1. Мәдениеттанудың ғылым ретінде қалыптасуын тарихи өлшемде сипаттаңыз



жүктеу 1,21 Mb.
бет42/52
Дата09.05.2020
өлшемі1,21 Mb.
#30278
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   52
Сессия жауаптары мадениеттану

Несторий ілімі - Несторийдің ілімі 431 жылы Эфес соборында айыпталып, несториандар аяусыз құдалана бастады. Құғындаулар нәтижесінде олар Шығыска қашуға мәжбүр болды. Азияның алыстағы аймақтарының несториандармен байланысты болғаны қайран қалдырады. Олардың қолониялары мен сауда факториялары Жерорта теңізінің жағалауынан «Аспан империясына» дейін созылып жапы. Таулар мен ойпаттар арқылы өткен бұл жол бойындағы алқаптардан христиан мәдениетінін ескерткіштері табылды. Метрополияда да, отарларда да соғдыларға христиан дінінің таралуы соғдылардың сирия жазуымен танысуына жеткізді. Сирия жазуы христиан-соғдылардан ертедегі түріктерге жетті; бұл жазуды ұйғырлар қабылдады: «...сириялықтар дүние- жүзілік ғылым мен мәдениетке зор үлес қосты. Олар Шығысты дүние- жүзілік мәдениет дамуының көне замандағы жетістіктерден бастау алған сарынына қосты».

Манихей діні - Жібек жолының бойымен келесі бір дін — манихей діні таралған. Ол III ғасырда Иранда пайда болып, тез арада Италиядан Қытайға дейін көп мөлшерде әдептілер тапты. Ол жалпы алғанда зороастрашылдық пен христиан дінінің қосындысы болатын. Христиан дінінен манихей діні — мессианшылдықты, ал зороастрадан ізгілік пен зұлымдықтың, жарық пен қараңғылықтың күресі идеясын алған.

Манихей дінінің Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігінде, бірінші кезекте, отырықшы тұрғындар арасында өз жақтаушылары болды. Тұрфан алқабынан табылған манихейлік «Екі негіздің қасиетті кітабы» деген шығарманың ертедегі ұйғырша қолжазбасында бұл кітап «он оқ елінде (нанымды) ояту үшін» «Арғу, Талас (Алтын Арғу—Талас-улуше, Талас-улуше)» қаласында жазылды делінген. Бұл арада белгілі Тараз қаласы айтылып отыр. Жетісудыңтағы бірқатар қалаларында— Баласағүнда, Жікіл-Балықта манихей мекендері болтаны мәлім. Таразды қазған кездетабылған, манихейлік астралдық құдайлар нышаны болып саналатын айы бар, әйел бейнеленген қола медальонды манихейлік жәдігерлер қатарына жатқызған жөн. Қазақстанның ортағасырлық қалаларының тұрғындары арасында тағы бір дүниежүзілік дін—зороастра дінінің өкілдері болған, ол дін б. з. б. VII — IV ғасырларда ежелгі Иран аумағында қалыптасты. Оның ғұрыптық практикасына Ғаламның төрт элементін — суды, отты, жерді, ауаны құрметтеу тән. Зороастра ескерткіштерін Орта Азиядан, Сырдария қалалары мен Жетісудан аңғаруға болады. Бұлар — мұнара сияқты құрылыстардың қалдықтары, оларды от жағатын мұнаралармен байланыстыру қажет. Олар Қостөбе және Қызылөзен қалалары орнының топографиясында сақталған. Алайда Орта Азия мен Қазакстанда зороастра дінінің канондық түрінен айырмашылығы бар ерекше нұсқасы таралған. Ол жергілікті табынушылық діндермен, атап айтқанда, отқа, текке, бабаларға, жануарларға — қойға, жьшқыға, түйеге табынумен тығыз араласып кеткен.




жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   52




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау