1.3 Жарғылық капиталдағы салым ақша есебі
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексте шаруашылық серіктестікті қалыптастыру, құқық және міндеттерінің тәртібі анықталған. АК 58-бабында шаруашылық серіктестігі жарғылық капитал құрылтайшыларының (қатысушылары) үлесіне (салым сомасы) бөлінген комерциялық ұйым ретінде сипатталады, ал өзінің қызмет процесінде жасаған, жинаған немесе құрған мүлікжеке меншігіне жатады. Шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталдағы салым ақшаға ақшалай қаражат, құнды қағаздар, мүліктік құқық, оның ішінде ақыл – ой меншігі (интелектуальная собстенность) және басқа нәрселер жатуы мүмкін.
Әрбір шаруашылық жүргізуші субьектіні құру үшін құрылтайшылық құжаттары болуы керек. Құрылтайшылық құжаттар нотариалдық тұрғыда расталып, заң органдарында мемлекеттік тіркеуден өтеді. Тұрғда субьект серіктестік құрылтайшыларының салым ақшаларынан тұратын жарғылық капиталды жариялайды. Салым ақшаны бағалау тараптардың келісімі бойынша жүргізіледі және тәуелсіз аудиторлық тексеруге жатады.
Шаруашылық серіктестік мына формалар бойынша құрылуы мүмкін:
Толық серіктестік – жарғылық капиталы оның құрылтайшысын анықтайды, алайда заң актісімен (АК 64 – бап) белгіленген ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек;
Коммандиттік (сенімге негізделген) серіктестік – жарғылық капиталдың мөлшері заң актілерімен белгіленген ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек. Салымшылардың жиынтық мөлшері командиттік серіктестіктің (АК 74 – бабы) жарғылық капиталдың 50% құрылуы мүмкін;
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – жарғылық капиталдың мөлшерін серіктестік құрылтайшылары анықтайды және заңды белгіленген (АК 78 – бабы) ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек;
Қосымша жауапкершілікті серіктестік – жарғылық капиталдың мөлшерінің жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндей анықталады, алайда бұл серіктестіктің жақтаушылары жарғылық капиталдағы өз салым ақшаларымен оның міндеттері бойынша жауап береді, ал бұл соманың жетіспеушілігіне өз мүліктерінің еселенген мөлшерінде өздерінің салым ақшаларына қосады (АК 84 – бабы);
Акционерлік қоғам – жарғылық капитал барлық жарияланған акциялар шығармаларының жиынтық атауы (наминалдық) құнына тең, алайда заңда қарастырылған ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек. Акцияларға ашық жазылыс жарғылық капиталдың толық төлеміне дейін жеткізілмейді (АК 88 – бап).
Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталдың ең аз деңгейдегі көлемі – бір айлық есеп көрсеткішінің 50 000 есе мөлшерін құрайды (13.05.03 ж. № 415 «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 10 – бабы) және мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейін 30 күннең ішінде төленуі керек( 11 – бап, 2 – тармақ). Артықшылықты акцияны шығару барлық жарияланған акциялардың жалпы санның 25 % көп болмауы керек (13 – бап, 2 – тармақ).
Еншілес және тәуелді шаруашылық серіктестігі – жарғылық капитал акцонерлік қоғамдардың бір – бірімен өзара қатысуымен қалыптасады;
Өндірістік капитал – жарғылық капитал кооператив мүшелерінің пай салу есебінен қалыптасады (АК 97 – бап);
Мемлекеттік кәсіпорын – шаруашылық меншік құқығына немесе оперативтік басқаруға негізделеді ( АК 102 – бап );
Коммерциялық емес ұйымдар – басқаршылық, әлеуметтік – мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы меншіктенушілермен құрылатын және қаржыландырылатын ұйым (АК 105 – бап).
Шаруашылық жүргізуші субьекті жарғылық капиталға мүліктік және ақыл – ой (интелектуально) қызметі түрінде қаржылық салымды жүзеге асырса, басқа субьектілер кәсіпкерлік табыс, капитал проценті мен өсімін алу мақсатында акция пакетін алу жолымен бұл қызметке ықпал етіп, бақылау жүргізеді. Мұндай салуды (яғни салымды) инвестиция деп атайды. Бухгалтерлік есептің 13 «Шоғырландырылған (консолидированная) қаржылық есеп берушілік және еншілес серіктестіктегі инвестиция есебі» стандартына және оның әдістемелік ұсынысына сәйкес – егер дауыс беру құқымен инвестрленген обьектінің 50 % акциясынан көбіне ие болса, онда бұл иелену бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.
Бақылауды қолына алған инвестор негізгі серіктестік деп танылады, ал инвестицияланатын обьект – еншілес шаруашылық серіктестік болады.
Егер басқа заңды тұлға оның дауыс беру акциясының 20% көбіне ие болса (АК 95 – бап), онда акционерлік қоғам тәуелді шаруашылық серіктестігі деп танылады. Басқа субьектінің дауыс беру акциясының 20% - тен азына ие болуына сәйкес бақылау бірігіп жүргізіледі.
Салым ақшаға кез келген актив ( акшалай қаражаттар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер, тауарлы – материалдық қорлар) жатады.
Мұнда мына бухгалтерлік жазбалар жүргізіледі:
А) жарияланған жарғылық капитал сомасына:
5110 «Төленбеген капитал» шот дебеті
5020 «Қарапайым акциялар», 5010 «Артықшылығы бар акциялар», 5030 «Салымдар мен пайлар» шоттар кредиті
Ә) салым ақша сомасына:
2730 «Материалдық емес активтер», 2410 «Негізгі құралдар», 1310 – 1320, 1330 «Тауарлы – материалдық қор», 1030 «Инвестициялық валютадағы ағымдық шоттағы ақша», 1030 «Ұлттық валютадағы ағымдық шоттағы ақша», 1010 «Кассадағы ұлттық волюта түріндегі қолма – қол ақшалар» шоттар дебеті.
5110 «Төленбеген капитал» шот кредиті.
Бухгалтерлік жазулардың құжаттық ресімделуі салынған қаражат түріне байланысты. Материалдық емес активтер мен негізгі құралдар түгендеу карточкасын ашудағы негізгі құралдар (материалдық емес активтер) қабылдау – табыстау (ауыстыру) Актінің негізгі кірістеледі. Тауарлы – материалдық қорлар - материалдың қоймалық есеп карточкаларына кіріс ордерімен енгізілетін фактура – шотының негізіне кірістеледі. Ақшалай қаражат есеп айырысу (ағымдық), валюталық шоттар көшірмесінің негізіне, қолда бар ақша қаражаты – кіріс кассасы ордерінің негізіне кірістеледі.
Шаруашылық жүргізуші субьектінің жарғылық капиталы есептік кезеңнің соңына дейін қалыптасып болуы керек.
Басқа субьектілердің жарғылық капиталына өз қаражаттарын салушы жақ бұл субьектіге инвестициялар жүргізеді. Олар былай болуы мүмкін:
Қаржылық – инвестициялық капиталдан табыс, өсім алу немесе басқа пайдалар алу мақсатында субьект иемденетін активтер, сондай – ақ пайдаланудағы жылжымайтын мүліктегі инвестициялар ( БЕС ( СБУ) 8 «Қаржылық инвестиция есебі»);
Еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға инвестициялар – оған бақылау жүргізуді жүзеге асырады, яғни оның қызметінен пайда алу мақсатында инвестицияланған субьектінің қаржылық және басқа саясатын белгілеу құқы (БЕС 13 «Шоғырландырылған қаржылық есеп беру және еншілес серіктестіктегі инвестиция есебі», БЕС 14 «Тәуелді шаруашылық серіктестігіндегі инвестиция есебі», БЕС 15 «Қаржылық есеп берудегі біріккен қызмет бойынша қатысу үлесінің көрінісі »).
Жарғылық капитал мемлекеттік органдарға субьектінің қайта тіркелуіне әкеп соқтыратын жоғары немесе төменгі жаққа мына баптар бойынша өзгертілуі мүмкін: Азаматтық Коддекстің (27.12.94 ж.) 42 – бап, 6 – тармақ ; 74 – бап, 3 – тармақ; 78 – бап, 2 – тармақ; 90 – баптар жене «Акционерлік қоғамдар туралы» (№415 11 ҚРЗ 30.05.2003 ж.) Заңның 11 – бабы, 3 – тармағы.
Достарыңызбен бөлісу: |