3. КАПИТАЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ БОЙЫНША БОЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ
Капиталдың қозғалысы бойынша операциялардың дұрыс көрсетілуінің маңыздылығы әрбір кәсіпорын үшін зор болып саналады. Төменде капиталдың қозғалысы бойынша тиісті опирациялар көрсетілген.
3.1 Төленбеген капиталдың есебі. Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5110-ші «Төленбеген капитал » шотын пайдаланады. Бұл шотта заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.
5110 «Төленбеген капитал » шоты шоттардың Бас жоспарында, «Меншік капитал» ретінде саналса да, яғни баланстың пассивтік шоттарының қатарында болса да, ол өзінің табиғаты бойынша активтік шот болып табылады.
Сондай – ақ, 5110 шоты тек қана жалған капиталды көрсетеді, яғни ол бар болғаны табыс табуға арналған жалған капиталдарды тіркейді ( акцияларды, облигацияларды, кепілдік парақтарды т.б.), демек сол капиталдарға иелік құқығы бар екенін ғана білдіреді.
Жарияланған (белгіленген тәртіппен тіркелген) жарғылық қор сомасына 5110-ші «Төленбеген капитал » шоты дебеттеледі де, 50-ші «Жарғылық капитал» бөлімшесінің шоттары - 5020-ші «Жай акциялар», 5010 – ші «Артықшылықты акциялар» (Акциянерлік қоғамдарда) және 5030 – ші «Қосқан үлестер мен жарналар» ( серіктестіктердің акционерлік қоғамдардан басқа түрлерінде) шоттары кредиттеледі.
Жарғылық қорға салымдардың салынуының жүзеге асырылуына қарай 5110 – ші «Төленбеген капитал » шоты кредиттеліп отырады, ал салым шоттары дебеттеледі:
- материалдық емес активтерді жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде – 2730 шоты
- жерді, негізгі құралды, малды, аяқталмаған құрылыс обьектілерін жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде – 2410 шоты;
- материалдар мен тауарларды жарғылық қорға жарна ретінде толеу кезінде 1310, 1320 – 1330 шоттары;
- ақшалай қаражаттарды жарғылық қорға жарна ретінде аударған кезінде – 1010, 1030 шоттары дебеттеледі.
Егер де 5110 шотының дебеттік қалдығы болмаса, онда кәсіпорын өзінің жарғылық қорын толығымен қалыптастырғанын білдіреді.
5110-ші шоты бойынша аналитикалық есеп акционерлер ( қатысушылар, құрылтайшылар) бойынша жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |