1-курс студенттеріне арналған Семей 2013 ж


Тақырып: Өлшеу құралдары, өлшеу әдістері. Сызықтық шамаларды өлшеу



жүктеу 2,61 Mb.
бет4/21
Дата25.11.2017
өлшемі2,61 Mb.
#1309
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Тақырып: Өлшеу құралдары, өлшеу әдістері. Сызықтық шамаларды өлшеу.

Негізгі сұрақтар: Эталондар, жұмыс- өлшеу құралдары. Нониуспен жабдықталған құралдар.Сызықтық және дөңгелек нониус. Нониус теориясы.

Тақырып: Өлшеу нәтижелерін өңдеу, эксперимент нәтижелірін өрнектеу. Тікелей өлшеу қаталіктерін анықтау ( есептеуіш техникаларымен)

Негізгі сұрақтар:Өлшеудің түрлері: тікелей және жанама өлшеулер.Стьюдент коэффициенті.Шамаларды өлшеудегі қателіктер. Қателіктерді классификациялау: жүйелік, кездейсоқ және дөрекі қателіктер.

Кез келген физикалық шаманы өлшеу дегеніміз оны өлшеу бірлігі ретінде қабылданған эталонмен салыстыру. Мысалы, ұзындық бірлігіне метр алынады. Ал екз келген бір кесіндінің ұзындығын өлшеу үшін біз сол кесіндінің бойына метр неше рет орналасатынын анықтаймыз.

Осындай таңдап алынған эталонмен салыстыру арқылы өлшеуді тікелей өлшеу дейді.

Өлшеуіш құралдар жеткілікті дәлдікпен жасалғанмен өлшеу кезінде қате кетуі мүмкін. Содықтан барлық өлшенген шамалардың абсолют дәл мәнін таптық деуге болмайды. Жүргізілген өлшеулердің мақсаты іздеп отырған шамалардың жуық мәндерін табумен қатар өлшеулер екзінде кеткен қателердің шамасын анықтап, оны есептей білу болып табылады.

Өлшеулердің қатесі негізінен систематикалық және кездейсоқтық болып бөлінеді. Систематикалық қателер бірдей өлшеулерді бірнеше рет қайталау кезінде бірқатар себептерден пайда болады.Систематикалық қате өлшеулер нәтижесіне сәйкес түзетулер енгізу арқылы есепке алынады. Ол үшін құралдарды мұқиат зерттеу керек.

Кездейсоқ қателер – пайда болуын алдын – ала ескеруге болмайтын қателер. Олар әр түрлі себептерден кетеді; Кездейсоқ қателердің әсерінен шаманың өлшенген мәні оның дәл мәнінен артық та, кем де болуы мүмкін. Өлшеуді бірнеше рет қайталау арқылы қателердің қорытынды өлшеу нәтижелеріне тигізетін әсерін азайтуға болады.

Кездейсоқ қатені анықтау үшін өлшеуді бірнеше рет қайталайды.Егер өлшеулер нәтижесі бірдей болмаса, онда кездейсоқ қателерді есептеу керек. Кездейсоқ қатені есептеу төмендегідей жолмен жүргізіледі. Біз Х шаманы n рет өлшеп, оның төмендегідей мәндерін таптық дейік

Х1, Х2,,
Тақырып: Физикалық шамаларды өлшеу нәтижелерін өңдеуде ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика әдістерін қолдану

Негізгі сұрақтар:Орташа мән,дисперсия.Ықтималдық.

Тақырып: Жанама өлшеулердің қаталіктері

Негізгі сұрақтар:

Тақырып: Датчиктер. Аз ығысуларды өлшеу құралдары

Негізгі сұрақтар:Датчиктердің түрлері

Тақырып: Акустикалық құралдар

Негізгі сұрақтар:Дыбыс көздері (крмертон, дыбыс зорайтқыштелефон) және дыбыс қабылдағыштар.

Тақырып: Периодты процестердің параметрлерін анықтау

Негізгі сұрақтар:

Тақырып: Молекулалық физиканың құралдары

Негізгі сұрақтар:Манометрлер, Насостар жұмыс принципі.Қыздырғыштыр мен суытқыштар, олардың сипаттамалары.

Вакуумдық техникадағы толық шағын қысымдарды өлшеу аспабы манометр деп аталады. Әдебиетте және практикада вакуумметр деген термин де қолданылады.

Көптеген манометрлер екі элементтен тұрады: датчик – сигналды түрлендіруші және өлшегіш блок.

Жұмыс істеу принципі бойынша манометрлерді мынадай кластарға бөлуге болады:

1. Сұйықтық манометрлер, онда өлшенетін қысым немесе қысымның әртүрлілігі сұйықтың бағанымен теңестіріледі (U – бейнелі манометрлер және олардың модификациясы).

2. Компрессиялық манометрлер, олардың әрекеті идеал газды изотермиялық сығымдау заңына негізделген (Мак-Леод манометрі).

3. Деформациялық манометрлер, сильфон, мембрана және с.с. сезімтал элементтер ретінде пайдаланылады. Сезімтал элементтің деформациялану шамасы қысым шамасы болады.

4. Жылу манометрлері, газдың қысымының жылу өткізгіштікке тәуелділігін пайдаланады. Олар термобулық және қарсыласу манометрлері деп бөлінеді.

5. Иондаушы манометрлер, онда қысым иондық ток мәні бойынша анықталады. Осы класс аспаптарының ірі тобы өз кезегінде мыналарға бөлінеді:

а) электроразрядтық, олардың қызмет ету принципі сұйытылған газдағы электр дәрежесінің өлшемі қысымға тәуелділігіне негізделген.

б) электронды иондаушы, онда газды иондау электр өрісімен жылдамдатылатын электрондар ағынымен жүзеге асырылады.

Манометрлердің бүкіл тобын сондай-ақ тікелей және жанама әсер ету аспаптарына да бөледі.

Тікелей әсер ету манометрі газ қысымын тікелей өлшейтін аспаптар болып табылады. Осы манометрлердің манометрлік қасиетін динамометрикалық аспаптармен градуировка арқылы алдын ала есептеуге немесе алуға болады. Тікелей әсер ету манометрлері қысымын есептеу газ құрамына және оның температурасына тәуелді емес. Бұл аспаптар 1Х105–1,33 * 10-3 Па диапазонын жабады, оның үстіне олардың салыстырмалы қате жіберушілігі қысымға қарағанда аз. Тікелей әсер ету манометрлеріне сұйықтықтық, компрессиялық және деформациялық манометрлер жатады.

Жанама әсер ету манометрі қысымның өзін емес, оның бірқатар функцияларын өлшейді, және әдетте, датчиктен (манометрлік түрлендіргіш) және радиотехникалық өлшеу блогынан тұрады. Жанама әсер ету манометрінде қысымды есептеу (шығыс сигналы) газ тегі мен оның температурасына байланысты.

Жанама әсер ету манометрлерінің шкалалары қысым бірлігінде немесе электр бірліктерінде калибрленген. Соңғы жағдайда аспапқа өткізбелі сатылы қисық қоса тіркеледі немесе оның сезімталдылығы келтіріледі. Сатылы қисық жанама әсер ету аспабын сатылау кезінде тікелей әсер ету манометрі бойынша құралады және турасын айтқанда, сатылаудың ұлғаймалы жағдайындағы шар үшін дұрыс.

1,33 * 10-3 Па төмен қысымды өлшеу іс жүзінде жанама әсер ету аспаптарымен ғана мүмкін, өйткені осы қысым кезінде күш болмашы ғана. Сөйтіп күш түсіру ретінде қысым өз мәнін жояды. 1,33 * 10-3 Па қысымынан төмен кезінде басқа параметр – N1 молекулярлық концентрациясы нақтырақ көрінеді, көлем бірлігінде газ бөлшектерінің тығыздығы жанама әсер ету манометрімен өлшенеді.

Әртүрлі қысым бірліктері мен молекулярлық концентрация арасындағы қарым-қатынас 1-1 кестеде берілген.

Манометрлердің бірқатар типтерінің оқшаулау құрылғылары бар және қысымды өлшеуден басқа қандай да бір қысым бойынша технологиялық процестерді басқару үшін автоматтандырылған ваакумдық құрылғылар пайдаланылуы мүмкін.

Кең диапазонда және оқшаулауда қысымды өлшеуден басқа манометрлердің жекелеген типтері қысым сигналдарын өздігінен жазатын аспаптардың диаграммалық таспасында қысым сигналын жазуға мүмкіндік береді.

Жанама әсер ету манометрлерімен қысымды өлшеу кезінде есептелуі қиын факторларының әсері көп болғандықтан (газ құрамы мен оның температурасының өзгеруі, датчиктегі сорбциялау-десорбциялау процесстор және с.с.) есептеу нақтылығы жоғары емес. Қысымды өлшеудегі қателік өлшенетін шаманың 10-нан 60%-ке дейін тербеледі.

Сұйықтық U тәрізді манометрлер атомосфералықтан 1 Па-ға дейінгі диапазондағы абсолюттік қысымды өлшеуге қызмет етеді. Сұйықтық манометрлердің жұмыс істеу принципі жұмыс сұйықтық деңгейін U тәрізді трубканың сол және оң буынына ауыстыруға негізделген.

U тәрізді трубканың бір буыны вакуумдық жүйеге қосылады, оның қысымы басқа буындағы РВ-ға тең, өлшеу процесінде басқа буында тұрақты РК салыстырмалы қысым сақталады. Сұйықтық бетінде әрекет ететін қысымның түсіп кетуі (РКРВ) манометр буындарындағы сұйықтық бағандарының әртүрлі биіктігінде гидростатикалық қысыммен теңестіріледі. Сұйықтық бағанының қысымы алаң бірлігіне жатқызылған оның салмағымен анықталады және баған биігтігіне және сұйықтық тығыздығына ғана тәуелді. Егер манометрдің бір ұшы атмосфералық ауамен жалғасса (ашық манометр), ал қысым әртүрлілігінің шамасы мынаған тең болады:

p = pатм – pв = gph

мұндағы pатм - атмосфералық қысым;

– вакумдық жүйедегі қысым;

g – ауырлық күшін жеделдету;



p – манометрдегі сұйықтықтың тығыздығы;

h – сүйықтық деңгейінің әртүрлігі.

Сөйтіп, біз манометрдің көрсеткіші атмосфералық қысымға байланысты екендігін көреміз. Белгілі өлшеу сәтіндегі pатм атмосфералық қысымы кезінде вакуумдық ортадағы абсолюттік қысымды өлшеуге болады


Pв = pатмgph

Егер манометрдің жұмыс сұйықтығы ретінде сынап алынса, онда


Pв = pатм – һ, мм рт. ст.,

Мұндағы pатм - атмосфералық қысым, мм рт. ст.,

Һ – сұйықтық деңгейінің әртүрлілігі, мм.

Немесе


Pв = pатм – 1,33 * 105һ, Па,

Мұндағы pатм – Па;

Һ – м-да.

Сөйтіп, вакуумдық жүйедегі қысымды ашық манометрмен өлшеу үшін атмосфералық қысымды (өлшеу кезінде) білу керек және одан сынап деңгейінің айырмашылығын алып тастау керек.

Дәнекерленген буынды манометрлер (жабық манометрлер 9-2 сурет) рВ вакуммдық жүйедегі және рК манометрдің дәнекерленген буынындағы қысымды өлшейді.

U тәрізді жабық манометрлерде жұмыс сұйықтығы ретінде әдетте сынап пайдаланылады, ол манометрге құйылады. Сондықтан дәнекерленген буындағы рК қысым деңгейінің биіктігіне қарамастан нөлге тең деп болжауға болады.

Айдау басталғанға дейін қысым құрылғыда атмосфералық рВ = pатм тең болғанда мысалы, 105Па (760 мм сынап ст.), сынап жабық буында А1 және құрылғы тарапынан Б1 жағдайды иемденеді. А1 – Б1 деңгейінің айырымы тік бағытта 760 мм құрауы тиіс, өйткені осылайша ғана қысымдағы айырма сынаптың екі деңгейі тарапынан теңестіріледі.

Вакуумдық көлемді айдау шамасына қарай РВ қысымы онда азаяды және сынап деңгейінен қысым айырмасын теңестіру үшін шамалы деңгейлі айырма қажет етіледі, мысалы А2 – Б2.

Ақыр соңында, жеткілікті деңгейде төмен қысымға қол жеткізілгенде екі буындағы сынап деңгейі бірдей биіктікте болады, өйткені вакуумдық көлем тарапынан қысымға қол жеткізілген, іс жүзінде (манометрлердің осы типі үшін) жабық буындағы сынап деңгейінен қысымға тең.

Осылайша, U тәрізді манометрдің көмегімен РВ қысымы вакуумдық жүйеде сынап деңгейінің айырмасын тікелей есептеу арқылы өлшенеді:

P = A – Б = h, мм сынап, ст.,

Немесе p = 1,33 * 102һ, Па


Тақырып: Электр тізбектерінің элементтері

Негізгі сұрақтар:Ток көздері. Ток түрлендіргіштер. Электр энергиясын тұтынушылар.Резисторлар мен конденсаторлар, олардың сипаттамалары.

Ток көздері

Ток көзінің ролі өткізгіштерде электр өрісін тудыру және оның болып тұруын қамтамасыз ету болып табылады, оның әсерінен зарядталған бөлшектер орын ауыстырады, яғни электр тогы жүреді.

Студенттерге ең жалпы түрде ток көзінде болатын процестер жайында түсінік беру әбден мүмкін, сонда ғана оның ролі айқынырақ бола түседі. Кез- келген ток көзінде араларында тарту күштері әсер ететін оң және теріс зарядталған бөлшектерді бөлуге сәйкес жұмыс атқарылады. Бұл жұмысты табиғаты электрлік емес, тосын күштер (бұл терминді енгізу керек) деп аталатын күштер атқарады.

Ток көздерінің полюстері арасында электр өрісі туады. Полюстерді өзара металл өткізгішпен қосқанда, онда электр өрісі өткізгіште де пайда болады. Осы өрістің әсерінен өткізгіште бар еркін зарядталған бөлшектер — электрондар ток көзінің теріс полюсінен оң полюсіне қарай козғала бастайды, нәтижесінде өткізгіште электр тогы пайда болады.

Әрі қарай түрлі ток көздерін оқып үйренуге көшеді. Электрофор машинасы, термоэлемент және фотоэлемент жөнінде мағлұмат беру үшін айтылады да, олардың құрылысына тоқталмайды, бірақ демонстрациялап көрсетіледі. Фотоэлемент ретінде ең дұрысы жартылай өткізгішті фотоэлементті пайдаланған жөн. Термоэлементті темір мен константан сымнан данындауға болады. Қарастырылатын мәселеге оқушыларды қызықтыра түсу үшін фотоэлементтер ток көздері ретінде Жердің жасанды спутниктерінде радиостанциялардың жұмысын қамтамасыз етеді. Термоэлементтердің тағы да бір қолданылуымен олар электр термометрмен температураны өлшеу кезінде танысады, ал келешекте термоэлементтердің өндірістік энергия көздері ретінде қолданылуы ықтимал.

Химиялық энергия көздері анағүрлым толығырақ қарастырылады. Гальвани элементін демонстрациялау үшін әлдеқашан қолданудан калған Вольт элементін емес, мүсәтір немесе ас тұзының судағы ерітіндісіне батырылған мырыш пластинасы мен көмір таяқшасын қолданған ыңғайлырақ. Кернеуі 1 В осындай элементтен жанған лампы, Вольт элементінен жанғандағыға қарағанда жаман жанбайды. Егер мұғалімнің колында 1 В лампы болмаса, ал 3,5 В лампы нашар кызатын болса, онда екі элементті тізбектеп қосуға болады. Оқушыларға тек арнайы реактивтерді ғана емес, кәдімгі ас тұзын пайдалануға да болатындығы әсер қалдырады. Тәжірибені көрсете отырып, гальвани элементінде құрамы әр түрлі химиялық электродтардың болатынын, оның біреуі ерітіндімен әрекеттесе алатынын міндетті түрде айтып өту керек.

Әрі қарай аккумуляторды оқып үйренуге көшеді. Күкірт қышқылының 10 проценттік ерітіндісіне батырылған екі қорғасын пластинасынан жасалған «аккумуляторды» көрсетеді. Пластина қысқыштарына төменгі вольтты (1 В-қа арналған) лампыны қосып, оның жанбай тұрғандығына, ендеше, әзірге кұрастырылған аккумулятор ток көзі бола қоймағандығына көз жеткіземіз. Оны зарядтау керек. Зарядтаудың мәнісі аккумулятор арқылы электр тогын өткізу болып келеді, бұл жағдайда пластинканың химиялық құрамы өзгеріске түсетінін және уақытша болса да, оның химиялық элемент болып табылатынын түсіндіреді. Пластина кысқыштарын (реостат арқылы) тұрақты ток көзіне (мысалы, түзеткішке) шамалы уақытқа (2—3 мин) қосып кояды. Электродтарды ерітіндіден шығарып алып, олардың бірінің қоңыр түсті болғандығын көрсетеді де, қайтадан лампының ұштарына қосқанда, ол жанады. Әрі қарай аккумуляторды ток тізбегіне қосқанда пластинканың құрамы қайта орнына келеді де, аккумулятордың ток көзі болудан қалып, оны қайта зарядтау керектігін айтады. Химиялық құрамы басқаша.І жұмыс істеу принципі жағынан осындай аккумулятордың барын айтады. Оқушыларға сілтілі және қышқылды аккумуляторларды] демонстрациялап көрсетеді. Мектепте токқа байланысты жұмыс істелетін лабораториялық жұмыс жағдайы аккумулятормен істелсе, онда бұл жерде міндетті түрде аккумуляторды пайдаланудың ережелері жөнінде айта кету керек.

Аккумулятордың жұмыс істеу принципін электролизге арналған жиынтығының көмегімен көрсетуге болады.



Студенттер ток көзінің өткізгіштерде электр өрісін туғызатындығын, оның әсерінен өткізгіштердегі зарядталған еркін бөлшектердің (мысалы, металдардағы электрондардың) қозғалысқа келетіндігін айқын түрде елестете алу керек. Ток көздері әр түрлі болады, олардың қай-қайсысында болмасын энергияның әйтеуір бір түрі электр энергиясына айналады.

Электр тогының күшін амперметрмен (миллиампермен, микроампермен) арқылы өлшейді, оны тізбекке R кедергілі резистормен тізбектей жалғайды. Амперметр кедергісі тізбек кедергісінен көп есе кем болуға тиіс. Прибор өзі өлшейтін шамадан артық тоқ күшін өлшеу үшін, яғни боның өлшеу шегін арттыру үшін, амперметрге шунт R ш қосады , суретте ол пунктирмен көрсетілген.



Кедергілердің параллель жалғауын өлшеу аспаптарында (20.1-сурет) шунт ретінде қолданады.


а-сурет

Шунт – белгілі бір амперметрдің өлшеу шегінен асатын ток күшін өлшеу мақсатымен амперметрге параллель жалғанатын кедергісі.


жүктеу 2,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау