Басқа да резервтік капитал есебі, 5410 – ші «Басқа ба резервтік капитал» шотында жүргізіледі. Бұл шотта заң тәртібімен көзделген ең төменгі мөлшерден тыс жасалған резервтік капиталдар есептелінеді.
5410 – шоттың дебеті мен кредиті бойынша шоттар кореспонденциясы 5410 – шоттың корреспанденциясына ұқсас. Бұндай резервтер кәсіпорынның өз қалауы бойынша қалыптастырылады.
№
|
Операциялардың мазмұны
|
Дебиттелетін шот
|
Кредиттелетін шот
|
1
|
Акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерде резервтік капитал сомасының қалыптасуы
|
5510
|
5410
|
2
|
Акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерден артық резервтік капитал сомасының қалыптасуы
|
5510
|
|
3
|
Кәсіпорынның ағымдағы жылда пайда таппауына немесе тапқан пайдасының жетіспеуіне байланысты ртықшылығы бар акциялар бойынша девидент төлеу үшін жұмсалған резервтік капитал сомасы
|
5410
|
3030,3397,
|
4
|
Кәсіпорын есепті кезеңдегі немесе алдыңғы (өткен) жылдағы жабылмаған зияндарын жабуға жұмсалған резервтік капитал сомасы
|
5410
|
5510,5520,
|
5
|
Ағымдағы жылғы зиянды жабуға бағытталған резервтік капитал сомасы
|
5410
|
5510
|
6
|
Өткен (алдынғы) жылдың жабылмаған зиянын өтеуге бағытталған резервтік капитал сомасы
|
5410
|
5520
|
7
|
Акционерлердің қабылдаған қаулысына сәйкес резервтік капиталдың сомасы есебінен субьектінің жарғылық капиталын арттыруға бағытталған сома
|
5410
|
5020,5010,5030,
|
Резервтік капитал құрылтайшылық құжаттарға сәйкес акционерлік қоғамды өз калауынша құрады. Оны басқа ұйымдар да құруы мүмкін. Акционерлік қоғамдағы резервтік капитал залалдарды жабуға, сондай – ақ қоғамның облигациясын жабуға және басқа қаражат болмаған жағдайда акцияны сатып алуға арналған. Серіктестікте резервтік капиталды пайдалану бағыттары жарғы бойынша анықталады.
Резервтік капитал жыл сайынғы таза табыстан аудару жолымен құрылады.
Жыл сайынғы аудару мөлшері акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді.
Резервтік капиталды пайдалану жағдайында көрсетілген шамаға дейін оны толтыру үшін аударым жаңғыртылады.
Резервтік капиталдың қолда бар ақшасы мен қозғалысы туралы ақпаратты алу үшін 5410 «Резервтік капитал» бөлімше шоты пайдаланылады.
Резервтік капиталдың құрылуы:
5510 «Бөлінбеген табыс (жабылмаған залал)» шот дебеті
5410 «Құрылтайшылық құжаттармен белгіленген резервтік капитал» шот кредиті
5460 «Басқадай резервтік капитал» шот кредит
Резервтік капиталдың құрылуы:
а) Құрылтайшылардың шешімі бойынша резервтік капитал (қатысушылар) есебінен төленген есептелген дивиденттер (үлесақы) сомасына:
5410 «Резервтік капитал » шот дебеті
3030 «Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырылысу», 3030 «Қарапайым акциялар бойынша есеп айырылысу»; 3030 «Қатысушылар табысы бойынша есеп айырылысу» шоттар кредиті.
ә) резервтік капиталдың қаражат есебінен жабылған залал сомасына:
5410 «Резервтік капитал» шот дебиті
5510 «Бөлінбеген табыс (Жабылмаған зиян) есептік жылдың», 5520 «Бөлінбеген табыс (Жабылмаған зиян) өткен жылдың» шоттар кредиті.
Достарыңызбен бөлісу: |