2. Қызметкердің құрамамен жұмыс уақытын пайдалану есебі
Еңбек жайлы есеп беруде көп салалы қызмет атқаратын кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлерін негізгі қызмет атқаратындар және негізгі емес қызмет атқаратындар деп екі топқа бөледі.
Ал өнеркәсіп орындарында қызмет істеушілер мынадай екі топқа бөлінеді:
өнеркәсіптің өндірістік жұмысшылары мен қызметкерлері;
өнеркәсіптік ұйымның балансындағы өндіріске жатпайтын
ұйымдардың жұмысшы- қызметкерлері.
Атқаратын қызметтеріне қарай кәсіпорындар мен ұйымдардың
жұмысшылары мен қызметкерлері жұмысшылар мен қызметкерлер болып екіге бөлінеді.
Қызметкерлер тобы басшылар, мамандар және тағы басқа да топтарға бөлінеді.
Басшылар қатарына – президент, ректор, директор,меңгеруші және т.б. жатады.
Мамандар қатарына – инженерлер, техникалық қызметтегі адамдар және т.б. жатады.
Басқа да қызметкерлер қатарына – құжаттарды дайындайтын, есеп және бақылау жұиысын жүргізетін, шаруашылық қызметтерін атқаратын бухгалтерлер, менеджерлер, агрономдар, механиктер және т.б. жатады.
Бухгалтерлік есепте жұмысшылар мен қызметкерлердің саны мен олардың жұмыс істеген уақытын есепке алуға тура келеді. Кәсіпорындардағы қызмет атқаратын адамдардың жалпы саны олардың «тізімдегі саны» деп аталады.
Кәсіпоырндарда жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы мен олардың жұмыс уақыты да есептелінеді.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамының есебі – кәсіпорындар мен ұйымдардың мамандар бөлімінде жүргізіледі. Мамандар бөлімінде мынадай алғашқы құжаттар пайдаланылады:
жұмысқа алу жайлы бұйрық ф. Т-1;
басқа жұмысқа ауысу жайлы бұйрық ф. Т-5;
демалыс берілуі жайлы бұйрық ф. Т-6;
жұмыстан шығару жайлы бұйрық ф. Т-8
Бірінше рет жұмысқа орналасқан жұмысшылар мен қызметкерлерге ұйымның
мамандар бөлімі еңбек кітапшасын толтырады.
Еңбек кітапшасы – мамандар бөлімінде сақталып оған жұмысшылар мен қызметкерлердің қызмет орнының өзгеруі, алған мақтаулары мен сыйлықтары, сондай-ақ ескертулері, сөгістері және тағы да басқа деректер жазылады.
Жұмысқа алу жайлы хат негізінде жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек кітапшасына төл құжаттарындағы тиісті жазулар жазылып және оған ф. Т-2 жеке карточкасы ашылады. Ол карточкада жұмысшылар мен қызметкерлердің білімі, жұмыс орны, аты-жөні, ұлты, еңбек стажы, туылған күні, айы және жылы, мекен-жайы және тағы басқа керекті мәліметтер толтырылады.
Кәсіпорындағы орташа еңбекақыны табу үшін есепке алынатын жұмысшылар мен қызметкерлер санын анықтау барысында нақтылы жұмыс істегеніне қарай үйлестірімді түрде күніне немесе аптасына толық жұмыс істемейтін жұмысшылар мен қызметкерлер кіргізіледі. Алдымен жұмыс істеген адам/күні табылады. Ол үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің барлық жұмыс істеген сағатына, белгіленген жұмыс күнінің узақтығына бөлінеді. Содан кейін барлық жұмыс істеген сағатын, күнін, айлық күнтізбелік күнге бөлу арқылы жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметкерлердің саны табылады.
Орташа еңбекақы есептеу үшін есепке алынатын жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамына үйде отырып жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметкерлерде кіреді. Олардың саны ұйымдағы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген айлық еңбекақы қорының сомасын сол ұйымда негізгі қызметті атқаратын жұмысшылар мен қызметкерлердің есепті айдағы орташа еңбекақысына бөлу арқылы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |