|
1. Мақалдағы көркем сөз айшығын табыңыз. Туған жердей ел болмас
|
бет | 3/11 | Дата | 26.02.2018 | өлшемі | 3,97 Mb. | | #10788 |
| 7 нұсқа
1. Үзінді авторын белгілеңіз.
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
A) Ы.Aлтынсарин.
B) A.Байтұрсынов.
C) Aқан сері.
D) М.Дулатов
E) A.Құнанбаев.
|
2. Махамбет Өтемісұлының өлеңін табыңыз.
A) «Мен – қазақ».
B) «Шәкірт ойы».
C) «Айналайын, Ақ Жайық».
D) «Ей, Абылай, Абылай».
E) «Ереуіл атқа ер салмай».
|
3. Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» енген µлењдерініњ негізгі тақырыбын белгілеңіз.
A) ¤лім.
B) Оқу, білім.
C) Махаббат.
D) Тіл.
E) Әдет-ѓ±рып.
|
4. Шәкәрімнің өлеңін табыңыз.
A) «Шәкірт ойы»
B) «Әсемпаз болма әрнеге»
C) «Жастарға»
D) «Ғылым таппай мақтанба»
E) «Мен - қазақ»
|
5. «Өткен күндер» жинағының авторын анықтаңыз.
A) Б.Майлин.
B) Ж.Жабаев.
C) І.Жансүгіров.
D) С.Сейфуллин.
E) Ғ.Мүсірепов.
|
6. Хайуанаттар туралы ертегіні табыңыз.
A) «Аққудың күйі»
B) «Тұлпар»
C) «Ер Төстік»
D) «Түлкі, аю, қойшы»
E) «Керқұла атты Кендебай»
|
7. Мақалдардың ең негізгі ерекшелігі неде екенін анықтаңыз.
A) Ықшамдылығында.
B) Өткірлігінде.
C) Дәлелділігінде.
D) Аз сөзбен көп мағына беруінде.
E) Ырғақтығында.
|
8. С.Бегалиннің Ш.Уәлихановқа арналған туындысының атын табыңыз.
A) «Бала Шоқан».
B) «Қашқарға саяхат».
C) «Ариадна жібі».
D) «Аққан жұлдыз».
E) «Ш.Уәлиханов».
|
9. Абайдың баласы Әбдірахманға арнаған өлеңдері қандай туынды екенін белгілеңіз.
A) Мадақтау өлең.
B) Әзіл өлең.
C) Жоқтау өлең.
D) Арнау өлең.
E) Эпиграмма.
|
10. «Сөз бен сөйлем», «Сөз бен буындар» бөлімдері А.Байтұрсыновтың қай еңбегіне тән екендігін анықтаңыз.
A) «Әдебиет танытқыш».
B) «Ер Сайын».
C) «Тіл құралы».
D) «Сынау».
E) «23 жоқтау».
|
11. Абайдың ең жақын досын табыңыз. (М.Әуезовтің «Абай жолы» романы)
A) Жиренше.
B) Байдалы.
C) Сүйіндік.
D) Құлыншақ.
E) Ербол.
|
12. Ғ. Мүсірепов жұмысшы факультетіне (рабфакқа) оқуға қай қалада түскенін белгілеңіз.
A) Ақтөбе.
B) Орынбор.
C) Қызылжар.
D) Алматы.
E) Семей.
|
13. Пейзаж терминінің мағынасын анықтаңыз.
A) Адамның сыртқы түрін сипаттау.
B) Бір адамның портретін беру.
C) Оқиға болған жерді көрсету.
D) Оқиғаны баяндау.
E) Табиғатты суреттеу.
|
14. Қарақалпақ жерінде туған қазақ ақынын табыңыз.
A) Қ.Мырзалиев.
B) А.Бақтыгереева.
C) М.Шаханов.
D) Т.Айбергенов.
E) Т.Молдағалиев.
|
15. Біржан салдың өлеңін табыңыз.
A) “Жанбота”.
B) “Ақ сиса”.
C) “Қорлан”.
D) “Балқадиша”.
E) “Майра”.
|
16. Асан қайғы әкесінің кәсібі не болғанын белгілеңіз.
A) Педагог.
B) Әнші.
C) Ақын.
D) Саятшы.
E) Малшы.
|
17. Жыраулар толғауында көп кездесетін өлең үлгісін анықтаңыз.
A) Эпиграмма, арнау жырлары.
B) Қара өлең.
C) Бейне өлең.
D) Баллада.
E) Ән өлең.
|
18. Алмажанның дастанын табыңыз.
A) “Арнау өлеңдері”
B) “Жетім қыз”
C) “Еспембет”
D) “Бірінші тілек тілеңіз”
E) “Баймағамбет сұлтанға айтқаны”
|
19. Шортанбай Қанайұлы өмірінің соңғы кезінде қай бидің қолында болғандығын анықтаңыз.
A) Төле би.
B) Жанғұтты би.
C) Қазыбек би.
D) Әйтеке би.
E) Майқы би.
|
20. «Ұзын бойлы, мес қарын, түксиген қалың қабақты, жалпақ мұрын, қарсы келген адам қаймыққандай, елге зәбірлі, көршілерге мазақ, қатты мінезді адам»- деген сипаттама «Қалың малдағы» (С.Көбеев) қай кейіпкерге лайық екенін көрсетіңіз.
A) Тұрлығұл.
B) Амантай.
C) Байғазы.
D) Итбай.
E) Құрымбай.
|
21. «Кім жазықты» романының авторын табыңыз.
A) Ж.Аймауытов.
B) Т.Жомартбаев.
C) С.Торайғыров.
D) С.Көбеев.
E) М.Сералин.
|
22. Ж.Жабаевтың шығармасын табыңыз.
A) ²Өмір мектебі².
B) ²Менің қысқаша өмірбаяным².
C) ²Өсиет².
D) ²Өмір, қымбатсың маған².
E) ²Менің мектебім².
|
23. Диалог дегеніміздің не екенін табыңыз.
A) Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлесуі.
B) Кейіпкердің мінезін, дүниеге көзқарасын суреттеу.
C) Әдеби шығарманың оқиғасын желілі түрде көркемдеп әңгімелеу.
D) Сөздерді қарама-қарсы мағынада, кекесін мағынасында қолдану.
E) Табиғат көркін суреттеу.
|
24. Дағыстан халқының ақынын табыңыз.
A) Ғ.Ибрагимов.
B) С.Құдаш.
C) М.Жәлел.
D) Р.Ғамзатов.
E) Н.Фазылов.
|
25. ’’Құтты білік’’ дастанында ақыл-парасат бейнесінде кім жырланғанын белгілеңіз.
A) Күнтолды.
B) Ұғділміш.
C) Огдүрміш.
D) Айтолды.
E) Айтуды.
|
26. ’’Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр’’ қай кітаптағы әңгіме екенін табыңыз.
A) ’’Қорқыт ата’’ кітабы.
B) ’’Жамиғат тауарих’’.
C) ’’Хисса-сұл-әнбия’’.
D) ’’Мұхаббат- наме’’.
E) ’’Диуани лұғат ат-түрік’’.
|
27. Аңыз жырларда Асан қайғымен және оның баласы Абатпен пікірлес болған жырау кім екенін анықтаңыз.
A) Шерқұтты.
B) Қазтуған.
C) Доспамбет.
D) Үмбетей.
E) Шалкиіз.
|
28. «Сөз – жібек жіп, жыр – кесте…» деген тармақ кімдікі екендігін табыңыз.
A) Бұқар.
B) Асан қайғы.
C) Шернияз.
D) Шортанбай.
E) Дулат.
|
29. Баубек Бұлқышевтың «Өмір сүргім келеді» деген әңгіме-хатты жазғанда неше жаста екенін табыңыз.
A) Жиырма екіде.
B) Жиырма үште.
C) Жиырмада.
D) Он тоғызда.
E) Жиырма бірде.
|
30. «Қырағының өзі де,көзі де батыр» деген нақыл сөзді айтқан адамды көрсетіңіз.
A) Ғ.Орманов.
B) Ә.Тәжібаев.
C) М.Хакімжанова.
D) Б.Бұлқышев.
E) Б.Момышұлы.
|
|
8 нұсқа
1. Мақалдағы көркемдік әдісті табыңыз
Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді.
A) Метонимия.
B) Шендестіру.
C) Метафора.
D) Теңеу.
E) Эпитет.
|
2. Махамбет Өтемісұлының туған жерін табыңыз.
A) Батыс Қазақстан облысы
B) Атырау облысы
C) Алматы облысы
D) Қызылорда облысы
E) Ақмола облысы
|
3. Ы.Алтынсарин өлеңін табыңыз.
A) «Өлең – сөздің патшасы»
B) «Әке мен бала»
C) «Ғылым таппай мақтанба»
D) «Қыпшақ Сейітқұл»
E) «Өнер – білім бар жұрттар»
|
4. Абайдың ән құдіретін жырлаған өлеңін көрсетіңіз.
A) «Бойы бұлғаң».
B) «Өлсем, орным қара жер».
C) «Ғылым таппай мақтанба».
D) «Құлақтан кіріп бойды алар».
E) «Кейде есер көңіл құрғырың».
|
5. «Қырық мысал», «Маса» жинақтарының авторын белгілеңіз.
A) М.Дулатов.
B) Ж.Аймауытов.
C) Ш.Құдайбердіұлы.
D) М.Жұмабаев.
E) А.Байтұрсынұлы.
|
6. ’’Оғыз Қаған’’жырындағы Оғыздың ақылшысы кім екенін белгілеңіз.
A) Тоныкөк.
B) Ұлық Түрік.
C) Күлтегін.
D) Білге.
E) Қорқыт.
|
7. «Ер Төстік» ертегісіндегі Кенжекейді жар басындағы лашыққа шақырған қызды табыңыз.
A) Күнікей қыз.
B) Ай астындағы Айсұлу.
C) Перінің қызы Бекторы.
D) Бозінген жетектеген қыз.
E) Сиқырлы сұлу.
|
8. «Біржан мен Сара» айтысы айтыстың қай түріне жататындығын анықтаңыз.
A) Жұмбақ айтысы.
B) Жар-жар айтысы.
C) Ақындар айтысы.
D) Жануарлар мен адам айтысы.
E) Бәдік айтысы.
|
9. ХVІІ ғасырда өмір сүрген жырауды табыңыз.
A) Жиембет.
B) Доспамбет.
C) Шалкиіз.
D) Махамбет.
E) Асан қайғы.
|
10. Дулат Бабатайұлының өлеңін табыңыз.
A) «Өлеңнің аққан көзі едім»
B) «Әр нәрсенің парқы бар»
C) «Ақжайлау мен Сандықтас»
D) «Жас дәурен»
E) «Адамдық іс»
|
11. С.Сейфуллиннің туған жерін анықтаңыз.
A) Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысы.
B) Ақмола облысы, Ақмола уезі, Нілді болысының 1-аулы.
C) Павлодар облыс, Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабы.
D) Жамбыл ауданы, Жаңажол аулы.
E) Қапал уезі, Ақсу болысы.
|
12. "Қодар-Қарабайдың қара шоқпары, қараңғы күші есебіндегі сұмырай серігі". Кімнің пікірі екенін белгілеңіз.
A) М.Мағауин.
B) М.Әуезов.
C) Б.Соқпақбаев.
D) Б.Майлин.
E) Ә.Әбішев.
|
13. Ш.Айтматовтың «Ерте қайтқан тырналар» хикаятында: «Тырнаның ерте қайтқаны жақсы ырым, биыл егін бітік шығады екен!» деген жолдарды кімнің айтқанын табыңыз.
A) Анатай.
B) Төреаға.
C) Еркінбек.
D) Сұлтанмұрат.
E) Ергеш.
|
14. М.Шахановтың «Арман» өлеңінде бала Әбу өзінің мақсатын дана қарияға қалай түсіндіргенін белгілеңіз.
A) Саудагер болу.
B) Ғылым мен өнердің шамын жағу.
C) Саяхатшы болу.
D) Саудагер болу үшін мол білім игеру.
E) Саудагер болу үшін көп елдің тілін білу.
|
15. Хандардың опасыздығын баса көрсететін жырды белгілеңіз.
A) "Алпамыс".
B) "Айман-Шолпан".
C) "Қамбар батыр".
D) "Қобыланды батыр".
E) "Ер Тарғын".
|
16. Мына үзінділер қай өлеңнен алынғанын табыңыз.
’’Арғымақтың баласы
Арыған сайын тың жортар
Арқа мен қосым қалар деп...’’
A) ’’Мадақ’’.
B) ’’Белгілі биік көк сеңгір’’.
C) ’’Алаң да алаң...’’
D) ’’Салп-салпыншақ анау үш өзен’’.
E) ’’Еділ’’.
|
17. ’’Ар жақта Арғынғазы дүмбірлеген,
Байеке, елің бар ма бүлдірмеген’’, - деп Баймағамбет төренің озбырлығын бетке айтатын ақынды анықтаңыз.
A) Жанкісі.
B) Мұрат.
C) Шернияз.
D) Шортанбай.
E) Махамбет.
|
18. М.Жұмабаевтың оқиғасы мысықтар мен тышқандар арасындағы жанжал соғысты көрсетуге арналған шығармасын белгілеңіз.
A) «Қойлыбайдың қобызы».
B) «Тоқсанның тобы».
C) «Ертегі».
D) «Бала мен құс».
E) «Орман патшасы».
|
19. Қазақ поэмасына психологиялық талдау нақтылығын әкелген, оқиғалар тізбегіне баяндауды суреттеумен үйлестіруді жүзеге асырған І.Жансүгіровтің шығармасының атын табыңыз.
A) ’’Көкшетау’’
B) ’’Егінші’’.
C) ’’Тоғысу’’.
D) ’’Қырманда’’.
E) ’’Күйші’’.
|
20. Жамбыл Украинаның қай ақынына өлең арнағандығын табыңыз.
A) Т.Шевченко.
B) П.Тычина.
C) О.Туманян.
D) Сковородова.
E) Ш.Айтматов.
|
21. С.Мұқановтың поэмасын табыңыз.
A) ’’Сұлушаш’’.
B) ’’Мөлдір махаббат’’.
C) ’’Ботакөз’’.
D) ’’Теміртас’’.
E) ’’Сырдария’’.
|
22. ’’Қыз Жібек’’, ’’Қозы Көрпеш - Баян сұлу’’, ’’Болашаққа аманат’’ пьесаларының авторы кім, дұрысын табыңыз.
A) Ә.Тәжібаев.
B) Б.Майлин.
C) М.Әуезов.
D) Ғ.Мүсірепов.
E) Ж.Аймауытов.
|
23. Қазақ прозасының профессионалдық биік деңгейге көтерілген кезін көрсетіңіз.
A) XVІІІ ғ.екінші жартысы.
B) XІX ғ.бірінші жартысы.
C) Әлі әлемдік деңгейге жеткен жоқ.
D) XX ғ.
E) XІX ғ.екінші жартысы.
|
24. Шығарманың тақырыбы деген ұғымға сәйкес келетін жауапты көрсетіңіз.
A) Қаламгердің өмір құбылысына берген бағасы.
B) Оқиғалардың мазмұндық байланысы.
C) Жазушының үндейтін белгілі бір пікірі, айтқысы келетін
ойы.
D) Жазушының көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір
құбылыстарының түйіні.
E) Оқиға өтетін орынмен таныстыру.
|
25. Сайф Сараидың «Гүлстан бит-туркі» неше тараудан тұратынын белгілеңіз.
A) Жиырма.
B) Он екі.
C) Он.
D) Алты.
E) Сегіз.
|
26. Қазақ хандығы құрылмай тұрғанда Асан қайғы қайда болғанын анықтаңыз.
A) Қазан хандығы.
B) Қыпшақ хандығы.
C) Ақ Орда.
D) Алтын Орда.
E) Орыс хандығы.
|
27. "Зар заман" өкілдері кімдер екенін анықтаңыз.
A) Ыбырай, Абай, Шоқан.
B) Қалижан, Ғафу, Мұқағали.
C) Сұлтанмахмұт, Міржақып, Мағжан.
D) Сәкен, Ілияс, Бейімбет.
E) Шортанбай, Дулат, Мұрат.
|
28. Ыстықкөл сапарына, Құлжаға бірге барған Шоқанның досын табыңыз.
A) Семенов-Тян-Шанский.
B) Дуров.
C) Гонсевский.
D) Костылецкий.
E) Достоевский.
|
29. «Адамнан адам озар немен артып,
Бұл сөзді ақылға сал, кірге тартып …» - деген тармақтардың авторын табыңыз.
A) Ш.Бөкеев.
B) А.Құнанбаев.
C) Ш.Құдайбердиев.
D) Ғ.Қараш.
E) А.Қорамсаұлы.
|
30. «Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады» деген нақыл сөздің иесін табыңыз.
A) Б.Момышұлы.
B) Ш.Мұртаза.
C) Д.Исабеков.
D) О.Сүлейменов.
E) Б.Бұлқышев.
|
|
9 нұсқа
1. «Өтемістен туған он едік,
Онымыз атқа мінгенде,
Жер қайысқан қол едік...» ,- деген үзінді Махамбеттің қай өлеңінен алынған, белгілеңіз.
A) «Әй, Махамбат жолдасым»
B) «Ереуіл атқа ер салмай»
C) «Қызғыш құс»
D) «Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны»
E) «Беркініп садақ асынбай»
|
2. «Сот реформасы туралы жазбалар», «Жоңғария очерктері» еңбектерінің авторын көрсетіңіз.
A) Ш.Уәлиханов.
B) Ә.Бөкейханов.
C) Ы.Алтынсарин.
D) М.Дулатов.
E) А.Байтұрсынов.
|
3. Баянның бауырының есімін белгілеңіз.
A) Жәнібек.
B) Қабанбай.
C) Бөгенбай.
D) Ноян.
E) Абылай.
|
4. С. Мұқановтың қазақ ауылы кедейлерінің типтік бейнесін танытқан өлеңін табыңыз.
A) «Балқаш».
B) «Сүт заводы».
C) «Кедей баласы».
D) «Майға сәлем!».
E) «Шоқпыттың шаруасы».
|
5. Ғ. Мүсіреповтің ана тақырыбына жазған әңгімесін табыңыз.
A) «Оянған өлке».
B) «¦лпан».
C) «Тулаған толқында».
D) «Қазақ солдаты».
E) «Ақлима».
|
6. Алпамыс еліне қайтқанда жылқыны бағып жүрген кім екенін белгілеңіз.
A) Байбөрі.
B) Құлтай.
C) Жәдігер.
D) Алпамыс.
E) Тортай.
|
7. Дулат Бабатайұлының өлеңін табыңыз.
A) «Жетісу суреттері»
B) «Өлсе, өлер табиғат адам өлмес»
C) «О, Ақтан жас, Ақтан жас...»
D) «Кәмшат қыз»
E) «Сөз жазып, өлең өлшемек»
|
8. Абайдың өлеңін көрсетіңіз.
A) ’’Жазғытұры’’.
B) ’’Өзен’’.
C) ’’Әкеме’’.
D) ’’Өнер-білім бар жұрттар’’.
E) ’’Арғымаққа оқ тиді’’.
|
9. Ш.Құдайбердиевтің поэмасын көрсетіңіз.
A) “Батыр Баян”.
B) “Адасқан өмір”.
C) “Масғұт”.
D) “Медғат-Қасым”.
E) “Қалқаман-Мамыр”.
|
10. «23 жоқтау», «Тіл жұмсар», «Оқу құрал» еңбектерінің авторын табыңыз.
A) Ш.Құдайбердіұлы.
B) А.Байтұрсынұлы.
C) М.Жұмабайұлы.
D) Ж.Аймауытов.
E) М.Дулатов.
|
11. С.Сейфуллиннің Қазан қаласындағы «Матбуғат Кәримия» баспасында басылған жинағын табыңыз.
A) «Экспресс».
B) «Өткен күндер».
C) «Қызыл ат».
D) «Асау тұлпар».
E) «Домбыра».
|
12. «Аллитерация» терминінің қай тілден алынғандығын табыңыз.
A) Ағылшын.
B) Латын.
C) Француз.
D) Түркі.
E) Грек.
|
13. Рубаилары әлем поэзиясының өшпес жұлдыздарының бірінен саналатын ақынды табыңыз.
A) Низами.
B) О.Хайям.
C) Фирдоуси.
D) Рудаки.
E) Айбек.
|
14. Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас шалдың шекарадан өтіп, атамекендегі ескі қыстауға кіргенде не істегенін табыңыз.
A) Алаңсыз ұйқыға кетті.
B) Шекпенін төсеп, үстіне жантая кетті.
C) Бойтұмарын алып, сөгіп, ішіндегі бір уыс топырақты төкті.
D) Су ішіп есін жинады.
E) Өткен өмірін ойлай бастады.
|
15. Аяз би қандай бейне екендігін анықтаңыз.
A) Қиялдан туған.
B) Сиқырлы бейне.
C) Шыншыл бейне.
D) Типтік бейне.
E) Аңыздан туған.
|
16. Алдар Көсенің шайтанды алдауы деген аңыздағы шайтандардың атын көрсетіңіз.
A) Әңкір, Мүңкір.
B) Зор-теке, Сор-теке.
C) Шойынқұлақ, Көкеман.
D) Құлан, Түлен.
E) Мүкен, Түкен.
|
17. Арыстан, Әлібек деген кейіпкерлер қай жырда кездесетіндігін анықтаңыз.
A) “Қамбар батыр”.
B) “Қыз Жібек”.
C) “Ер Тарғын”.
D) “Айман-Шолпан”.
E) “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”.
|
18. Үмбетей қай жерде қайтыс болғанын анықтаңыз.
A) Белгісіз.
B) Еділ бойында.
C) Көкше өңірінде.
D) Ерейментау ауданында.
E) Жайық бойында.
|
19. Сағынам, ауызға алсам Исатайды,
Ер тумас ел жағынан ондай жайлы, - деп жырлаған ақынды атаңыз.
A) Шернияз.
B) Махамбет.
C) Шалкиіз.
D) Байтоқ.
E) Жанұзақ.
|
20. Ы.Алтынсариннің жастарға бата ретінде жазған шығармасын белгілеңіз.
A) «Қыпшақ Сейітқұл»
B) «Өнер-білім бар жұрттар»
C) «Таза бұлақ»
D) «Асыл шөп»
E) «Кел, балалар, оқылық!»
|
21. «Күйші» поэмасындағы кейіпкерді табыңыз.
A) Жамал.
B) Айша.
C) Қарашаш.
D) Лағыл.
E) Сұлушаш.
|
22. Жамбылдың ’’Ленинградтық өренім’’ деп аталатын, соғыс кезіндегі шығармаларының сипатын көрсететін өлеңі қай жылы жазылды?
A) 1945 ж.
B) 1942 ж.
C) 1941 ж.
D) 1943 ж.
E) 1947 ж.
|
23. М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін жазуға себеп болған оқиғаны көрсетіңіз.
A) Жазушы қиялынан туған.
B) Жұбайы Валентина Әуезова сатып әкелген күнтізбе әсер еткен.
C) Өз басынан өткен.
D) Қысқы ауыл суреті әсер еткен.
E) Естіген хикаясы себеп болған.
|
24. Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де, етім көр! Бейнелеу тәсілінің қай түріне жататынын анықтаңыз.
A) Антитеза.
B) Ирония.
C) Метонимия.
D) Метафора.
E) Кейіптеу.
|
25. VІ-VІІ ғасырдағы туындыны табыңыз.
A) «Қисса-сул әнбия».
B) «Мұхаббат-наме».
C) «Күлтегін», «Тоныкөк».
D) «Қорқыт ата» кітабы.
E) «Жамиғат тауарих».
|
26. Кім айтқанын белгілеңіз.
’’Көп сөйлеме - азбен келтір иінін.
Бір сөзбен шеш, түмен сөздің түйінін’’.
A) Ахмет Яссауи.
B) А.Иүгінеки.
C) М.Қашғари.
D) Әбу Нәсір Әл-Фараби.
E) Ж.Баласағұн.
|
27. Асан қайғы 120 жасқа келгенде ел бастауды 2 батырға жүктейді; олар кімдер екенін анықтаңыз (аңыз).
A) Абат, Қазтуған.
B) Доспамбет, Үмбетей.
C) Шерқұтты.
D) Бөкей хан, Жәңгір.
E) Ақтамберді, Жиембет.
|
28. Ғадыл төре ел бастар,
Батыр жігіт жау бастар,
Аға жігіт қол бастар,
Шешен адам сөз бастар, - деген өлең шумағы кімдікі екендігін табыңыз.
A) Шалкиіздікі.
B) Махамбеттікі.
C) Шернияздікі.
D) Ақтамбердінікі.
E) Төле бидікі.
|
29. Самаурын мен шайдың өзін қазақтың дәстүрлі салтын бұзатын жағымсыз құбылыс көрген ақындарды табыңыз.
A) Абай дәстүрін жалғастырушылар.
B) Романтик ақындар.
C) Ондайлар болған емес.
D) Демократтық бағыттағы ақындар.
E) Зар заман ақындары.
|
30. Қ.Мұхамеджанов қандай жазушымен бірігіп пьеса жазғанын табыңыз.
A) М.Әуезов.
B) О.Сүлейменов.
C) Ғ.Мүсірепов.
D) Ш.Айтматов.
E) Ә.Әбішев.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|