189
Қылмыстық құқық бұзушылыққа
дайындалғаны үшін жауапкершілік,
егер адам саналы түрде анық қылмыс жасау үшін тағайындалған мүлік
-
заттарды, құрылғыларды, ақшаларды немесе басқа да өтем құжаттарын,
ақпарат тарату құралдарын, құпия орындарды немесе көлік құралдарын
сатып алса, жасап шығарса, шетелге өткізсе немесе керісінше шетелден
әкелсе, бір жерден екінші жерге апарса немесе өз иелігінде ұстаса және осы
әрекеттер үшін сегіз жылдан кем емес мерзімге түрмеге жабу көзделген
болса, мүмкін. Дайындалу жағдайында қылмыстық құқық бұзушылық
үшін
көзделген ең жоғары негізгі жаза жартысына азайтылады. Өмір бойы түрмеге
жабу түрінде жаза көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты
жасауға
дайындалған жағдайда түрмеге жабу мерзімі он жылдан аспауы тиіс (ҚК 46
-
6.).
Заң шығарушы қылмыстық құқық бұзушылық
жасаған лауазымды
адамдарға қатысты, олардың қылмыстық жауаптылығын күшейте отырып,
ерекше назар аударады. ҚК 44
-
бабы былайша түзілген:
«
егер бұқаралық
қызметші қылмыстық құқық бұзушылық жасай отырып, белгілі бір қызметтік
міндеттерін бұзса немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасау мақсатында
ол өзінің лауазымдық орнына сай өкілеттіктерді, мүмкіндіктерді немесе
құралдарды пайдаланса, осы құқық бұзушылық үшін заңмен көзделген жаза,
жаза ретінде айыппұл көзделгеннен басқа реттерде, үштен бір бөлікке
ұлғайтылуы мүмкін
».
Нидерланды Қылмыстық кодексінің жазаны өтеу режимі түрін
анықтаудың міндетті критериі ретінде сотталушының жеке басын, оның
пікірін және өзін өзі ақтап алу мүмкіндігін арнайы ерекшелеуі де назар
аударуға тұрарлық. Айталық, түрмеге жабу түріндегі жазаны өтеу режимін
(жалпы камера, сотталушылардың шектеулі санына арналған жалпы камера,
оқшаулау) сот сотталушының жеке басына қатысты анықтайды (ҚК 11
-6.).
Бұл ретте түрмеге жабу мерзімі және сотталушының өзін өзі ақтап шығуы
мүмкіндігі назарға алынады (ҚК 12
-6.).
Қылмыстық кодекстің 22
6
бабына сәйкес, судья кемінде алты ай
мерзімге сөзсіз түрмеге жабу туралы мәселені қарастырған жағдайда немесе
нақтылы өтелуге тиіс мерзімі алты айдан аспайтын, бас бостандығынан
айырумен байланысты жаза туралы мәселені шешкен кезде, олардың орнына
қоғамдық жұмыстар түріндегі жаза тағайындауы мүмкін. Судья қоғамдық
жұмыстар түріндегі жазаны, тек ол мекеме немесе адам бірінші талап
бойынша сотталушыға қатысты қоғамдық жұмыстар туралы алғышарттардың
орындалысына кепілдік беруге дайындығына сенімді болса ғана тағайындай
алады. Судья қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаны тек айыпталушының
сұрауы бойынша ғана тағайындай алады
Достарыңызбен бөлісу: