1 Жаза тайынду институтының қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдері



жүктеу 1,61 Mb.
Pdf просмотр
бет60/82
Дата26.03.2022
өлшемі1,61 Mb.
#37927
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   82
Binazarov KR Kilmistik atkaru ОҚУЛЫҚ

 
3.7. 
Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау
 
 
Теорияда да және тәжірибеде де күрмеуі көп, күрделі мәселелердің бірі 
үкімдердің  жиынтығы  бойынша  жаза  тағайындау  болып  табылады.  Бір 
қарағанда,  қылмыстық
 
құқықтың  бұл  институты  да  осы  «жиынтық»
 
құқықтық терминін пайдаланатын, бірігуді білдіретін және шамамен жалпы 
жазаны анықтауда ұқсас ережелерді қолданатын басқа институтпен барабар 
сияқты. Мұнда да, онда да заң шығарушы жауаптылықты жүзеге асырудың 
тектес  ұғымдары,  қағидалары  және  механизмі  пайдаланылады.  Соған 
қарамастан,  екі  жағдай  да  жекелеген  нормаларға  бөлінген  және  әр  түрлі 
құқықтық негізге ие.
 
ҚР  Қылмыстық  кодексінің  60
-
б
. 1-
бөлігіне  сәйкес,  егер  сотталған  адам 
үкім  шығарылғаннан  кейін,  бірақ  жазаны  толық  өтегенге  дейін  жаңадан 
қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасаса,  сот  соңғы  үкім  бойынша  сот 
тағайындаған  жазаға  соттың  алдыңғы  үкімі  бойынша  жазаның  өтелмеген 
бөлігін толық немесе ішінара қосады.
 
Мәтіннен  көрініп  тұрғандай,  қатардағы  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтардың
 
жиынтығына  қарағанда  мұның  бірнеше  елеулі 
айырмашылықтары көзге ұрады.
 
Біріншіден,  үкімдердің  жиынтығы  негізінде  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтардың
 
көптігінің  басқа  түрі 
– 
қылмыстық  құқық 
бұзушылқтардың
 
қайталануында
 
жатыр
 
(124)
.  Қылмыстық  құқық 
бұзушылықтардың
 
бір  адам  жасаса  да,  ол  оның  өмірінің  әр  кезеңінде 
жасалған.  Адам  өмірінің  адамдардың  жасалған  іс
-
әрекетке  көзқарасын 
өзгертуге  қатысты  өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Бір  кезде  бір  сәттік  көңіл 
күймен  (ызамен,  кекпен,  пайдакүнемдікпен  және  т.б.)  жасалған,  маңызы 
болған  іс
-
әрекет  уақыт  өте  келе  өз  маңызын  жоюы  мүмкін.  Мемлекеттің 
жасалған  қылмыстық  құқық  бұзушылыққа
 
қатысты  үкім  арқылы  ресми, 
түрде  білдірілген  теріс  қарым
-
қатынасынан  кейін  сотталушы  өз  санасында 
жасалған  әрекетке  қатысты  ой  қорыта  отырып,  өзінің  одан  кейінгі 
әрекеттерінде,  әдетте,  өзін
-
өзі  ұстауға  тырысады  деп  жобаланады.  Құқыққа 
қарсы  мінез
-
құлықтардың  қайталануы  (рецидив,  осы  сөздің  кең 
мағынасында)  жауаптылықтың  жан
-
жақты  тәжірибесіне  қарамастан,  көп 
ретте  қоғамға  жат,  теріс  мінез
-
құлықты,  бағынбаушылықты,  қылмыстық
-
құқықтық тыйымдарды елемеуді білдіреді. Ал адамның бірнеше қылмыстық 
құқық  бұзушылықты  жасай  отырып,  сот  төрелігінің  тегеурініне  іліге 
қоймағаны  реті 

басқа  мәселе.  Мұндай  субъектіден  сұраныс,  сөз  жоқ, 
біріншіге  қарағанда  төмен  болады.  Сондықтан  да  заң  шығарушы  екі 
жағдайды  негізді  түрде  бөле
-
жара  қарастырады 
– 
қылмыстық  құқық 
бұзушылықтардың
 
жиынтығы және үкімдердің жиынтығы.
 
Екіншіден, екінші қылмыстық құқық бұзушылық
 
үшін соттаған кезде сот 
оның  алдындағы  бірінші  әрекет  туралы  үкімнің  мән
-
жайлары  мен 
нәтижелерімен шектеліп отырады. Олар сот үшін басшылыққа алуға міндетті 
сипатқа
 
ие.  Бұл  соттың  бірінші  қылмыстық  құқық  бұзушылыққа
 
тікелей 


157 
құқықтық  баға  беруге  және  ол  үшін  тағайындалған  жазаның  дұрыстығы 
туралы  талқылауға  мүмкіндігі  жоқ.  Сонымен  бірге  ол  өзі  тағайындамаған 
жазаны  өз  бетінше  елеп
-
екшей  және  жиынтық  жазаны  анықтаған  кезде 
соңғысының кемшіліктерін түзете алмайды.
 
Үшіншіден,  үкімдердің  жиынтығында  жазалардың  орындалуының 
бөлінісі байқалады. Бірінші жаза өзінен кейінгіден бұрын орындалады, оған 
қатысты қылмыстық
-
құқықтық санкциялардың барлық қажетті атрибуттарын 

жазаның түрлері, режимі, мерзімі, мөлшерін қолдануға болады. Екінші жаза 
тағайындаған  және  жауаптылықтың  түпкілікті  шарасын  анықтаған  кезде 
жазаның  өтелмеген  бөлігі  жаңа  негізгі  жазаға  толық  немесе  ішінара 
қосылады.  Жай  қылмыстық  құқық  бұзушылқтардың  жиынтығында  (бір 
үкіммен  соттаған  кезде)  бір  жаза 

барлық  іс
-
әрекеттерге  ортақ 
тағайындалған жаза өтеледі.
 
Қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
және  үкімдердің  жиынтығы 
институттарының осындай елеулі айырмашылықтары үдесінен шыға отырып, 
соңғысының  мазмұнына  жан
-
жақты  тоқтала  кету  қажет.  Айта  кету  керек, 
заңда бұған жеткілікті дәрежеде көңіл аударылмаған. Ғылымда да бұл мәселе 
жеріне жеткізе зерттелмеген. Бұл орайда В.
 
И.
 
Ворониннің позициясы назар 
аудартады. Ол «заңда үкімдердің жиынтығы анықтамасының жоқтығы елеулі 
кемшілік» деп есептейді, өйткені, оның пікірінше, «осыдан келіп соттылық, 
түзеу  мекемелері  режимінің  түрін  тағайындау  және  жазадан  шартты  түрде
-
мерзімінен  бұрын  босату  проблемалары  шешусіз  қалады
»
.  Осыған  орай  ол 
қылмыстық  құқықты  мынадай  мазмұндағы  баппен  толықтыруды  ұсынады: 
«
Үкімдердің  жиынтығы  деп  нақ  сол  адамның  айыптылығын  анықтайтын, 
жасалған  қылмыстардың  және  бірінші  жазаның  өтелмеген  мерзімі  ішінде 
жаңадан қылмыс жасауға әкеп соққан қылмыскердің жеке басының қоғамдық 
қауіптілігін  сипаттайтын  екі  қылмыстық
-
құқықтық  актіні  біріктіру 
танылады».
 
Жалпы  алғанда,  біздің  ойымызша,  мұндай  ұсыныстың  жаңалығы, 
жақсылығы жоқ емес,
 
дегенмен соншалықты қажеттілік деп қабылданбайды.
 
Үкімдердің жиынтығы 
– 
қылмыстық құқық бұзушылықтардың
 
көптігінің 
жаңа  түрі  немесе  формасы  емес.  Бұл,  анығында,  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтардың  біріншісі  үшін  сотталған  және  сол  үшін  жазасын  өтеп 
жүрген  адам  жаңа  қоғамдық  қауіпті  әрекет  жасаған  кезде  қайталануының 
ерекше түрі кезінде ортақ жаза анықтаудың тәсілі. Үкімдерді қосу бірі жүзеге 
асырылып,  екіншісі  тек  тағайындалып  жатқан  түрлі  жазаларды  біріктірудің 
өзіндік  ерекшеліктерін  білдіреді.  А.
 
И.
 
Ворониннің  ұсынысында  заңда 
үкімдердің жиынтығы анықтамасының болмауы соттылық, түзеу мекемелері 
режимінің  түрін  тағайындау  және  жазадан  шартты  түрде
-
мерзімінен  бұрын 
босату проблемаларына қалайша ықпал ететіні жөнінде ештеңе айтылмаған
 
(125). 
Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде, заңда көрініс 
тапқандай, сот үш кезеңнен өтеді:
 
1.
 
алдымен жекелеп алынған соңғы қылмысқа жаза тағайындалады;
 
2.
 
одан  әрі  бұрынғы  үкім  бойынша  жазаның  нақтылы  қандай  мерзімі 
немесе мөлшері өтелгені анықталады;
 
3.
 
жазаның  өтелмеген  мерзімін  немесе  мөлшерін  жаңадан  тағайындалған 
жазаға толық немесе ішінара қосады.
 


158 
Көріп  отырғанымыздай,  екінші  және  үшінші  кезеңде
 
әділетті  түрде 
сұрақтар тудыратын елеулі кемшіліктер көзге
 
ұрады. Олар, мысалы:
 
1.
 
Неліктен  бұрынырақта  тағайындалған  жазаның 
«
қалдығының
» 
жаңа 
жазаға қосылуы жүзеге асырылады? Соңғысы біріншісіне қатысты үнемі 
негізгі болып табыла ма?
 
2.
 
Неліктен  заң  шығарушы  өтелмеген  жазаны  ішінара  қосуға  жол  береді 
және оның қалған бөлігі қайда кетеді? Мұнда бірінші қылмыстық құқық 
бұзушылыққа
 
кешірім  жасау  және  жауаптылықты
 
күшейтудің  орнына 
соттың оны жұмсартқаны байқалмай ма?
 
3.
 
3)Егер  жазаның  соңғысына  қосылған  бірінші  бөлігінің
 
екінші  үкімнің 
шығарылуы  және  заңды  күшіне  енуі
 
процесінде  орындалып  жатуы 
себепті  нақтылы  мөлшері
 
болмаса  үкімде  түпкілікті  жазаның  қандай 
мерзімі мен
 
мөлшерін көрсету қажет?
 
Осы сауалдарға жауап ретінде, біздіңше, тағайындалған бірінші жазадан 
жаңа  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасаған  сәтке  өтелмеген  кез  келген 
бөлігін бөлшектеу талабының ешқандай мән
-
маңызы жоқ екендігін айта кету 
керек. Бұл
 
жерде негізді түрде соттың үкім шығару кезіндегі мінез
-
құлқының 
бірден бірнеше жолы пайда болады. Өтелмеген және жаңа жазаға қосылған 
мерзім:
 
1.
 
жаңа қылмыстық құқық бұзушылық
 
жасалған сәттен бастап;
 
2.
 
жаңа үкім шығарылған сәттен бастап;
 
3.
 
оның заңды күшіне енген сәтінен бастап;
 
4.
 
оның орындалуға міндеттелген сәтінен бастап
 
есептелінеді.
 
Қарапайым  құқықтық  норманы  түсіндірудегі  мұндай  шырғалаң,  жалпы 
алғанда,  сот  төрелігінің  тиімділігі
-
нәтижелілігіне
 
ықпал  етпейді,  сондықтан 
да  турлі  жазаларды
 
біріктірудің
 
механизмін  дұрыс
 
анықтауды  талап  етеді. 
Үкімдердің  жиынтығы  бойынша  жаза,  қанша  дегенмен,  қосылу  жолымен
 
емес,  қосу  жолымен  біріктіріледі,  өйткені  олардың  әрқайсысының  әр  түрлі 
құқықтық  маңызы,  мәртебесі  бар.  Олардың
 
әрқайсысының  жиынтықтағы 
рөлі  мен  маңызы  тек  тікелей
 
сот  талқылауы  барысында  белгілі  болады. 
Олардың  кез
 
келгені 

бірінші  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
үшін 
тағайындалған да, екінші қылмыстық құқық бұзушылық
 
үшін анықталған да 
жаза  басым сипатқа  ие  болуы
 
мүмкін.  Мәселен,  айыпты адам  алдымен кісі 
өлтіргені  үшін
 
сотталған,  одан  кейін  үкімді  орындау  кезеңінде  түзеу 
мекемесінен қашып шыққан. Сөз жоқ, адамды өлтіргені үшін тағайындалған 
жаза  қашқындық  үшін  жауаптылықтан  әлде
-
қайда  артық.  Бұл
 
ретте  кісі 
өлтіргені  үшін  тағайындалған  жазаның
 
өтелмеген  бөлігі  жеңілірек  қатаң 
жазаға  қосылатындығы  жөніндегі  ереже  еріксіз  тығырыққа  тіреп,  дағдарыс 
тудырады.
 
Осыған  байланысты  ұстанған  В.
 
Попрастың  позициясы  да  дұрыс
 
емес 
сияқты  көрінеді.  Ол  бірінші  үкім  бойынша  жазаның  өтелмеген  бөлігінің 
қосылуы  оның  жаңадан  қылмыстық  құқық  бұзушылықты  жасағанға  дейін 
өтелген  екінші  бөлігі  жиынтыққа  мүлдем  енбейді  және  бірнеше  үкімдер 
бойынша жаза тағайындау кезінде есепке алынбауға тиіс деп жазады
  (126). 
Анығында  бірінші  жаза  да  жиынтық  үшін  өте  маңызды  және  оның
 
сипаты 
мен  мөлшеріне  жалпы  жаза  тәуелді  болып  келеді.  Жиынтыққа 
«
енбеген
» 
жазаның  өтелген  бөлігі 
«
соқыршек
» 
емес,  оны  жайдан
-
жай  алып  тастауға 
болмайды.  Ол  жүзеге  асырылып  үлгерген  және  оны  қолданудан  белгілі  бір 


159 
дәрежеде  күтілген  нәтиже  алынған  шара  ретінде  есепке  алынады  (әйтпесе 
жаза  тағайындап  қажеті  не).  Бұл
  - 
соттың  жазалардың  діттеген  мақсатына 
жетуі үшін қосымша күш
-
жігерді талап ететін жұмысының бір бөлігі.
 
Бір  қуанарлығы,  мұндай  пікірді  ұстанатын  бір  біз  емес.  Мәселен,  С.
 
Становский: 
«
Жекелеген  қылмыстық  құқық  бұзушылықтар
 
үшін 
тағайындалған  жазалар  жиынтыққа  екінші  үкім  шығарылған  сәтке  жаза 
бірінші  іс  бойынша  толық  немесе  ішінара  өтелген
-
өтелмегеніне  қарамастан 
толықтай  қосылады.  Жазаларды  қосу  кезінде  сот  бірінші  іс  бойынша  оның 
өтелмеген бөлігінен емес, жалпы жаза мөлшерінен келіп шығуы тиіс
», - 
деп 
жазады
 (127). 
Көріп  отырғанымыздай,  заң  шығарушының  үкімдердің  жиынтығы 
бойынша жаза  тағайындауға  қатысты 
«
қосылу
» 
терминін  пайдалануы  түрлі 
түсінбестікке  әкеліп  соғады  немесе  қажетсіз  пікірталастар  тудырады. 
Мәселен,  Е.
 
В.
 
Благов  үкімдердің  жиынтығы  бойынша  жаза  тағайындау 
кезінде
 
соңғы  үкім бойынша  тағайындалған  жазаға  алдыңғы  үкім бойынша 
жазаның  өтелмеген  бөлігін  қосуды  дұрыс
 
емес  деп  есептейді.  Оның 
пікірінше,  бірінші  үкім  барынша  тұрақты  болып  табылады,  өйткені  екінші 
үкім  кассациялық  сатымен  өзгертілуі  мүмкін  және  жиынтық  жаза  мерзімді 
төмендету  нәтижесінде  алдыңғы  үкім  бойынша  өтелмеген  бөліктен  төмен 
болып  шығуы  мүмкін.  Егер  өтелмеген  жазаға  жаңа  қылмыс  үшін 
тағайындалған  жазаны  қосар  болса,  жоғарыдағыдай
 
түсінбестік  орын 
алмайды  деп  тұжырымдайды  ол
  (128)
.  Біз  де,  әлбетте,  нені  неге  қосудың 
айырмашылығы  бар  деп  білеміз.  Дегенмен,  бұл
 
ең  алдымен,  не  басымырақ 
рөлге  ие,  соған  байланысты  болып  келеді.  Біздің  мысалда  екі  жаза  да 
басымдық  сипатқа  ие  бола  алады.  Біз  неге  бір  жазаны  басқаға  бағынышты 
жағдайға  қоюымыз  керек 

бұл
 
басқа  мәселе.  Мұндай  мәмілелерге  тек 
жазаның  негізгі  және  қосымша  түрлеріне  қатысты  ғана  жол  беріледі,  олар 
қылмыстық заңда да дәл осылай аталған.
 
Басқа  бір  даулы  мәселе  өтелмеген,  қосылған,  тиісінше  жиынтық 
жазаның  мерзімін  есептеу  сәтіне  байланысты  бас  көтереді.  В.
 
Попрас  оны 
жаңа  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасалған  сәттен  бастап  есепке  алуды 
ұсынады.  Біздіңше,  жиынтық  бойынша  жазаның  жалпы  мерзімі  оның 
нақтылы  орындала  бастауы  сәтінен  басталады.  Мәселен,  егер  адам  бірінші 
үкімді шығару кезінде немесе алдын ала тергеу барысында қамауға алынған 
болса.  Бұл
 
ретте  үкімде  жазаның  жалпы  жиынтық  мерзімі  немесе  мөлшері 
анықталады  және  егер  оның  белгілі  бір  бөлігі  өтелген  болса,  ол  ҚР 
Қылмыстық  кодексінің
  62-6. 4-
бөлігі  және  ҚР  ҚПК 
400-
б
. 1-6. 7-
тармағы 
ережелері  бойынша  есепке  алу  жолымен  ескеріледі.  Бірінші  үкім  бойынша 
өтелмеген жазаның басталу мерзімін есептеп, бас қатырудың ешқандай мән
-
маңызы жоқ. Сондай
-
ақ өтелген жазаның қандай бір бөлігін жаңа жазаға қосу 
үшін  анықтаудың  да  ешқандай  қажеттілігі  жоқ.  Үкімдердің  жиынтығы 
бойынша  жауаптылықты  күшейту  үшін  талап  етілетін  жазаның  белгілі  бір 
мерзімін
   
(мөлшерін)  анықтау  критерийі  заңда  ешқандай  жерде  ашып 
көрсетілмеген  және  тәжірибеден  өтпеген.  Үкімдердің  жиынтығы  кезіндегі 
жауаптылықтыңтүпкілікті  шарасы  қорытынды  нәтиже  туралы  мәселе  тек 
жазаларды  тағайындау  негіздеуші  факторларды  жалпы  талдау  негізінде 
шешілетіні  себепті  бар
-
лық  тағайындалған  жазалардың  қосындысы  ретінде 
көрініс беруі тиіс.
 


160 
Тәжірибелік  тұрғыдан  мұндай  ереже  төмендегідей  тәртіппен  түзіледі. 
Айталық,  айыпты  адам  бірінші  рет  10  жыл  бас  бостандығынан  айыруға 
сотталды делік, оның жаңа қылмыс жасаған сәтке 3 жылын, үкім шығарылған
 
сәтке  3,5  жылын  және  оның  заңды  күшіне  енген  сәтіне  4  жылын  өтеген. 
Жаңадан  соттаған  кезде  оған  екінші  аса  ауыр  қылмысы  үшін  15  жыл  бас 
бостандығынан  айыру  тағайындалды.  Жазаны  үкімдердің  жиынтығы 
бойынша  анықтай  отырып,  сот  нақтылы  қайталануға  (жай  қайталану) 
байланысты  жауаптылықты  күшейтуге  ұйғарым  жасады,  сөйтіп,  барлық 
жазаларды толық қосуға шешім қабылдады.
 
Енді,  ҚР  Қылмыстық  кодексінің
 
60-
бабының  дсипозициясын 
басшылыққа алатын болсақ, 15 жыл бас бостандығынан айыруға 7 не
-
месе, 
6,5  не  6  жыл  бас  бостандығынан  айыруды  қосу  керек.  Анығында,  үкімде 
біріншісіне қарағанда екінші қылмыстық құқық бұзушылық
 
неғұрлым қауіпті 
екендігін,  соған  сәйкес  айыпкердің  оған  қатысы  да  қауіпті  екендігін  ашып 
айта кету орынды. Одан әрі жиынтық жазаны толық қосу жолымен, нақтылы 
өтелген  мерзімді  есепке  ала  отырып,  25  жыл  (10+15)  бас  бостандығынан 
айыру түрінде тағайындау керек.
 
Сөйтіп,  үкімдердің  жиынтығын  әр  түрлі,  мәртебесі  бойынша  бірдей 
жазаларды  қосу  тәсілі  ретінде  қарастыра  отырып,  біз  бірден  көптеген 
мәселелерді айналып өтеміз, оның ішінде 

жоғарыда аталғандар да бар.
 
Үкімдердің  жиынтығы  кезінде  түпкілікті  жаза  қылмыстардың 
жиынтығы бойынша тағайындалатын реттегі тәсілдермен, яғни толық немесе 
ішінара қосу не сіңіру жолымен анықталуы тиіс. Бұл орайда өтелген жазаны 
есепке алуды бөлшектеп емес, толықтай, жиынтық бойынша тағайындалған 
мерзім немесе мөлшерге жай қосу жолымен жүргізу қажет.
 
Айта кету керек, заң шығарушының өзі үкімдердің жиынтығы бойынша 
жазаны  қосуды  бір  жағынан  қосылу,  екінші  жағынан  сіңіру  ретінде 
қарастыра отырып, тұрақты, түпкілікті позиция ұстамайды (ҚР ҚК 61
-
бабын 
қараңыз).
 
Қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
және  үкімдердің  жиынтығы 
бойынша  жаза  тағайындау  көбіне
-
көп  қылмыстардың  қайталануы  және 
бірнеше  мәрте  жасалуы  кезіндегі  жаза  тағайындауға  қатысты
 
қарастырылады.  Мұндай  шендестірудің  ерекшелігі  іс
-
әрекеттердің  көптігін 
есептеуге  ықпал  етуші  факторларды  шектеудің  қажеттігінде  болып 
табылады.  Қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
көптігінің  бірден  бірнеше 
жағдайының  (бірнеше  мәртелік,  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың 
жиынтығы,  екінші  мәрте  қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
жасау  түрі 
ретіндегі  қайталану,  қайталану  белгілерінсіз  жай  екінші  мәрте  қылмыс 
жасау) болуы жауаптылықтың түпкілікті шарасын анықтау кезінде белгілі бір 
келеңсіздіктерге  әкеп  соғады.  Сондықтан  да  сотқа  осындай  жағдайлармен 
бетпе
-
бет келе отырып, барлық  қажетті іс
-
әрекеттерді ретімен және барлық 
анықталған  мән
-
жайларды  салмақтай  отырып,  орындау  қажет  болады. 
Қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
қайталануы  мен  бірнеше  мәрте 
жасалуы  бірқатар  қылмыстық  құқық  бұзушылықтар
 
үшін  дәрежелеуші 
белгілер, сондай
-
ақ ауырлататын мән
-
жайлар болуы себепті, олар жекелеген 
іс
-
әрекеттер  үшін  жеке  жаза  тағайындау  кезінде  есепке  алынуға  тиіс.  Жай 
қайталанушылық (қайталану белгілерінсіз) жиынтық жазаны анықтаған кезде 
ескеріледі. Үкімдердің жиынтығы кезінде нақ осы жай қайталану, не қауіпті 


161 
қайталану  орын  алады.  Қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
қауіпті  қай
-
талануы  кезінде  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
көптігі  (қайталануы) 
факторы соңғы қылмыстық құқық бұзушылық
 
үшін жаза тағайындау кезінде 
бір  рет  ескеріледі.  Егер  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
екінші  мәрте 
жасалуында  қайталану  белгілері  болмаса,  ол  екі  үкім  бойынша  жиынтық 
жазаны анықтау кезінде ескерілуі тиіс.
 
Сот  тәжірибесінде  бірнеше  қылмыстық  құқық  бұзушылықты 
 
жасаған 
адамның бірнеше үкіммен, әуеліде біреуі, одан кейін басқасы үшін сотталуы 
жағдайлары  жиі  ұшырасады.  Мұның  себептері  әр  қилы  болып  келеді, 
мәселен,  қылмыстық  құқық  бұзушылықтың
 
дер  уақытында  таппау  және 
ашпау,  алдын  ала  тергеудің  шырғалаңы  мен  қателігі,  жиынтыққа  енетін 
қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірі бойынша жасырынып қалған қоса 
қатысушының  болуы  және  т.б.  Қалай  дегенде  де,  жеке  соттау  фактісі  көп 
ретте  жойылуы  мүмкін
 
емес  объективті  себептермен  негізделетін  мәжбүрлі 
шара  болып  табылады.  Міне,  осы  жерде  бізді  қоғамға  және  сотталушыға 
қатысты,  соңғысын  жауаптылықтың  жоғарылатылған  немесе  керісінше 
төмендетілген  шарасымен  жазалай  отырып,  объективті  емес,  әділетсіз 
түрғыда  келу  қаупі  алаңдатады.  Бірінші  жағдайда  соттың  ақпараттың 
жоқтығы  себепті  жеңілдететін  мән
-
жайларды  ескеру  мүмкіндігі  болмайды, 
екінші жағдайда соттың ауырлататын мән
-
жайлар жөнінде мәліметтері жоқ. 
Айтылған проблемалар, өкінішке орай,  қылмыстардың жиынтығы бойынша 
түрлі үкімдермен жаза тағайындау кезінде қателіктердің орын алуына белгілі 
бір дәрежеде ықпал етеді.
 
Біздің  ойымызша,  мұндай  қателіктердің  негізгі  себебі  аталған 
жайлардың  үкімдердің  жиынтығымен  біршама  ұқсастығы  болып  табылады. 
Оларға ортақ белгілер мыналар:
 
Біріншіден, жеке соттау және бірнеше (біреуден көп) үкімдердің
 
болуы;
 
Екіншіден,  тағайындалған  жазалардың  жеке  орындалуы  элементінің 
болуы;
 
Үшіншіден,  жазалардың  (өтеліп  жатқан  және  жаңадан  тағайындалған) 
түрлі бөліктерін біріктірудің (қосу және қосылу) қажеттігі;
 
Төртіншіден, екінші соттың бірінші үкімге белгілі бір дәрежеде тәуелді 
болып  келуі,  соған  сәйкес  бірінші  сот  орындаған  әрекеттерді  бағалауға 
тікелей  ықпал  етуге  нақтылы  мүмкіндігінің  жоқтығы,  содан  келіп  өзі 
қабылдаған шешімдерінің өрісінің шектелуі.
 
Дегенмен  осы  екі  жай  заң  шығарушылық  дәрежеде  де,  тәжірибелік 
тұрғыда да негізді түрде өз алдына дербес қарастырылады.
 
Біріншіден,  олардың  құқықтық  зардаптары  әрқилы  болып  келеді. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша түрлі үкімдермен 
соттау  кезінде  бір  соттылық  пайда  болады,  орындауға  бір  жиынтық  жаза 
жатады, ал үкімдердің жиынтығы бойынша 

бірнеше жаза орындалуы тиіс.
 
Екіншіден, мүнда қылмыстық құқық бұзушылықтарды 
 
анықтаудың әр 
түрлі  ережелері  бар.  Қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
жиынтығы 
бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің
 58-
6 ережесіне сай өтелген
 
жаза жазалау 
мерзіміне  есептеледі,  ал  үкімдердің  жиынтығы  бойынша  ҚР  Қылмыстық 
кодексінің
 60-
бабы негізінде 

өтелмеген жаза қосылады.
 
Үшіншіден,  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
жиынтығы бойынша 
жеке соттау кезінде өтелген жаза қосылмайды, жиынтық жазаға есептеледі. 


162 
Үкімдердің  жиынтығы  кезінде  есепке  алу  емес,  алдыңғы  үкім  бойынша 
жазаның  өтелмеген  бөлігін  жаңадан  тағайындалған  жазамен  қосу  жүзеге 
асырылады.
 
Бұл
 
мәмілелерді  дұрыс
 
пайдаланбау  жаза  тағайындау  проблемаларына 
қате тұрғыдан келуге әкеп соғады. Айталық, ғылымда жаңа жаза тағайындау 
кезінде  бұрынырақта  ескерілмеген  мән
-
жайлардың  маңыздылығы  және 
ықпал етуіне қатысты түрлі көзқарастар бар.
 
Бірқатар авторлар айтылған  жайларда бірінші үкімді жаңадан ашылған 
мән
-
жайлар  бойынша  жою  керек  және  барлық  қылмыстар  туралы  істі  бір 
уақытта қарау керек дейді.
 
Басқа  бір  ғалымдардың  пікірінше  мұндай  шешім  тек  өзі  үшін  үкім 
шығарылып үлгерген қылмыстық қоғамдық қауіптілік дәрежесін елеулі түрде 
өзгертетін біліктілік дәрежесін өзгерту қажеттілігі жағдайында ғана өзін
-
өзі 
ақтайды.
 
Үшінші  бір  авторлар  үкімдерді  бір  тәртіппен,  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтардың
 
жиынтығы  бойынша  түпкілікті  жаза  тағайындамай
-
ақ 
орындау қажет деп біледі.
 
Бұл
 
сауалға  жауап,  анығында,  өте  қарапайым: үкімдер арасында  пайда 
болатын  қарама
-
қайшылықтарды  шешудің  мүмкіндігіне  жете  назар  аударса 
болғаны.  Барлық  проблема,  түптеп  келгенде,  үкімдердің  әр  түрлі  уақытта 
шығарылатыны және барлық реттерде қылмыстық құқық бұзушылықтардың 
көптігі  мән
-
жайы  ескеріле  бермейтіндігіне  келіп  тіреледі.  Соңғы  ашылған 
қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
үшін  жаза  тағайындау  кезінде  жаңадан 
ашылған  мән
-
жайлар  бойынша  бастапқы  үкімнің  күшін  жою  туралы  және 
істерді  бір  ортақ  іске  біріктіру  туралы  мәселені
 
қайта
-
қайта  қоя  берудің 
қажеттілігі  жоқ. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың
 
жиынтығы бойынша 
жаза тағайындау бастапқы үкімнің күшін жоймай, егер сотқа бұрыннан мәлім 
емес мән
-
жайлар маңызды, айыптау көлеміне елеулі түрде ықпал ететін және 
оларды  қолдану
-
мүмкін  еместігі  тұрғысынан  айналып  өте  алмайтын  болып 
табылатын  жағдайларда,  жүзеге  асырылуы  мүмкін  емес.  Соңғысына  мысал 
ретінде үкім шығару кезінде сотқа бұрынырақта анықталған мән
-
жайлармен 
бірге  айыпкердің  сотталып  отырғанынан  да  неғұрлым  ауыр  қылмыс 
жасағанын  дәлелдейтін  белгісіз  деректердің  ашылуын  келтіруге  болады. 
Немесе, қылмыстық
 
құқық бұзушылықтың
 
дәрежесін өзгерту қажеттігі пайда 
болып, соның салдарынан қылмыс барынша қоғамдық қауіпті бола түсетін, 
сөйтіп, ауыр қылмыстық құқық бұзушылықтар дәрежесіне өтетін реттерді де 
айтуға болады.
 
Енді  жазаларды  сіңіру  тәсілін  қолдану  мүмкіндігі  туралы.  Біздің 
ойымызша, 
«
Соттың сотталған адамның жаңа қылмыстық құқық бұзушылық
 
жасағаны  үшін  нақ  сол  жаза  түрі  үшін  ең  жоғары  мөлшерге  тең  жаза 
тағайындауы  тәжірибеден  белгілі  жағдай.  Мәселен,  бостандығын  шектеу 
түрінде жазасын өтеп жатқан адамға жаңа үкім бойынша 5 жыл мерзімге бас 
бостандығын шектеуге немесе 30 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға 
жаза  тағайындалады.  Мұндай  жағдайларда  сотқа  алдыңғы  үкім  бойынша 
жазаның  өтелмеген  бөлігін  жаңа  үкім  бойынша  тағайындалмаған  жазамен 
сіңіру  қағидасын  амалсыз  пайдалануға  тура  келеді
»,  - 
деп  жазатын  К.
 
Ж.
 
Балтабаев пен С.
 
М.
 
Рахметовтің пікірлерін қуаттауға болады
  (129)
. Сіңіру, 
біздіңше,  жиынтықта  немесе  түрлі  үкімдерді  қосу  кезінде  есепке  алынған 


163 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
бірі  басқалармен  салыстырғанда 
барынша  қауіпсіз  сипатқа  ие  болса,  содан  келіп  іс
-
әрекеттің  көптігі 
факторына  байланысты  қылмыстық  құқық  бұзушылық  жауаптылықты 
күшейтудің ешқандай қажеттілігі болмаған
 
жағдайларда қажет.
 
Айтылғандарды  мынадай  мысал  көлемінде  де  ашып  көрсетуге  болады. 
Айталық,  айыпты  адам  бірінші  үкіммен  бас  бостандығынан  айырумен 
байланысты  емес  жазаға  сотталған  және  оны  өтеу  кезінде  жаңа  аса  ауыр 
қылмыстық  құқық  бұзушылық  жасайды  да,  ол  үшін  екінші  үкіммен  өлім 
жазасына кесіледі. Екі үкімнің жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде 
жазаның бір
-
біріне мүлдем ұқсамайтын екі түрін қосу талабы бұл жерде тіпті 
де  орынсыз,  белгілі  бір  дәрежеде  күлкілі  де  болып  келеді.  Қосу,  жеке 
орындау, сіңіру немесе тағы басқа
 
кез келген мәміле мүмкін емес, тек сіңіру 
қажет.  Осыған  байланысты  ҚР  Қылмыстық  кодексінің
  60-
бабында  көрініс 
тапқан  құқықтық  норманы  жетілдіре  түсу  үшін  екі  ұсыныс  сұранып  тұр. 
Біріншіден,  қосумен  бірге  жазаларды  сіңіру  тәсілін  қолдануға  жол  берілуі 
керек  және  екіншіден,  ерекше  жағдайларда  өмір  бойы  бас  бостандығынан 
айыру  және  өлім  жазасын  тағайындау  мүмкіндігін  жауаптылықты 
күшейтудің  ең  жоғары  мерзімімен  (30  жыл  бас  бостандығынан  айыру) 
шектемеу керек.
 
Соңғы үкімде айшықтау және қолдану тұрғысынан түрлі соттардың бір 
айыпты адамға әрқилы құқықтық ықпал ету құралдарын пайдалану жағдайы 
өте  күрделі  болып  келеді.  Мәселен,  шартты  түрде  және  нақтылы  соттау, 
жазаларды  түрі  бойынша,  түзеу  мекемелерін  режимі  бойынша  ажырату 
жәнет.б.
 
Айталық, шартты түрде соттау кезінде және екінші рет соттау кезінде, 
егер  жаңа  іс
-
әрекет  қылмыстық  және  айыпкердің  жеке  басының  қоғамдық 
қауіптілігін  жалпы  алғанда  төмендетпейтін,  сондықтан  да  қылмыстық 
жауаптылықты  күшейтудің  қажеттілігі  жоқ  болса,  жазаның  шартты  түрдегі 
шарасын  қолдану  әбден  мүмкін.  Мұндай  жағдайларда  жазаларды  сіңіруді 
қолдану қажет. Егер жазаның жалпы мерзімі немесе мөлшері нақ осы жаза 
түрі  үшін  қылмыстық  заң  нормаларының  санкцияларында  белгіленген  ең 
жоғары  шектен  аспайтын  болса  қосу  теориялық  тұрғыда  мүмкін  болса  да, 
дегенмен  іс  жүзінде  жауаптылықты  күшейтуге  әкеп  соғатыны  себепті,  ол 
соттың  сотталушыға  көзқарасын  өзгертуінен  көрініс  табады,  өзін
-
өзі 
ақтамаған болып шығады.
 
Сот жаңадан соттау кезінде жазаның шартты түрдегі шарасын қолдану 
мүмкіндігін  таппаған  жағдайда,  ол  өзінің  үкімімен  алдыңғы  шарттарды 
дәлелді түрде жойып, нақтылы жаза тағайындайды. Бұл жөнінде ҚР Жоғарғы 
соты  Пленумының  арнайы  түсініктемесі  бар,  онда: 
«
сынақ  мерзімі  ішінде 
адамның  жаңа  қылмыс  жасауы  жағдайында  сот  үкімдердің  жиынтығы 
бойынша жаза тағайындау туралы мәселені талқылау кезінде ҚР Қылмыстық 
кодексінің
 64-
б
. 4-
бөлігінің талаптарын ескеруге міндетті. Бұл орайда ҚК 60
-
бабының ережелері сот жаңа қылмыс үшін жаза тағайындаған кезде алдыңғы
 
үкім  бойынша  шартты  түрде  соттаудың  күшін  жою  жөнінде  шешім 
қабылдаған жағдайларда қолданылады. Егер сот абайсызда жасалған немесе 
ауырлығы  онша  емес  қасақана  жасалған  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жөніндегі  істі  қарастыру  кезінде  алдыңғы  үкім  бойынша  шартты  түрде 
соттауды  сақтау  мүмкіндігі  туралы  шешімге  келетін  болса,  жаза  тек
 
жаңа 


164 
қылмыс  үшін  тағайындалады
»  - 
деп  атап  көрсетілген
  (130)
.  Соңғы 
тұжырыммен келісу қиын, өйткені қарастырылып отырған мысалда әр түрлі 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтар
 
мен  жазалардың  басын  біріктіретін 
үкімдердің  жиынтығы  орын  алған.  Біздің  ойымызша,  бұрынырақта 
қолданылған  жазалау  шарасының  шарттылығына  қарамастан,  соңғы  жаза 
жаңадан  тағайындалғанмен  біріктірілуі  және  онымен  бір  жиынтықта 
қарастырылуға  тиіс,  ал  жазалау  шарасының  шарттылық  сипаты  барлық 
жиынтыққа таратылуы керек.
 
Тәжірибеде, сирек болса да, бірінші қылмыстық құқық бұзушылық
 
үшін 
нақтылы  жаза,  ал  екіншісі  үшін  шартты  жаза  тағайындалатын,  керісінше 
жағдайлар  кездесіп  қалады.  Пленум  қаулысында  бұл  жөнінде: 
«
егер  адам 
бірінші  үкім  бойынша  бас  бостандығынан  айыруға,  түзеу  жұмыстарына 
немесе  орындауға  жататын  басқа  жазаға  сотталған  болса,  ал  екінші  үкім 
бойынша  ҚР  Қылмыстық  кодексінің
 
63-
бабын  қолданумен  жаза 
тағайындалған болса, сот мұндай жағдайларда жазаларды қосу кезінде үкімде 
олардың жеке орындалуға жататынын атап көрсетуге тиіс. Бұл ретте шартты 
түрде  соттау  қолданылған  үкім  бойынша  сынақ  мерзімі,  бірінші  үкім 
бойынша  жаза  қандай  мекемеде  орындалып  жатқанынан  қарамастан,  оның 
заңды күшіне енген сәтінен бастап есөптеледі
», - 
деп жазылған.
 
Мұндай  түсініктеме  жазаны  жеке  орындау  тәсілін  қолдану  мүмкіндігі 
туралы  ойға  жетелейді.  Жазаларды  қосу  қағидасын  анықтауда  шырғалаңға 
ұрынбас  үшін  мұндай  мүмкін  болар  жағдайлардан  бас  тарту  және 
мүмкіндігінше  тәжірибеден  де  мұндай  жағдайларды  алып  тастаған  жөн. 
Өйткені,  шартты  түрде  соттаудың  негізі,  қанша  дегенмен,  көтермелеу 
шарасында емес, қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алуда жатыр.
 
Егер  сотталушы  үкімнің  орындалуы  кезеңінде  жаңа  қылмыстық  құқық 
бұзушылық
 
жасаса, үкімнің орындалуын кейінге қалдыруды қолдану туралы 
мәселе де ерекше маңызды. ҚР Қылмыстық кодексінің
 74-
б
. 4-
б. орай мұндай 
тұлғаларға  жаза  ҚР  Қылмыстық  кодексінің
  60-
б
 
ережелері  бойынша 
тағайындалады.
 
Жоғарғы  Сот  мұндай  жағдайда  жазаның  орындалуын  кейінге 
қалдырудың күшін жою туралы мәселені жаңа үкім шығару кезінде, арнаулы 
қаулы  жасамай
-
ақ  шешуге  кепілдік  береді.  Одан  әрі  ол: 
«
Жаңа  қылмыстық 
құқық бұзушылық
 
жазаны өтеуді кейінге қалдыру мерзімі өткеннен және ҚР 
Қылмыстық  кодексінің
  74-
б
. 3-
бөлігіне  сәйкес  сотталушыны  жазаны  өтеу 
үшін  тиісті  мекемеге  жіберу  туралы  сот  қаулысы  заңды  күшіне  енгеннен 
кейін жасалса сот жаңа қылмыстық құқық бұзушылық
 
үшін жазаны анықтай 
келіп,  ҚР  Қылмыстық  кодексінің
  60-
бабында  көзделген  үкімдердің 
жиынтығы  бойынша  жаза  тағайындау  ережесін  қолдануға  міндетті.  Егер 
жаңа  іс  бойынша  үкімді  шығару  сәтіне  заң  талап  ететіндей,  сотталушыны 
жазасын  өтеуден  босату  немесе  оны  соттың  жазасын  өтеу  үшін  тиісті 
мекемеге  жөнелту  туралы  мәселе  шешілмеген  болса,  сот  жазаны  тек  жаңа 
қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
үшін  тағайындайды.  Мұндай  жағдайларда, 
басқа  орындалмаған  үкімдердің  болуы  кезінде  үкімнің  орындалуы  туралы 
мәселе ҚР ҚПК 4
76-478 
баптарында көзделген тәртіппен шешілуі мүмкін
», - 
деп атап көрсетеді.
 
Көрініп  тұрғандай,  мұнда  сотталушы  бірінші  қылмыстық  құқық 
бұзушылық
 
үшін жауаптылық тартуды жалғастыра ма, жоқ па 

осы мәселе 


165 
ең маңызды болып табылады. Біздің ойымызша, Жоғарғы соттың үкімдердің 
жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде үкімде алдыңғы үкім бойынша 
жазаның  өтелмеген  бөлігінің  түрі  мен  мөлшерін,  кейіннен  оны  ҚР 
Қылмыстық  кодексінің
  60-
б.  негізінде  жаңа  үкім  бойынша  тағайындалған 
жазаға  қосу  үшін,  белгілеу  және  көрсету  қажеттігі  женіндегі  тұжырымы 
даулы болып келеді. Оны анықтау. әлбетте, қажет, бірақ басқа мақсат үшін 

тағайындалған жиынтық жазаның есебіне алу үшін. Сондықтан да Жоғарғы 
соттың  бұл  мәселе  жөніндегі  одан  арғы  түсініктемесі  пайдалы  болып 
табылады.
 
Сонымен, айтылған ой
-
тұжырымдар үдесінен шыға отырып, ҚР ҚК
 60-
б

диспозициясына  бірқатар  түзетулер  енгізу  қажет  деп  білеміз,  баптың 
редакциясын мынадай үлгіде түзуді ұсынамыз:
 
1. Егер сотталған адам үкім шығарылғаннан кейін, бірақ жазаны толық 
өтегенге  дейін  жаңадан  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасаса,  сот  ол  үшін 
жаңа  жаза  тағайындайды  және  түпкілікті  жиынтық  жазаны  барлық 
тағайындалған  жазаларды  сіңіру  не  толық  немесе  ішінара  қосу  жолымен 
анықтайды.
 
2.
 
Бірінші  үкім  бойынша  етелген  жазаның  мерзімі  мен  мөлшері  соңғы 
үкімді орындау кезінде есепке алуға жатады.
 
3.
 
Түпкілікті  жазаны  анықтау  тәсілін  таңдау  кезінде  сот  осы  ҚР 
Қылмыстық  кодекстің  58
-
б
. 2-
б.  белгіленген  критерийлерді  басшылыққа 
алады.
 
4.
 
Үкімдердің  жиынтығы  бойынша  түпкілікті  жаза,  егер  ол  бас 
бостандығынан  айырумен  байланысты  болмаса,  осы  Кодекстің  Жалпы 
бөліміндегі  осы  жазалау  түрі  үшін  көзделген  жазалардың  ең  жоғары 
мерзімінен немесе мөлшерінен аспауы керек.
 
5.
 
Бас  бостандығынан  айыру  түріндегі  үкімдердің  жиынтығы  бойынша 
түпкілікті жаза жиырма бес жылдан аспауы керек.
 
6.
 
Егер  жиынтықты  құраушы  бір  немесе  бірнеше  қылмыс  үшін  өлім 
жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру тағайындалса, бұл
 
жаза 
үкімдердің  жиынтығы  бойынша  ескерілетін  басқа  қылмыстық  құқық 
бұзушылық
 
үшін тағайындалған жеңілірек қатаң жазалардың барлығын өзіне 
сіңіріп алады.
 
7.
 
Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде жазалардың 
қосымша түрлерін қосу осы ҚР Қылмыстық кодекстің 58
-
бабында көзделген 
ережелер бойынша жүргізіледі


жүктеу 1,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау