4 нұсқа
1. Махамбет Өтемісұлының туған жылын белгілеңіз.
A) 1835 ж.
B) 1804 ж.
C) 1865 ж.
D) 1904 ж.
E) 1846 ж.
|
2. Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» енген ауыз әдебиеті ‰лгісіндегі ањыз-әњгімесін белгілеңіз.
A) «Қыпшақ Сейітқ±л».
B) «Л±қпан хакім».
C) «Әке мен бала».
D) «Бақша аѓаштары».
E) «¤рмекші, қ±мырсқа, қарлыѓаш».
|
3. Абай өмір сүрген ғасырды белгілеңіз.
A) ХХ ғ.
B) XVIII-XIX ғ.
C) XIX ғ. аяғы мен ХХ ғ.басы.
D) XV-XVII ғ.
E) XVI-XVII ғ.
|
4. Қазақ тілі емлесінің реформаторы, грамматиканың, әдебиет теориясының негізін салушы кім екенін белгілеңіз.
A) І.Жансүгіров.
B) С.Сейфуллин.
C) А.Байтұрсынұлы.
D) Б.Майлин.
E) М.Жұмабаев.
|
5. «Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарқабақтау, кірпі шаш, қарыс маңдай, қара сұр жігітпін. Жасым - отыз бесте»
Кімнің портреті екенін көрсетіңіз.
A) Балташ.
B) Мамырбай.
C) Бекболат.
D) Ескендір.
E) Мұқаш.
|
6. Қожа Ахмет Яссауидің кітабы қалай аталатынын анықтаңыз.
A) ’’Кодекс-Куманикус’’.
B) ’’Мұхаббат-наме’’.
C) ’’Оғыз-нама’’.
D) ’’Диуани хикмет’’.
E) ’’Құдатғу біліг’’.
|
7. ’’Аяз би’’ ертегісінің кейіпкерін табыңыз.
A) Жаман.
B) Ерназар.
C) Кендебай.
D) Шойынқұлақ.
E) Бапы.
|
8. «Ақ жүрген азбас» мақаланың тақырыбын белгілеңіз.
A) Отан, туған жер, халық туралы
B) Үнемшілдік жайында
C) Адамгершілік, жақсы- жаман мінез туралы
D) Төрт түлік мал, кәсіп, егіншілік туралы
E) Оқу, білім, өнер туралы
|
9. Шәкәрімнің музыка зерттеушісі А.В.Затаевич нотаға түсіріп алған әнін табыңыз.
A) «Ақындарға».
B) «Дүние мен өмір».
C) «Бостандық туы жарқырап».
D) «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек».
E) «Жастарға».
|
10. Ақан серінің өлеңін көрсетіңіз.
A) «Ақ сиса».
B) «Сырымбет».
C) «Жанбота».
D) «Тау ішінде».
E) «Қорлан».
|
11. Міржақып Дулатов Түркістан республикасының «Ақ жол» газетіне қай жылдары қызметте болғанын белгілеңіз.
A) 1930 ж.
B) 1926 ж.
C) 1925 ж.
D) 1927 ж.
E) 1920 ж.
|
12. Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен,
Есенинмін демедім ешкімге мен.
Қазақтың қара өлеңі – құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген, - деген үзінді Мұқағалидың қай өлеңінен екенін белгілеңіз.
A) «Фантазия».
B) «Мен таулықпын».
C) «Анау – аспан, мынау – бақ».
D) «Поэзия».
E) «Қара өлең».
|
13. Аяқталған біртұтас ойды білдіретін өлең өлшемінің атауын белгілеңіз.
A) Бунақ.
B) Ұйқас.
C) Тармақ.
D) Шумақ.
E) Буын.
|
14. «Шыңырау» повесіндегі бас кейіпкерді табыңыз.
A) Ермек.
B) Еңсеп.
C) Ахмет.
D) Омар.
E) Байсал.
|
15. Алдар көсе аңызында: - Естіген өтірік, көрген шындық,- деп айтатын кейіпкерді табыңыз.
A) Кемпір.
B) Алдар.
C) Хан.
D) Бай.
E) Бізбикеш.
|
16. Қазақтың көшпелі өмірі, әдет-ғұрпы, мінез-құлқы, киім киісі, жүріс-тұрысы, қыздарының бірінен-бірі асқан сұлулығы суреттелетін лиро-эпос жырын көрсетіңіз.
A) «Күлше қыз».
B) «Мақпал мен Сегіз».
C) «Айман-Шолпан».
D) «Қыз Жібек».
E) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу».
|
17. "Сен алтынсың, мен пұлмын, Сен жібексің, мен жүнмін" деген өлең жолдарын Шалкиіз жырау кімге арнап айтқанын белгілеңіз.
A) Мұса биге.
B) Батырға.
C) Жолдасына.
D) Ханға.
E) Би Темірге.
|
18. Бұқар жыраудың шығармасын табыңыз.
A) “Күмбір, күмбір кісінетіп”
B) “Мұнар күн”
C) “Қамыстың басы майда, түбі сайда”
D) “Асқар, асқар, асқар тау”
E) “Жиырма деген жасыңыз”
|
19. «Егер Ғайшажанды айттыра келген болса, он құлынды бие сұрасам ба екен, болмаса таза мың теңге ақша сұрасам ба екен » деген үзінді қай шығармадан алынғандығын табыңыз.
A) «Қалың мал».
B) «Кім жазықты».
C) «Қамар сұлу».
D) «Көкшетау».
E) «Дала».
|
20. С.Мұқановтың «Балуан Шолақ» туындысында Нұрмағанбетке Балуан Шолақ деген атауды кім қойғанын табыңыз.
A) Халық.
B) Баймырза.
C) Туыстары.
D) Қараөткелдегі келіншек.
E) Түйе балуан.
|
21. Гогольдің ’’Ревизор’’, Шекспирдің ’’Отелло’’, ’’Асауға тұсау’’ пьесаларын аударған жазушыны белгілеңіз.
A) Ә.Кекілбаев.
B) Ғ.Мүсірепов.
C) Ж.Аймауытов.
D) Ә.Әбішев.
E) М.Әуезов.
|
22. Ғ. Мүсіреповтің колхоз өмірінің бұралаң-бұлтарысын бүкпей, ашып айтқан шығармасының бірін белгілеңіз.
A) ’’Алғашқы адымдар’’.
B) ’’Қазақ солдаты’’.
C) ’’Жат қолында’’.
D) ’’Ақан сері- Ақтоқты’’.
E) ’’Қос Шалқар’’.
|
23. Монолог дегеніміздің не екенін анықтаңыз.
A) Қалыпты жағдайдан әсірелеп суреттеу.
B) Табиғат көркін суреттеу.
C) Бір адамның ұзақ сөзі.
D) Әдеби шығармадағы оқиға желісі.
E) Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлесуі.
|
24. Ш.Айтматовтың «Кездесу» әңгімесінде ұрыларды іздеу кезінде балаға кімнің кездескенін табыңыз.
A) Ана.
B) Бейтаныс шал.
C) Жолаушы.
D) Керуенші.
E) Досы.
|
25. Ежелгі түркі жеріндегі әйел тәңірі кім болғанын жазыңыз.
A) Ұмай ана.
B) Домалақ ана.
C) Айша-бибі.
D) Елбілге.
E) Томирис.
|
26. ’’Бұл заманда не ғаріп?’’ өлеңі алғаш қайда жарияланғанын белгілеңіз.
A) ’’Алдаспан’’.
B) ’’Қазақ әдебиеті’’.
C) Газетте.
D) ’’Әдебиет тарихы’’.
E) ’’Шайыр’’ жинағы.
|
27. Шернияз:
Ар жақта Арынғазы дүмбірлеген,
Байеке, елің бар ма бүлдірмеген? – деп кімге айтқандығын анықтаңыз.
A) Қарауылқожаға.
B) Жәңгірге.
C) Жәнібекке.
D) Баймағамбетке.
E) Арынғазыға.
|
28. Дулат ақынның дүниеге келген жылын көрсетіңіз.
A) 1728 ж.
B) 1683 ж.
C) 1802 ж.
D) 1847 ж.
E) 1810 ж.
|
29. «Киім кисе, жеңі жоқ,
Етегі бар да, белі жоқ...
Ел биледі бір сымпыс
Екі бұты таралған»
Кімнің өлеңінен алынған үзінді екенін белгілеңіз.
A) Міржақып Дулатов.
B) Мұрат Мөңкеұлы.
C) Әбубәкір Шоқанұлы.
D) Абай Құнанбаев.
E) Шортанбай Қанайұлы.
|
30. Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесінде Байтас шалдың шекарадан жалғыз өту себебін белгілеңіз.
A) Балаларын ұстап алып, түрмеге қамап тастаған.
B) Балалары туған жерге кетіп қалған.
C) Балалары болған, бірақ қайтыс боп кеткен.
D) Балалары жоқ адам.
E) Балалары туған жерге қайтқысы келмеген.
|
|
5 нұсқа
1. Махамбет Өтемісұлының ағасы, Жәңгір ханның 12 биінің бірін табыңыз.
A) Қарауылқожа.
B) Исатай.
C) Жәңгір.
D) Бекмағамбет.
E) Баймағамбет.
|
2. Абайдың Семей кітапханасында танысқан орыс досының атын белгілеңіз.
A) Михаэлис.
B) Некрасов.
C) Герцен.
D) Байрон.
E) Гете.
|
3. А.Байтұрсынұлының ынтымаққа, бірлікке шақыратын мысал өлеңін көрсетіңіз.
A) «Пайғамбар».
B) «Аққу, шортан һәм шаян».
C) «Жетісу суреттері».
D) «Жұртыма».
E) «Сағындым».
|
4. Ақбілектің ең жақын жеңгесінің есімін белгілеңіз.
A) Бозінген.
B) Күмісай.
C) Өрік.
D) Ұрқия.
E) Кәмила.
|
5. М. Мақатаевтың өмір сүрген жылдарын табыңыз.
A) 1931 – 1976 ж.ж.
B) 1845 – 1904 ж.ж.
C) 1835 – 1865 ж.ж.
D) 1804 – 1846 ж.ж.
E) 1894 – 1938 ж.ж.
|
6. Қазақ ауыз әдебиетіндегі жаңа әйел, саналы қыз образын белгілеңіз.
A) Сұлушаш
B) Шолпан
C) Қамар сұлу
D) Баян сұлу
E) Айман
|
7. Асанның:
’’Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те, қоя бер,’’- деген өлеңінде не туралы айтылғанын анықтаңыз.
A) Қамқорлық.
B) Достық.
C) Кешірімділік.
D) Дәстүр, салт мәселесі.
E) Жер мәселесі.
|
8. Ы.Алтынсарин құрастырған «Қазақ хрестоматиясының» алғашқы беті қандай өлеңмен ашылғанын табыңыз.
A) «Кел, балалар, оқылық!»
B) «Өзен»
C) «Өнер-білім бар жұрттар»
D) «Интернатта оқып жүр»
E) «Шәкірт ойы»
|
9. Шәкәрім шығармасын табыңыз.
A) "Қалқаман-Мамыр".
B) "Батыр Баян".
C) "Абай жолы".
D) "Оянған өлке".
E) "Ақбілек".
|
10. ’’Қалың мал’’ романында: ’’Байдың қатыны өлсе,- төсегі жаңғырар, кедейдің қатыны өлсе,- басы қаңғырар’’ дегендей, басы қаңғырады дейтін жарлы емессің, мал берсең, қызын біреу өзі-ақ әкеп тастар,’’- деп жұбату айтушы кім екенін белгілеңіз.
A) Ауыл ақсақалдары.
B) Итбай.
C) Серғазы.
D) Амантай.
E) Қарағұл.
|
11. С.Сейфуллиннің «Жұбату» әңгімесінің тақырыбын анықтаңыз.
A) Табиғат.
B) Жер,ел.
C) Әйел азаттығы.
D) Өнер.
E) Білім.
|
12. Парижде болғанда дағыстандық суретшіні көргенін, қартайған суретшінің суреттерінде туған елге деген сағыныш тұнып тұрғанын әсерлі жазған қаламгерді табыңыз.
A) Ш.Айтматов.
B) Р.Ғамзатов.
C) Ғ.Гулям.
D) Ғ.Мүсірепов.
E) М.Әуезов.
|
13. «Қызыл жебе», «Жетім қыз» шығармаларының авторын табыңыз.
A) І.Есенберлин.
B) О.Бөкей.
C) Ә.Нүрпейісов.
D) М.Шаханов.
E) Ш.Мұртаза.
|
14. Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» туындысында жалғыз шалдың неге шегара бұзып, тау асып келе жатқанын табыңыз.
A) Түрмеден қашып келеді.
B) Адасып келеді.
C) Жаулардан қашып келеді.
D) Туған жеріне келеді.
E) Мал ұрлау үшін келеді.
|
15. ’’Жамиғат-тауарих’’ кімнің еңбегі екенін табыңыз.
A) Әбілғазы Бахадүр.
B) З.М.Бабыр.
C) Қадырғали Жалайри.
D) М.Х.Дулати.
E) Мұхаммед Салих.
|
16. Өзі іздеген сұлу қызды құмырсқаның көмегімен тапқан кейіпкері бар ертегіні табыңыз.
A) «Ер Төстік».
B) «Аяз би».
C) «Алтын сақа».
D) «Құмырсқалар, аралар-қиыспас дос құдалар».
E) «Күн астындағы Күнікей қыз».
|
17. Жәнібектің:
- Інісі өлген қандай екен? - деген сұрағына Жиреншенің қайтарған жауабын белгілеңіз.
A) Оң қанатың қайырылғаны.
B) Асқар тауың құлағаны.
C) Ағар бұлағың суалғаны.
D) Бауыр еті күйгені.
E) Сол қанатың қайырылғаны.
|
18. Асан қайғының елді аралауына не себеп болғанын белгілеңіз.
A) Өлеңдерін тарату.
B) Шұрайлы жер іздеу.
C) Игі жақсыларды жинау.
D) Өзінің кәсібі.
E) Саяхат жасау.
|
19. ’’Шағырмақ бұлт жай тастар’’ қай жыраудың шығармасы екенін анықтаңыз.
A) Доспамбет.
B) Асан қайғы.
C) Жиембет.
D) Шалкиіз.
E) Қазтуған.
|
20. С.Мұқановтың ’’Ботагөз’’ романының 2-бөлімі қалай аталатындығын табыңыз.
A) ’’Тарауда’’.
B) ’’Жолда’’.
C) ’’Таң атарда’’.
D) ’’Тұңғиықта ’’.
E) ’’Күн күлімдегенде’’.
|
21. Орта Азия мемлекеттік университетіндегі Шығыс факультетінің аспирантурасында оқыған қаламгерді табыңыз.
A) М.Жұмабаев.
B) М.Әуезов.
C) Ғ.Мүсірепов.
D) Ж.Аймауытов.
E) І.Жансүгіров.
|
22. Ғ.Мүсіреповтің 1950-70 жылдары аралығында жазған шығармасын белгілеңіз.
A) «Ақан сері-Ақтоқты».
B) «Алғашқы адымдар».
C) «Ақлима».
D) «Амангелді».
E) «Өмір жорығы».
|
23. Параллелизм деген ұғымның мәнін табыңыз.
A) Басқа біреудің әдеби шығармасын иемдену.
B) Керексіз, орынсыз, басы артық сөз.
C) Қайта айту деген мағынаны білдіреді.
D) Қарама-қарсы ұғымдарды жақындату.
E) Екі нәрсені қатарластыра алып бейнелеу тәсілі.
|
24. Новелланың анықтамасын белгілеңіз.
A) Кейіпкерлері болмайтын, тек суреттеуге құрылатын
әңгіме.
B) Оқиғасы қызу, ширақ дамып, күтпеген жерден кілт, тосын
шешіммен аяқталатын әңгіме.
C) Тек махаббат тақырыбын суреттеген шығарма,
D) Әңгімеге қарағанда көлемді шығарма.
E) Әңгіменің бір түрі, бірақ көлемі өте қысқа.
|
25. ’’Диуани лұғат-ат түрік’’ атты жинақ қай ғасырда жарық көргенін белгілеңіз.
A) XVІ ғ.
B) XX ғ.
C) XVІІІ ғ.
D) XІ ғ.
E) XІV ғ.
|
26. «Өжет адам ...» нені жеңеді, табыңыз
A) Жауды жеңеді
B) Дұшпанын жеңеді
C) Өз-өзін жеңеді
D) Өлімді жеңеді
E) Жаманды жеңеді
|
27. Қас итсің, қасыңа да адам жуымас,
Ел ұстап жұрт билейтін қылығың жоқ,
Хан емес, қас қатынсың мұндар қу бас, - деген үзіндінің авторын табыңыз.
A) Ақтамбердінікі.
B) Шернияздікі.
C) Жиембеттікі.
D) Исатайдікі.
E) Махамбеттікі.
|
28. Дулат Бабатайұлының өлеңін табыңыз.
A) «Ақжайлау мен Сандықтас».
B) «Жаздыгүні шілде болғанда».
C) «Сүйемін».
D) «Тағдыр».
E) «Елім-ай».
|
29. Шортанбай Қанайұлының төмендегі өлең тармақтарында не айтылғанын анықтаңыз:
Бай кедейді көрмейді,
Кедей байға ермейді.
Қызметін бір күн қылмаса,
Майлы сорпа бермейді.
A) Бостандықтың туғандығы.
B) Өнер, оқу, білім.
C) Қазақ аулындағы тап жігінің ашылғандығы.
D) Табиғаттың тамаша көрінісі.
E) Әйелдер теңсіздігі.
|
30. ’’Жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейді,
Жаманнан үлгі болар сөз қалмайды’’. Кімнің сөзі екенін белгілеңіз.
A) Мұсабек.
B) Мағжан.
C) Ақан сері.
D) Жамбыл.
E) Абай.
|
|
6 нұсқа
1. Кісі қайтыс болғанда айтылатын салт өлеңдерін көрсетіңіз.
A) Жар - жар.
B) Жоқтау.
C) Сыңсу.
D) Той бастар.
E) Беташар.
|
2. Махамбет Өтемісұлының жауынгер де абзал досын, көтеріліс басшысын табыңыз.
A) Исатай
B) Жәңгір
C) Шернияз
D) Есет батыр
E) Әбілқайыр
|
3. Абайға жеңгелері қойған атты белгілеңіз.
A) Әбеке.
B) Әбіш
C) Абай.
D) Телғара.
E) Ибраһим.
|
4. Шәкәрім поэмасын табыңыз.
A) «Масғұт».
B) «Медғат-Қасым».
C) «Батыр Баян».
D) «Еңлік-Кебек».
E) «Ескендір».
|
5. Сәбит Мұқановтың туған жерін табыңыз.
A) Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы.
B) Алматы қаласы.
C) Солтүстік Қазақстан облысы, Преснов ауданы.
D) Шығыс Қазақстан облысы.
E) Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы.
|
6. Аяз бидің бұрынғы есімін табыңыз.
A) Уәлі.
B) Мадан.
C) Ұлы.
D) Жаман.
E) Жақсы.
|
7. Дулат Бабатайұлының өмір сүрген жылдарын табыңыз
A) 1857 – 1931 ж.ж.
B) 1846 – 1945 ж.ж.
C) 1802 – 1874 ж.ж.
D) 1803 – 1846 ж.ж.
E) 1818 – 1881 ж.ж.
|
8. 19-ғасырда Орыс жағрафиялық қоғамының толық мүшесі болған қазақты анықтаңыз.
A) Х. Досмұхамедов.
B) М. Тынышбаев.
C) Ы. Алтынсарин.
D) А. Байтұрсынов.
E) Ш. Уәлиханов.
|
9. М. Дулатовтың 1909 жылы Уфа қаласында басылып шыққан кітабын атаңыз.
A) “Есеп құралы”.
B) “Терме”.
C) “Азамат”.
D) “Қирағат”.
E) “Оян, қазақ”.
|
10. М.Әуезовтің жарты ғасырлық оқиғаны қамтитын шығармасын табыңыз.
A) «Қараш-қараш оқиғасы».
B) «Өскен өркен».
C) «Қилы заман».
D) «Түнгі сарын».
E) «Абай жолы».
|
11. Алматы облысының Райымбек ауданында дүниеге келген ақынды табыңыз.
A) М.Мақатаев.
B) Қ.Баянбаев.
C) Т.Айбергенов.
D) Қ.Бұғыбаева.
E) Т.Молдағалиев.
|
12. ²Егемен Қазақстан² газетінің 1920 жылдардағы атын көрсетіңіз.
A) ²Орда².
B) ²Еңбекші қазақ².
C) ²Тіршілік².
D) ²Кедей сөзі².
E) ²Әдебиет майданы².
|
13. «Менің Дағыстаным» кітабының авторын көрсетіңіз.
A) Р.Ғамзатов.
B) С.Айни.
C) Ш.Айтматов.
D) Б.Кербабаев.
E) П.Тычина.
|
14. «Әпке» деп аталатын, Қамажай, Омар, Темірбек, Нәзила, Кама атты кейіпкерлері бар пьесаның авторын табыңыз.
A) Қ.Мұқаметжанов.
B) Р.Мұқанова.
C) Д.Исабеков.
D) Б.Римова.
E) И.Сапарбай.
|
15. Орхон-Енисей өзендері аңғарынан табылған тастағы дастандарды белгілеңіз.
A) «Диуани лұғат ат-түрік».
B) «Күлтегін», «Тоныкөк».
C) «Диуани хикмет».
D) «Құдатғу біліг».
E) «Оғыз-наме».
|
16. Алпамыс батырдың әкесінің атын табыңыз.
A) Тоқтарбай.
B) Байбөрі.
C) Тұяқбай.
D) Қарасай.
E) Сарыбай.
|
17. Айтысқа түсетін ақынның бірден бастырмалатып, қарсыласының апшысын қуыра, сескендіре сөйлейтінінің себебін көрсетіңіз.
A) Қарсыласын жеңіп кетудің амалы.
B) Асқақ ақын екенін дәріптеу жолы.
C) Айтыстың бір шарты.
D) Шабыт шақыру мақсаты.
E) Елдің көңілін аудару амалы.
|
18. Алғаным Әли ағаның қызы еді,
Қас арудың өзі еді.
Маңдайы күнге тимеген,
Желге шашын үрмеген,- деген жолдар қай жыраудың өлеңінен алынғанын анықтаңыз.
A) Доспамбет.
B) Асан қайғы.
C) Шалкиіз.
D) Қазтуған.
E) Бұқар.
|
19. Шернияз Жарылғасұлы өмір сүрген жылдарды көрсетіңіз.
A) 1706-1778 жж.
B) 1670-1730 жж.
C) 1817-1881 жж.
D) 1675-1769 жж.
E) 1465-1560 жж.
|
20. Ы.Алтынсариннің орыс досын көрсетіңіз.
A) Долгополов.
B) Веселовский.
C) Михаэлис.
D) Потанин.
E) Ильминский.
|
21. Ахмет Байтұрсыновтың туған жерін анықтаңыз.
A) Кереку.
B) Семей.
C) Ақмола.
D) Қостанай.
E) Көкшетау.
|
22. С.Торайғыровтың «Кім жазықты» романындағы жаңашыл қыздардың аттарын табыңыз.
A) Зылиха, Рысты.
B) Қамар, Жамал.
C) Жаңыл, Жәмила.
D) Раушан, Күлтай.
E) Аппақай, Күлтай.
|
23. С.Сейфуллиннің «Өткен күндер» атты өлеңдер жинағы қай жылы басылғанын анықтаңыз.
A) 1911ж.
B) 1913ж.
C) 1917ж.
D) 1914ж.
E) 1915ж.
|
24. Ғ.Мүсіреповтің ’’Қазақ солдаты’’ романы 1945 жылы алғаш қандай атпен жарық көрді?
A) ’’Ақлима’’.
B) ’’Қазақ айнасы’’.
C) ’’Ботагөз’’.
D) ’’Жұмбақ жалау’’.
E) ’’Қазақ батыры’’.
|
25. Ежелгі дәуір әдебиеті неше кезеңге бөлінетінін табыңыз.
A) Үш.
B) Бес.
C) Алты.
D) Төрт.
E) Сегіз.
|
26. Бұлт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан,-... деген үзіндіде Қазтуған кім туралы айтып отырғанын белгілеңіз.
A) Шаңқұтты.
B) Би.
C) Өзі.
D) Хан.
E) Ақсүйек.
|
27. Есендікте малыңды бер де батыр жый,
Басыңа қыстау іс түссе.
Дұспанның қолы жете алмас! – деп Шалкиіз жырау қандай мәселені айтқандығын табыңыз.
A) Адамгершілік.
B) Ерлік, батырлық.
C) Сөз өнері.
D) Бірлік-ынтымақ.
E) Табиғат.
|
28. «Зар заман», «Бала зары», «Насихат» шығармаларының авторын табыңыз.
A) Мағауия Абайұлы.
B) Шортанбай Қанайұлы.
C) Әбубәкір Шоқанұлы.
D) Шәкәрім Құдайбердіұлы.
E) Мұрат Мөңкеұлы.
|
29. "Жеті жаста садақ тартты,
Атқан оғы тасты уатты.
Жай оғынан кейін емес,
Темірден де өткізеді,
Күндік жерге жеткізеді."
Осы өлеңде көркемдегіш сөздің қай түрі кездесетінін табыңыз.
A) Теңеу.
B) Метафора.
C) Гипербола.
D) Аллегория.
E) Эпитет.
|
30. «Көшпенділер» трилогиясының бас қаһарманын анықтаңыз.
A) Халық.
B) Әйелдер.
C) Ерлер.
D) Ана.
E) Әке.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |