстандағы банктік секторлардың дамуы филиалдар ұйымдары мен есептесу-кассалық бөлімдермен жалғасады. Қазіргі уақытта әрекет етуші 35 банктердің 24 филиалдары бар. 01.01.05ж. 366 филиалдың ішінен 167 «Халық Банкі» АҚ енеді. Есептесу-кассалық бөлімдер байланыс жүйесі 18 банкте бар. Филиалдық жүйені құру процесі жаңа банктер үшін заңды, оның қажеттілігі белгілі бір кезеңде пайда болып, бизнестің әрмен қарай кеңею қажеттілігін көрсетеді. Сонымен қатар, жаңа банктердің территорияларға кең таралуы жеткілікті деңгейде белсенді емес әрі көбінесе ірі кәсіпорындық өндірістермен шектеліп, ауылдық мекендерде бұл сала өте аз қамтылған. [29].
Жоғарыда келтірілген жағдайларды талдау арқылы қазақстандық банктер секторының қазір кездегі консолидация ретіндегі даму кезеңін сипаттауға болады. Операциялар саны мен көлемінің қарқынды өсуінің орнына ресурстардың көлемін едәуір тарылтатын қатаң бәсекелестік, сондай-ақ жарамсыз банктердің көбеюі орын алуда.
Алайда, біздің пікіріміз бойынша,банктік жүйедегі түбірімен өзгерістер қазіргі шын мәнісіндегі қажеттіліктерге қарай орындалмай отыр. Ірі банктердің жарамдылығын қолдаудың негізгі қоры мемлекеттік құнды қағаздар, бюджеттің қажетін қамтамасыз етуші нарық болып қала бермек.
Банктің өзінің функцияларын жүйелі орындауда жалпы елдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудің фундаментін құрайды. Әрбір операция банктің арнаулы бөлімдерінде орындалса да бұл бір-бірімен тығыз байланыстағы ерекше әріптестер тобының көмегімен жүзеге асырылады.
Біздің жұмыста біз келесі банктердегі басқару әдістері мен ресурстардың қалыптасуына қайта талдау жасаймыз:»Валют-Транзит Банк» АҚ, «ТұранӘлем Банкі» АҚ, «ЦентрКредит Банкі» АҚ, «АТФ Банкі» АҚ.
Қазақстандағы нарықтық қатынастардың дамуы тиімді қызметті өсіруге бағытталған әрі коммерциялық банктердің экономикалық субъекті ретінде нығаюына бағытталған шынайы экономикалық саясатты жүзеге асыруды талап етуде.
Осыған қарамастан, қазіргі заманғы коммерциялық банктердің жағдайы жағымды тенденциялармен сипатталады, едәуір проблемалары бар. Жоспарланушы жағымды тенденцияларды әрі қарай дамыту мен бекіту банктік секторлардан үлкен күштерді талап етеді. Екінші деңгейлі банктердің қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі коммерциялық банктер деңгейінде өткізілетін тұтас қаржылық талдау болып табылады. Коммерциялық банктердің жұмысын талдау оның шаруашылық қызметін зерттеудің бір түрі; талдаудың міндеті ішкі қорларды шығару мен оны дұрыс қолдану болып табылады.
Микродеңгейдегі аналитикалық жұмыстың маңыздылығын бағалау өте қиын. Коммерциялық банк деңгейінде талдауы мазмұнның нақты жетілдірілген, күнделікті шаруашылық-қаржылық банк қызметіне, оның ұжымына, менеджерге, жеке меншік иесіне байланысты. [30].
Экономикалық талдауды өткізуді, оның мақсаттары міндеттерін сауатты етіп қою әрбір коммерциялық банк үшін аса өзекті болып табылады. Экономикалық талдау шешімдер мен іс-әрекеттердің алдын алады, қаржылық нәтижелерді ғылыми басқарудың негізі болумен қатар негіздейді, олардың объективтілігі мен тиімділігін қамтамасыз етеді. Ол ресурстарды үнемшіл қолдануға, озық тәжірибені енгізуге, еңбекті ғылыми ұйымдастыруға, банк ісінің жаңа техникасы мен технологиясын енгізуге, басы артық шығындар мен жұмыстағы әртүрлі кемшіліктердің алдын алуға көмектеседі. Нәтижесінде банк экономикасы нығаяды, оның қызметінің тиімділігі жоғарылайды. Сондықтан талдау қаржылық ресурстарды басқару жүйесінде, ішкі шаруашылық қорлардың әрекет етуші құралында ғылыми-негізделген жоспарлар мен басқару шешімдерін өңдеудің негізінің маңызды элемент болып табылады.
Ресурстарды басқаруда коммерциялық банктің өмірлік қабілетінің сапасы мен сенімділігін арттыратын экономикалық талдау айрықша роль атқарады. Ойлану, алынған мәліметтерді өңдеп-талдау процесі басқарудың ерекше функциясы ретіндегі мазмұнды атқарады. Экономикалық талдаудың міндеті: банк қызметінің заңдылығын зерттеуге қатысты теоретикалық талдау; нақты фактілер мен құбылыстардың бірлесуін зерттеуші ағымдағы талдау; негізгі тенденциялар мен басты әрекет етуші факторларды зерттеуші болашағы зор жетілдірілген талдау; аз мерзімдер аралығында пайда болатын міндетінде ауытқушылығы бар жедел талдаулар болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |